400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ә. ДҮЙСЕНБИЕВ «КҮШТІ БОЛСАМ МЕН ЕГЕР»

Материал туралы қысқаша түсінік
жаңа сөздермен танысу; қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа қатысты мәліметтерді меңгеру; мәтін мазмұнына байланысты диалогке түсу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарлығаш, дәуіт, жылан» поэмасында балапандарының өмірі үшін күрескен қарлығаш өз даусы дәуітті іздеп тауып, одан көмек сұрайды. Сөйтіп дәуіттің көмегі арқылы балапандарын ажал аузынан арашалап қалады. Поэма оқиғасыБалалар, қашан дағы бірлік керек!Әлсізге артық болмас етсек көмек.Жақсылығың ұмытылмас қашан дағы,Игілікке дәнекер болсаң себеп, деп қорытындыланады. Жасөспірімдерге бірлік қана керек емес, әдісшілдік, айлакерлік те қажет.

Ө.Тұрманжанов әлем халықтарының ертегілерін, Эзоп мысалдарын, Л.Толстой, Изов, Ғ.Ғұлам, Ғ.Тоқай өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Мысал өлеңдері тұжырымды, қысқа келеді. Өткір ой жанды көріністер арқылы беріледі. Оқиға желісінде шұбалаңқылық жоқ. Әзілге құрылған. Жазушының 1962 жылы «Менің кітабым», 1966 жылы «Адам адамға дос» кітаптары жарық көрді. Бұл кітаптарға енген қысқа әңгімелеріндегі қазақы характерлер оқушысын табиғилығымен баурайды. Ө.Тұрманжановтың әңгімелері - балаларды мазмұн қызықтылығымен, шағын көлемімен, композициялық құрылым ерекшелігімен, мақал-мәтелдермен көмкерілген ажарымен, көркемдігімен, танымдық, әрі тәрбиелік мәнімен және жанрлық әркелкілігімен де қызықтыратын, өзіне тартатын дүниелер.

Ақын, жазушы, аудармашы Ө.Тұрманжановтың ел аузынан мақал-мәтелді көп жинағаны мәлім. «Қазақтың мақал-мәтелдері» деген атпен бірінші кітабы 1935 жылы басылып шықты. Екінші кітабы «Таңдамалы мақал-мәтелдер» деген атпен 1957 жылы шықты. Үшінші кітабы таңдамалы жинақ болып «Қазақтың мақалдары мен мәтелдері» деген атпен 1959 жылы басылып шықты. Балаларға арналған «Асыл сөздер» деген шағын мақал-мәтелдер жинағы 1963 жылы басылып шықты. Сол себепті ақын шығармашылығынан мақал-мәтелдік орамдар мен ой айту үлгісінің ықпалын, ырғағын аңғарамыз. Осы ықпалды оның балаларға арнап жазған өлеңдерінен де кездестіреміз. Атап айтқанда, өлең арасында, лексикондық сөздік қорында:Еңбек – адамның ырысы екен. «Еңбек – ен байлық» деген дұрыс екен. («Есік алдында бір түп алма егіп»)«Көшерімді жел білсін,Қонарымды сай білсін».Деді де, жөнелді дөңгелей.«Береке – көп жүрген жер» - дейді халық,Жіберер жәрдемдесіп, қалсаң талып.(«Көп түкірсе – көл»)секілді райда қолданылады.

Екінші, мақал-мәтелдің ойын алып, философиясын таратып өлең жазады. «Өстіп жанын қинадым» өлеңі осы ойымызға дәлел:Жамандық қылған жаманды,Жамандыққа қимадым.«Берейін» деп сазаңды,Жақсылықпен сыйладым.Қастық қылған қасымды,Қастыққа мен қимадым,Достықпенен сыйладым,Өстіп жанын қинадым

Үшінші, дербес өлең жазып, соңын мақал-мәтелдің ойымен түйіндейді. Мысалы: «Құмырсқа мен піл» өлеңінде пілдің құмырсқа илеуіне аунағанын, ызаланған құмырсқалардың пілді шағып талап өлтіргенін баяндай келіп:Бұзықтық істеп асқынып,Бойыңа сеніп, зорсынба.Ынтымақты көп елді,Кіші екен деп қорсынба! деп түйіндейді. Төртінші, тұтас өлеңді, кейде жеке шумақты мақал-мәтел мақамында, ырғағында қиыстырады.Қара басын қорғаған,Қарнын ғана ойлайды.Қарнын ғана ойлағанӨмірінде тоймайды. Немесе:Ер бетіне тыртық түссе қылыштан –Отан үшін табан тіреп тұрысқан...Бұл тыртықтар батырлықтың белгісі.Қатын болмай, батыр болсын ер кісі.Хас сұлулар хас батырды қалайды,Жара, дағын жарастыққа санайды. Мақал-мәтелді ақынның ізденімпаздықпен пайдалануының кейбір сәттері осындай.

Ө.Тұрманжанов балаларға арналған өлең-жырлары қатарында оның аударма мысал өлеңдерін қарастырудың реті бар. Себебі Ө.Тұрманжанов үлкен тәржімашы еді. Оның әлем халықтарының ертегілерін, Эзоп мысалдарын, Л.Толстой, Изов, Ғ.Ғұлам, Ғ.Тоқай өлеңдерін қазақ тіліне аударғаны белгілі. Мысал өлеңдері тұжырымды, қысқа келеді. Өткір ой жанды көріністер арқылы беріледі. Оқиға желісінде шұбалаңқылық жоқ. Әзілге құрылған. Осы ерекшеліктерімен жеткіншектердің жан-дүниесін баурайды, қызықтыра түседі.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
1849
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі