400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ә" дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ә дыбысы туралы түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ: Анамыздың əлдиі.

Ə дыбысы мен əрпі.

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

        1. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

        2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым- қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану.

0.3.1.1 Сөз, сөйлем сызбасын құру, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу.

0.3.3.1 Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті

ажырату, торкөз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға жауап беріп, əңгіме желісін құру. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін ажыратады.

Ə дыбысы – дауысты дыбыс, жіңішке дауысты. Ə дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ə дыбысының орнын ажыратады.Ə əрпінің баспа түрін жазады.

Сөйлем түрлерін ажыратып, соңына тыныс белгісін қояды.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға жауап береді.Берілген суретке қарап, сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін(ажыратады.

Сөздегі дыбыс санын, ондағы ə дыбысының орнын ажыратады. Ə дыбысына сөз ойлайды.Ə дыбысына (дауысты, жіңішке дауысты) сөз құрайды.

Жазу жолына ə əрпінің элементтерін жазады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Ə дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады.

Ə əрпінің элементін өз бетінше жазады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер :

Суреттер бойынша сұрақтар құрастыру.

Сөйлем түрлерін ажырата отырып, сөздің санын анықтап, буынға бөлу. Сызбаға қарап сөйлем құру.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу:

Өлеңнен Ə дыбысы бар қандай сөздерді естідіңдер? Сөйлем соңына қандай тыныс белгісін қоясың?

Бұл сөздер кімге айтылады?

Жуан дыбыстармен жасалған сылдырмақ саған ұнай ма?


Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Ə əрпімен танысып, сөздерден таныс əріптерді ажыратады. Сөздердге дыбыстық талдау жасайды. Сызба арқылы сөйлем құрайды.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар


І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.


0–2мин.



II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.


3–5 мин.

Педагог балаларды ортаға шаттық шеңберін құруға шақырады.

Қайырлы таң, балалар, Арайлап таң атты, Алтын сəуле таратты. Жарқырайды даламыз, Қайырлы таң, достарым!

(Ұ,Ө) Педагог балаларға бесік көрсетеді.

Бесік туралы əңгімелейді. Балалардың ең алғашқы тыңдаған əндерін «Бесік жыры» деп атайтынын түсіндіреді. Бесік туралы балалар өз ойларын айтады.

Қазақ үй электронды материалдан «Бесік жырын» тыңдайды.







Бесік суреті немесе слайд.


«Бесік жыры» жазылған үнтаспа.

ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.

(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс

1-тапсырма

Педагог балаларға «Бесік жырын» айтып береді.

Əлди-əлди, бөпешім, Əлпештейтін көкешім. Тербетейін жата ғой, Тəтті ұйқыға бата ғой.

  • Балалардан өлең жолдарынан Ə дыбысы бар қандай сөздерді естідіңдер?

Ə дыбыс бар сөздерді айтып береді.

  • Ə – жіңішке дауысты дыбыс. Екі езу сəл кері тартылып, жымиып күлген кісінің кейпін көрсетеді, үстіңгі тістері мен астыңғы тістерінің арасы а дыбысын айтқандағыдан гөрі жақынырақ қашықтықта сақталады, дауыс шымылдығы жабық болады, жұмсақ таңдай көтеріледі де мұрын ауа жолымен жабылып тұрады;

Дауысты дыбыстар қызылмен белгіленеді.




Əліппе-дəпте



Суреттер.






Музыка.



2-тапсырма.

Педагог балаларға қазақ халқының бесікке салу, тұсау кесу сияқты дəстүрлері туралы айтып береді.

Бесікте ұйықтап жатқан жəне баланың тұсауын кесу рəсімінің суреттерін көрсетеді.

«Тəй-тəй!», «Əлди-əлди!», «Қаз-қаз!» деген сөздерді кімге арналып айтылады?

Сəби ұйықтағанда айтылатын «Тыныш, шулама!» деген сөзді ым-ишарамен көрсетеді.

(Ұ) Сергіту сəті.

Қаз-қаз, балам, қаз балам

Қадам бассаң, мəз болам

Тұсауыңды кесейін

Күрмеуіңді шешейін,

Қаз, қаз, балам, қаз балам.

3-тапсырма. «Сəби ұйықтады» деген сөйлемін əртүрлі дауыс мəнерімен айтқызу. 1-сөйлемде хабарлы сөйлемнің мəнерімен, ал 2-сөйлемде лепті сөйлемнің дауыс мəнерімен айтқызады. Дəптерде берілген екі сөйлемнің соңына тыныс белгілерін қойдырту.

4-тапсырма

Педагог қысқа өлең шумақтарын оқып береді.

Тербеткен əже сəбиді,

Естіледі əлди-əлдиі.

Педагог баланың арбасының сыртқы пішіні неге

ұқсайтынын сұрайды. Ə əрпінің баспа түрін көрсетеді. Балалар салыстырады.

Ауада Ə əрпін жазып көрсетеді.

Сəбидің арбасын Ə əрпіне ұқсатып салады жəне боятады

5-тапсырма. Педагог балаларға сылдырмақ ойыншығын көрсетеді. Баланың ең алғашқы ойыншығы, онымен жаңа туған нəрестені сылдырлаған дыбысы арқылы тыныштандыруға болатынын түсіндіреді.

Балалар сылдырмақ туралы білгендерін айтады. Педагог балаларға сылдырмақ жасау тəсілін көрсетеді. Балалар сəбиге арнап жіңішке дауысты дыбыстардан əдемі сылдырмақ құрастырады.

Балалар жазу жолына Ə əрпінің баспа түрін жазады.









Əліппе-дəптер.




Сылдырмақ.



Сылдырмақ құрастыруға арналған заттар.



Əліппе-дəптер.

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.


28-30 мин.

Педагог қорытынды жасайды.

Балаларды мадақтап, қай тапсырманы орындау қызықты болғанын сұрайды.

Қай тапсырманы орындау қызықты болды? (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.



Əліппе-дəптер



















Shape1

130


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
448
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі