400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

« Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру »

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсынылған үлгі бойынша немесе үлгі бойынша кеміген заттардан топ құрауға,топтан жеке бір затты бөліп алуға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Бөбек»ерте жас тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы .


Топ: Бөбек. Тәрбиеші: Аппарова М .

Күні: «14» 02 2020ж

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қарапайым математика.

Тақырыбы. Теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру.

Мақсаты : Ұсынылған үлгі бойынша немесе үлгі бойынша

Кеміген заттардан топ құрауға,топтан жеке бір затты

бөліп алуға үйрету. Әртүрлі түстен тұратын заттардың жиыны

туралытүсініктерді қалыптастыру.

Қостілділік компонент: тең -равный


Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық











Балалар қане маған қарап отырамыз.Бүгінгі сабағымыз ерекше болып өткелі

тұр .Бізге бүгін апайлар қонаққа келіпті.



Тәрбиеші апайдың айтқанына зейін қоя тыңдайды .



Ұйымдастырушылық-ізденушілік































Балалар ертегі тыңдағыларың келе ме?

-Олай болса мұқият тыңдап отырыңдар.

Баяғыда Торғай мен тышқан дос болыпты.Екеуі бірігіп егін егіпті.Тышқан жерді аяғымен қазып,торғай тұмсығымен шоқып,дән сеуіпті.Егін өте жақсы шығады.Торғай мен тышқанбітік өскен бидайды

Жинап алып, тең бөле бастайды.Бір бидай артылып қалады.Маңайында арашалайтын ешкім болмаған соң,ақыры өздерінің билеріне барып жүгінбек болады.Алдымен тышқандар биіне келеді.Тышқандар биі:

-Бұл бидайды тышқан алуға тиіс.Өйткені тышқанның күші көп.Тырнағымен жер жыртып ,ұртымен бидай екті дейді.

Бұған торғай келіспеген соң,торғайлар биіне келеді.

Торғайлар биі:

-бұл бидай торғайдікі.Себебі торғай егінге түскен барлық құртты құртқан дейді.Бұғанда келісе алмаған соң,торғаймен тышқан далада жүрген бір шалға барады.Шал дәнді алып, екеуіне тең бөліп береді.Бұған торғайда,разы бол мммып,өз жөндеріне кетеді.

-Балалар бүгін біз сендермен сенсорика сабағынан «Теңдік және теңсіздік » деген тақырыппен танысамаз.

- Теңдік деп екіжақтағы зат бірдей болса соны теңдік деп айтамыз.Мысалы аюдың қолында бір бал, қоянның қолындабір сәбіз.Екеуінің қолындағы заттары тең, бұны теңдік дейміз.

Мына суретке қарайық қуыршақтың оң қолында шар үшеу,сол жақ қолында шар біреу,бұның екі жағы тең емес бұны теңсіздік дейміз.Өйткені екі жағы тең емес.

Алма нешеу екінші жақта нешеу біреу .Бұл теңдікке жатама теңсіздікке жата ма?

-ия, бұл теңсіздікке жатады.Ал конфеттерді санайық.Екі жағы тең бе

ия ,теңдік дейміз.Орнымыздан тұрып сергіту жаттығуын жасайық.

Сергіту сәті.Торғай,торғай тоқылдақ

Жерден тары шоқып ап.

Бөтегесі бұлтиып.

Шиқ шиқ десіп отырмақ.

Ойын.Таразы.

Таразыны теңестіру үшін не әстеу керек.Таразының екі басы тең болу керек.

Алма қойылады.

Таразының екі басы теңесті ме.

Бұны теңдік деп айтамыз.

Сонымен біз сендермен қарапайым математика сабағынан сабағынан «Теңдік және теңсіздік »деген тақырыппен таныстық.

Таразының екі басы тең бе.

Бұл теңдік пе,теңсіздік пе.

Қоян мен торғайдың қолындағы дәндері тең бе.

Бұл теңдік пе,теңсіздік пе.

Олай болса балалар мына себеттегі гүлдерді салыстырайықшы қай себеттегі гүл көп екен .Бұл теңдік пе,теңсіздік пе?

-шарларды салыстырайық.

Тақтамен жұмыс.

Барлығың сабаққа жақсы қатыстыңдар.


Сұрақтарға жауап береді .

Заттарға таңдана қарайды .

Қолдарына ұстап көреді.









Ертегіні мұқият тыңдайды.






























Суреттерге назар аударып қарайды.













Сергіту жаттығуын бірге жасайды.






Ойынға барлық бала

қатысады.













Рефлексивті-түзетушілік








-орындықты орына апарып қоямыз.

Өздері отырған орындықты орнына қояды



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Теңдік пен теңсіздік ұғымын ажыратуды .

Нені игереді: Суреттерге қарап ажыратады.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 желтоқсан
2244
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі