400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

" Үй жануарлары "

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Неліктен олар үй жануарлары деп аталатыны жөнінде түсінік беру. Үй жануарларының адам өміріне пайдасын, тұрмысқа қажеттілігін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Білім саласы: ҚатынасБөлімі: Сөйлеуді дамытуТақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру. Неліктен олар үй жануарлары деп аталатыны жөнінде түсінік беру. Үй жануарларының адам өміріне пайдасын, тұрмысқа қажеттілігін түсіндіру. Үй жануарларының атауларын қазақ тілінде, орыс тілінде және ағылшын тілінде меңгерту.Көрнекіліктері: Үй жануарларының суреттері, таратпалы (үлестірмелі) құралдар.Биллингвизм: сиыр-корова, Жылқы- лошадь ,қой-овца, Түйе-верблюд

Іс-әрекет кезеңіТәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Мотивациялық түзетушілік

Сәлеметсіңдер ме, балалар!«Шаттық» шеңберіБілер қазақ баласы ,Сәлем сөздің анасы. Алдымыздан кезіккен,көп танысты көреміз,Бәріне де ізетпен,Иіліп сәлем береміз.

Балалар бүгін біз сендермен үй жануарлары туралы әңгімелесетін боламыз.



«Шаттық» шеңберіне тұрып, бір –бірлерімен ,қонақтармен амандасады.Балалар үлкен шеңберге тұрады.Қолдың қимыл-қозғалысы арқылы бір-бірлерімен сәлемдеседі

Ұйымдастырушылық - ізденістік-Балалар үй жануарларына қандай жануарлар жатады? Неліктен оларды үй жануарлары деп атаймыз?Тақтаға назар аударайықшы нелердің суреттерін көріп тұрсыңдар?

Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? – Төрт түлік

Үй жануарлары немен қоректенеді?

Олар адамға не береді?Балалар үй жануарларының төлдерін қалай атаймыз?





Балалар сендер үй жануарлары орыс тілінде қалай аталатынын білесіңдер ме? Олай болса үйренейік.





«Үй жануарларын қалай шақырады?» ойыны.-Қойды пүшайт-пүшайт,-Сиыр аухау-аухау,Жылқы құрау-құрау,Түйені көс-көс деп шақырады.





Бота ненің төлі?

Биенің сүтін не деп атаймыз?Ал түйенің сүтінен не жасаймыз?Ал сиыр бізге сүт береді , сүттен айран, қаймақ, құрт жасаймыз.

«Үй жануарлары қалай дыбыстайды?» ойынОйынға қатысушылар өздерінің білгендерінше жануарлардың қайсысы қалай дыбыстайтынын айтады.Ал енді балалар, «Енесін тап» деген ойын ойнаймыз, төлдерді өз енелерінің жанына жапсырамыз.

Мен сендерге жұмбақ жасырамын , ал сендер жұмбақтың шешімін табасыңдарКішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.

Жануарлардың төлдері қалай ойнайды?

Сергіту сәті:
Сиыр, қой, жылқы, түйе.

Сиыр, қой, жылқы, түйе.



үй жануарлары деп атаймыз.

Жеммен, шөппен, сумен.Ет, сүт, жүн береді.Сиырдың төлін - бұзау диміз, жылқының төлін - құлын дейміз, қойдың төлін – қозы дейміз, түйенің -төлін бота дейміз.

сиыр-корова-телёнок, Жылқы-құлын- лошадь, жеребёнок,, қой-қозы, Овца-ягнёнок, Түйе- бота-верблюдица-верблюжонок



-Қойды пүшайт-пүшайт,-Сиырды аухау-аухау,Жылқыны құрау-құрау,Түйені көс-көс деп шақырады.

ТүйеніңҚымызШұбат





Жылқы кісінейді, сиыр мөңірейді, қой маңырайды, түйе боздайды.Бұзаудың енесі –сиыр, құлынның енесі-жылқы, ботаның енесі – түйе, қозының енесі-қой



Қой



Секіреді, жүгіреді....







Рефлексиялық – түзетушілік.Түрлі –түсті қолғап арқылы сабақ қорытындыланады.Балалар менің қолыма киіп тұрғаным не?Менің бір қолымда неше саусағым бар?Бес саусақты қолғаптың түстерін атап шығамыз.1. Қандай үй жануарлармен таныстық?2. Оларды неге үй жануарлары деп атаймыз?3 .Үй жануарлары немен қоректенеді?4. Үй жануарлары қалай дыбыстайды?5. Үй жануарларының төлдерін қалай атаймыз?



-Дұрыс айтасыңдар балалар.Балалар, бүгін сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сендер өте ақылдысыңдар.Жарайсыңдар балалар.




Түрлі – түсті қолғапБес саусақ

Түстерін айтады

Сиыр, жылқы, түйе, қой.Өйткені біз оларға суын жемін, шөбін беріп күтеміз.Шөппен, жеммен, сумен қоректенеді.Сиырдың төлін – бұзау дейміз, жылқының төлін-құлын дейміз, түйенің төлін- бота дейміз, қойдың төлін-қозы дейміз.


Күтілетін нәтиже:Білуі тиіс: Үй жануарларын танып,білуМеңгеруі: Үй жануарлары туралы жан-жақты түсінік алды

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі