жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
" Тілашар" ертеңгіоігінің сценарийі
«Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті
Әліппем!»
Сыныбы: 1 «Ә»
Мұғалім: Алимбаева Т. М.
Сабақтың тақырыбы: «Таныстырған 42 әріппен, Қош бол, менің қасиетті Әліппем!»
Мақсаты:
1. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау, жаңа оқулықпен таныстыру;
2. Әр оқушының іс-әрекеттері
арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту.Жаңа
оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру,Оқушылардың ата-ана,
Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге
тәрбиелеу
Көрнекі
құралдары: Әліппе, Ана тілі, Математика
макеттері, нақыл сөздер, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар
т.б., слайд
Іс – шараның өту барысы:
Мұғалім:
Толқимын, толқып тұрсыз баршаңызда
Мұндай күй болған сәрі, баршаңызда
Құрметпен қошеметпен қарсы алайық
1 «Ә» сыныбын ортамызға!
Фанфары
І-жүргізуші:
Қайырлы күн, уа,
халайық!
ІІ-жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер , әз
жандар,
Білім іздеп, инемен құдық
қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз
сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін
шырқалар.
І-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы
бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен
ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар,
ата-аналар,
Әліппемен қоштасу
тойымызға.
Мұғалім: Құрметті ата – аналар, ұстаздар, оқушылар!
Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Бүгін сіздер 1 «Ә» сынып
оқушыларының «Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!» ертеңгілігіне келіп
отырсыздар.
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл – ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың! – дей келе, шашу
шашылсын!
Шашу шашылады «Фонограмма..»
ІІ-жүргізуші:
- Тәуелсіз еліміздің болашағы білімді де кішкентай бүлдіршіндерді құттықтау үшін мектебіміздің директоры Ағатай Абзал Әміржанұлына құттықтау сөз береміз.
Құттықтау сөзі.
І – жүргізуші:
- Ересектермен салыстырғанда балалардың көзімен өмір қызықты, әрі өте қарапайым. Баланың тілі бал болатыны рас екен-ау. Ендеше кішкентайлардың бал тілдерін естіп көрілік.
1 – оқушы: Ислам
Биыл ғана
мектептің
Табалдырығын
аттадым.
Әліппені қолға
алып,
Әріптерді
жаттадым.
2 – оқушы: Ризат
Партаға алғаш
отырдым,
Бұдан асқан бақыт
жоқ.
Оқушы болдым,
мінекей,
Ойнауға енді уақыт
жоқ.
3 – оқушы: Абдулғани
Карбышов
атаның
Мектебінде
оқимын.
Ұстазымның әр
сөзін
Көңіліме
тоқимын.
4 – оқушы: Ж.Асылжан
Мектеп-кеме,
білім-теңіз,
Толқыныңда біз
жүземіз.
Желбіреген ақ
желкені
Ұстазым сенсің ұланымның
ертеңі.
6 – оқушы. Қоңырау үні: Руслан
Сыңғырла, сыңғырла тағы да
Шақыра білімнің бағына
Қоңырау әсем саз әдемі әдемі,
Мектептің сүйікті әуені!
ІІ – жүргізуші:
Міне, осылай естідік, алғашқы қоңырау үнін, сол күндер де артта қалды. Иә, достар!
І – жүргізуші:
Дұрыс айтасың, 4 ай да тез өтті, әліппені бітірді, енді бүлдіршіндер қоштасайын деп жатыр.
ІІ – жүргізуші:
Ендеше, әнмен шашу шашайық.
Хор «Мектебім, аяулы мектебім!»
Мұғалім:
Өсті міне
бойларың,
Өсті ақыл-
ойларың.
Қуанышқа
ортақпын,
Құтты болсын
тойларын!
Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын.
Сендер оған жауап
айтыңдаршы.
Іші толы
әріпке,
Білімдегі жарық
не?
Хормен:
Болашаққа жол
ашар-
Ол сүйікті-
Әліппе!
Ол сүйікті
-Әліппе!
Мұғалім:
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені
ортаға шақырайық.
Хормен:
Әліппе! Әліппе!
Әліппе!
Әліппе:
Менің атым – Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық!
Әліппе:
- Сендер
қандайсыңдар?
Оқушы:
Нұрболат
Талабы биік таудаймыз.
Мың бұралған бишіміз.
Біз шеберміз.
Ақылдымыз.
Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
Көп оқимыз.
Барлығы
хормен: Біз – қазақ елінің
болашағымыз.
Әліппе:
- Ендеше, не үйренгендеріңді көрейік. Менің сендерге біраз сұрағым бар. Соған жауап беріңдер!
І – жүргізуші:
Кәне достар, жауап беруге дайынбыз ба?
Барлығы хормен: Иә, дайынбыз!
Әліппе: Олай болса, сендер қанша әріп үйрендіңдер?
Барлығы хормен: 42 әріп
Әліппе: Олай болса, әліппеде қанша дауысты дыбыс бар?
Барлығы хормен: 15
Әліппе: Жарайсыңдар! Ал қанша дауыссыз дыбыстар бар?
Барлығы хормен: 28
Әліппе: Сендер өте ақылды екенсіңдер, ендеше өнерлерінді тамашалайын!
1-оқушы: Медет
Әліппем менің
Әліппем,
Сені қолға алып
мен.
Есігін аштым
мектептің,
Ертеңгі сәуле
жарықпен.
2-оқушы:
Алдияр
Келгенде алғаш
мектепке,
Білмеуші едік
әріпте,
Оқимыз қазір
ертекте,
Үйреткен оны
Әліппе!
3-оқушы:
Нұржас
Әліппе деген алтын
жол
Апарар сені
алысқа.
Жеңіл емес ауыр
жол
Тырысып бақ
намысқа.
4-оқушы: Иманғали
Әліпбиді
жатадық
Онда жүйе, қалып
бар,
Біздің қазақ
тілінде
42 әріп
бар.
5-оқушы:
Ахмадали
Арта берді
кітапқа
Бойымдағы
құмарым,
Бірге жүрген
қасымда,
Әліппе болды
сыңарым
6-оқушы:
Мансұр
Енді біз жаза
аламыз,
Әріпті қосып
әріпке,
Риза боп саған
жүреміз,
Сүйікті біздің
Әліппе.
7 – оқушы: О. Асылжан
Бар кітапқа бас
болған,
Әліппе-ғылым
анасы.
Әліппеден
басталған
Даналықтың
данасы.
Хор: «Рақмет, саған әліппе!»
ІІ – жүргізуші:
Қазақ би өнерінің түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алатыны белгілі. Ендігі кезек қазақ биіне.
Ортаға бишілерді шақырайық. «Қазақ биі»
І – жүргізуші:
- Еркебұлан білесің ба, бұл бүлдіршіндер әліппеден оқыған мысал мен ертегіні. Сахналық ойға тоқыған балалар. Ендеше, осы бүлдіршіндердің орындауында «Екі дос» атты көріністі тамашалайық!
Көрініс «Екі дос»
Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.
Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.
Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.
Сонда досы: «Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.
Автор: Ертегі көрінісінің қорытындысы екі дос арасында ешқандай сатқындық, өтірік айту, бір – бірін алдау деген жаман қасиеттер болмау керек. Екі дос бір – біріне дос болу керек.
ІІ – жүргізуші:
- Қазағымыздың таусылмас өнері көп, міне бүгін бүлдіршіндеріміз де өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Енді би өнеріне кезек келді.
«Джентельмен» биі тамашалайық!
І – жүргізуші:
Екі ішектің бірін қатты
Бірін сәл-сәл кем бұра
Нағыз қазақ,қазақ емес домбыра
Нағыз қазақ домбыра
- дей келе, бүгінгі салтанатты кешіміздің қонағын қарсы алайық.
..... орындауында «Күй»
ІІ – жүргізуші:
Қане беріп
қарайық,
Зейін қойып
тыңдайық
Әріптермен
танысу
Тақпақтардан
бастайық.
І-жүргізуші:
Енді ортаға әріптерді
шақырайық.
( О,Т,А,Н) әріптер таққан оқушылар шығып
тақпақ оқиды.
1-оқушы:
Диас
Оспан да өлең
жаттады,
Олжас та өлең
жаттады.
Мына менен
басталған
Екеуінің
аттары.
2-оқушы:
Ержан
Торғай, торғай,
торғайсың
Таяу келіп
қонғайсың.
Жем шашайын тойып
ал,
Сонда аязға
тонбайсың.
3-оқушы:
Азамат
Астана-
Астанам,
Астана-бас
қалам.
Ардақтап
атыңды,
Аузымнан
тастамаймын.
4-оқушы :
Мейржан
Ас біткеннің
атасы
Қасиетті «нан»
осы.
Қайсы әріптен
басталып
Аяқталғанын
қарашы.
ІІ – жүргізуші:
Жас ұландар, жас қырандар,
Еркін елдің түлегі.
Көркейе бер, гүл елі,
Сен деп соққан жалындап тұр мына бүлдіршіндердің жүрегі – дей келе, болашақ ел қорғаушы азаматтарымыздың биін тамашалайық.
«Қара жорға» биі
І – жүргізуші:
Әліппені бітірді балалар,
Әліппеден нәр алған даналар.
Өзі оқып жазатын хәлге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың,
Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.
Хор «Бала тілегі»
Әліппе: Балалар, рақмет сендерге! Мен сендерге өте
ризамын. Енді менен алған білімдеріңді «Ана тілімен» ұштайсыңдар.
Міне, менің досым, өзі де келіп қалыпты, қарсы алыңдар. Ана тілі
оқулықтарыңды жақсы оқыңдар, үлгілі оқушы
болыңдар.
Ана тілі:
Армысыңдар жас достар!
Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын,
Түсіндірер бәріңе
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-елдігім,
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігі
- Ендеше, балалар алдағы уақытта мені дұрыстап оқитыңдарына тілектеспін.
Мінеки, мына оқулықты сендерге тапсырамын!
- Ал біз енді кетейік, Қош, сау болыңдар достар!
Мұғалім: - Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз.
Ендеше, сөз кезегін ата – аналарға берейік.
Мұғалім:
Мұнда біреу жымияды қызына, Мұнда біреу ақыл айтар ұлына. Мұнда біреу сөз сөйлейді жараса, Мұнда біреу елтіп отыр жырыма. Ол кім десең, Қуаныштан езулерін жымиған, Ол – ата – ана, әлемдегі сыйлы адам, - дей келесі сөз кезегін ата – аналарға береміз.
Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген