400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ә дыбысы мен әрпі.

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сынып:

Пәні:

Мектеп:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы

Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.4.1 Мұғалімінің көмегімен қарама-қарсы мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату;

1.1.9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну, және сөздегі буын санын анықтау;

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай, көркем етіп жазу;

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі туралы жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Бағалау критерийлері

Қарама-қарсы мағыналы сөздердің мағыналарын ажыратады;

Сөздің буыннан құралатынын түсінеді; сөздегі буын санын анықтайды;

Әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай көркем етіп жазады;

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, өнер, тіл сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым, бейне роликтер көрсету

Тілдік құзыреттілік

Қаңтар-январь, қыс-зима, табиғат-природа, шана-сани

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

  1. - Қайырлы күн, балалар! Көңіл-күйлерің қалай?

Ендеше келген қонақтарымызға амандасып алайық;

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлембердік сіздерге

Құрметпенен біз!

«Алақан» әдісі арқылы бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейікші.


  • Күнде таңертең сендер ояна салысымен Табиғат Анаға көз салып қарайсыңдар. Мектепке келе жетқанда немесе үйге бара жатқан кезде әсем табиғаттың көрінісін тамашалап келесіңдер.

Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуантады? (Аппақ қарымен)

  • Демек қазір қандай мезгіл? (Қыс)

  • Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? (айнала аппақ қар, үйдің терезелеріне аяз әдемі өрнегін салған, қыста балалар қармен ойнайды, мұзда шанамен сырғанайды)

  • Өте жақсы!

  • Ал енді балалар қыс мезгілінің айларын атайықшы

  • Желтоқсан Қаңтар Ақпан

  • Жарайсыңдар!

Енді балалар неліктен біз табиғат туралы айтып жатырмыз, себебі біздің өтіп жатқан тарауымыз да Табиғатқа саяхат деп аталады.

  • Есік алдына жәшік тасталады.

Ой, балалар бізге Табиғат – Анадан сыйлық келіпті. Ашып қараймыз ба?

  • Жұмбақ берілген екен, шешіп көреміз бе?

Жұмбақ жасырылады.

  1. Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым.(Шаңғы)

  1. Зулап түсіп төменге,

Шықпас менсіз төбеге. (Шана)

  1. Табанға тақтым,

Жалпаң қақтым,

Зырлап бақтым. (Коньки)

  • Ендеше оқушылар топтарыңның атауы 1- Коньки, 2-Шаңғы, 3-Шана болады.

  • Бұл заттармен біз қай кезде пайдаланамыз.

  • Ендеше, келген қонақтарымыздан бізбен бірге сабаққа қатысуын сұраймыз.Әр топтың жанына келіп отырсаңыздар.


Шаттық шебері



















АКТ

















Сиқырлы қобдиша




Сабақтың ортасы








Сергіту сәті

1 минут


































Қызықты тапсырма


2. -Бұл ойындар қыс мезгілінде ойналатынын білеміз.

-Енді осы тарау бойынша танысқан сөздерімізді еске түсіріп қайталап алайық.

Табиғат-природа-nature

Қыс-зима-winter (уинте)

Қаңтар-январь-January

Шана-сани- sleigh(слейк)

«Еркін микрофон» әдісі арқылы «Ия немесе жоқ» ойынымен өткен білімімізге кері байланыс жасаймыз;

  1. Әріптерді көреміз және жазамыз./ия

  2. Дыбыстарды естиміз және айтамыз / ия

  3. Дыбыстар 3ке бөлінеді./ жоқ

  4. Дауысты дыбыстар жуан және жіңішке болып бөлінеді. / ия

  5. Дауысты дыбыстар көк түспен белгіленеді./жоқ

  6. Дауыссыз дыбыстар көк түспен белгіленеді./ ия

  7. Ө дауыссыз дыбыс / жоқ

  8. З дауысты дыбыс / жоқ

  9. Шана сөзінде 2 буын бар / ия

  10. Табиғат сөзінде 2 буын бар / жоқ

  11. Дыбыстардан буын құралады / ия

  12. Буындардан сөйлем құралады / жоқ

  13. Сөзден сөйлем құралады / ия

Кері байланыс: «Басбармақ» «Шапалақ»


4. Мозайкамен құрастыру. Пайда болған суреттер

І. Әсел

ІІ. Әже

ІҮ. Дәрігер

-әр топ өздері құрастырған суретті жапсырады, атауын жазады;

- дыбыстық талдау жасайды:

(буын, әріп, дыбыс, дауысты, дауыссыз)

  • Әр топ пайда болған сөздерге сөйлем құрайды.

Кері байланыс: «Басбармақ» «Шапалақ»

5. «Спонж шариктардан ә әрпінің макетін жасау»

«Сөз ойла, тез ойла» Әр топ құрамында ә әрпі бар сөздер айтады.

Жетекші мұғалімге:

«Еркін микрофон» әдісі

-Ә дыбысының ерекшелігін атап өту;

-дауысты;

-жіңішке дауысты;

-сөз соңында тұрмайды;

Кері байланыс: «Басбармақ» «Шапалақ»


6. Жуан және жіңішке жұп дауыстыларды қайталап өтейік, Ол үшін мына қағазда жазылған дауысты әріптің жұбын тауып әдемі етіп жазып, көрсетейік.

«Жұбын тап» ойынын ойнаймыз.

А-ә

О-ө

Ұ-ү

Ы-і

-Енді осындай мағынасы қарама-қарсы сөздерді де еске түсіріп алайық.

* Оқулықпен жұмыс.

Кәрі-жас, ащы-тәтті

Келесі сөздердің жұбын берілген суреттер бойынша өздері табады.

Биік тау-аласа тау; ұзын жіп- қысқа жіп, түзу ағаш-қисық ағаш, қалың кітап- жұқа кітап

(балалар өздері білетін сөздермен толықтырады)

Кері байланыс: «Басбармақ» «Шапалақ»

  • Ендеше, балалар табиғат-Анадан келген сиқырлы жәшігіміздің ішінде тағы қандай тапсырма жатыр екен.

  • Оқып көреміз бе?


Жұмбақ жасырылады.

Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан туатын,

Тауып көрші, сен оны (аққала)

  • Сиқырлы жәшіктің ішінен аққала суретін көрсету;

  • Буынға бөледі, буын санын анықтайды.

1 Мәтінді оқы.

Аққаланы сипаттап айт.


  • Ендеше балалар мына өлең жолдары арқылы аққаланы сипаттайық;

Аққала

Қар жауғанда топ бала,
Соқты келіп (аққала.)
Мұрны (сәбіз), үп үшкір.
Көзі көмір, (қап қара.)
Көне шелек (басында)
Сыпырғышы(қолында.)
Мұз айдынға ойнауға
Келгендей ақ ол мұнда.

Кері байланыс: «Басбармақ» «Шапалақ»

Әли мен Айя «Аққала туралы ән» (видеоролик)

  • Сергіту сәті: «Аяқпенен топ-топ»


Таныстырылым,


Тірек сөздерді пысықтау















































АКТ






оқулықпен жұмыс




АКТ



















Оқулықпен жұмыс














АКТ

Дәптермен жұмыс

Аяқталуы


Жазу дәптерімен жұмыс:

  • Ә әрпі бар сөздерді таза, қатесіз және көркем етіп жазамыз.


-сонымен қандай әріпті қайталадық?

-сабақ сендерге ұнады ма?





Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут


Смайлик суреттері

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бөлімше 1.9 «Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту»

Оқу мақсаты: 1.1. 9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.

Тапсырма

Заттардың атауларын жазыңыз. Сөзде неше әріп, дыбыс, буын барын анықтап айтады.


1. 2. 3.


Дескриптор: Білім алушы

- заттың атауын жазады;

-сөздегі әріп,дыбыс, буын санын анықтап, айтады;

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)





Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
874
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі