Павлодар облысының Железин
ауданының Ш.Уәлихан атындағы жалпы білім беру орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі:
Шарипова Женисгуль
Жанабаевна
Сабақтың
тақырыбы: А.Құнанбаев «Қыс» 2
сынып
Сабақтың
мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының
ұлы ақыны Абай шығармаларын оқып үйренуге баулу. Бұрынғы білімін
жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейтуге көмектесу.
Дамытушылығы. Оқушыларға бағыт- бағдар бере
отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, іздену, білім, іскерлік
дағдыларын қалыптастыру, ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын
дамыту.
Тәрбиелілігі. Туған жер табиғатын сүюге
және қорғауға, ұқыптылыққа, тапқырлық пен ізденімпаздыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі. Абай суреті.Қыс суреті, ребус,
сабаққа қатысты сызба, оқулық.
Сабақтың
түрі: дамытушылық, жаңа білім
беру.
Сабақтың
әдістері: баяндау, сұрақ- жауап, тіл
дамыту, шығармашылық жұмыс, ой қозғау.
Сабақтың
барысы: І. Ұйымдастыру
кезеңі.
Оқушыларды 2 топқа бөліп
отырғызу.
Құрал –жабдықтарын түгендеп сабаққа әзірліктерін
байқау.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Барлығымыз көзімізді жұмып:
Мен сабақта мектептемін
Менің зейінім тұрақты
Мен жақсы ойлап отырмын- дейміз.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушыларға әр топтан үйге
берген жаттауды айтқызу.
Жаңа сабақ.
ІV. «Ой қозғау» стратегиясы.
Сөзжұмбақ шешу.
-
|
|
|
Қ
|
|
а
|
б
|
а
|
н
|
б
|
а
|
й
|
|
т
|
о
|
р
|
с
|
ы
|
қ
|
|
|
|
с
|
у
|
|
Ерасыл қай батырдың
есімі.
-
Сусын сақтайтын
ыдыс
3.Жылт –жылт
еткен,
Жырадан өткен.
Балалар, бүгін қазақтың жазба
әдебиетінің негізін салушы, дана, кемеңгер, ұлық ақынымыз Абай
Құнанбаевтың табиғат жайында жазған «қыс» атты өлеңімен
танысамыз.
V. Мен сендерге үй тапсырмасы ретінде Абай туралы
ізденіп, мәлімет жинап келуді тапсырған едім.
І топ. Ақынның өмірбаяны
ІІ топ. Ақынның өлеңдері, шығармалары.
Әр топтан бір–бір топтан
тұрып, өз жазғандарын оқиды.
Олай болса, балалар, біз Абай атамыз туралы
білетінімізді байқадық.. Абай атамызды бүкіл әлем таныды дедік,
енді Абай атамызды бүкіл әлемге танытқан жазушы туралы кім біледі?
Абай атамызды танытқан жазушы Мұхтар Әуезов. Қандай шығармасы
арқылы? «Абай жолы» романы арқылы.
ІV. Сұрақ жауап
әдісімен.
1.Жауып тұрған қарды бақыладыңдар ма?
2.Қар жауған соң айнала қалай
өзгереді?
3.Қыста дала қандай болады?
4.Жатқан қарды неге ұқсатар едіңдер?
Балалар сендер өз ізденістеріңді сабақ барысында
көрсете білдіңдер.
Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
Дұрыс, балалар,енді
сабағымызды әрі қарай Абайдың «Қыс » өлеңімен сабақтастырайық. Бұл
өлең жазылған екен. Қазір осы өлеңді мәнерлеп оқып беремін, сендер
мұқият тыңдап отырыңдар.
V. Өлеңді оқу.
ҮІ. Сөздік
жұмысы.
Соқыр- мылқау -түк көрмейтін.
Оқшырайтып – бір шекесіне сәндеп қию.
Шидем – жұқа тоқылған сырт киім.
Ұмпа –жеңіл, жұқа қар.
Бұрқ -сарқ-қатты дауыл, боран.
Алты қанат ақ орда-алты керегелі үлкен
үй.
ҮІІ.Өлеңмен
жұмыс.
Әр топ бір-бір шумақтан оқиды.
І шумақ- І топ, ІІ шумақ –ІІ
топ, ІІІ шумақ –І топ, ІV шумақ- ІІ топ,
ҮІІІ. Сергіту сәті. Слайд
«Балапан»
.
ІХ. Өлеңнің ішкі мәнін
сұрақ- жауап арқылы ашу.
1.Автор қысты кімге теңеп тұр?
(Қысты адамға,кәрі шалға)
2.Шалдың киімдері қандай? (ақ
киімді, үстін ақ қырау басқан)
3.Киім деп отырғаны не? (Ол
жауған қар,қатқан мұз)
4.Автор суреттеп отырған шалды
кімге ұқсатуға болады? (Аяз атаға)
5.Өлеңдегі шалдың мінезі
қандай? (Ол қатал, соқыр,мылқау адам сияқты)
6.Соқыр мылқау дейтін себебі
не ? (Ол ештеңені көрмейді,аямайды,бәрін
тоңдырады)
7.Түрі, түсі қандай? (Түсі ақ
қырау сияқты, түсі суық болады)
8.Түсі суық дегенді қалай
түсінесіңдер ? (Қатал, ашулы адамның түсі суық
болады).
Толықтыру
.
Ақын қысты жанды адам
бейнесіндей с уреттеген. Бұл Абайдың жаңалығы, себебі Абайға дейін
ешбір ақын табиғатты жанды нәрсеге теңемеген.Абай атамыз қыстың
қатты болатынын, үскірік аязды қорқыныш әкелген қатал бейнеде
көрсеткен.Мал баққан қазақ даласының тіршілігі мен бейнесін
суреттеген.
ХІІІ. Шығармашылық жұмыс.
1-топ. «Қыс қызығы» тақырыбына эссе
жазу
2- топ. Қыс мезгіліне байланысты мақал- мәтелдер,
таным- сенімдер айту.
1- топ. Өлеңді аяқтап
жазу.
...............................даламыз
...............................
баламыз
................................
шанамыз
.................................
боламыз.
2- топ. «Қыс келбеті» сурет
салу.
Х.
Қорытынды.
Тізбектеп
оқу. Мәнерлеп
оқыту.
«Желсіз түнде жарық ай»
әнгімені аяқтау.
ХІ. Үйге тапсырма. Өлеңді
жаттау.
Сабаққа қатысқан оқушыны
бағалау.