А дыбысы КМЖ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

А дыбысы КМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
даярлық тобына А дысына ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымадастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Сауат ашу

Тақырыбы: А дыбысы және әрпі

Мақсаты: баларға өткен сабақты еске түсіре отыра, «А» дыбысымен таныстыру. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту. Балаларға «А» дыбысы бар сөз сөйлем, ойлап табуына назар аудара отырып, сөздік қорларын байыту, байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: А дыбысының баспа түрі, ребустар, текшелер.


Іс - әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық




Шаттық шеңбері:

Күн нұрындай көңілім

Даламдай кең пейілім

Жүрегім толы мейірім

Бәріңе ортақ шуағым

Қайырымды мен баламын.

Амандасады



-Шеңберге тұрып қимыл жасап қайталайды.




Ұйымдастырушы- лық-ізденушілік








-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қай айы?

-Аптаның қай күні?

-Балалар, сауат ашу сабағында өткен дыбыс туралы не білетіндерімізді еске түсіріп көрейіеші.

-Дыыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз?

-Ал әріп дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз дыбыстырды таңбалау.

-Әріпті көреміз, жазамыз, оқи аламыз.

-Ал, балалар қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын.

-Жаңада бар, ескіде жоқ.

Таңда бар, ешкіде жоқ. Жауабы: «А»

-Мынау ненің суреті?

-Алма деген сөз қай дыбыстан басталып тұр?

-«А» дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?

-Неліктен дауысты дыбыс?

-Ал осы алма сөзін қандай текшелермен жазуға болады?

«А» дыбысының баспа және жазба түрін көрсетіп таныстыру. «А» дыбысын ауада жазып көрсету.

Қане, балалар, бәріміз бірігіп «А» дыбысын ауада жазып көрейікші.

«Кім жылда?» ойынын ойнату.

-«А» дыбысынан келетін сөздерді маған кім жылдам, көбірек тауып айтады. Өте жақсы, балалар. Осы тапқан сөздеріңді буынға бөліп айтып көрейікші.

Шапалақ арқылы буынға бөлгіземін.

-Балалар «А» дыбысына байланысты кім тақпақ біледі? Мысалы: Астанамыз Алматы,

Алатау асқақ аясы.

Алқабында атақты,

Ал қызыл апорт алмасы.

Сергіту сәті

Ептеп-ептеп жерден бидай терейік

Тергеніңді торғайларға берейік.

Тойған торғай томпаң-томпаң секірсін,

Ол да біздей үлкен боп жетілсін.

Шаршадың ба, отыра ғой деміңді ал

Енді менің әңгімеме құлақ сал.

-Ал, балалар, қазір дәптерлеріңді алып, үлгіге қарап сызықтарды қосып «А» әрпінің баспа түрін жазамыз.

Балалар барлығы жазып болған соң, «А» дыбысын есте сақтау үшін, осы дыбыстан басталатын нәрселердің суреттерін көрсетіп, қай дыбыстан басталатынын өздеріне айтқызу.

Рефлексиялық- түзетушілік

-Балалар, біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

-«А» дыбысы қандай дыбыс екен?

-Осы «А» дыбысына байланысты тез-тез сөздер ойлап айтып көрейік.

Балаларды мадақтап, мақтау.



Күтілетін нәтиже:

Білу керек: дыбыстардың неше топқа бөлінетінін білу

Білді: «А» дыбысының дауысты дыбыс екенін, қалай жазу керектігін білді

Біледі: қандай текшемен белгілейтінін біледі.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2023
394
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі