400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

" Үміт, сенім бізді алға жетелейді...!" жаттығу 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тест, емтихан тапсыратын оқушыларға психологиялық қолдау көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Еркін ауылы «Есжан Берліқожаұлы

атындағы №11 орта мектебі» КММ

Педагог-психолог Тойшыбекова Назыкен Бидікенқызы


Тақырыбы: Үміт, сенім бізді алға жетелейді...!

Мақсаты: 11сынып оқушыларының тестке, емтиханға дайындығына психологиялық көмек.

Сыныбы: 11 Ә, 11 А, 11 Б

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, үнтаспа, бейнеролик, үлестірмелі материалдар.

Ұйымдастыру кезеңі:

Жаттығу ережесі:

1. Ашық қарым-қатынас

2.Көтеріңкі көңіл-күй

3.Бір-бірін тыңдау

4. Уақытты үнемдеу

5. Қазір және осында.

1.«Менің тілектерім немесе мен нені қалаймын» жаттығуы

Мақсаты: Оқушылардың зейінін, назарын оқу үрдісіне бағыттау.

Нұсқау: қатысушылар орындарында тұрады.Оқушылар бір-біріне кезек-кезек бір ізгі тілегін және өзі нені қалайтынын айтуы керек.

2. «Біз сенімді ұрпақпыз» жаттығуы

Нұсқау: Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

1-топ: Біз сенімді ұрпақпыз тақырыбында –суреттік сюжетпен мысал келтіру.

2-топ: Біз сенімді ұрпақпыз тақырыбында – мәтін құрау.

3-топ: Біз сенімді ұрпақпыз тақырыбында- өлең шумақтарын құрау керек.

3. «Ешқашан берілме!» бейнеролик ұсынылады.

Қандай ой түйдіңдер? Оқушылар өз ойларымен бөліседі.Өз ойларын дәптерге жазу.

4. «Қорқыныш сезімінен арылу» жаттығуы

Нұсқау: Оқушылар ортаға шығады. Екі жаққа қарама-қарсы тұрады да, бір-бірінің қолдарын ұстап тұрады, еш ойланбастан, қорықпай, сенімді түрде артқа құлауы керек. Ойын кезекпен жалғасады.Ойын соңында оқушылар өз алған әсерлерімен бөліседі.

6. « Бәрі сенің қолыңда!» бейнеролик ұсынылады.

Қандай ой түйдіңдер? Оқушылармен сұрақ-жауап арқылы талдау.

7. Рефлексия. Сабақтан қандай әсер алдыңдар? Оқушылар өз ойларын стикерге жазып береді. Сабақтың соңында оқушылар бір-біріне ізгі тілектер білдіреді.





Мектеп психологы: Н.Тойшыбекова



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25.04.2021
1095
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12