,, ұлттық теңге,,

Тақырып бойынша 20 материал табылды

,, ұлттық теңге,,

Материал туралы қысқаша түсінік
Тенге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы ««Теңге мемлекет келбеті»

Арайлап бүгін атты кун

Шашылып бізге шуағын

Тілейміз сізге ақ таңның,

Қуанышын шаттығын

Жарық болса күніміз,

Біз болашақ гүліміз

Қайырлы таң.қайырлы күн

Қуанышты күн бүгін,

Саламатсыздарма апайлар!

Жарайсыңдар балалар,бүгінгі күніміз сәтті болсын деп орнымызға отырайық.

Өткен оқу іс-әрекетті еске түсіру.

Б.Серікбаев «Көктем келді

үн , неге күркірейді?

өктем келді,көктем келді!

-Жаңбыр, неге сірікірейді?

өктем келді,көктем келді!

ұлақ, неге сылдырлайды?

өктем келді,көктем келді!

-Құлын, неге құлдырайды?

өктем келді,көктем келді!

үлдер, неге жайнайды?

өктем келді,көктем келді!-

Құстар, неге сайрайды?

өктем келді,көктем келді!

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем айында неше ай бар?

Бір аптада неше кун бар?

Бүгін аптаның қай күні?

Қандай геометриялық пішіндерді білесің?

Санамақтар білесіңдер ме?

Логикалық есептер?

1.Серіктің 5 теңгесі болды, анасы оған тағы   2 теңге берді. Серікте барлығы неше теңге болды - ?

2.Айымның 10 теңгесі бар еді, ол 5 теңгесіне балмұздақ алды. Айымда қанша теңге қалды.

3.Алты алманың екеуін

Диас сұрап алды

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалды?

1-10 дейін кері тура санаймыз?

Ойын: «Кім жылдам?»

Бүгінгі оку іс -әрекеттің тақырыбы ««Теңге мемлекет келбеті»деп аталады.
- Балалар біз
қай республикада тұрамыз?
1991жылы1 желтоқсанда Қазақстан Республикасчының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. - Президент Мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілеп отырды. Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері, яғни белгілері болады. Оған Ту, Елтаңба және Әнұран жататы білеміз.Қазақстан Республикасы - егеменді , тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өзі Ата Заңы , мемлекеттік рәміздер, ұлттық валютасы бар.Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі - ұлттық валюта.

Әр елдің өзінің төл ақшасы болады. Қазақстанның да «теңге» деп аталатын өзінің ұлттық ақшасы бар. Сонымен қатар көрші елдердің де өз ақшаларының өз атауы бар екен. Мысалы Өзбек елінің ақша бірлігі «сом», Ресей халқында «рубль», Америка Құрама Штаттарында «доллар», Қытай елінде «юань» деп аталады.
Қазақстан «рубльдік» зонадан 1993 жылы қараша айында шықты, 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валюта «теңге» болып енгізілді.
Қазақ елінің төл теңгесі қағаз ақша және монета түрінде болады. Әрбір монеталардың ( 5 теңге, 10 теңге, 20 теңге, 50 теңге, 100 теңге 200 теңге), қағаз ақша ( 500 теңге, 1000 теңге, 2000 теңге, 5000 теңге, 10000 теңге 20000 теңге) болады.

Балалар мемлекетіміз теңгені банкте сақтайды екен.

Қазыргі уақытта теңгеміз картчкада тұрады.

Картчкадағы теңгемізді банкаматтан аламыз.

Балалар үстел үстіндегі тапсырмаларды орындайды.

1-тапсырма: «Санамақтар.»

2-тапсырма :«Тауар және әмиян.»

3-тапсырма: «Сатып алуға болатын және болмайтын заттар»

4-тапсырма :«Теңге ілу»

5-тапсырма :«Қымбат және арзан заттар»

6-тапсырма :«Қызмет және қажеттілік»

7-тапсырма : «Сандар көршісін тап»

8-тапсырма :«Себеттерге орналастыр тиісті сандарды жаз»

Сергіту сәтті. «Қуырмаш»

Куыр-қуырмаш, Мен айтамын қолыңды аш

Мынау тұрған бас бармақ,жұмыс содан басталмақ

Алақанның тұңғышы,болсын осы жылқышы,

Балаң үйрек кейінгі,бұл сыйырға бейімді

Ортан терек ұзыны,түйе бақсын қызығы

Шылдыр шүмек бұл саусақ,қой бағуды тұр аңсап

Кішкентай бөбек шынашақ,сен дайында жер ошақ

Білекке енді барайық,мұнда не бартабайық

Мына жерде кун болар,мына жерде түн болар

Мына жерден ай шығар,мына жерден май шығар

Қытық-қытық қызық ай,міне бидай міне май

Куыр-қуырмаш,бидай берем қолыңды аш

Төгіп алма күлем деп,балапанға барып шаш.

Балалар біз бүгінқазақ елінің теңгесімен таныстық.Дүкенде» ойыны. (Слайдтан көрсету)
Мақсаты: бүлдіршіндердің сандарды қосу, азайтуды қаншалықты меңгергендігін анықтау, есептеу дағдыларын жаттықтыру.
Слайдтан ( доп, көлік, конструктор, кітап, қуыршақ, айна) суреттері мен заттың бағасы жазылып көрсетіледі.
-
Дүкендегі ең қымбат зат қайсысы?
- Е
ң арзан зат қанша тұрады?
Ал балалар мынау әмиянның ішінде көптеген монеталар бар. Сол ақшаларды мен сендерге беріп отырамын, қажет деп тапқан заттарыңды дүкеннен сатып аласыңдар.
Әр сатып алынған заттың бағасымен қатар қайтарылатын ақша туралы түсіндіріледі.
Д
үкенде ойынынан көрініс.
1 -
бала. - Сәлеметсіз бе!
Сатушы: - Сәлеметсің бе!
1 -
бала: - Мен банан ,алма сәбіз алдым ақшасын қанша болады?
Сатушы былай дейді:- Балақай сенің жасың нешеде?
Бала: - Менің жасым алтыда. Енді мен мектепке барамын.
Сатушы: - Жарайсың! Банан бағасы 50 теңге,алма килосы 100теңге сәбіз килосы 20теңге тұрады. Сен маған 200 теңге бердің, мен саған 20 теңге қайтарамын.
Бала: - Сау болыңыз!
Сатушы: - Тамаша! Сау бол!
2 -
бала: - Сәлеметсіз бе!
Сатушы:- Сәлеметсің бе!
Бала: - Маған ойыншықтар керек еді?
Сатушы: - Ойыншықтардың бағасы жазулы тұр барып көріп алсаңыз болады.
Бала: - Мінекей, алыңыз, менде 500 теңге бар.

Сатушы: - Доптың бағасы 150теңге,қуыршақ бағасы 200теңге тұрады.Сіз маған 500теңге бердіңіз 350теңге болады.Мен сізге 150теңге қайтарамын.
Сатушы: - Мінекей, а
қылды бала деген осы шығар. Сау бол!
Бала: - Сау болыңыз!
3 -
бала: - Сәлеметсіз бе!
Сатушы: - Сәлеметсің бе!
Бала: - Мен нан,айран,сыр,сусын,жейде,бас киім алдым.Ақшасы қанша теңге болады?
Сатушы: -Нан бағасы 30теңге,айран бағасы 100теңге

Сусын бағасы 130 теңге жейде 150теңге бас киім 50теңге тұрады.барлығы 460 теңге болды.

Бала: -міне 1000теңге .

Сатушы:Мен сізге 40 теңге қайтарамын.
Сатушы: - Ақылды болған қандай жақсы. Сау бол!
Бала: - Сау болыңыз! Рахмет.
Балалар енді бала бақшамызға қайтамыз.Дүкенші апаймен қоштасамыз.Қош сау болыңыз дүкенші апай.

Теңге күнім мерекем

Әр адамның жүрегінде қуаныш,

Таптырмайтын тіршілікте сұраныс.

Енді, ағайын өз теңгеміз бар бізде,

Өз теңгемнен құралады үлкені

Қортындылау.
-
Сонымен балалар, бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?

Балалар теңгенің қандай түрлері болады екен ?

Дүкен ойыны сендерге ұнада ма?

Теңгеге бір барлық затты сатып ала аламыз ба?

Ақша табу үшін не істеу керек?

Жарайсыңдар балалар .Енді қонақ апайлармен қоштасамыз








































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі