400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Аадам көркі - шүберек

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам көркі – шүберек деп бекер айтылмаған. Әр адамның көркіне көрік қосатын, бойына әсемдік сыйлайтын – үстіне киген киімі. Ата - бабаларымызда ұлттық киімдерімізді талғаммен, сәнді, ыңғайлы әрі зор мағынамен үйлестірген. Киім - кешек — тек сән ғана емес, ұлттың мәдениетін, түсінігін, тұрмыстық өмірін, салт дәстүрін айқындайтын бөлік. Қазақтың ұлттық киімі мен әшекей - бұйымдарының түрі өте көп. Сан ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып келе жатқан ұлттық киімдерде сақталған үлкен мән мен мағына бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Адам көркі – шүберек



Адам көркі – шүберек деп бекер айтылмаған. Әр адамның көркіне көрік қосатын, бойына әсемдік сыйлайтын – үстіне киген киімі. Ата - бабаларымызда ұлттық киімдерімізді талғаммен, сәнді, ыңғайлы әрі зор мағынамен үйлестірген. Киім - кешек — тек сән ғана емес, ұлттың мәдениетін, түсінігін, тұрмыстық өмірін, салт дәстүрін айқындайтын бөлік. Қазақтың ұлттық киімі мен әшекей - бұйымдарының түрі өте көп. Сан ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа мұра болып келе жатқан ұлттық киімдерде сақталған үлкен мән мен мағына бар. Қазақтың ұлттық киімдеріндегі басты ерекшелік – ою - өрнек. Қазіргі таңда да заман талабына сай ыңғайланған әртүрлі оюлармен тігілген сан - алуан киімдер мен әшекейлеріміз бар. Расында да, әлемнің небір озық өнер туындылары мен өзіміздің ұлтымыздың нақышына сай ұлттық киімдерді салыстырып қарасақ, қазақ өнері алдыңғы қатардан көрінетініне сенімдімін. Халқымыздың бүкіл ішкі жан дүниесі, өмірге деген көзқарасы, айтар ойы, барлық жерде ою - өрнектермен сипатталған. Мысалы қазір көптеген жас қыздар, жалпы жас буын әртүрлі тақияларды, қазақи зергерлік бұйымдарды көптеп қолданып жастар арасында трендке де шығарды. Былай қарап тұрсақ бұл киімдерден ұлтымыздың даналығын көре аламыз, себебі киім арқылы да өзіндік болмысымызды дәріптеген. Қыз балаға мейілінше ұзын етек, ұзын жең, жабық киімдер тігілген. Сұлулығын сыңғырлаған ою - өрнектері мен ұзын бұрымдарымен әсемдеп көркін ашқан. Сондықтан, бұл үрдісті жоғалтып алмау үшін ұлттық киімдерді мейілінше заман талабына сай икемдеп, сәнге айналдыру қажет. Этно киімдерді тігіп шығаратын дизайнерлер мен брендтерді көбейтіп, өзара бәсекелестік жүргізу қажет, яғни күнделікті киімдердің жалпы стильін сақтай отыра ұлттық дәстүрдің элементтерін қосуды дұрыс деп санаймын. Сонда сәнді киінумен қатар, ұлттық құндылығымыз да ұлықтала бермек.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.06.2025
142
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі