жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ә ә дыбысы мен әрпі
|
Пәні:Сауат ашу |
Мектеп: А.Оразбаева ат.жоббм |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ортақ тақырып: 5-бөлім: Саяхат |
Мұғалімнің аты-жөні: Б.Н.Булкаирова |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күні: 19.01.18 |
Қатысқандар саны: 18 |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 1 а |
Қатысқан оқушылар саны: |
18 |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Ә ә дыбысы және әрпі |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқу мақсаттары |
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану 1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: Дыбысты таниды,оқиды,жазады. Оқушылардың көпшілігі: Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажыратады,буындап оқиды. Кейбір оқушылар: дыбыстық талдау жасайды,тұтас оқып,әдемі жазады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
Білу, түсіну, қолдану |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
Дыбыс түрлерін ажыратады,буындап ,тұтас оқиды,әдемі жазады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Әже-бабушка-grandmother.Әке-отец-father.Әпке-сестра-sister. Талқылауға арналған сұрақтар: Ә дыбысы сөздердің қай жерлерінде кездеседі? Дыбыс және әріп дегеніміз не? Ә қандай дыбыс? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Ынтымақтастық, жауапкершілік, шығармашылық, құрмет. Ширатуда ынтымақтастық қалыптастыру, жұптық жұмыста бір-бірінің сөзін бөлмеу, топтық жұмыста жауапкершілікті сезіну, бір-бірінің ойын тыңдау, құрмет көрсету,достарын ынталандырып отыру, саралау тапсырмада шығармашылығын дамыту. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Көркем еңбек, математика,музыка |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
АКТ-ны қолдану |
Флепчартта бейнеленген суреттер бойнша ашық сұрақтар қою. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осыған дейін меңгерілген білім |
З з дыбысын таниды, жазады, сөздерді буынға бөліп оқи алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 5 минут |
Ширату Үлкендерге сіз, Кішілерге біз. Әдеппенен бас иіп, Сәлем бердік біз. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
-Балалар әдеп деген сөзді қалай түсінесіңдер? -Әдептілікті біздер кімнен үйренеміз? /әкемізден,әжемізден,әпкемізден,тәтемізден/ -Жақсы балалар! -Балалар біздер қазір барлық пәндерде саяхат тарауын өтіп жатырмыз. -Қазір жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар? -Қыста табиғатқа саяхатқа шығуға бола ма? -Ал балалар табиғатқа саяхатқа серуендеуге,ойнауға кімдермен шығасыңдар? -Қалай ойлайсыңдар немен ойнауға болады? -Жарайсыңдар ! -Ендеше өздерің айтқан мына суреттер арқылы топқа бөлініп отырамыз. I топ : Әке II топ: Әже III топ: Әпке Осыған дейін меңгерілген білімді еске түсіру. «Кір жаятын жіп» әдісі. З дыбысы басында,ортасында,аяғында кездесетін сөздерді оқыту. ҚБ: Мұғалімнің қолпаштауы арқылы кері байланыс беру. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы 2 минут
2 минут
Сатылай кешенді талдау 3 минут
Сергіту сәті 1 минут
Оқылым тапсырмасы 3 минут
Жазылым тапсырмасы 4 минут 8 минут
Саралау тапсырмасы 6 минут
3 минут |
«Қар қиыршықтары» математикамен байланыс. Флепчартта қар қиыршықтарында есептер жазылып тұрады.Сол есептерді шығарғанда артынан «әже,әке,әпке» суреттері шығады. «Суреттер қабырғасы» әдісі. -Осы суреттер бойынша кәне кім сөйлем құрап береді? Осы сөздерді үш тілде айтқызу. Әже-бабушка-grandmother Әке-отец-father Әпке-сестра-sister
- Ә дыбысы бұл қандай дыбыс? -Бұл-дауысты дыбыс. -Неге? Себебін айтшы? -Себебі,бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қусында ешбір кедергіге ұшырамай,ауа еркін шығады. -Тілдің қатысына қарай қандай дыбыс? -Тілдің қатысына қарай- тіл алды немесе жіңішке дыбыс. -Неге? -Себебі,бұл дыбыстарды айтқанда тілдің ұшы сәл алға қарай созылып,үсті сәл төмендейді.
- Жақтың ашылу дәрежесіне қарай. -Жақтың ашылу дәрежесіне қарай –ашық дауысты дыбыс. Неге? - Себебі,бұл дыбыстарды айтқанда жақ кең ашылып,ауа еркін шығады. -Ерін мен езудің қатысына қарай қандай дыбыс? --Ерін мен езудің қатысына қарай езулік дауысты дыбыс. -Неге? - Себебі,бұл дыбысты айтқанда ерін жиырылып,езу артқа қарай тартылады. -Жарайсыңдар! -Сергіту сәті жасалады. -Жақсы балалар! Енді мына суреттерге зер салайықшы. /Тақтадағы сөздерді оқытып, қай буынында ә дыбысы кездесетінін сұрау/ «Шана» мәтінін оқыту. Критерий: Білім алушы -Мәтіннен кім сұрағына жауап беретін негізгі кейіпкерді табады. -Мәтіннен не сұрағына жауап беретін негізгі затты табады. -Шананың әдемі екенін анықтайды. Дескриптор: Білім алушы -Мәтінді оқиды. -Сұраққа жауап береді. Сұрақтар: -Балалар қыс мезгіліне байланысты қандай ойындар білесіңдер? -Қыс мезгілі саған несімен ұнайды? Сұрақ бойынша оқушы пікірлерін тыңдау. ҚБ: смайликтар сөйлейді мұғалімнің оқушыларды бағалауы. Жеке жұмыс :«Температураны-өлшеу» әдісі 1.Ә ә дыбысын әдемі,көркем жазу. 2.Ә дыбысын планшетке топтастыру. Топтық жұмыс I топ : Әке Кеспе буындардан сөз құрап постерге жапсырып,оқып беру. II топ: Әже. Берілген сюжетті суреттердің атын жазу III топ: Әпке Берілген сөздерге буындық,дыбыстық талдау жасау.
-Топтар өз тапсырмаларын орындап,қорғайды. Саралау тапсырмасы
Дескриптор: Білім алушы 1.Заттың атауын оқып ,сызық арқылы сәйкестендіреді. 2. Сөздерді оқып,дыбыстық талдау жасайды. 3. Сөздерді оқып,буынға бөліп жазады. Ұ «Тақырыптық түйінді сөз» әдісі
Бірінші шеңберде бүгінгі сабаққа қатысы бар және қатысы жоқ сөздер жапсырылады. Топта ақылдаса отырып бүгінгі сабаққа қатысы бар сөздерді таңдап алып екінші шеңберге орналастырады. ҚБ: Қол шапалақтау. |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 3 минут |
Кері байланыс 1.Егер сабақ ұнаса және тапсырмаларды дұрыс орындасаң шананы жасыл түске боя. 2.Егер сен сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болсаң шананы сары түске боя. 3.Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды қиын болып,сабақ ұнамаса шананы қызыл түске боя. «Еркін микрофон» әдісі. Еркін микрофон арқылы сабақтан алған әсерлерін айтады.
|
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік
техникасының сақталуы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген