400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Ә дыбысы мен әрпі" атты

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы; Қатынас

Тобы: Мектепалды даярлық «Б» тобы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: Ә дыбысы мен әрпі

Мақсаты: Ә дыбысы туралы алған білімдерін толықтыру, ә әрпіне байланысты сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату, сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.


Баланың әрекеті


Бейімдеушілік қозғау салушылық

I. Ұйымдастыру бөлімі.
- Сәлеметсіздерме балалар. Бүгінгі сауат ашу сабағы өзгеше өткелі отыр, оған себеп, бүгін бізге қонаққа
Апайлар келіп отыр. Солармен амандасып алайық.

II. Психологиялық дайындық.
1. Қайырлы таң досым
Қайырлы күн болсын
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын!

Шаттық шеңберінде тұрып жаттығу жасайды.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

  • Апайлармен бірге бізге қонаққа әже де келіп отыр. Ол кісі сендерден көмек сұрай келіпті. Әженің Әсет және Әсел деген екі немересі бар екен. Екі бала ауыл сыртындағы орманға саңырауқұлақ теруге шығып адасып кетеді. Сол балаларды тауып беруіміз керек. Қане. әжемізге көмектесеміз бе?
    - Иә
    - Ол үшін балалар сендер менің сұрағымды мұқият тыңдап, жауап беріп отырыңдар

    ІІ. Үй тапсырмасын бекіту
    . «Кім зерек?» ойыны (сұрақ-қауап)

  • - Өткенде қай әріппен таныстық?
    - І дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
    - Неге дауысты дыбысқа жатқызамыз?(ереже)
    - Қане, сол І дыбысына сөздер ойлап жіберіңдерші 
    (слайд)
    - Жуан айтылып тұр ма, жіңішке айтылып тұр ма?
    - - Дыбыс деген не? (Дыбысты естиміз, айтамыз)
    - Әріп деген не? (Әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз)

  • Өте дұрыс, біз әжемізге көмектесуге дайынбыз
    - - Әжеміз келе жатса алдынан бір үлкен өзен шығыпты. Бұл кісіні өзеннен өткізу үшін тапсырма орындауымыз керек.

    «Өзеннен өту»(слайд өзеннің суреті
    )
    Жұмбақтың шешуін дұрыс шесшеңдер әже өзеннен өтеді

  • Бұрап қойған сағаттай,
    Айқайлайды таң атпай. 
    (әтеш)
    Жарайсыңдар балалар біз әжемізді өзеннен де өткіздік
    - Әтеш. Әтеш сөзі қай дыбыстан басталып тұр?
    - Ә дыбысынан -Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Ә дыбысы мен әрпі.
    - Ә дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Бұны білу үшін бәріміз Ә деп әндетейік.
    - Қандай дыбыс екен? - Дауысты
    - Ә – Ауыз мол ашылып, тіл мен иектін төмен түсуінен пайда болатын жіңішке дауысты дыбыстың таңбасы. Көбінесе сөздің бірінші буынында қолданылады
    Өзеннен де өтіп орманға келдік
    - Орманды кәне көз алдымызға елестетейікші
    - ( балалар өз ойларын айтады)
    - Қандай аңдарды білетін едік.
    - Олай болса әжеге кедергі келтіріп тұрған аңдардың тапсырмасын әрі қарай орындап біз әжеге көмектесейік.
    1 - ші аң – қасқыр: Ол қандай аң?
    Қасқырдың тапсырмасы: Ә әрпінен сөз ойлау, дыбыстық талдау жасау, буынға бөлу.
    - Қасқырдың тапсырмасын орындаймыз. Ә әрпінен басталатын сөздер ойлап, дыбыстық талдау жасаймыз. (дыбыстық талдау)
    - Ән, дәрі, әтеш, әке - Өте жақсы.
    - Қасқырдың сыйластық жақсы сөзі: Жолың болсын!
    Сергіту жаттығуы:

  • Орнымыздан тұрайық,
    Көгершінге ұқсайық.
    Көгершін боп ұшып ап,
    Кәне, қанат қағайық
    Орнымызды табайық
    Әдемі етіп жазайық.
    Келесі кедергіде тұрған аң - қоян.
    Оқулықпен жұмыс:
    Кірпінің сыйластық сөзі: «Саған сәттілік тілеймін!»
    Келесі кездесетін аң – аю
    Аюдың тапсырмасы: «Ажырату»
    а) Сөздерді буынға бөліп көрсет.
    Әншілер, әпкелер, бәйшешек.
    Ә) Буындардан сөз құрау
    ән - ші
    Аюдың сыйластық сөзі: «Рахмет сау бол!»
    Дыбысты біз айтамыз, естиміз.
    Әріпті біз жазамыз, көреміз.
    Әріптің баспа, жазба түрі бар. Біз мектеп алды даярлық тобында баспа түрімен танысамыз.
    Ә әрпін енді кәне мен тақтаға салып көрсетемін сендер соны мұқият қараңдар:
    Жоғарыдан -
    Ә - бас әрпімен сөйлемнің басында, адамның аты, қаланың аты келеді, кіші әрпімен сөйлемнің соңында, ортасында жазамыз.
    Ауада жазу, тақтаға жазу.
    Дәптермен жұмыс
    Жазу кезінде кеудені тік көтеріп дәптерді қиғаштап, қаламды дұрыс ұстап жазамыз.

Балалар үй тапсырмасын берілген дыбыстарды еске түсіріп, дауысты, дауыссызын ажыратады. Сұрақтарға жауап береді.

Релексивті коррекциялаушы

- Мінеки, балалар, біз сендер мен әжеймен немерелеріне көмектестік. Біз әрқашан әже ақылын тыңдап, әдепті, әдемі, мейірімді болып өсеміз. Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар білімін бағалап, мадақтап Әженің сыйлығы ретінде жұлдызша тарату.
Мадақтау, бағалау.

Мұғалімнің айтқанын
Мықтап миға тоқимыз.
Бар ынтамен тыңдасақ,
Кілең беске оқимыз.


Күтілетін нәтиже:

Баланың білуі: Ә дыбысы мен әрпі туралы ақпарат алды.

Баланың меңгеуі: дауысты дауыссызын ажырату әдісін меңгерді.

Баланың жасай алуы: Өз бетімен оқуды, жазуды үйренді..





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
461
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі