|
Тақырып: Уақытты қалай
өлшейді?
|
Мектеп:
№17
|
|
Күні: 5.11.2018
|
Мұғалімнің
аты-жөні: Туленова А
|
|
Сынып:
|
Қатысқандар
саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
|
Оқу мақсаттары
|
3.1.1.5 үлесті құру жолын көрсетіп
беру, оларды оқу, жазу және салыстыру
|
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар үшін:
|
|
Көрнекілік негізінде
үлестің пайда болуын көрсету.
|
|
Бірқатар
оқушылар үшін:
|
|
Көрнекілік негізінде
үлестерді жасау, үлестерді жазу, оқу және
салыстыру.
|
|
Кейбір оқушылар үшін:
|
|
Өз бетімен фигураны
бірдей бөлікке бөлу, үлестерді
ерекшелеу.
|
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
Үлестердің жасалуын
түсіндіру.
Пәндік лексика және
терминология:
үлестердің тұрмыстық
атаулары (жарты, төрттен бір, үштен бір).
|
|
Сабақта диалог/жазу үшін
пайдаланылатын тіл.
Талқылау:
Фигура неше бөлікке
бөлінеді?
Әр бөлікті қалай атауға
болады?
Қай бөлік үлкен: 1/2
немесе 1/4? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
|
|
Жазу:
|
|
1/2 бөлік,
1/4 бөлікті
жазыңыздар.
|
|
Тірек білім, білік, дағдылар
|
Үлестердің тұрмыстық
атауы.
|
|
Жоспар
|
|
Жоспарлан ған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
|
0–3
|
Ынталандыру.
– Адамдарға бүтінді жиі
үлестерге бөлуге тура келеді.
Ал«Апельсин» атты атақты мультфильм
естеріңізде ме? Мультфильм кейіпкерлері апельсинді қалай
бөлгендерін көрейік. Мұқият көріңіздер, сосын мен сіздерге сұрақ
қоямын.
- Өлеңде жануарлар тең бөліктерді қалай атайды?
(Бөліктер).
– Кім мұқият болды? Апельсинде неше бөлік бар? (Бес
бөлік).
– Әрқайсысы қанша бөліктен алды? (Апельсиннің бір
бөлігінен).
- Қалай ойлайсыздар, апельсин бірдей бөліктерге бөлінді ме?
(Иә).
- Бұл бірдей бөліктерді
басқаша қалай атауға болады? (Үлестер).
|
Мультфильм
|
|
4–6
|
Өзектендіру.

8
алманы
екі ағайынды балаға бөліп беру керек. Әр бала қанша алмадан
алады?
Алмаларды
сіздер қалай бөлесіздер? 8, 2, 4 сандары қалай
аталады?
– Ағайындылар 1 алманы 2-ге бөле
ала ма?
Не
шығады?
Жарты
– бұл бүтін санның
бөлігі.
Адамдарға жиі бүтінді
бөліктерге немесе үлестерге бөлуге тура
келеді.
Ең белгілі үлес – ол, әрине,
жарты.
– «Жарты» деген сөзді қайдан
естуге болады?
– «Жарты» деген сөзді күнде
естиміз: жарты сағат, жарты киллограмм, жарты
нан.
– Бауырлардың әрқайсысы екі
бірдей бөліктің біреуін алады.
|
Алма түріндегі
санау материалы.
Сабаққа арналған
тұсаукесер.
Электронды жинақ
полотносы.
|
|
7–11
|
Мақсат қою (мәселелі
жағдаят)
– Математика тілінде алманың немесе апельсиннің үлесін
(бөлігін) қалай атауға, жазуға болады?
(Білмейміз)
– Нені үйрену керек?
Бізге үлестерді атауды,
жазуды, салыстыруды үйрену керек.
|
|
|
12–29
|
Жаңаны ашу.
Жаңаны ашу үшін балалар тәжірибелік жұмыс
орындайды.
Ол қалай
аталады?
(Дөңгелек)
– Дөңгелекті екіге
бүктеңіз.
– Ашыңыз.
– Қанша бірдей бөлік
болды?
(2)
– Сонымен, біз дөңгелекті тең екіге
бөлдік, яғни тең екі
бөлікке.
Балаларға дөңгелекті тағы да
ортасынан бүктеуге тура келеді. Сосын оны ашу
керек.
– Неше бөлік
шықты? Бөлігі қалай аталады:
(ширек).
Тағы бүктеуге бола
ма?
– Неше бөлік
болды?
Сегіздің бір бөлігі – сегізден
бір бөлік.
Бөлшектердің атауларын уақыт
өлшеген кезде де пайдаланады.
Оқулықтағы №1 тапсырмадағы
сағаттың макетін қараңыздар. Циферблат неше бөлікке
бөлінген?
Үлестердің атауларын сағат
бөліктерімен де атайтын кездері болады.
№2 тапсырмадағы сағаттың
уақытын қараңыздар.
Математикада үлестерді жазуға
болады.
Түсіндіре отырып алғашқы
бекіту.
Мұғалім №3 тапсырманы қарауды
ұсынады, бөлшектердің жазылуына баса назар аударады. Балалар
фигураның қай бөлігі боялғанын айтып, жұппен жұмыс
жасайды.
Өзіндік
жұмыс.
Оқушылар
№3
(ә)
тапсырманы
орындайды.
|
Дәптер, оқулық, дөңгелектер.
|
|
30–40
|
Жаңаны қолдану.
№4 топпен орындалатын тәжірибелік
жұмыс. Балалар дөңгелектерді
бөліктерге бөледі.
Шыққан бөліктерді
салыстырады: өсу (кему) ретімен
жазады, теңсіздіктерді
жазады. Әрі қарай мұғалім дәптердегі
қалыптастырушы бағалауы бар тапсырманы орындауды
ұсынады.
Балалармен бағалау
критерийлерін талқылайды.
Мен:
Өткенмен жұмыс.
Мұғалім оқушылардың қабілетіне қарай тапсырма
береді.
№9
тапсырма –
логикалық жаттығуды орындау барысында мұғалім 15 минут сағаттың
қандай бөлігін алатынын анықтайды.
|
Қиылған
дөңгелектер, қарындаштар, оқулық.
|
|
41–45
|
Рефлексия.
Рефлексия жүргізу үшін балалар
өз біліктіліктерін мақсаттарымен
үйлестіреді: сабақ үстінде қолынан не
келетінін кім
түсінді:
|
Жетістік
сызғышы.
|