400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

А дыбысы туралы

Материал туралы қысқаша түсінік
а дыбысы туралы түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы

3жалпы орта білім беретін қазақ мектебінің тәрбиешісі

Махуова Гүлден Шынболатовна




ТАҚЫРЫБЫ: Мектеп бізге не үйретеді?

А дыбысы жəне əрпі

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.1. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.2.1.2. Суретті кітаптардан ақпаратты табу (сурет арқылы).

0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Күтілетін нəтиже

Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады.

Сөздегі дауысты, дауыссыз, дыбыстарды ажыратады.

А дыбысы – дауысты дыбыс, жуан дауысты. А дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сөздегі дыбыс санын, ондағы А дыбысының орнын ажыратады. А

дыбысына сөз ойлайды.

А дыбысына (дауысты, жуан дауысты) сөз құрайды.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.

Кейбір тəрбиеленушілер:

Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.А дыбысының дауысты дыбыс екенін айтады. А дыбысы қолданылған сөз табады.

Тілдік мақсат








Тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға толық жауап береді. Суреттер бойынша сөйлем құрастырады.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Саржан, қағаз қыстырғыш

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Суретте не болып жатыр деп ойлайсың? А дыбыс қандай дыбыс?

А дыбысын қай сөзден естіп тұрсыңдар?


Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Сөйлем дегеніміз не? Сөздер неге бөлінеді? Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай түстермен белгіленеді? Дауысты дыбыстар

нешеге бөлінеді?

Жоспар

Жоспарланғ

ан уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

V. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.


0–2мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

3–5 мин.

(Ұ) Оқу қызметіне балалардың назарын тарту үшін педагог жағымды атмосфера құру үшін балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір- бірлеріне жылы сөздер айтқызады.



Педагог қоңырау соғады. Балаларға қоңырау дыбысың сыңғырлап шыққанда қандай əсер алғанын сұрайды.

Мектептегі қызықты сабақтар туралы əңгіме жүргізеді.

Оқу не үшін ұнайды?


ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.

(Ұ) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма

Суретте не болып жатыр деп ойлайсыңдар? Балалар өздеріне таныс заттарды атайды.

Суреттегі балалардың іс-əрекетін талқылайды, суреттен А дыбысы бар заттарын аттайды.

2-тапсырма.

А дыбысы жуан дауысты дыбыс екенін түсіндіреді. Балалар А дыбысының жуан айтылатын, сондықтан жуан дауысты дыбыс екенін түсінеді.

Педагог əріп туралы түсінік береді.

Əріп – дыбыстың таңбасы. Əріпті жазамыз, көреміз.

Дыбысты естиміз, айтамыз.(Құлақ, ауыздың суретін көрсетеді).

А əрпімен таныстыру. Педагог балаларға А дыбысының айтылуын үйретеді. «А» дауысты дыбысын айтқанда ауыз кең ашылып, тіл ауыз қуысында еркін жатады.

3-тапсыма. А əрпі туралы жазылған тақпақты оқу.

Жер өлшейтін саржан Белін буып алған.

(М. Əлімбаев)

Саржанның суретін А əрпіне ұқсата отырып, саржанды қайда қалай пайдаланатыны туралы педагог əңгімелеп береді.

Саржанның суретін А əрпіне ұқсата отырып, саржанды қайда қалай пайдаланатыны туралы педагог əңгімелеп береді.

Бірнеше суреттерді көрсете отырып, осы суреттердің қайсысы А əрпіне ұқсас екендігін тапқызу.

(Т) 4-тапсырма. А əрпін бейнелеп көрсетуге тапсырма беріледі.

(Ө) Қағаз қыстырғыштардан А əрпін құрастыруға тапсырма беру.

(Ұ) Сергіту сəті.

Педагог балаларды орындарынан тұрғызып өлең жолдарын қимылмен 2-3 рет айтқызады.

Қолға сөмке аламыз,

Біз мектепке барамыз. Педагогтің айтқанын Бірден ұғып аламыз.

Ойын: «А дыбысына сөз құра».

5-тапсырма: А дыбысы жоқ сөздерді тапқызып белгілету.

Суреттердегі заттарды атайды.

Қалам, гүл, тақта, ағаш.

А дыбысы жоқ затты табады.

Педагог А əрпінің жазылуын балаларға ауада жазу арқылы көрсетеді. Балалар А əрпін жазады.


Əліппе-дəптер









Жер өлшейтін саржанның суреті, А əрпі жазылған плакат.







Суреттер.












Қағаз қыстырғыштар.

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.


28-30 мин.

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.

Қай тапсырманы орындау қызықты болды?

(Ұ,Ө) Рефлексивтік бағалау. Балалар өз жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды.


Əліппе-дəптер,









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
460
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі