400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ә. Дүйсенбиевтің «Қыс» өлеңін жаттау.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақпақты жаттау.Өлеңнің мазмұнының мағынасына байланысты интонациямен мазмұндауға үйрету. Суреттер бойынша әңгімелер құрастыра білуге үйрету, өз ойын айта білу дағдыларын қалыптастыру Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, әдемілікке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі : Көркем әдебиет.

Тақырыбы: Ә. Дүйсенбиевтің «Қыс» өлеңін жаттау.

Мақсаты:Тақпақты жаттау.Өлеңнің мазмұнының мағынасына байланысты интонациямен мазмұндауға үйрету. Суреттер бойынша әңгімелер құрастыра білуге үйрету, өз ойын айта білу дағдыларын қалыптастыру Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қыс суреттері,слайд,қыс мезгілі туралы көрме,бейне таспа

Сөздік қор: қыс, қар,мұз, боран, үскірік,жапалақтап, маужырайды.

Үштілдік компонент:Қыс – Зима – winter (уйнте ), қар – снег – snow (сноу),мұз – лед – ісе( айс).

Шаттық шеңбері: Балалар шеңберге тұрып :

Алақанды ашайық,

Күннің көзін жасайық,

Таза ауаға қол сермеп,

Жүрек жылуын жасайық,

Мейірімділік шоғын біз,

Қонақтарға шашайық! (күлімдеп, шуақ шашу)

Сәлеметсіздер ме!Здравствуйте!Good morning!

Ал енді,балалар орнымызға жайғасайық.

«Қыс мезгілі»сөз тіркесін естігенде ойларыңа не түседі? (Балалар жауабы)

-Енді балалар, осы қыс көрінісін тамашалауға көрмеге барайық.

(Көрмеге бару) (Балалармен қыс суреттерін тамашалау)

-Балалар, қараңдаршы не көріп тұрсыңдар? (Балалар жауабы).

- Енді балалар, орнымызға барып отырайық.

-Қыстың сәні қар екенін білеміз.Енді осы қар жайында не білесіңдер?

(Қардың қандай болатындығы туралы балалар жауабы)

-Балалар, қыс түсті деп неге айтады, білеміз бе? Қар негізінен жоғарыдан төмен құлап жауады, яғни, жоғарыдан төмен түседі. Соған қарап, қыс түсті деген сөз тіркесі бар.

- Міне, балалар, осындай керемет қыс көрінісіне қарап, табиғат тамашасына тамсанып, Әнуарбек Дүйсенбиев ағамыз «Қыс» өлеңін шығарған екен. (Ә.Дүйсенбиев туралы мағлұмат беру)

«Қыс» өлеңін мәнерлеп оқып беру.

Аппақ, аппақ жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман, қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

Кең пейілді, мол мейірлі,

Сағынышпен табысқан. 

О,алақай, Аяз ата,

Келе жатыр алыстан

Музыкамен сүйемелдей отырып, мәнерлеп оқу.

  • Өлеңнен не түсіндік? (Балалар жауабы).

(Өлеңнің әр жолына тоқтап түсінік беру)

«Аппақ,аппақ жапалақтап» - Балалар,«жапалақтап» сөзін қалай түсінесіңдер?

Ғажайып сәт:Ғажайып сәтке Аққаланың кіруі. Күн жылып кетіп, шаршап келе жатсам, сендердердің қыс туралы айтып жатқандарыңды естіп келдім.Қандай тамаша! Мен қайда тап болдым.

- Ой, бізде ашық оқу қызметі боп жатыр еді, қыс туралы өлеңімен танысып жатқанбыз.

-ал,қазір,Ахмедияр қардың қалай жапалақтап жауатынын көрсетеді.

-Қане Ахмедияр , қарды үрлеп көрші.Жел соққандай болды ия?Енді топ боп үрлейікші.Міне қарлы боран соғып кетті ғой.

Аққала: Балалар, қардың жапалақтап жауғанын, қарлы боран соққанын көрдім,енді сендермен өлең айтқым келіп тұр.

Сергіту сәті.«Қыс келді» әні.

Аққала: - менің біраз көңілім көтеріліп қалды сендерге рахмет мен енді қайтайын.Сау болыңдар.

(Өлеңнің әр жолына тоқтап түсінік беру)

Қазіргі таңда біз үш тілді меңгеріп жатырмыз. Айта қойыңдаршы, балалар? Қыс – Зима – winter (уйнте), қар – снег – snow (сноу), мұз – лед – ісе(айс).

Екі топқа топастырып, әр топқа жұмыс тапсыру.

І топ - Мнемокесте арқылы өлең жолдарын балалармен бірге орындау. .

ІІ топ -«Жалғасын тап» ойынын ойнайды. Өлеңнің басқы жолын мен айтамын, ал сендер, жалғастырып әкетесіңдер.

Балалар ойын ұнады ма? Смайлик

Көңіл – күйіміз қандай?Тамаша!

Қыс мезгілі қандай?Тамаша!

Ауа райы қандай?Тамаша!

Қысқы ойындар қандай? Тамаша!

Балаларды мадақтау. Қортындылау. Музыкамен «Қыс»әнін айту








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
1480
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі