Материалдар / « Ұлттық тәлім тәрбие.»

« Ұлттық тәлім тәрбие.»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға бата туралы мағлұмат беру, түрлерімен таныстыру, қандай қасиеті бар екенін ұғындыру. Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2019
562
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мортық орта мектебі»КММСынып: 8Мұғалім: Шарипова С.У.Сабақтың тақырыбы: « Ұлттық тәлім тәрбие.»Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бата туралы мағлұмат беру, түрлерімен таныстыру, қандай қасиеті бар екенін ұғындыру. Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, белсенділігі мен қызығушылығын арттыру. Батаны өмірде қолдана білуге,бата беріп үйренуге баулу, имандылыққа,салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.Сабақтың көрнекілігі: слайд, бата түрлері, т.б.Сабақтың әдіс — тәсілі: СТО, түсіндіру, жинақтау, талдау, т.б.Сабақтың барысы:Қызығушылықты ояту:Психологиялық дайындық:Күн көзіндей күлімдеп,Көңілді болып жүрейік.Казіргі болар сабаққаЖүректен ақ жол тілейік!Ой шақыру:Ребус шешу: алтын сөзАлтын сөз дегеніміз не?Бата асыл сөз аталы сөздер шешендік сөздерананың жылы сөзі ақ тілек.Бата дегеніміз не?Батаны кімдер береді?Батаны қай кезде береді?«Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі», — дейді. Яғни, бата – фатекенің мағынасы: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Бата – ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз. Ал сөз – бүкіл адамзат тарихындағы құдіретті күш. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.Батаның негізі үш түрі бар:Ақ бата;Теріс бата;Серттесу (Баталасу);Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқанөсиетнама, Аллаһ Таға-ладан мейірім-шапағат сұрау, қазақтың қасиетті тұмары. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі ынтымақ-ырысқа, береке –бірлікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жүзеге асырылатын мақсат, мүдделерді белгілеу. Соған сәйкес, ақ бата көбінесе мынандай жағдайларға байланысты беріледі:жаңа туған нәрестеге,өмір жолын жаңа бастаған ұл-қызға,жас отауға,алыс жолға шығушыларға,үлкен бір істі қолға алушыларға,жорық-шеруге аттанушы сарбазға,тойларға,асқа,Наурызға (Наурыз бата),Жаңа жылға,мүшел жасқа,дастарқанға,Ораза ұстағандарға (Жарапазан бата) беріледі.Теріс бата — қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай батаны әке-шешесі сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін, Отанын сатқан, жауыздық, ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс жайып тұрып берген.Серттесу батасы (Баталасу) – құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел арасындағы маңызды үлкен шараларда жасалатын жол. Ол – хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орнында да жасалып, қол алысылып орындалатын ғұрып. Оны бұзу, яғни, «бата бұзу» — қарғыспен тең. Қазақ баталасуды – елдіктің, тектіліктің, азаматтық қасиеттің белгісі деп таниды.— Батаны кімдер береді?Батаны жасы үлкен, сөзге шешен, сыйлы адамдар береді. Қазақ халқында бата берудің өзіндік орны мен жолы, жөні бар. Батаны халық арасында (қонақтар ішінде) үлкен адам болмаса, көптің рұқсатымен, жас болса да бас боларлық жолы, жөні бар адам береді. Ерлер отырғанда әйел бата бермейді. Әйелдер арасында сөз білетін бір ер бала отырса, әуелі сол бата беруге тиісті. Халқымызда батырларға, билерге ардақты аналардың да бата берген кезі көп. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Және де қуаныш пен тойдың ретіне қарай соған лайықты бата беріледі. Қазақта ұлы үйленгенде атасы, ол болмаса, сол әулеттің үлкені, әкесі бата беруге тиіс. Той иелерінің қалауымен екі жасқа бата беруді басқа да үлкен кісілерден сұрауға болады.Қазақтың батасы көбінесе өлең түрінде өріліп, ол:«А, құдайым оңдасын, Желеп-жебеп қолдасын», «Уа, Жаратқан Ием құдірет, Тілегімді қабыл ет», «Ақ батамды берейін, Арта берсін мерейің», — деген сөздермен басталып, сөз түріндегі баталар: «Батыр бол», «Бай бол», «Бақытты бол», «Ақ сақалды қария бол», «Қосағыңмен қоса ағар», «Үбірлі-шүбірлі бол», «Алла Тағала пәле-жаладан сақтасын», — деген ақ тілекпен де аяқталады. Дастарқанға бата бергенде оны «Дастарқаның мол болсын, абыройың зор болсын!», «Бақ берсін, бас берсін, өміріңе ұзақ жас берсін!», «Дастарқаның берекелі болсын, өмірлерің мерекелі болсын!», — деп те қайыратындар бар.Бата берілген кезде жиналған жұрт та қолдарын жайып, іштерінен «Әумин!», — деп айтып, тыныштық сақтап, бір-бірімен сөйлеспеуге, ыржалақтап күлмеуге, ас-су ішпеуге, басқа шаруамен айналыспауға тиісті.Оқулықпен жұмыс:БАТАӨлеңді оқу;Оқушыларға оқыту;Ой қозғау:Бата берген атасы көпке не тіледі?Балаға кім бол деп тілейді?Достарыңмен қандай бол дейді?Ата сөзі қандай сөз?Өздері жатқа білетін баталарын айтқызу.Топтастыру:Дәптермен жұмыс: үш топқа тапсырма беру:1) Бата түрлері туралы білетіндерін жазу.І топ Жол батасыЖол батасы – ұзақ жол, киын сапарға аттанарда үй иесі құдайы тамақ беріп, аузы дуалы ақсақалдан бата алады т.б.ІІ топ Ас батасыАс батасы – ас келгенде және асты қайыру кезінде жасалады. Ас, дәмге ризашылығын білдіріп, рахметін айтады.ІІІ топ Наурыз батасыНаурыз батасы — ұлыстың ұлы күнінде «наурыз көжеге» шақырғандарға, «Наурызнама» тойын өткізіп халықты риза қылған адамдарға, өнер көрсеткен өнерпаздар мен ақындарға ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары, билер қол жайып бата береді.2) Батаны жалғастыру:Автордың орындығы:І топ Жол батасы: Жорыққанда жолдарын болсын,ІІ топ Ас батасы: Дастарханыңа береке берсін,Бастарыңа береке берсін,……………….ІІІ топ Наурыз батасы: Ұлыс оң болсын,Ақ ол болсын,……………………Бес жолды өлең құрастыру:Зат есім: батаСын есім: ________, _________Етістік: ________, __________, _________Сөз тіркесі: ______, __________, __________, ________Мәндес сөз:___________«Жалғасын тап» ойыны:Берілген мақал мәтелдердің жалғасын табу, мағынасын түсіндіру.1. Жаңбырмен жер көгерер,(Батамен ел көгерер.)2. Ұлы кісіден бата алсаң,(Сонда олжалы жол болар.)3) Ақ тілек аянды болсын,(Ақ бата баянды болсын.)4) Ақыл көпке жеткізер,(Өнер көкке жеткізер)5) Ата өнері – (балаға мұра.)6) Асыл тастан шығады,Өнер жастан шығады.7) Көп жасаған қария –Ақылы теңіз – дария.8) Ақылдының сөзі қысқа…( көпке болар нұсқа).9) Шешен сөз бастар,…( батыр қол бастар).Кубизм:Қыдыр атаның қонаққа келуі, сиқырлы текше арқылы оқушылардың білімдерін тексереді.Бата дегеніміз не?Батаны кімдер береді?Батаны қай кезде береді?Батаның қандай түрлері бар?Батаны не үшін береді?Батаның қандай пайдасы бар?Жақсы білім көрсеткендері үшін бата береді.Бата беру:Әлемнің бетін жарық ет,Ұл — қызды түгел білімді ет,Келесі оқу жылынаАман — есен түгел жет!«4» пен «5»-болсын алар бағамыз,Білімнен бақыт табамыз!Өнер білім көп тоқып,Өсе берсін санамыз!Әумин! Қыдыр атаны шығарып салу.Үйге тапсырма:Алтын сөз өлеңін мәнерлеп оқу, бата жаттап келу.Бағалау:Рейтинг жүйесі бойынша бағалау.Ендеше балалар ата бабамыздан мирас- өнеге болып қалған баталы сөздерді есімізде сақтап, қастерлеп жүрейік. Бүгінгі сабағымызды мынадай өлең шумақтарымен аяқтайыз:Ниет, ықылас білдіру,Әр адамға аманат!Ата — баба дәстүрі —Батаны біл жамағат!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ