400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

"Ә әрпі" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ә әрпі сабақ жоспары 1 сынп
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін



Пәні: Сауат ашу

Күні: 17.01.2018ж.

Сынып: 1 а

Сабақтың тақырыбы

Табиғатқа саяхат. Ә ә дыбысы мен әрпі

Сабақ негізделген оқу мақсаты

1.2.9.1 Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.1.2 Оқудың түрлерін(буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді оқу.түсініп оқу)қолдану

1.2.2.1 Мәтінде автордың кім не туралы айтқысы келгенін түсіну

1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

Бағалау критерийлері

Барлығы:Зз дыбысының дауыссыз дыбыстар қатарына жататынын біледі;

Көпшілігі: Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере алады.

Кейбірі: Мәтіндегі негізгі ойды түсініп, мәтін мазмұнын айтып бере алады.

Тілдік мақсат


Негізгі сөздер мен тіркестері:

Ән, сән, дән, дәрі, тәтті.

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Қыс мезгіліне ғана тән қандай ойындарды білесің?

  2. Қыс мезгілі саған несімен ұнайды?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Неліктен біз басқа адамдарға сыйлық жасаймыз?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут


4 минут

Топтасу

Қыс мезгіліне тән ойындардың құралдары арқылы топтарға бөлінеді.

1-топ: «Шаңғы» 2-топ: «Шана» 3топ: «Коньки» Қызығушылығын ояту (ұжымдық)

«Кім жылдам?» ойыны. Жаңылтпашты жылдам айтып жарысу.

  1. Әбдіреде әбігер әтеш отыр.
    Әбігер әтеш отырған
    Әбдірені әжем ашып жатыр

2.Әтеш әнге басады,
Әнге басса ұйқы қашады.

Бағалау: мадақтау


суреттер




Сабақ ортасы

5 минут










5 минут












8 минут

1-тапсырма.ҰЖ
- Балалар, екі жаңылтпашта да не туралы айтылған?

Әтеш сөзінде ең бірінші қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?
Ә – ә – ә – ә - қайталау.

Ендеше бүгінгі тақырыбымыз Ә ә дыбысымен әрпі. Қазір әтеш сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.

Ә дыбысының артикуляциясымен жұмыс.

- Ә – Ауыз мол ашылып, тіл мен иектің төмен түсуінен пайда болатын жіңішке дауысты дыбыс. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады

- Ә әрпін мен тақтаға салып көрсетемін. Сендер соны мұқият қараңдар

2-тапсырма ТЖ

Сюжетті суретте берілген «Ән», «сән», «дән», «дәрі», «тәтті» сөздеріне буындық, дыбыстық талдау жасау.

Сөздер

Буын саны

Әріп саны

Дыбыс саны

Дауысты дыбыс

Дауыссыз дыбыс

ән






сән






дән






дәрі






тәтті






Бағалау: Смайлик арқылы

3.Оқулықпен жұмыс

Оқулықта берілген сөздерді буындап, тұтастай оқыту.

ән әке дәрі сәуір

сән Сәкен дәрігер Дәуір

дән тәтті тәулік Әсет



1. Мәтінді оқушыларға хормен, тізбектеп, жекелей оқыту.

2. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою.

3. Оқушыларға мәтін мазмұнын айтқызу.

Сұрақтар:

  1. Қыс мезгіліне ғана тән қандай ойындарды білесің?

  2. Қыс мезгілі саған несімен ұнайды?

Сұрақ бойынша оқушы пікірлерін тыңдау.

Бағалау: смайлик



жаңылтпаш

суреттер












кесте







Смайлик


Оқулықпен жұмыс


Сергіту сәті

1 минут

Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.


Сергіту сәтіне арналған жинақ

Дәптермен жұмыс 9 мин



Жеке жұмыс

Ә ә әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз және көркем жазу.

Бағалау:смайлик

4-тапсырма

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау

Бағалау: Смайлик арқылы

Жұмыс дәптері




Сабақтың соңы

1 минут

Кері байланыс:

Жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін сигналдық карточка арқылы көрсету

Жасыл түс – түсіндім Сары түс – әлі де мағлұмат керек

Қызыл түс – түсінген жоқпын

Сигналдық карточкамен жұмыс


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Ұжымдық жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс

Топтық жұмыс

Жұптық жұмыс

Жеке жұмыс

Бағалау.

А)Мадақтау

Бағдаршам арқылы

Смайликтер арқылы

1. Дүниетану, әдебиеттік оқу, еңбекке баулу

2. АКТ арқылы

Рефлексия


- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?




Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Бекітемін:

Пәні: Сауат ашу Күні: 13.01.2017ж.

Сынып: 1

Сабақтың тақырыбы

Табиғатқа саяхат. Ө ө дыбысы мен әрпі

Сабақ негізделген оқу мақсаты

1.2.6.1Мұғалімнің көмегімен ерекшелігіне қарай мәтін жанрын ажырату.

1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен)

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

Бағалау критерийлері

Барлығы: Мәтінді буындап оқи алады.

Көпшілігі: Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере алады.

Кейбірі: Мұғалім көмегімен мәтін жанрын анықтай алады.

Тілдік мақсат


Негізгі сөздер мен тіркестері:

Көңілді серуен

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Мәтін не туралы?

  2. Оқыған мәтініміз өлең бе, әлде әңгіме ме?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Серуеннің көңілді өтуіне не әсер етті деп ойлайсың?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

5 минут

Топтасу

Топқа бөлу: «Санамақ» ойыны арқылы

Қызығушылығын ояту (ұжымдық)

Оқушылар сынып ішінде шеңбер жасап тұрады да бір – біріне таңғы тілектерін білдіреді. Бірақ әр тілегіне ішінде «ө» дыбысы кездесетін сөз қосуы тиіс.

Бағалау: мадақтау






Сабақ ортасы

8 минут










8 минут








5 минут

1-тапсырма. Оқулықпен жұмыс
1. Мәтінді мәнерлеп оқып беру.

2.Мәтінді оқушыларға буындап, тұтастай оқыту.

3. Мәтін бойынша оқушылардан оқулықта берілген сұрақтарға жауап алу.

А) Көркем мен Серік қайда шықты?

Ә) Олар не істеді?

Б) Серуен қалай өтті?

4. Серуен неліктен көңілді болды деп ойлайсың?

Сұрақ бойынша оқушы пікірлерін тыңдау.

Бағалау: мадақтау

3.Топтық жұмыс

1 – топ: «Оқыған мәтін өлең бе, әлде әңгіме ме?» сұрағына жауап беру және дәлелдеулер жасау.

2 – топ: Мәтін желісі бойынша бір шумақ өлең құрастыру. (Мұғалім көмегімен)

3 – топ: Мәтін желісі бойынша сурет салу.

Бағалау: смайликтер арқылы


2-тапсырма: жұптық жұмыс

Ө дыбысы кездесетін сөздерден сөздік диктант алу.

Жұптар бір-бірінің жұмысын дайын жауап арқылы тексереді.

Бағалау: смайликтер арқылы

Оқулықпен жұмыс











суреттер








Смайлик



Сергіту сәті

1 минут

Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.


Сергіту сәтіне арналған жинақ

Дәптермен жұмыс 5 мин



Жеке жұмыс

Ө ө әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз және көркем жазу.

Бағалау:смайлик

Жұмыс дәптері




Сабақтың соңы

1 минут

Кері байланыс:

Жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін сигналдық карточка арқылы көрсету

Жасыл түс – түсіндім Сары түс – әлі де мағлұмат керек

Қызыл түс – түсінген жоқпын

Сигналдық карточкамен жұмыс


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Ұжымдық жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс

Топтық жұмыс

Жұптық жұмыс

Жеке жұмыс

Бағалау.

А)Мадақтау

Бағдаршам арқылы

Смайликтер арқылы

1. Дүниетану, әдебиеттік оқу, еңбекке баулу

2. АКТ арқылы

Рефлексия


- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?




Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?



Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
489
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі