400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

« Тазалық –саулық кепілі »

Материал туралы қысқаша түсінік
* «Мен қандаймын?» Сурет мазмұнына қарай әңгіме құру білігін жетілдіру. Әртүрлі тәсілдермен жаңа сөздер құру. Балаларға үнемі таза болып жүру үшін тазалық бұйымдарымен таныстыру. *Жеке бастың тазалығы (сүлгі және сабын, су, тарақ) және гигиена туралы түсініктерін кеңейту. *Салауатты өмір салты, күн тәртібі және оның сақталуы туралы білім беру. Балаларды үнемі таза жүруге баулып, тазалық сақтау дағдысын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: « Тазалық –саулық кепілі »

Мақсат-міндеттері:

* «Мен қандаймын?» Сурет мазмұнына қарай әңгіме құру білігін жетілдіру. Әртүрлі тәсілдермен жаңа сөздер құру. Балаларға үнемі таза болып жүру үшін тазалық бұйымдарымен таныстыру.

*Жеке бастың тазалығы (сүлгі және сабын, су, тарақ) және гигиена туралы түсініктерін кеңейту.

*Салауатты өмір салты, күн тәртібі және оның сақталуы туралы білім беру.

Балаларды үнемі таза жүруге баулып, тазалық сақтау дағдысын қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, логикалық ойын.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: тазалық туралы әңгімелесу.

Қажетті көрнекілік құралдар: қуыршақ, тазалық заттары: сабын, сүлгі, тарақ, айна, тіс щеткасы, тіс пастасы.

Полингвизм: Тазалық- чистота-purity; Көкөніс сорпасы-Борщ-borscht; Аспазшы-повар-cook; Көкөніс- овощи-vegetables

Оқу іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивация-лық қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды жартылай шеңберге тұрғызып, шаттық шеңберді қимыл-қозғалыстар арқылы ұйымдастырды.

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды соғамыз,

Жоғары төмен қараймыз,

Топылдатып басамыз- дей отырып, қимыл-қозғалыстарды балалармен бірге жасап, сөздерін жатқа айтқызды.



Балалар барлығы бірге шаттық шеңберіне тұрып, қимылмен орындады.

Іздену-ұйымдастыру-

шы

-Балалар , мысық ылғи бетін жуады, тазалықты сақтайды. Ал, сендер тазалықты жақсы көресіңдер ме?

-Таңертең жуынасыңдар ма? Немен жуынасыңдар?

-Жуынғаннан кейін немен сүртінесіңдер?

-Ал, тістеріңді шаясыңдар ма?

-Шаштарыңды тарап, айнаға қарайсыңдар ма?


-Таза болып жүргілерің келе ме?

- Дұрыс, таза болуымыз, тазалықты сүюіміз керек.Үнемі жуынып, таза болып жүрсек ауырмаймыз.

-Балалар, бүгін бізге қонаққа куыршақ келді. Оның аты-Әйгерім .

-Қане, барлығымыз қуыршақ Әйгеріммен амандасайық.

-Қарандаршы балалар, қуыршақтың қолында сөмкесі бар екен. Сөмкеде не бар екен қане қарайықшы.

-Міне, балалар Әйгерімнің сөмкесінеде сабын, сүлгі, тарақ, айна бар екен. Бұлардың бәрін тазалық заттары дейміз.Үнемі таза болып жүру үшін бұл заттардың барлығы бізге қажет. Сабынмен жуынамыз, одан кейін сүлгімен сүртінеміз. Шашымызды тарақпен тарап, айнаға қараймыз.

Сергіту сәті:

Таңертең тұрамын,

Бетімді жуамын.

Тісімді тазалаймын,

Шашымды тараймын,

Тап-таза боламын.

-Балалар, таза жүрсеңдер дендерің сау, өмірлерің ұзақ болады.

-Ал,тістерің ауырмас үшін тістеріңді күтулерің қажет. Ол үшін таңертеңгілік және кешкілік тістеріңді жылы сумен шайып жүрулерің қажет. Тіс щеткаларыңды 3-4 айда ауыстырып тұру қажет.

-Суға жиі түсіп жуынып жүрсеңдер таза боласыңдар. Ал, тазалық – таза баланың досы.

-Сонымен қатар деніміз сау болу үшін көкөніс, жемістерді де жеп тұруымыз қажет.

Логикалық ойын: «Дәмді борщ»

Шарты:Аспазшыға борщ пісіру үшін қажетті көкөністерді жинап беру. Борщқа қажетті көкөністерді сызықша арқылы қосу.



-Иә, жақсы көреміз.

-Сумен жуынамыз.

-Тісімізді шаямыз.

-Сүлгімен сүртеміз

-Иә, шаямыз.


-Иә, айнаға қараймыз.

-Иә, келеді.




Балалар таңдана тәрбиешіге қарады.

Барлығы қуыршаққа амандасты.

Балалар қызығушылық білдірді.



Барлығы тәрбиешіні қызыға

мұқият тыңдады.





Барлығы бірге көңілдене сергіту сәтін орындады.








Балалар тәрбиешіні қызыға тыңдады.







Балалар ойынды қызыға ойнады. Борщқа қажетті көкөністерді ажырата білді.

Рефлексиялық коррекциялау

шы

Полингвизм: Тазалық- чистота-purity; Көкөніс сорпасы-Борщ-borscht; Аспазшы-повар-cook; Көкөніс- овощи-vegetables

-Балалар, бүгін бізге қонаққа не келді?

-Әйгірімнің қолында не бар екен?

-Сөмкеде не бар екен? Тазалық заттарына нелер жатады?

-Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?


-Жарайсындар, балалар сендер бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатынастыңдар.


Барлығы үш тілде қайталады.

-Қуыршақ Әйгерім

-Сөмкесі бар.

-Сабын, сүлгі, айна, тарақ бар.

-Жуынып, таза жүруіміз қажет. Дәрумендер жеуіміз керек.

Мадақтауға қуанды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Тазалық заттарын түсініп, «Мен қандаймын?» Сурет мазмұнына қарай сөйлем құрауды білді.

Қандай түсініктерді игерді: Дендері сау болу үшін үнемі таза жүру қажет екенін және жеке бастың тазалығы (сүлгі және сабын, су, тарақ) және гигиена туралы түсініп игерді.

Меңгерген іскерліктері мен дағдылары: Балаларды үнемі таза жүруге баулып, тазалық сақтау дағдысын меңгерді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
31.03.2019
1168
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі