Airbus А400М
Кішкентай кезімнен авиацияға қызығатын бала едім. Ұшақ десе ішкен асын жерге қоюға дайын баланың ұшаққа деген қызығушылығы мен махаббатының қалай ашылғанын әке-шешемде қатты түсінбейтін. Өмірімде ұшақтар тым көп еді. Ұялы телефонымның тұсқағазынан бастап, бөлмедемдегі қабырғалардағы суреттерге дейін. Ұшаққа деген махаббатымның тағы бір мәрте айқындалуы 2024 жылдың 5 желтоқсаны орын алды. Осы күні Қазақстан Әскери Әуе күштерінің тарихындағы маңызды оқиға орын алды. Алматы аэродромына алып ұшақ қондырылды. Еліміз А400М ұшағы бар 9 елдің құрамына еніп, Әскери Әуе күштерінің күшеюіне тағы қадам жасаған болатын.
Данасы 145 млн. евро тұратын бұл ұшақ Airbus жобалаушысының ірі проекті. Осы ұшаққа еліміз өз қызығушылығын көрсетіп, 2021 жылдың 1 қыркүйегінде Airbus-пен осы жоба тұсында келісімшарт жасалды.
Осы күнді Қазақстан 1191 күн күткен болатын. Шынымен де Түркия, Германия, Франция, Бельгия, Малайзия және Люксембург елдерімен қатар осындай проект иегері болу құдды бір мақтаныш сезімін тудыратындай. Бұл осыдан бұрынғы алынған С295 ушағы секілді емес, ұзындығы 45 метр, 4 турбовинтті ұшақ. Тіпті С130 ұшағымен салыстырса да, өте тиімді жоба. Біріншіден ол С130 ұшағынан қарағанда біршама ауыр жүк тиеп ұша алады. Екіншіден өрескел, қисық ұшу-қону жолақтарын пайдалана алады. Арнайы жабдықтармен жабдықталған жағдайда, өз алыптығына қарамастан, медициналық эвакуациялауды, әуеден жарнамай құюды орындай алады.
Бұл ұшақ өте күшті өзі 70 тонна бола тұрып, 37 тоннаға дейін жүк тасымалдай алады. Ол ауада қалқып жүргендей ұшады, ал оның моторының дауысы қатты шығып, аспанды жарып өтеді! Авиациядағы ең қиын сәт – ұшақты қондыру. Ал бұл ұшақтың қонғаныняң өзі бір көрініс.
Желтоқсанның бесінші жұлдызы ұшақтарды қатты жақсы көретін мен, бір рухтанып кеткендей болдым. Әскери авиациға қызығушылығымнан бөлек, патриоттық пен мақтаныш сезімі денемді жаулады. Бәрімізге қатаң, салмақты көрінетін әскери адамдардың қуанып, жүздерінің нұрланып, қуанып жүргенін көріп марқайып қалдым.
Осы пунктілер бұл ұшақты сатып алуы шынында да даму жолында алға қадам екенін көрсетеді. Осындай ұшақтардың алынуы – ұшқыштарға деген қажеттілік туғызады. Кім білсін, бәлкім сен, Ұлан газетінің оқырманы, болашақта осындай алып ұшақты басқаратын ұшқыш боларсың? Менің ұшаққа деген махаббатымды түсініп, өзің де авиацияға ғашық болып қаларсың? Ұшқыштардың аспаннан көретін көрінісі тым бөлек... Бұлттан асып, 12.000 метр биіктікте қалқып жүзіп баратқан сынды кездегі сезімді елестетіп көрші. Ал ең күштісі, осы ұшақтың басқарушысы – сен. Ол толықтай сенің тізгініңде. Ғажап емес пе?
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
A400M
A400M
Airbus А400М
Кішкентай кезімнен авиацияға қызығатын бала едім. Ұшақ десе ішкен асын жерге қоюға дайын баланың ұшаққа деген қызығушылығы мен махаббатының қалай ашылғанын әке-шешемде қатты түсінбейтін. Өмірімде ұшақтар тым көп еді. Ұялы телефонымның тұсқағазынан бастап, бөлмедемдегі қабырғалардағы суреттерге дейін. Ұшаққа деген махаббатымның тағы бір мәрте айқындалуы 2024 жылдың 5 желтоқсаны орын алды. Осы күні Қазақстан Әскери Әуе күштерінің тарихындағы маңызды оқиға орын алды. Алматы аэродромына алып ұшақ қондырылды. Еліміз А400М ұшағы бар 9 елдің құрамына еніп, Әскери Әуе күштерінің күшеюіне тағы қадам жасаған болатын.
Данасы 145 млн. евро тұратын бұл ұшақ Airbus жобалаушысының ірі проекті. Осы ұшаққа еліміз өз қызығушылығын көрсетіп, 2021 жылдың 1 қыркүйегінде Airbus-пен осы жоба тұсында келісімшарт жасалды.
Осы күнді Қазақстан 1191 күн күткен болатын. Шынымен де Түркия, Германия, Франция, Бельгия, Малайзия және Люксембург елдерімен қатар осындай проект иегері болу құдды бір мақтаныш сезімін тудыратындай. Бұл осыдан бұрынғы алынған С295 ушағы секілді емес, ұзындығы 45 метр, 4 турбовинтті ұшақ. Тіпті С130 ұшағымен салыстырса да, өте тиімді жоба. Біріншіден ол С130 ұшағынан қарағанда біршама ауыр жүк тиеп ұша алады. Екіншіден өрескел, қисық ұшу-қону жолақтарын пайдалана алады. Арнайы жабдықтармен жабдықталған жағдайда, өз алыптығына қарамастан, медициналық эвакуациялауды, әуеден жарнамай құюды орындай алады.
Бұл ұшақ өте күшті өзі 70 тонна бола тұрып, 37 тоннаға дейін жүк тасымалдай алады. Ол ауада қалқып жүргендей ұшады, ал оның моторының дауысы қатты шығып, аспанды жарып өтеді! Авиациядағы ең қиын сәт – ұшақты қондыру. Ал бұл ұшақтың қонғаныняң өзі бір көрініс.
Желтоқсанның бесінші жұлдызы ұшақтарды қатты жақсы көретін мен, бір рухтанып кеткендей болдым. Әскери авиациға қызығушылығымнан бөлек, патриоттық пен мақтаныш сезімі денемді жаулады. Бәрімізге қатаң, салмақты көрінетін әскери адамдардың қуанып, жүздерінің нұрланып, қуанып жүргенін көріп марқайып қалдым.
Осы пунктілер бұл ұшақты сатып алуы шынында да даму жолында алға қадам екенін көрсетеді. Осындай ұшақтардың алынуы – ұшқыштарға деген қажеттілік туғызады. Кім білсін, бәлкім сен, Ұлан газетінің оқырманы, болашақта осындай алып ұшақты басқаратын ұшқыш боларсың? Менің ұшаққа деген махаббатымды түсініп, өзің де авиацияға ғашық болып қаларсың? Ұшқыштардың аспаннан көретін көрінісі тым бөлек... Бұлттан асып, 12.000 метр биіктікте қалқып жүзіп баратқан сынды кездегі сезімді елестетіп көрші. Ал ең күштісі, осы ұшақтың басқарушысы – сен. Ол толықтай сенің тізгініңде. Ғажап емес пе?
шағым қалдыра аласыз













