Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

А1Өзінің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуі туралы рефлексиялық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру жүйесіне әлемдік жоғары деңгейде қол жеткізу қазіргі күнде әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге бейімделген жеке тұлғаны тәрбиелеу- бұл мұғалімнің бүгінгі күнгі басты міндеті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сахитхан Дәмен Педагогикалық қоғамдастықтағы А есебі

Көкшетау мұғалім көшбасшылығы

Мұғалім портфолиосы


А1Өзінің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуі туралы рефлексиялық есеп

Білім беру жүйесіне әлемдік жоғары деңгейде қол жеткізу қазіргі күнде әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістерге бейімделген жеке тұлғаны тәрбиелеу- бұл мұғалімнің бүгінгі күнгі басты міндеті.

Педагогикалық шеберлік орталығының тәжірибелі және білікті тренері қолдауымен 200 сағаттық «Бетпе – беп » аудыиториялық жұмыс арқылы осы бағдарлама туралы жан –жақты мағұлымат алды. Осыны негізге ала отырып мен мектептегі іс-тәжирибе барысында қолданып жаңа технология әдіс-тәсілінің тиімділігі және жеті модуль бойынша өткізетін сабақтарым сәтті өтеді деп жоспарлаймын.

Қазақстан Республикасының Білім стандарты бағдарламасына сәйкес құрылған күнтізбелік тақырыптық жоспарды басшылыққа ала отырып ,8-сыныпта математика пәні бойынша тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарын жасадым .Мектептегі практикам қазан айында болғандықтан сол кездегі сабақтарыма бағдарламаның жеті модулі тізбектелген сабақтар топтамасына ықпалдастыра қолдануды жоспарладым. 1. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету мақсатында мынадай тапсырмаларды алдым: ДЖИКСО әдісі,постермен жұмыс, кім жылдам, семантикалық карта қатарлы әдістерді қолдандым.2. Дарынды және талантты балаларды оқыту моделіне: Деңгейлік тапсырмалар.тест тапсырмалар,сәйкестендіру тесттерін қолдандым.3. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар берілді.4.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модуліне : Ертегі әдісі.Елеске жетелеу. «Интервью» әдісі қатарлы әдістерді қолдануды жоспарладым.5.АКТ –ны пайдалауда Видео материялдарды пайдаландым.6. Оқу үшін бағалауда: Бас бармақ әдісі.БББ кестесі,температураны өлшеу, соңғы бес минут,өзін –өзі бағалау,баспалдақ әдісі. қатарлы әдістерді қолдандым. көшбасшылыққа жұптық жұмыс, логикалық тапсырмалар топтық жұмыстарға тарту әдістерін пайдаландым. Бізді қоршаған өмірімізде кездесетін төртбұрыштар. Трапеция мен үшбұрыштың орта сызықтары. Үшбұрыштың тамаша нүктелері қатарлы тізбектелген сабақтар топтамасын адым. Бұл жеті модуль : ) осы жеті модульді ықпалдастыра қолдану арқылы тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу үшін ұзақ мерзімді жоспарын құрдым(ОМЖ). Осы сабақтар топтамасы оқушылардың қызығушылығын арттыруға ,сын тұрғысынан ойлауға жаңа терминдердің мағынасын түсінуге ,қарым-қатынас мәдениетінің сақталуына,уақытпен жұмыс жүргізуге ,оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға ,сыни көзқарасын білдіре алуға ықпал ете алады деп ойлаймын.

Бір сабаққа рефлексия

Тізбектелген сабқтың 1- тақырыбы: Трапеция тақырыбының мақсаты: 1. Оқулықтағы теориялар мен жұмыс арқылы трапеция ұғымын түсінеді,трапеция түрлерін ажырата алады.трапецияның ауданын табуды біледі.2. Есеп шығару барысында формулаларды қалай қолданғанын түсіндіріп бере алады.3.деңгейлік есептер шығару арқылы басқа төртбұрыштардың ауданын табу мен айырмашылықтарын таба алады. Осы мақсатқа жету үшін мынадай әдіс –тәсілдерді қолдануды жоспарладым: 1.«Мен елімді сүйемін» тренингі арқылы сыныпта көңілді атмосфера қалыптастыру. Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөліп. Әр топқа мінездеме беремін. 2.ДЖИГСО әдісі. Трапеция ұғымын түсінеді, теңбүйірлі трапеция, тікбұрышты трапеция түрлерін ажыратады,трапецияның ауданын табуды біледі.3.«Кім жылдам» әдісі арқылы А.В.С. Деңгейлік тапсырмаларды орындайды.4. семантикалық картамен жұмыс істеу арқылы аған теориялық материялдарға талдау жасай алады.осы тәсілдерді қолданудағы мақсатым оқушыларды топпен жұмыс істеуге.силастыққа, дұрыс қарым –қатынас қалыптастыруға дағдылары қалыптасады деп ойлаймын. ДЖИКСО әдісі арқылы оқушылар өз ойларын жеткізуге,бір –бірлерін тыңдауға үйренеді. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты әсер ететінін айтады тілдік сөйлеу дағдысын қалыптастыруға және де берілген теориялық материялдармен жұмыс жасауға дағдыланады деп ойлаймын Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесіндеяғни сөйлесу, талдау жіне дәлелдеу барасында жүзеге асатынын көрсетті». (Мұғалімге арналған нұсқаулық (39 бет).Әр топтағы оқушылар өздерінің топ мүшелерінің қатыстырып, өзара бағалау парақшаларына топ мүшелерін бағалап отырады.

Дереккөздерге сүйнсек білім алу 50 % талқылағанда, 75% практикада, 90% білім беруде есте жақсы сақталғанын көрсеткен. (Ұлттық оқу зертханалары, Бефель, Мэн штаты, АҚШ) Осы тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды.және бір –бірін бағалауды үйренеді. Пәнге қызығушылықтары артады.оқушылардың үлгерімі жоғарлайды.Оқытудың жаңа ақпараттық тәсілдерін үйрене алады.Тізбектелген сабақтар топтамасы на енгізілген Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастырылғанда тиімділігін көрсетеді.Сын тұрғысынан ойлау ,пайымдау,тұжырым жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда ,кері байланыс арқылы оқушылар нені меңгергенін ,нені меңгермегенін ашық айта алады,Сын тұрғысынан ойлаудың стратегияларын сабақта тиімді қолданған жағдайда өз білімін жетілдіруші оқушыларда сыни пікір айту дағдылары қалыптпсады.Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары ақпараттарды ұғыну ,бағалау,талдау жасауға қолданылатын ұтымды әдіс болып табылады.

Сабағымды меңгертуде пәндік білім беріп қана қоймай ,оқушылардың жүйелі ойлау,өз бетімен есеп құрастыру ,тест құрастыру,интернет желісі арқылы сабақта өткен тақырыпты зерттеп келу шығармашылыққа баулуда сын тұрғысынан ойлау стратегияларының орны ерекше.Сыни тұрғыда ойлауға үйрету модулін өзімнің тізбектелген сабақтар топтамасында қалай қолдандым,мақсатыма жеттімбе?Бұл стратегия оқушылардың өз ойын еркін айтуға ,біріне –бірі үйретуге жол ашары сөзсіз.Алдыңғы қолданып жүрген дәстүрлі сабақтан ерекшелігі оқушы білімге өз ізденісімен қадам басуы.Сабақтар топтамасында бірінші сабақтан бастап ,соңғы сабаққа дейін оқушыларды сыни тұрғысынан ойлау әдістеріне баулу арқылы көшьасшылық қасиетін қамтамасыз етуге тырысамын.Сабақ соңында оқушыларға рефлексияны ынталандыру, өз ойларын қорытып айту, алған білімдерін қорытындылау үшін беремін. Бұның да өз кезегінде оқытуға көп көмегі тиеді деп ойлаймын.Сабақ барысында кездесетін сұрақтарды, кедергілерді қалай жою керектігін оқушылардың өздерімен пікірлесу арқылы дамытып отырамын. Оқушыларға сабаққа қатысты «Сен қалай ойлайсың?» деген сұрақтар бере отырып, олардың ойлау денгейін бақылаймын. Сабақта алған бағалары қорытындыланып қойылады.Оқушылардың рефлексиялық талдауын ескеріп келесі сабақта нәтижеге жету жағын қарастырамын.Болашақта жеті модуль бойынша үйренген әдіс-тісілдерімді дамытамын және жұмыстың жаңа жолдарын іздеймін.Жаңа идеяларымды жүзге асыру үшін барлық күш-жігерімді саламын.














8-сынып.Геометрия. Төртбұрыштар.Трапеция ұғымы,түрлері, формуларды қолдана алады. Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар (параллелограммдар, тіктөртбұрыштар, ромбтар, квадраттар, трапециялар) ұғымдарын қолана алады.Үшбұрыштың трапецияның орта сызықтары арқылы есептер шығара алады.Үшбұрыштың тамаша нүктелері ажырата және қолана алады.




Сабақ мақсаты

Тапсырмалар

Оқу нәтижелері

Инклюзивті оқыту. Диференциалды оқыту

Бағалау

Негізгі ресурстар

Қолданылатын модульдар

1.

Трапеция


1. оқулықтағы теориялар мен жұмыс арқылы трапеция ұғымын түсінеді,трапеция түрлерін ажырата алады.трапецияның ауданын табуды біледі.

2. Есеп шығару барысында формулаларды қалай қолданғанын түсіндіріп бере алады.

3.деңгейлік есептер шығару арқылы басқа төртбұрыштардың ауданын табу мен айырмашылықтарын таба алады.

.

1.«Мен елімді сүйемін» тренингі арқылы сыныпта көңілді атмосфера қалыптастыру;


2.ДЖИГСО әдісі ;


3.«Кім жылдам» әдісі. Деңгейлік тапсырмалар

4.Семантикалық карта

1 Трапеция ұғымын түсінеді.

трапеция түрлерін ажырата алады.

трапецияның ауданын табуды біледі.


Инклюзивті топқа жататын оқушыларға тапсырма беру.


Iдеңгей: А тобының есептерін шығарады


IIдеңгей: В тобыныңесептеріншығарады


IIIдеңгей: С тобының есептерін шығарады



1.БББ әдісі


2.«Басбармақ» әдісі;


3. Кері байланыс.

Жазбаша


4.«Рефлексиялық нысана» техникасы арқылы

Оқулық Флипчарт

Кеспе қағаздар, Интербелсенді тақта, Смайликтер

геомертялық фигуралар

1.«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»

2. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»

3. «Диалогтік оқыту»

4.«Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану»






2.

Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар (параллелограммдар, тіктөртбұрыштар, ромбтар, квадраттар, трапециялар)

1.Өмірде кездесетін төртбұрыштарды ертегі дегі элементтер арқылы ажырата алады.
2.деңгейлік тапсырмалар арқылы формуларды қолдана алады.

3.өмірде кездесетін төртбұрыштарды және олардың ерекшеліктерін пайдалана алады.

«Бананды кім бірінші алады» видео тест.

Сурет қиындылары арқылы топқа бөлу..

2. Ертегі әдісі

Губизм әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді.

4.«Постермен жұмыс»

Галерия аралау әдісі арқы топтар бағаланады.

3.деңгейлік тапсырмалар

5. Тест жұмысы

Бір –бірін бағалайды.



  • 1. Төртбұрыштардың түрлерін біледі.
    2. Өмірде кездесетін төртбұрыштарды ажырата алады. 

3. Төртбұрыштардың формулаларын қолданып есептер шығара алады.

Iдеңгей: А тобының есептерін шығарады


IIдеңгей: В тобының есептері ншығарады


IIIдеңгей: С тобының есептерін шығарады



1.Өзара бағалау

2.Шеңбер әдісі

3.«Температураны өлшеу» әдісі

4.Соңғы бес минут


Оқулық, флипчарт, маркер, интерактивті тақта.



















Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер.

2.Сыни түрғыдан ойлау.

4. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

5.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

6.Оқытудағы басқару және көшбасшылық

3.


Үшбұрыштың трапецияның орта сызықтары

1.Диалогқа түсу арқылы орта сызықтар ұғымдарын түсінеді.

2. Венндиаграмасы алқылы орта сызықтарын ажырата алады.

3. үшбұрыштың және трапецияның орта сызықтарын қолданып есеп шғара алады.

1.Жүректен-жүрекке" жағымды тілектер тілеу

1.«Елес жетелеу»

2.Диалог әдісі

3. Венндиаграммасын

4.деңгейлік тапсырмалар

1.Үшбұрыштың, трапецияның орта сызығының анықтамасын біледі. 2.Үшбұрыштың, трапецияның орта сызығы туралы теореманы есептер шығаруда пайдалана алады.



Инклюзивті топқа жататын оқушыларға тапсырма беру.

I-деңгей: А тобының есептерін шығарады


II-деңгей: В тобының есептерін шығарады

III- деңгей: С тобының есептерін шығарады




1.БББ әдісі

2. Балық қаңқас әдісі

3. «Бағалау ағашы»









Оқулық Флипчарт

Маркер

Кеспе қағаздар, Интербелсенді тақта, Смайликтер


СТО; АКТ; Талантты және дарынды балаларды оқыту;Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер






Үшбұрыштың тамаша нүктелері

1. Үшбұрыштың тамаша нүктелері жайлы толық мағлұмат алады, 2. Үшбұрыштың тамаша нүктелерін ажырата алады.

3. Үшбұрыштың тамаша нүктелерін есептер шығаруда қолдана алады.



1. «Интервью» әдісі

2.«Айналмалы бекет» әдісі

3. «Ойлан-бөліс-талқыла» әдісі


1.Үшбұрыштың тамаша нүктелерін біледі.

Үшбұрыштың тамаша нүктелерін қолданып есептер шығара шығара алады.


Деңгейлік тапсырмалар:


А,В,С тобының есептерін шығарады және шығару жолдарын түсіндіреді


1.«БББ» кестесі бойынша

2. Баспалдақ әдісі




3. ақылдың алты қалпағы


Оқулық Флипчарт

Маркер

Кеспе қағаздар, Интербелсенді тақта



1. «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»

2. «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»

3. «Диалогтік оқыту»

4. «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану»
























Математикадан қысқа мерзімді жұмыс жоспарын құру үлгісі

Сабақ:

Мектеп: Қоянды орта мектебі

Күні:06.09.17

Сахитхан Дәмен

СЫНЫП:8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Трапеция

Сабақтың оқу мақсаттары

  • Трапеция ұғымын түсінуі

  • Трапецияның түрлерін анықтау.

  • Трапецияның ауданын табу.




Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар айта алады:

Трапеция ұғымын түсінеді, теңбүйірлі трапеция, тікбұрышты трапеция түрлерін ажыратады,трапецияның ауданын табуды біледі.

Көпшілігі орындай алады:

Трапецияның ұғымын түсіне отырып, формулаларды қолданып есептер шығарады.

Формуланы қалай қолданғанын түсіндіріп бере алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Геометриялық фигуралардың аудандары мен салыстыра алады.


Тілдік мақсаты

Оқушылар орындай алады:

  • Трапецияның анықтамасын айтады

  • Түрлерін ажыратады

  • Формулаларды тұжырымдайды.


Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Трапеция, тікбұрышты трапеция, теңбұйірлі трапеция

Пәнаралық байланыс

Сурет, әдебиет,

Алдыңғы оқу

Төртбұрыштар ұғымы,түрлеріін біледі.

Жоспар


Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды өзіңіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

Ресурстар

Басы 3-минут

« Мен елімді сүйемін» тренинг

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу..

Оқулық Флипчарт

Кеспе қағаздар, Интербелсенді тақта,

геомертялық фигуралар

Ортасы

1 тапсырма: 12 минут

2-тапсырма:10 мин

  1. БББ кестесін толтыру.


  1. ДЖИГСО әдісі

Трапеция ұғымы, түрлері. Формулалары туралы түсініктерін жеткізеді.

Бағалау әдісі: Басбармақ әдісі арқылы бағаланады.

3..«Кім жылдам» әдісі Конвертер арқылы деңгейлік тапсырмалар орындайды.

1-деңгей: 
№1 АВСД - тең бүйірлі тр.АД ІІ ВС, АВ=CД, ВС=7 см, АД=12 см, трапецияның периметрі 27 см.Бүйір қабырғаларын табыңдар? 
Шешуі:Р-(ВС+АД=27-19=8) 
АВ=4 см 
№2 
АВСД теңбүйірлі трапеция <А=<Д Шешуі: <А=<Д=180°-57°=123° 
<В=57° 
<А =? 
2-деңгей: 
№1 
АВСД трапеция Шешуі: <А+<В=180° 
<А=112° <В=180°-112°=68° 
<С=65° <С+<Д=180° 
<В=? <Д=180°-65°=115° 
<Д=? Жауабы: 68°, 115° 
№2 
Трапецияның бұрыштаының қатынасы 2:3:4:6 бұрыштарын тап. 
Шешуі:<А+<В+<С+<Д=360° 
360°:15=24° 
<А=2*24°=48° 
<В=3*24°=72° 
<С=4*24°=96° 
<Д=6*24°=144° 
3-деңгей: 
АВСД трапециясының СД қабырғасына параллель ВЕ кесіндісі жүргізілген. АВЕ үшбұрышының периметрі 18 см. ЕД=5 см.Трапецияның периметрін тап. 
В С 
А Д 
Берілгені: 
АВСД – тр 
ВЕ ІІ СД 
Р=18 см 
ЕД=5 см 
Р=? 
Шешуі: 
Р=АВ+ВС+СД+ДЕ+ЕА 
Р=АВ+ВЕ+АЕ=АВ+СД+АЕ 
Р=18+5*2=28см 

Жазбаша кері байланыс беру арқылы бағалау.

  1. Семантикалық ката әдісі 

  2. + (иә) және  – (жоқ) таңбаларын қою арқылы кестені толтыру керек.

Соңы (30-35 минут)

«Рефлексиялық нысана» техникасы арқылы

Қосымша мәліметтер



Рефлексия

Жауап жазылады

Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма?


Бүгін оқушылар не үйренді?


Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде өтті?


Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма (тапсырмалар сәйкес болды ма?)


Уақытты қалай пайдаландым?


Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажетті болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1:

2:

































А2 Коучинг - сабақ арқылы әріптестердің тәжірибесіне өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп

Білімнің дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижесін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, осы ретте мұғалімдерге әріптестерімен бірге жаңа тәсілдерді пәнге енгізу үшін коучинг арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дағдыларды ұсынады.мұғалімдер өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік алу мақсатында коуч мұғалімдерге көмек көрсетеді.Бұл ретте мұғалімдерге мақсат етілген нәтижеге қол жеткізу үшін жұмысқа арқау болатын тақырыпты алдын –ала анықтай алуы керек.

Сыныптаға бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға кою арқылы бағалайды.баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалай қабілеттілік және күш –жігері сияқты құндылықтары жатады.

Бірінші кезеңінде өзім үйренген, көргенімді, білгенімді мұғалімдерге толық жеткіземін бе? Мұғалімдерді қызықтыра аламын ба,коучинг сапалы өткіземінбе? –деген ойлар мазалайды, Мұғалімге арналған нұсқаулықты оқып, сауалнамалар даярлаймын, таңдалған тақырыпқа байланысты видио роликтерді іздеймін, слайд, флипчарттарды дайындаймын.Мен коучнг жоспарын құруда әдістемелік бірлестік отырысындағы қарастырылған мәселелерді негізге ала отырып, .коучингті «Қалыптастырушы бағалау- оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру тәсілі» тақырыбын алдым.Коучинг тақырыбының мақсаты: Мұғалімдердің қалыптаструшы бағалау туралы түсініктері қалыптасады; оқу үдерісінде қалыптаструшы бағалау әдістерін қолдануға бағыт-бағдар алады оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу-оқыту сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғынады.Себебі біздің мектепте бағалауға қатысты, мұғалімдер арасында қиындықтар болып тұрады, ОЖСБ, тоқсандық бағалауда бағаның сәйкесіздігі мектептің өзекті проблемасы болып табылады. Әсіресе жас мамандарға тәжирибе жинақтау үшін көмек беру мақсатында осы тақырыпты таңдаймын.Оқу үдерісінде қалыптаструшы бағалау әдістерін қолдануға бағыт-бағдар алады оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу-оқыту сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғынады.

Күтілетін Нәтиже:

Қалыптаструшы бағалау туралы түсінік қалыптасады;2. Ынталандыру арқылы бағалауды  үйренеді.3. «Аквариумдағы алтын балық» әдісін қолдануды үйренеді. 4.  Өзін-өзі, өзара бағалауды  үйренеді. Осы нәтижеге жету үшін коучинг жоспарын құруда қақырыпқа байланысты Мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулықтағы теориялық материялдар мен толық танысып өз білімімді жетілдірдім. Содан кейін әріптестер мен бөлісуді жөн көрдім.

Содан кейін мұғалімдерді сабаққа кіріспес бұрын, көңілдерін сергітіп алу мақсатында сергіту Көтеріңкі көңіл орнату үшін «комплимент» тренингін ұйымдастырамын . Әр пән бірлестіктері бойынша топтарға бөлуді ұйғардық. Коушингтің мақсаты мен міндеттерін бірлесе анықтауды жөн көрдік. Ұйымдастыру кезеңін жоспарлауда «Дейін- кейін» стратегиясы қолданамын. Сол арқылы мұғалімдердің тақырып бойынша нені түсінетінін, нені түсінбейтінін анықтаймын. «Болжау» әдісі бойынша мұғалімдер тақырыппен танысып, «Аквариумдағы алтын балық» әдісі бойынша формативті бағалау туралы түсініктерін пысықтап, сонымен қатар осы әдісті түсіндіре кетеміз деп шештік. Формативті бағалау туралы түсініктерін толық қалыптастыру үшін «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбында презентацияны қолдана отырып бағалау туралы толық түсінік беріп өтеміз деп шештік. Сабақ жоспарының шабланын қалай қолдануға болатындығын түсіндіре отырып, сабақ жоспарын құруды түсіндіріп, әр пән бойынша мұғалімдер сабақ жоспарын жасауды үйрене отырып, бір-бірлерінің жұмысын бағалауды үйренеді деп ұйғардық. Қаралған мәселе бойынша алған білімдерін қорытындылап, кері байланысты ұйымдастыру үшін «Пайымдау сұрақтары» әдісін қолданамыз деп деп шештім.Төмендегі сауалнамалар арқылы жұмысты бағалаймын:1 .Сізге коучинг сабағының мақсаттары түсінікті болдыма?2. Бұл мақсаттар сіздің қажеттігіңізге сәйкес келеме?3. Сізге оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер ұсынылдыма?4. Коучинг сабағы кезінде жаңа нәрсе үйрендіңізбе?5. Сіздің жаңа тәсілдерді қолдануға сенімділігіңіз артты ма? Деген сауалнамаларды таратып беріп жауабын аламын.Бүгінгі коучингті қалай өткені жайлы кері байланыс аламын. Сонда ғана коучингке қатысқан мұғалімдер қалыптастырушы бағалау туралы түсініктері қалыптасады және сабақ барысында өз тәжірибелерінде пайдаланады деп ойлаймын












Күні:06.10.2017ж

Сахитхан Дәмен

 

Коучинг тақырыбы:

Қалыптастырушы бағалау- оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру тәсілі .

 

Коучинг мақсаты:

(КМ)

Мұғалімдердің қалыптаструшы бағалау туралы түсініктері қалыптасады; оқу үдерісінде қалыптаструшы бағалау әдістерін қолдануға бағыт-бағдар алады оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу-оқыту сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғынады.


 

Міндеттері

-.Проблемалар мен мәселелерді шешу кезінде өз тәжірибесін қалыптастыруға ықпал ететін ойлау үдерісін жүзеге асыру

-Танымдық теориясын қалыптастырады.

-Осы әдістерді қолданудағы тәжірибелік дағдылар.

 

Оқыту нәтижелері


1. Қалыптаструшы бағалау туралы түсінік қалыптасады;

2. Ынталандыру арқылы бағалауды  үйренеді.

3. «Аквариумдағы алтын балық» әдісін қолдануды үйренеді

4.  Өзін-өзі, өзара бағалауды  үйренеді.

 

 

Коучтың іс-әрекеті

 Мұғалімдердің іс-әрекеттері

Ресурстар

 

Психологиялық ахуал туғызу (5 мин)

Көтеріңкі көңіл орнату үшін «әр елдің амандасуы» тренингін ұйымдастырамын

Түстер бойынша топқа бөлу


Іс –қимылдары арқылы амандасуды көрсетеді.

бірлестіктері бойынша топтарға бөлінеді.



Ұйымдастыру кезеңі

5мин

«Дейін- кейін» стратегиясы


Мұғалімдердің тақырып бойынша білім деңгейін қалыптастырушы бағалау туралы білетінін жазуды тапсырамын.

Мұғалімдер  үлестірілген ақ қағаздың «дейін» бағанасына формативті бағалау туралы не білетінін жазады.

 

 Бағдаршам әдісі

 



Тақырыппен таныстыру.




Ендеше біздің сабағымыздың тақырыбы «Қалыптастырушы бағалау- оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру тәсілі».

 



Тақырып айтылған соң қатысушы мұғалімдермен бірлесе сабақ мақсаты мен міндеттерін анықтайды.

 

 Слайд-презентация

 

 

 


Мағынаны тану (3 мин)

Қалыптастырушы бағалау туралы материалдарды топтарға таратып беру.


Топтар «Болжау» әдісін қолдана отырып формативті бағалау туралы материалдармен өздері танысады.


А4 қағаздары, қайшы, клей т.б.

Флипчарт құру


Ой қозғау.

(4 мин)


«Аквариумдағы алтын балықты аулау» әдісін қолданып формативті бағалау ұғымын қайталау

Сұрақтар: — Формативті бағалауды қалай түсінесіздер?

-Сабақ барысында сіздер оқушыларды қалай бағалайсыздар?


«Аквариумдағы алтын балықты аулау» әдісін қолана отырып сұрақтарға жауап береді.




Презентация

«Қалыптастырушы бағалау»

(5 мин)

 

 Презентацияны түсінуге бағыт- бағдар береді.



 

 Презентация арқылы оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау түрлерін ажыратады. Қалыптастырушы бағалау туралы түсінеді

 

 

 Интерактивті тақта.

 

 

 

Видео үзіндісі



5 мин


Мұғалімдерің назарын видеоға аудару

Видеоматериалды талдайды. Алған мәліметтерге сүйене отырып бағалаудың түрлерін атайды, фактілерді келтіреді,өз пікірлерін ортаға салады, бір-бірінің жауаптарын толықтырады.

«Қара жәшік» ішіндегі жұмыс:

оқушылардың өзін-өзі бағалауы,мұғалімнің бағалауы, ұсыныс жасауға үйретуі,топтық бағалау,жазбаша кері байланыс, баға қоюы, мұғалімнің жиынтық баға шығаруын талқылайды

 

Видео сабақтар

 

 

 


Сабақ жоспарын құру

(10 мин)

 

Топтарға сабақ жоспарының шаблонын, таратып беру.

 

Мүғалімдер өз пәндері бойынша сабақ жоспарын құрастырып, оны қорғайды. Топтар бір-бірінің жұмысын талдап, бағалайды, үздігін таңдайды.

 

  

 

 



Рефлексия

«Пайымдау сұрақтары «әдісі бойынша кері байланыс алу

Мұғалімдер сұрақтарға жауап береді

 Түрлі-түсті стикертер,

 



А3 Әріптестердің бірімен тәлімгерлік үдерісі жүзеге асырылғаны туралы рефлексиялық есеп.

Қазақстандағы кәсіби дамудың жаңа бағдарламасына сай сын тұрғысынан ойлайтын мұғалімдер балалардың сын тұрғысынан ойлауына қатысты рефлекциялық оқыту ұғымы саралап, білім беру бағдарламасындағы қажеттіліктерге баса назар адару керек. Қазіргі ақпараттық қоғамда табыспен өмір сүру үшін балалар мен жастар мән-жайды түсініп,тәуелсіздік алу мақсатында белсенді,сындарлы оқытудың тиімді тәсілдеріне тартылуы қажет.

Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы екі адам арасында оқу қарым-қатынасын құруға негізделген және түйінді дағдыларды: белсенді тыңдай білу, тәжирибені дамыту үшін бірқатар күрделі сұрақтар қоя білу дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәліпке күрделі тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуде, соның ішінде қажетті түйінді қасиеттерді: сенімділік, ортақтастық, шынайлылық, адалдық танытуға дайын болады.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 106 бет ).

Тәлімгер етудегі басты ұстанымын әріптестеріммен кәсіби бағытта қарым-қатынас жасау болатын. Мектептегі тәжирибе кезеңінде тәлімгердің , тәлім алушының мүмкіндіктерін ашу стратегиялық деңгейде жаңалықпен алмасу, мақсат қою мен оған жету жолдарын жоспарлауға көмектесу міндетімнің бірі.Мектеп тәжрибе барысында тәлімгерлік үдерісі бойынша жұмысымды бастаймын деп тұжырымдаймы. Жұмысты жоспарлау барыснда мен мектептегі тәлімгерлік ету жұмысымда тәлім алушы ретінде мектеп әкімшілігімен келісе отырып математика пәнінің мұғалімі. Жас маман Болатбек Гүлжанарды алдым.талімгерлік жұмысты : Қалыптастырушы бағалау- оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру тәсілі тақрыбын таңдадым. Осы тақырыпты алудағы мақсатым:Тәлім алушының іс-тәжірибелерін жетілдіруіне көмектесу, оның қызметкер және тұлға ретінде өсуіне, кәсіби дамуы мен проблемаларды өз бетінше шешуіне ықпал етіп, бағыт-бағдар беру. Қалыптастырушы бағалаудың оқушы үлгерімне әсерін түсінеді. Жоспарда 1- аптада. Бағдарламаның негізгі идеясымен таныстыру. Тәлімгерліктің тақырыбын тәлім және кәсіби сұхбат барысында тәлім алушының сабақ беру барысындағы проблемаларын анықтадым,. Тәлім алушыға қандай кәсіби көмек керек екеніне көз жеткіздім.. 2- аптада: Тәлім алушының сабағына қатысуды жоспарладым. Сабағында қолданған әдіс тәслдерді зерделеймін.бағалау барысында калыптастырушы бағалауды қалай қолданғаніна мән беремін. Сол арқылы тәлім алушыға формативті бағалауды сындарлы бағалауға бағыт беремін.3- аптада тәлім алушыға кәсіби көмек беру үшін коучинг сабақтарына қатысуын жоспарланды. Коучинг сабағына қатысу арқылы тәлім алушы формативті бағалауды қолданудың артықшылығына көз жеткізеді.

Тәлім алушы сабағының  сәтті  жақтары мен сәтсіз жақтары көрсетілген өзіндік талдау өткізіп, келесі сұрақтарды қоямын:

  1. Сабағың қалай өтті, қызықты болды ма?

  2. Бүгін нендей нәрсені үйрендің?

  3. Оның болашақта қажеті бар ма?

  4. Келесі сабақта қандай мәселеге назар аударасың?

4- аптада: Lesson study» жүргізу кезінде бірлесе отырып сабақ жоспарларын дайындау. Зерттеу сабағының жоспарын құру барысында қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмаларды мұқият жоспарлаймыз. Осы жұмыстарды атқара отырып тәлім алушы өз сабағында жаңа әдіс тәлілдерді қолданудың мүмкіндіктеріне көз жеткізеді. Оқушылардың пәнге қызығушылығы артады. Өз ойларын еркін жеткізуге, өзін-қзі бағалауға дағдыланады. Кері байланыс беруге үйренеді.пән бойынша оқу үлгерімі жоғарлайды деп ойлаймын. Тәлім алушымның әрбір өткізген сабағын бақылап, сұхбаттасу кезінде сұрақ беріп, кері байланыс орнатып отырамын.Мұғалімнің нені меңгермей жүргенін , тағы нені үйренгісі келетін біліп, кеңес беріп отырамын.Тәлім алушы өткізетін сабақтары барысында әдіс-тәсілдерді тиімді қолданады деп ойлаймын.Бұл әдіс-тәсілдердің оқушы қызығушылығы мен білімін арттыруда маңызы зор деп есептеймін. Зерттеулерімнің нәтижесінде тәлім алушы оқушылармен ара-қатынасы өзгереді, сабақты бұрынғыдай өзі түсіндірмей, оқушылардың өздері түсінуі үшін жағдай жасау керектігін ұғынады.Сабақты ұйымдастырудағы әдіс-тәсілдері өзгереді. Оқушылардың сын тұрғысынына ойлауын дамыту үшін сұрақтарды маңызды екенін түсінеді.

Тәлім алушы оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өз ойларын толық жеткізуіне мүмкіндік жасауға үйренеді ,өз іс-тәжирибесіне көптеген өзгерістер енгізеді деп ойлаймын.























Тәлімгерлік жоспар

Тақырыбы: Қалыптастырушы бағалау- оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру тәсілі .

Тәлімгерлік етудің жалпы мақсаттары


Тәлім алушының іс-тәжірибелерін жетілдіруіне көмектесу, оның қызметкер және тұлға ретінде өсуіне, кәсіби дамуы мен проблемаларды өз бетінше шешуіне ықпал етіп, бағыт-бағдар беру.

Тәлімгер

Тәлім алушы

Уақыт аралығы

Тәлімгерліктің мақсаты

Тәлімгерлік нәтижелері

Табыс критерийлері

Қалай анықтайсыз?

Сахитхан Дәмен

Болатбек Гүлжанар

1- апта

03.10.2017ж

Бағдарламаның негізгі идеясымен таныстыру. Тәлімгерліктің тақырыбын тәлім алушының проблемасына қарай таңдалады. Тәлім алушыны таңдау

Бағдарлама туралы ұғымның қалыптасуы және тәлім алушының сабақ беру әдістемесін жақсарту мақсатында сабақтарына өзгеріс енгізілді

Кәсіби сұхбат арқылы

бейнефильм,

фотосуреттер



2-апта

10. 10.2017ж

Тәлім алушы сабағына қатысу

Сабақты талдау, топтық жұмыстарды  енгізу арқылы  сабақ барысында өзгерістер енгізілді.

Тәлім алушы сабағының  сәтті  жақтары мен сәтсіз жақтары көрсетілген өзіндік талдауы



3- апта

17.10.2017ж

Тәлім алушыға кәсіби көмек беру үшін коучинг сабақтарына қатысуын жоспарлау;

Бағалаудың түрлерін, мақсаттарын анықтайды,өз тәжірибесінде қолданады.

оқу үдерісінде қалыптаструшы бағалау әдістерін қолдануға бағыт-бағдар алады оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу-оқыту сапасын жақсарту мақсатында формативтік бағалау жүргізудің маңыздылығын ұғынады.




4-апта

24 10.2017ж

«Lesson study» жүргізу кезінде бірлесе отырып сабақ жоспарларын дайындау

«Lesson study»-дің мәні оқушылардың назарын оқуға шоғырландыру арқылы оқытуды дамыту және жетілдіруге арналған құрал екендігін түсіндіру

«Lesson study» үдерісінде әріптестерді қолдау тәсілдерін түсінеді




А4 Мектептің педагогикалық қоғамдастығы жұмысын жоспарлау үдерісі туралы рефлексиялық есеп

Заманауи білім беруде қоғамдастық құрудың маңызы күннен күнге артып отыр.Білім беру саласы ұйымдастырушылық оқшаулау дамуға кедергі келтіретінін мойындап отыр. Сондықтан мектепте және мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің «Білім беру желілеріне» бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда. Қоғамдастық жетістікке жету үшін шын мәнінде қажет екендігінің анық әрі нақты себебі қажет. Қоғамдастық қандай да бір заттарды қалай істесе, жақсы болатындығының жолдарын ұсініп, сынақтан өткізілген және тексерілген оқыту үдерістерінің құндылықтарын ұлғайтуға тиіс.(МАН 101-бет)

«Білім беру реформасын жүзеге асырудың келесі кезеңінеде жүйеге жоғары стандарттарды және теңдікті енгізудің жаңа әдістері қажет болады,ол жекелеген оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес келіп, мектептерге ынтымақтастық жасау қажет және осы үшін кәсіби қоғамдастықтар күшті ұйымдастырушылық нысан болып табылады( МАН-100 бет.»Қоғамдастықтың жұмысын жоспарлау кезінде мектептің даму жоспарындағы проблемаларды негізге ала отырып қоғамдастықтың Қалыптастырушы бағалау- оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру тәсілі тақырыбын алдым.бұл тақырыптың мақсаты: Қалыптастырушы бағалауды қолдану арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілеттері мен белсенділіктерін арттыру.Табыс критерийлері: 1.Қоғамдастықтағы мұғалімдердің ынтымақтасқан кәсіби қарым-қатынасы дамиды.2.Мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісіндегі бірлескен жұмыс түрлерін үйренеді.3.Қалыптастырушы арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары қарастырылады.4.Сыныпта өзара сенімділік пен ынтымақтастық жағдай қалыптасады.5.Сабақ үдерісінде бағдарламаның жеті модулін қолдану үдерісі артады.6.Мұғалімдер оқушылардың жеке дамуын тұрақты қадағалайды.Күтілетін нәтиже:

  1. Мұғалім мен оқушының бірлесіп жұмыс істеуіне қолайлы орта қалыптасады;

  2. Мұғалімдер бағдарламаның жеті модулін сабақтарына енгізеді;

  3. Жұптық, топтық жұмыстарда сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту оқушылардың оқу үлгерімін артады;

  4. Сын тұрғысынан ойлауда қолданылатын саралаудың әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың белсенділігі және білімділік деңгейлері артады;

  5. Коучинг пен тәлімгерлік үдерістері дамиды;

  6. Пікірлес  адамдардың бірлестігінде сенімді серіктестік жүзеге асады.

Оқушыларға жас ерешелегіне байланысты оқу мен оқыту теориясын меңгерту.Осы нәтижелер болған кезде мектепті жоғары деңгейде көрсете аламыз деген үміттемін. Мектепте тәлім алушының сабағына қатысып сабақ беру тәсілімен танысамын және бірнеше пәннен оқушылардың білімді қабылдауын зерттеу.Жеті модульді ықпалдастыра отырып білім сапасын дамыту. Әрбір сабақ соңында рефлексиялық талдау жасай отырып ,оқушының сабақта алған әсерін стикерлер арқылы білу және сабақта болған жетіспеушіліктерді циклді жұмыс арқылы өзгерістер енгізу. Мына сұрақтар Сабақтан алған әсеріңіз қандай?Осылай сабақ өткізудің тиімділігі бола ма?Оқушыларға қаншалықты маңызды? Болатындығы жөнінде оқушылар көзқарасымен зерделеймін.Сол төңіректе толыққанды жұмыстар жүргіземін.Әр сабақта оқушыларды бағалаудың түрлерін қолдану ерекше маңызға ие. Бағалау критерий бойынша қойылса бала өз біліміне нақты баға ала алады. Бағалаудың өзара бағалау түрін де қолдануға болады.Осы әңгімелер жөнінде тәліп алушыға және қоғамдастық мүшелеріне тиімді қолдана білуін дұрыс жолға қою арқылы жетілдіру көзделеді.Педагогикалық қауымдастықтың әрбір мүшесімен жұмыс түрлерін бөліп алып қарастырып ,нәтижесінде қандай жетістіктер ,қандай кемшіліктер бар екенін пікірлесу арқылы шешімін тауып рефлексия жасап отырамын.Бағдарламаның қуатты пелагогикалық модульдерімен және оларды оқыту мен оқу үдерісіне ықпалдастыруды меңгерген қоғамдастықта дағды қалыптасады. Педагогикалық қауымдастық жұмысының қорытынды нәтижелерін бір жылғы істелген жұмыстары бойынша оқушылардың білім сапасына мониторинг жүргізіп талдау.













Қоғамдастықтың жұмыс жоспары

Тақырыбы: Қалыптастырушы бағалау- оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру тәсілі .

Мақсаты: Қалыптастырушы бағалауды қолдану арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілеттері мен белсенділіктерін арттыру.

Табыс критерийлері:

1.Қоғамдастықтағы мұғалімдердің ынтымақтасқан кәсіби қарым-қатынасы дамиды.

2.Мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісіндегі бірлескен жұмыс түрлерін үйренеді.

3.Қалыптастырушы арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауға үйрету жолдары қарастырылады.

4.Сыныпта өзара сенімділік пен ынтымақтастық жағдай қалыптасады.

5.Сабақ үдерісінде бағдарламаның жеті модулін қолдану үдерісі артады.

6.Мұғалімдер оқушылардың жеке дамуын тұрақты қадағалайды.



Күтілетін нәтиже:

  1. Мұғалім мен оқушының бірлесіп жұмыс істеуіне қолайлы орта қалыптасады;

  2. Мұғалімдер бағдарламаның жеті модулін сабақтарына енгізеді;

  3. Жұптық, топтық жұмыстарда сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту оқушылардың оқу үлгерімін артады;

  4. Сын тұрғысынан ойлауда қолданылатын саралаудың әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың белсенділігі және білімділік деңгейлері артады;

  5. Коучинг пен тәлімгерлік үдерістері дамиды;

  6. Пікірлес  адамдардың бірлестігінде сенімді серіктестік жүзеге асады.



Табыс критерийі:

  • Оқушылардың топтық жұмыс істеу қабілеттері артады.

  • Жеті модулді сабақтастарында ықпалдастырып қолданады.

  • Коучинг пен тәлімгерлік үдерістері дамиды.

  • Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдылары дамиды.

Өткізілетін жұмыс түрі

Өткізу уақыты

Жауапты адам


Мектеп әкімшілігімен кездесу(кездесу)

1-апта 18.09

Сахитхан дәмен

Педагогикалық қоғамдастықтың жоспар мен таныстыру

1-апта 22.09

Сахитхан дәмен

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау ( Дөңгелек стол өткізу)

2-апта 25.09

Сахитхан дәмен

Оқушыларда сауалнама алу. Оқу үрдісінде кездесетін қиындықтарды анықтау.

2-апта 29.09

Сахитхан дәмен

Тәлім алушының сабақтарына қатысу

3-апта 02.10

Сахитхан дәмен

Қалыптастырушы бағалау- оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру тәсілі .( коучинг өткізу)

3-апта 06.10

Сахитхан дәмен

Тәліптің сабағына қатысу(пікір алмасу)

4 апта 09.10

Сахитхан дәмен

Lesson Study тобын құру

4-апта13.10


Сахитхан дәмен

Lesson Study-ді қандай мақсатпен жүргізу қажет? (дөңгелек үстел)

5-апта16.10

Сахитхан дәмен

Lesson Study – ден кейінгі талқылау

5-апта 20.10

Сахитхан Дәмен

Тәжірибе нәтижелерімен ұжымды таныстыру.(таныстырылым)

6- апта 23.10

Сахитхан дәмен

Кері байланыс ұғымы(әңгіме)

6-апта 27.10.

Сахитхан дәмен


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
750
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12