Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
: Тәуелсіздік туы – мәңгілік желбірейді
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Тәуелсіздік туы – мәңгілік желбірейді
Мақсаты: 1. 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демакратия жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті,қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.
2. Өз отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, өз ана тілін,әдет-ғұрпын, салт- дәстүрін сақтай білуге патриоттық сезімге тәрбиелеу.
3.Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.
Қолданылған көрнекіліктер: Нақыл сөздер, жазылған плакаттар, бүктемелер, тәуелсіздікке шығарылған газет, слайдтар.
Сахна əдеміленіп безендіріледі, сахна төріне экран ілінеді.
Экранда 1986 жылы он алтыншы желтоқсанда орын алған көтерілістен
үзінді фильм. 3 минут
Екі жүргізуші ортаға шығады.
1- жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар жəне қадірменді
қонақтар! Бүгінгі Тəуелсіздігіміздің 31 жылдығына арналған «Тәуелсіздік туы- мәңгілік желбірейді» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2- жүргізуші: Тəуелсіздіктің ұлы мерекесіне арналған тәрбие сағатымыздың ашылу мақсатында Құттықтау сөз мектебіміздің директоры: Балгимбаева Ғалия Ысқаққызына беріледі.
1-жүргізуші: Тəуелсіздік...
Ұлтымызға туа біткен-түсінік емес, жүре біткен əлеуметтік ұғым.
Заманалар сарыны, тарих толқыны талайына бұйыртып, ақыры қанжығысына
байлап берген саяси əлеуметтік таным. Тəуелсіздік - Ту, Тəуелсіздік-ауа, жер
су, Тəуелсіздік - ел дəулеті. Арқаумен тұсаудан шыққалы жиырма бір жыл.
Ендеше, сол тəуелсіздіктің ар-намысы, қасіреті, мақтанышыша да айналған
жалынды жылдарды еске алу үшін тарихқа көз жүгіртіп өтейік.
2 жүргізуші: 1 қойылым: «Сөнген жұлдыз». Лəззат Асанова 1көрініс:
(Барлық студент жастар алаңға плакатпен шығады. У-шу болып жатады,
осы шуды естіген полиция қызметкерлері келеді)
Студент жастар: "Колбин кетсін! Қазақ жасасын! Колбинге қарсымыз!",-
деп айқай шығарады.
Полицияның бастығы: "Болды тараңдар! Басқа істейтін тірліктерін жоқ
па?", – дейді.
Көтерілісті бөгеп тұрған полиция қызметкерлерін итеріп шығып,
Лəззат: – «Сен қазақ емессің ба? Қазақсың ғой сен! аш көзіңді» деп
жағадан алады. Полицияның бастығы жиіркенішпен итеріп жібереді де:
«Қамаңдар бəрін! Мына қызды тас қараңғы жерге апарыңдар! Жабыңдар
бəрін!» дейді.
(Студенттердің барлығын полиция жұлқылап алып кетеді)
2-көрініс:
Лəззаттың анасы үйін жинастырып жүреді. Лəззат жайлы ештене білмейді.
Кенет бір бала жүгіріп келіп.
Бала: Сүйінші! Апа, ауылға бір дорба хат келіпті.
Апасы: Қарағым, барып біліп келші, менің Лəзатаймнан хат бар ма екен?! дейді
Бала: Жарайды, апа! деп жүгіре жөнеледі.
Апасы толқып, – «Құдайым-ай, Лəзатайымнан хат болса екен! Апасын
сағынған шығар, құлыным сол!» – деп үйінде дегбір таппай жүреді.
Бала келеді: Көңіл-күйі жоқ. «Апа, сізге хат келді!» дейді де бұрылып кете
береді.
Апасы баланың түрінен-ақ бір жамандықты сезеді. Хатты ала сала,
жанталасып ашуға тырысады. Хатты ашып, ішінен қара қағазды көріп шошып
лақтыра салады.
(Анасының зары)
Оу, көздің жасын бұлайын,
Жүректі жеді – ау уайым.
Саған ғұмыр бермеді – ау
Жарылқағыш құдайым.
Мынау неткен зар заман,
Жүректіге тар заман.
Сені өлтірген дұшпанға
Зауал келсін Алладан.
Құлыным менің қор болды – ау?!
Заманың сенің зор болды – ау?!
Желтоқсанның қайғысы
Сан анаға сор болды – ау?!
Заманына қайқайып,
Қарсы тұрған боташым.
Алтын сақа асықтай
Алшы тұрған боташым.
Дəл өзіңдей қыз туған
Менде арман бар ма екен?! – деп Лəззаттың шешесі жылап отырып қалады.
3-көрініс:
(Лəззаттың соты)
Секретарша қыз келіп: «Тұрыңдар, сот келеді!» – дейді.
Сот келіп, жайғасады.
Сот: «Айыпталушыны алып келіңдер!» – дейді,
Полиция қызметкерлері Лəззатты жұлқылап алып келеді де жерге итере
салады.
Сот: Лəззат Асанова, сен саясатқа қарсы шықтын! сенің жазаң – өлім!
Соңғы сөзіңді айт!
Тізерлеп отырған Лəззат соңғы сөзің айтады.
Лəззат:
«Ақтың сөзің не? деген,
Бүгін қойды сот сұрақ.
Айтайын оны халқыма,
Жоқ пиғыл менде жасымақ.
Қорлай да беріп қайтадан,
Титыққа орыс жетпесін.
Туған жердің намысы,
Бөтен қолда кетпесін.
Осы айтылған ақтық сөз,
Туың болсын əрдайым.
Мойным алып жаланы,
Мен болайын құрбаны!
17 жыл мен жатырмын,
Ақ жазыңтың түбінде.
Мені өлтірген таксист жігіт,
Тірімісің бүгінде?
Тірі жүрсің өткен күнді,
Еске алғанның несі бар?
«Желтоқсанда» құрбан болған,
Ляззат қызды есіңе ал!
Сот: Алып кетіңдер!!!
(Соңы)
1-жүргізуші: 2 қойылым: «Қайрат Рысқұлбековтың тұтқындалуы». 1-крініс:
Айгерім: Кəдімгі миллиондаған түндердің бірі. Бірақ бұл түн өзгеше түн
еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып
соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай қатыгездікті көрген оларға араша түсем
деп жұргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.
Миллиционер: – Ұстаңдар бұзақыны! Əкетіңдер, жауып тастаңдар!
Савицкийді өлтірген сен бе ?
Қайрат: – Жоқ, мен емес!
Миллиционер: – Сен өлтіргенсің мойныңа ал! Алып кетіңдер! Бəрібір
құтылмайсың бұзақы?! (Қайратты алып кетеді)
2-крініс: «Қайратты тергеу сəті».
Залда отырған адамдарға секретарша: Тұрыңдар! Сот келеді.
Тергеуші: Сот процесін бастаймыз!
1- куəгерді шақырамыз. Сізге сұрақ: Сіз алаңда Қайрат Рысқұлбековтің
Савицкийді өлтіргеніне куə бола аласыз ба?
1-куəгер: Боламын өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз мен қолымда
таяғымен түскен суреті бар. Ол – ұлтшыл Қайрат оңбаған!
Тергеуші: 2-ші куəгерді шақырамыз. Сіз Қайрат Рысқұлбековтың
Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз распа?
2-куəгер: Рас – рас ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды. Менің
қолымда түсірген бейнетаспа бар.
Тергеуші: – Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін.
Қайрат: Мен ұлтшыл да кінəлі де емеспін.
Сот: Барлық куəгерлерді тыңдай отырып Қайрат Рысқұлбековті айыпты
деп табамын.
Қайрат: Хақ. о халқым! Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында өлім
жазасына кесілгендердің соңғы тілегін орындайды. Менің де соңғы ақтық сөзім
бар.
(Қайғырған музыка жүріп тұрады)
Ақтық сөзі:
Күнəдан таза басым бар,
21-де жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар
Алам десең алыңдар!
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық
Атам десең атыңдар!
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген хош бол, таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Тергеуші: – Сот процесі аяқталды. (Залдан Қайрат Рысқұлбековты алып
кетеді.)
2- жүргізуші
Ызғарлы қыс- тоқсан күн,
Желтоқсан деп аталған
Желтоқсанда жастарым
Тәңірімнен бата алған
Батамен елім көгереді
Бодандық, билік көнереді
Тәуелсіз атқан таң үшін
Еске алайық өрттей өрендерді
Міне, осы тəуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың
арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік!
1- жүргізуші: Тəуелсіздік құрбандарын еске алу үшін 1 минут үнсіздік.
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан – Гүлстан!
2-жүргізуші: Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда əні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Ортада қазақ биі.
1-жүргізуші: Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің
арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. Осынау
қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан далада, егіні
теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші
əрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді
мақтаныш тұтады.
2- жүргізуші
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең əлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Əнімді бес құрлықтың бəріне айтам.
Ортада Қайрат Рысқұлбековтың « Болмыс» стты жыр шумақтарына кезек берейік
1- жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бар бі елім,
Жатыр алып жарты дүние əлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, – деп Қасым Аманжолов ағамыз
жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді
десеңізші.
2- жүргізуші: Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай,
күресе білді. Азаттық таңы туатынына кəміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Ортада Талдыбай Альбинаның орындауында Кəкімбек Ердібаевтың
«Желтоқсан құрбандарының хаты» атты жыр шумақтарына кезек берейік.
Қазақ елі қымбатты!
Түнің кетіп, таң атты.
Желтоқсанда мерт болған,
Ұландарың үн қатты.
Аман ба екен, анашым?
Білген өмір бағасын.
Ботасынан айрылып,
Алған өмір жазасын.
Сұлу арман қуған жер,
Жас өмірді қиған жер,
Аман ба кен біздерді
Еркелеткен туған жер.
Бізді еске ала ма,
Сол алаңға бара ма?
Қан төгілген жерлерге
Гүл шоқтарын қоя ма?
Біздің іске сенді ме?
Əділ баға берді ме?
Адалдығын ызының
Жан анашым білді ме?
Қазағымның намысын
Ту көтердік бағы үшін.
Атқан қондық біз жастар,
Азаттықтың таңы үшін!
Күмістейін үніңді,
Ғашық еткен түніңді
Сағындық қой дүние-ай,
Сенің жарық күніңді.
Көктем бе екен, күз бе екен
Туған жерде біз кеткен?
Алматының алмасы
Пісіп əлде тұр ма екен?
Жүйрік болып тұлпары,
Самғап биік сұңқары,
Биік ұста туыңды,
Ұлы Қазақ ұрпағы.
1-жүргізуші:
Əсем əн, сені естіп, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның əміріне басымды иіп.
Алайық əуендердің бəрін жиып,
Жандырған ой-қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық.
Алдарыңызда əнші ұлдарыңызды «Желтоқсан желі » әнімен қарсы алыңыздар!
2- жүргізуші:
Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырға.
Азаттық деген ұғымның
Желтоқсан тұрар басында!
Ортада хор «Атамекен» әні
Сахна төріне ілінген экранда Видеослайд «Тəуелсіз Қазақстан!» 3 минут.
1-жүргізуші:
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тəуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі, – дей келе бүгінгі тəуелсіздігіміздің
31 жылдығына арналған «Тәуелсіздік туы- мәңгілік желбірейді» атты
Тәрбие сағатымыз өз мəресіне де келіп жетті. Тəуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын!
Бекітемін: Мектеп директоры: Г. Балгимбаева
Қарымсақ орта мектебі
Коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тәуелсіздік туы- мәңгілік желбірейді.