400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

А-бөлім. Программалар жасаудың кіріктірілген орталары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімдіжоспардыңтарауы Мектеп: Тимирязев қазақ мектебі

А-бөлім. Программалар жасаудың

кіріктірілген орталары



Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Батырхан Қ.С


Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Программалық қамтамасыз етудің жіктелуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

8.1.2.1 – жүйелік, қолданбалы программалық қамтамасыз ету және программалау жүйесін ажырату

Сабақтың мақсаты

Барлығы: жүйелік, қолданбалы программалық қамтамасыз ету және программалау жүйесінің негіздерін анықтау.

Көпшілігі: программалық қамтамалардың айырмашылықтарын сипаттау.

Кейбіреуі: компьютердің программалық қамтамаларының мақсатын түсіндіру.

Бағалау критерийі

Жүйелік, қолданбалы программалық қамтамасыз ету және программалау жүйелерінің қызметін ажыратады.

Компьютердің программалық қамтамаларының жіктелуін түсіндіреді.

Программалау жүйелерінің қолдану мақсатын талдайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Программалық қамтама, жүйелік программалық қамтама, қолданбалы программалық қамтама, программалық жүйелер.

Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер:

.....- бұл компьютердің жұмысын қамтамасыз ететін программалық құралдардың минималды жиынтығы.

....... компьютерде жүйелік қамтама болған жағдайда жұмыс жасайды.

Жаңа программалық өнімдерді жасауға, ретке келтіруге, ендіруге арналған программалар кешені - ………

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өсу

Өмір бойы білім алу, еңбек және шығармашылық баулу

Пəнаралық байланыс

Ағылшын тілі – программалық жабдықтамалардың ағыл тіліндегі терминдер.

Алдыңғы білім

Электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кіріктірілген функцияларды қолдануды, кестеде берілген функцияның графигін тұрғызуды қолданады.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы 5 мин








Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Құрал- жабдықтарды түгендеу.

Ширату жаттығуы.

«Графикалық диктант» әдісі.

Мақсаты: Үй тапсырмасы тексеру арқылы оқушылардың білімдерін пысықтау, алдыңғы білімді тексеру

  1. Қолданбалы есеп дегеніміз не?

  2. Қолданбалы есепте қандай пәндерді қолдану арқылы шешіледі?

  3. ЕСЛИ функциясы не үшін қажет?

  4. Деректері диапозанға қалай бөлеміз?


Мұғалімнен смайлик арқылы мадақтама-ұсыныс ауызша кері байланыс.


Топқа бөлу.

«Программалық қамтамалар» арқылы бөліну.

Бірінші топ – жүйелік;

Екінші топ – қолданбалы;

Үшінші топ – программалау жүйелері.



Карточка, смайликтер, таныстырылым материалдары









Стикерлер, сурет-пазлдар.


Сабақтың ортасы

25 мин.

Жаңа білім.

Тапсырма 1

«Таңдау және негіздеу» әдісі

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Саралау тәсілі: қарқын, жіктеу, бағалау, қорытынды.

Бағалау критерийі:

Программалық қамтамасыз етудің түрлерінің қызметін ажыратады.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Тапсырма.

(Т) Эйлер-Венн диаграммасында жүйелік, қолданбалы программалық қамтамасыз ету және программалау жүйелерінің қызметін жіктеп ұқсастықтарын және айырмашылықтарын анықтаңыздар.


Дескриптор:

- Компьютерлік қамтамалардың ұқсастықтарын және айырмашылықтарын көрсетеді.


Қалыптастырушы бағалау: «Пікір алмасу» әдісі.

Мақсаты:Топтардың өзара әрекеттесуі арқылы бағалау.


Тапсырма 2

«Үлгі жауап» әдісі.

Мақсаты: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру, мәселелерді шешуге, талдауға мүмкіндік беру, дамыту.

Саралау тәсілі: диалог және қолдау көрсету, дереккөздер, жіктеу.

Бағалау критерийі:

Компьютердің программалық қамтамаларының жіктелуін түсіндіреді.

Ойлау дағдыларының деңгейі: түсіну.

Тапсырма:

(Ж) Программалық қамтамасыз етудің қызметтерін анықтап, сұрақ орнына толтырып жазыңыздар.


Дескриптор:

- Программалық қамтамасыз етудің қызметтерін біледі.


Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ жоғары/ төмен» әдісі.

Мақсаты: Оқушылар өздерінің және басқа оқушылардың жауабын бағалайды




Сергіту сәті: «Ауада жазу».

Мақсаты: Оқушының шаршағанын басу, денсаулық сақтау жаттығулары.

Баспен, көзбен, бір қолмен, екі қолмен блок- схемалардың геометриялық фигураларын жазу.


Тапсырма 3.

«Пазл» әдісі.

Мақсаты: Оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру және танымдық көзқарастарын дамыту.

Саралау тәсілі: тапсырма, диалог және қолдау көрсету, қорытынды.

Бағалау критерийі:

Компьютерлік программалық қамтамаларды жіктеп талдайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі: жоғары деңгей дағдылары.

Тапсырма:

(ЖЖ) learningapps.org интерактивтік жаттығулар қосымшасында жүйелік, қолданбалы программалар, программалау жүйелері, сонымен қатар қызметтік және сервистік программаларға қатысты редакторларды, бағдарламаларды жіктеңіз. Программалау жүйелерінің қолдану мақсатын талдаңыз.




Дескриптор:

- Программалық қамтамаларды ажыратады;

- Компьютерлік программалық қамтамаларды, қызметтік және сервистік программаларды жіктейді.

- Программалау жүйелерінің қолдану мақсатын талдайды.


Қ алыптастырушы бағалау: «Жапондық» әдісі.

Мақсаты: Оқушылар қол белгілері арқылы тапсырманы түсінгенін, түснбегенін бағалау.










Интернет желісі, таныстырылым слайды, постер, маркер.
























































learningapps.org

интерактивтік жаттығулар қосымшасы






Сабақтың соңы

5 мин.


Қорытынды.

«Сіз сенесіз бе?» әдісі.

Мақсаты: Оқушылардың ойлау, болжау, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тапсырма: Бүгінгі тақырып бойынша қолданбалы программалар мен атауларды сәйкестендіріңіздер.



Жүйелік программа


Visual Basic

MsExcell

Калькулятор


Программалау жүйесі

Тurbo Pascal

Paint

PoverPoint

MsWorks

Қолданбалы программа

C++

Қалыптастырушы бағалау: «Серпілген сауал» әдісі

Мақсаты: Оқушылардың тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға жəне талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу.


Рефлексия.

«БББ» әдісі.

Мақсаты: Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбы бойынша ойларын түйіндеп, берілген кестені толтырад:


Білемін

Білдім

Білгім келеді








Бүгінгі тақырыпты қорытындылап, оқу мақсатына жеткен жетпегенін, неге көңіл бөлу керек, келешекте не істеу керек деген сұрақтарға жауап болады.


Үйге тапсырма.

Программалық қамтаманың жіктелуіне сөзжұмбақ құрып келу.

Карточка, дәптер

Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Саралаудың әр түрлі тәсілдері қысқа мерзімді жоспарда жоспарланды.

Сабақтағы оқу материалдары және оқу ресурстары оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып әзірленді.

Тапсырма бере отырып, оқушылады диалог және қолдау көрсетіліп бағалау жоспарланды. Оқушыларды ынталандыру мақсатында сөзбен қолдау көрсету жоспарладым.

Оқушылар берілген тапсырма бойынша алған білімдеріне қорытынды жасай отырып, өз идеяларын жеткізеді, ерекше идеяларын ұсынады.

Кейбір оқушылар басқаларына жылдам жұмыс істейді. Тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беруді жоспарлаймын. Саралау тапсырмалары барлық оқушының оқу мақсатына жетуіне ықпал етеді.



«Пікір алмасу» әдісі арқылы оқушылар топтардың өзара әрекеттесіп бірін-бірі бағалайды.

«Бас бармақ жоғары төмен» әдісі оқушылар өздерінің жауаптарын және басқа оқушылардың жауаптарын бас бармақты жоғары, төмен көтеру арқылы бағалайды

«Жапондық» әдісі арқылы

оқушылар қол белгілерін көрсету қыймылымен тапсырманы түсінгенін және түсінбегенін көрсетеді.


Оқушылар сергіту сәтіну орындау арқылы шаршағанын басады, денсаулық сақтау жаттығуларын орындайды.

Баспен, көзбен, бір қолмен, екі қолмен блок- схемалардың геометриялық фигураларын салу арқылы демалады.


Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?


Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
721
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі