жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
" Тәуелсіздіктің 28 жылдығына арналған салтанатты жиын"
Дайындаған: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Алиева Гульвира Кадырбековна
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің
28 жылдығына арналған салтанатты жиынның сценарийі
Мақсаты: жас ұрпақтың бойына туған елге, туған жерге деген патриоттық сезімдерін арттыру, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
1.Жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Қазақстан көк байрақты нұр едің
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым, бақытым,
Өзің менің мақтанышым тірегім.
Қыран құсым көк аспанда самғасын,
Желбіресін көк байрағы сан ғасыр!
Жас Ұландар биік ұста туыңды,
Жарқыратып туған елдің таңбасын.
2.Жүргізуші:
Менің елім- Қазақстан, Отаным,
Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.
Мәңгілікке қымбаттысың туған ел,
Арта берсін, абыройың, атағың.
Дүбір қосып өзіңдей сәйгүлікке
Ақ боз аттың алдынан жанды үмітте,
Ту ғып ұстап аңсаған азаттықты
Қазақстан бет алды мәңгілікке.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Отаным тағдырым» кіші бағдарламасы аясында ұйымдастырылған 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған салтанатты жиынға қош келіпсіздер!
1.Жүргізуші:
Көк байрақ иілмесін, жығылмасын.
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым сен қашанда тұғырдасың!
Егемен Қазақстанның туына қарап сап түзеңіздер!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы кіргізілсін!
«Көк тудың желбірегені» әні ойналып тұрады.
2.Жүргізуші:
Естілгенде көк аспанның астында
Тік тұрыңдар айтылғанда Әнұран
Бар қазақтың үніндей боп шарықта
Бар қазақ боп мен өзіңе бас ұрам
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін орындауға дайын болыңыздар!
1.Жүргізуші:
Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалқытқан еліміздің барша азаматтарына береке-бірлік, жасампаз еңбек, толағай табыстар тілей отырып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.
2.Жүргізуші:
Армысыздар құрметті мектеп әкімшілігі, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі Қазақстан жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектептің үздік, озат және ел мақтаныштары Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен құрылған «Жас ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымына мектеп оқушыларын қабылдаймыз.
«Біз ...»
Оқушылар: «Жас Ұлан»
ІІ
жүргізуші:
Ұранымыз
Оқушылар: «Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Ұлан» - 3 рет.
1.Жүргізуші:
«Бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына кіруге « Жас ұландар және Жас қырандар» дайын.
2.Жүргізуші:
Егеменді
еліміздің тірегі
Мектептің болашағы
жігері
Достықпен татулық тілегі
«Жас
Ұлан» ұйымының біз түлегі
Құрметті қонақтар мен оқушылар,
Бүгінгі күннің ерекше бір қуанышы «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға «Бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің галстугін табыстау рәсіміне №11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің директоры Жорабекова Гулнар Молдақұлқызы мен мектептің Ұланбасы Жұмабай Дарханды шақырамыз.
1.Жүргізуші:
Жиынымыздың
ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсіміне
«Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы
оқушыларымыздан ант алу үшін ортаға 9
«А» сыныбының оқушысы Қахар Назеркені
ортаға шақырамыз.
2.Жүргізуші:
Көшбасшы: Ұйым түзел, тік тұр!
Құрметті, Жорабекова Гүлнар Молдағұлқызы! Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына №11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің оқушыларын қабылдауға рұқсат етіңіз!
Директор: Рұқсат етіледі
Ұланбасы: «Жас Ұлан» ұйымының қатарына кіруге дайынсындар ма?
Оқушылар: Дайынбыз (3 рет)
Ұланбасы: «Біздің ұран»
Оқушылар: «Біздің ел Қазақстан, болашағы Жас ұлан»
Ұланбасы:
Оқушы: Мен
Ұланбасы: топтан шық
Оқушы: Құп болады!
Ұланбасы: Ант қабылдансын!
Анттың мәтіні:
Мен, ____________________Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз
Отаным – Қазақстан Республикасының
патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді
құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім,
жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды
қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге
ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен
ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын
ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас
Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және
оны өз достарымнан талап етуге ант
етемін. Біздің жерлестеріміздің даңқты
ерлігі өнегесі негізінде ерлікке
үйренуге және Отанға шексіз қызмет
етуге салтанатты түрде
АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН!
1.Жүргізуші:
Бүгінгі ұйымға өтіп жатқан
оқушыларымызды құттықтау үшін сөз
кезегі №11 Тайыр Тастандиев атындағы
орта мектебінің директоры Жорабекова
Гулнар Молдақұлқызына беріледі.
Бүгінгі ұйымға өтіп жатқан оқушыларымызды құттықтау үшін ортаға Мектеп директоры Жорабекова Гүлнар Молдағұлқызына сөз беріледі.
2.Жүргізуші: Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.
1.Жүргізуші:
Салтанатты жиынымыздың алғашқы құттықтау сөз кезегі №11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің директоры Жорабекова Гулнар Молдақұлқызына беріледі.
2.Жүргізуші:
Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін ендігі кезекті кішкентай мың бұралған бишілерге «Қазақ» биіне берсек.
1.Жүргізуші:
Қайғы езіп елдің еңсесін,
Жаншыды-ау жанын батпан мұң.
Енді қайтіп келмесін,
Сол бір қарғыс атқан күн.
Соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 1986 жылдың желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпайды, кімнің көңіліне жара салмайды!
2.Жүргізуші
Сан ғасырлар тарихынан кешегі,
Туған жердің шежіресі өседі.
Менің елім, Қазақстан-Отаным,
Болашағы бізбен бірге өседі дей келіп біздің алға қойған мақсатымыз өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болу. Олай болса, «Мен қазақпын» әнімен «Ынтымақ» шаңырақ оқушылар қауымдастығын қарсы алыңыздар.
2.Жүргізуші
1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл қазақ жастары тотаритарлық режимге анық қарсылық көрсетті. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 26 жыл өтті. Өмір –өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол үшін дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет. Тәуелсіздік аңсаған жастар ұлттың намыс құдіретін дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның құрбандары болған Қ. Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаевтардың жүректі үні, ел намысын қорғаған ерліктері мәңгі өшпейді.
Тәуелсіздік құрбандарын 1 минут үнсіздік жариялап, еске алайық.
Қайғы езіп елдің еңсесін,
Жаншыды-ау жанын батпан мұң.
Енді қайтіп келмесін.
Сол бір қарғыс атқан күн.
Соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып жыл өткен сайын тарих қойнауына сіңіп бара жатқан 1986 жылдың желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпайды, кімнің көңіліне жара салмайды!
Атты бүгін- азаттықтың ақ таңы,
28 жыл Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқаны.
Елі текті, киелі, қасиетті елімнің,
Құтты болсын еркіндігі ата-баба арманы!
«Желтоқсан желі» желтоқсан оқиғасының көрінісін бейнелеуші 9 «А» сыныбының оқушылары.
1.Жүргізуші
Бүгіннің биігінен көз салып көр еліме,
Бақыты мен шаттығы мол қазыналы еліме
Қазақстан бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан
Бір отбасы, бір туысқан бір-біріне қарасқан
Тәуелсіздік асқарынан барласаң,
Бір шынардың бұтағындай кұн нұрына таласқан!
Желтоқсан оқиғасы әрбір қазақ жас азаматының ойында, олай болса, ортада 4 «А» сыныбының патриот оқушылары мәнерлеп оқу.
2.Жүргізуші
№11 Тайыр Тастандиев атындағы орта мектебінің оқушылары Егемен Қазақстан Туына қарап сап түзеңдер! Туды алып қайту рәсімі орындалсын!
Ендеше біз тәрбиелеп жатқан ұрпақ бәсекеге қабілетті, ұлттық санасы оянған, еліміздің атын әлемге паш ететін азамат пен азаматша болатынына сенім білдіреміз. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында «Шаңырақ» оқушылар
қауымдастығы арқылы «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру мақсатында мектебімізде былтыр 3 шаңырақ құрылып, жаңа бастау алса, биылғы оқу жылын 8 шаңырақ құрылды. Атап айтқанда, «Эверест», «Парасат», «Зерде», «Атамекен», «Бірлік», «Алаш», «Ынтымақ», «Солнышко» топтары. Аталған бағдарлама мектептегі оқушылар, ұстаздар мен ата- аналар арасында ынтымақтастық, креативті орта, өзара құрмет, командалық рух қалыптастыруға бағытталған. Бүгін сіздерге «Ынтымақ», «Алаш» оқушылар қауымдастығы «Достық» биі мен «Шаңырақ» биін ұсынбақ қабыл алыңыздар.
Осы топтың орындауында ««Шаңырақ» патриоттық ән мен би жалғасын табады.
1.Жүргізуші
Атыңнан айналайын, егеменді ел,
Тәуелсіз күннің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік
Ғасырдың тойы болшы келе берер! – деп барлығыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, берекелі ғұмыр , бейбіт аспан, жүздеріңізге күлкі, құшақтарыңызға зор қуаныш тілейміз!
2.Жүргізуші Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген