|
Мақсаты
|
Білімділік: А әрпін
таныту. А дыбысының сөздегі орнын айыра білу. Баспа және жазба
түрлерін жазуға үйрету.
Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, сөйлем құрастыру, байланыстырып
сөйлеуге, ойлауға, есте сақтау қабілеттеріне үйрену.
Тәрбиелік: Алманың пайдасы туралы, аурудың алдын алуға кеңес
беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру. Сабақтың әдісі: Көрнекілік, сұрақ - жауап,
баяндау, сынау, түсіндіру.
|
|
Психологиялық
ахуалды қалыптастыру
|
Психологиялық
дайындық.
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз».
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
|
Балалар алдағы өтетін
оқу қызметіне дайындық
жасайды.
|
|
Ұйымдастыру
іздестіру
|
Ойын: «Не артық?»
- Көліктің қандай түрлері бар?
- Ертеде көлік болмаған кезде нені пайдаланған?
Машина, ұшақ, тікұшақ, троллейбус сөздерін буынға бөлгізу.
Ма - ши - на, ұ - шақ, тік - ұ - шақ, т. б.
Сөйлемдер құрату.
Мұғалім:- Сөйлем нелерден құралады? (сөздерден)
- Сөз неден құралады? (буыннан, дыбыстан)
- Дыбыстың неше түрі бар?
- Дыбысты не істейміз? (естиміз, айтамыз)
Ойын: «Ажырат»
Жабайы жануарлар мен үй жануарларын екіге бөліп, ажырату
(мүсіндерін)
«Сәйкестендір». «Өз төлін тап».
Ұйқасын тап.
1. Өзіңше ноян, 3. Жағасында бұлақ,
Қорқақ кім? (қоян) Жайылып жүр (лақ)
2. Алмастан тыным, 4. Айбар шегер алыстан,
Шабады (құлын) Аң патшасы
(арыстан).
Суретпен жұмыс.
- Бұл сөздер қандай дыбыстан басталып тұр?
- А дыбысынан.
Ендеше, бүгінгі сабақта А дыбысы мен әрпімен
танысамыз.
Суретті әліппемен
жұмыс.
А - а - а а - дауысты дыбыс.
- А дыбысы созылып, кідіріссіз, ашық айтылады. Ендеше а дыбысы
дауысты дыбыс.
Мұғалім: «А» дыбысын естісек, енді көреміз. Дыбыстың жазудағы
таңбасы әріп.
Мынау а әрпінің баспа түрі, мынау жазба түрі.
Баспа түрі - кітапта, газеттен көріп оқимыз. Бас әрпі, кіші әрпі.
Жазба түрін - дәптерге жазамыз.
Бас әрпі сөйлемнің басында, адам, жер - су аттарында жазылады. Кіші
әрпі сөз ортасында, аяғында жазылады.
А әрпін қызыл үйге кіргізейік.
Мынау жазба түрі A а
Төменгі жағы солға имектелген ұзын көлбеу -
Төменгі жағы оңға имектелген ұзын көлбеу -
Белін сызамыз.- A бұл бас әрпі.
о - бүтін құрсау және төменгі жағы оңға имектелген кіші көлбеу.
Оқулықпен жұмыс.
- Бала не істеп жатыр?
- Балаға а дыбысынан басталатын ат қояйық.
Айбек алма жинады.
Мынау - алма ағашы. Сөйлем құрау.
Алма ағашында алмалар көп. Алманың түсі қызыл. Алманың дәмі
тәтті.
Алма сөзін буынға бөлейік: ал - ма, 2 буын, 2 дауысты дыбыс
бар.
Суретпен жұмыс.
Алмұрт 2 буын, а — дыбысы сөздің басында.
Апельсин 3 буын, а — дыбысы сөздің басында.
Анар 2 буын, а — дыбысы сөздің басында. ортасында.
Жемістер пайдасы.
Мұғалім: Жемістер адамға өте пайдалы. Олардың құрамында дәрумендер
(витаминдер) болады.
Алма – В дәрумені.
Апельсин – С дәрумені. Алмұрт – В
дәрумені.
|
Балалар
барлық қимылдарды тәрбиешіге қарап,
қайталайды. Берілген тапсырмаларды
орындайды.
|
|
Сергіту
сәті
|
«Шыңжыр».
Бірнеше дауыссыз
әріптерді таңдап, оларды қағазға жазыңыз. Осы екі әріпті өзіне
қосатын сөз ойлап табу керек. Әріптерді орындарымен ауыстыруға,
балаларға басқа дауыссыз дыбыстарды қосуға болады. Мысалы: «С» және
«Л» (сақал, сал, салмақ, сәлем, лас,
асыл).
|
Балалар ойын
ойнайды
|
|
Рефлексивті —
түзетушілік
|
Дәптермен жұмыс.
Ауада а әрпін жазу, дәптерге жазу. A а
Ойын: «Орамал тастамақ»
А дыбысынан басталатын сөздер айту.
Ойын: «Жұбын тап»
Ой толғаныс.
- Біз бүгін қандай дыбыспен, әріппен таныстық?
- А дыбысымен.
- А дыбысы қандай дыбыс?
- Дыбысты не істейміз? (естиміз, айтамыз)
Әріпті не істейміз? (оқимыз,
жазамыз)
|
Тапсырмаларды
әр бала өз алдына ерекше
орындады.
|