400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

А.Әуезов. Жас Мұхтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұхтар Әуезовтың туыс ағасы Ахмет Әуезовтың әңгімесі туралы күнделікті сабақ жоспары. Жас Мұхтардың қандай боғанын сипттап жазғанын оқушыларға түсіндіре отырып ,Мұхтарды өнеге тұту.Бұл материал әдебиеттік оқудан жаңа фомат бойынша жазылған.Мұғалімдерге жаңа шаблонмен жазылған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы











Күні:07.12.2017

Сынып: 4 «Б»

Мектеп : №40

Мұғалім: Рысмендиева Ф.С

Қатысқандар саны: 21

Қатыспағандар саны:2

Сабақтың тақырыбы

А.Әуезов. Жас Мұхтар (үзінді)

Сабақтың мақсаттары

Жазушы Мұхтар Әуезовтің ұлы ақын Абаймен байланысты балалық шағы туралы түсінік беру, тақырыптың мазмұн – мәнін аша білуге үйрету Ауызша, сөйлеу тілдерін дамыта отырып, сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық қабілетін арттыруына бағыттау;

Жетістік критерийлері

Оқушылар: өз ойларын өмірмен байланыстырып дәлелдету, сөздік қорлары молаяды.

Құндылықтарды дарыту

Абай өсиеттерінен тәлім тәрбие алу

Пәнаралық байланыс

дүнитетану

Ресустар

М Әуезовтың суреті

АКТ қолдану дағдылары


Тілдік құзырет

Оқушылар: өз ойларын өмірмен байланыстырып дәлелдету, сөздік қорларын молайту

Алдыңғы меңгерілген білім

Жетім М .Әуезов


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс –әрекет

Ресустар

Сабақтың басы

Ынтымақтыстық

атмосферасын

қалыптастыру


Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Көк аспан!

Амансың ба, достарым,

Көңіліміз жарасқан.

Амансыз ба, ұстаздар,

Білім нәрін таратқан!


Үй тапсырмасы

М. Әуезовтің «Жетім» әңгімесін сұрау.

1 Жетім әңгімесінің авторы?( Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған.1961 жылы27 маусымда қайтыс болған)

2 Жетім әңгімесінде басты кейіпкер кім?

3 Әңгімеде жападан жалғыз келе жатқан кім?

4 Қасымның тағдыры неге қиын болды?

5 Әңгімеде қараңғы түндегі қорқыныш елесі қалай берілген?

6 Қиянат, қаға беріс – деген не?

7 Әңгіме неліктен жетім деп аталған?(панасыз)

8 «Жетім» — деп кімдерді айтамыз? Көз алдарына кімдер елестейді?


Сабақтың ортасы

  Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау.

Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар»

Ахмет Әуезов (1897 - 1974), Мұхтар Әуезовтің тетелес інісі, 15 күндей айырмашылығы бар. Әуездің үлкен әйелі Дінәсілден Мұхтардың әкесі Омархан, кіші әйелі Сақыштан Арынбек, Қасымбек, Ағзам және Ахмет туған. Бұлар бірге өседі, атасы Әуездің тәрбиесін бірге кереді. Алғаш ауылда хат таныған олар Қасымбектің ұйғарымымен Семейдегі 5 сыныптық орыс мектебінде, одан соң оқытушылар семинариясында оқиды. Ахмет әр турлі қызметтер атқарады. 20 - 30 - жылдардың саяси ағымына байланысты Қазақстанның оңтүстік облысына қоныс аударады да, өмірінің соңына дейін сонда тұрып қалады.

Дәптерге күннің ретін жазып, тақырыбын жазу.

Бұл тақырыпта Мұхтар Әуезовпен бірге тағы қандай танымал тұлға туралы айтылады деп ойлайсыңдар?«Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы сұралады

Мұхтар ес білгелі Абайдан үлкен тәрбие алды, үлгі – өнеге алды. Атам ескіше оқып, хат танып, әріпті жаза бастаған соң, Мұхтарға, бәрімізге Абай өлеңін, қара сөзін үйрете бастады.

- 1. Тақырып кім туралы?

2. Мазмұнын кім әңгімелейді?

3. Кейіпкерлер кімдер?

Бұл тақырып үзінді Мұхтардың балалық шағы туралы. Бұл әңгімені жазған Мұхтардың інісі Ахмет Әуезовтің естелігінен.

Мұхтар – дана.

Мұхтар – дара, жазушы.

Ал енді оқулықпен жұмыс жүргізейік «Жас Мұхтар»

1. Мәнерлеп іштей оқиық.

2. Мәнерлеп дауыстап оқиық

Демалыс минутын жасау.

Шығармашылық жұмыс. Эссе. Әңгіме өлең жазу.


Таныстырылым оқулықпен жұмыс



Сергіту сәті

1 минут

Екі қолды қосқанда,

Құшақ емес пе?

Екі қанат аспанда,

Ұшады емес пе?

Екі аяғым тірегім,

Адымдап мен жүремін.

Алтын күзге риза боп,

Басымды мен иемін.



Аяқталуы


Кім? Абай

Қандай? Ұқыпты, сауатты

Не істеді? Тәрбиеленді, жазды, оқыды

Сөйлем - Мұхтар Абайдан тәрбие алды.

Синоним жазушы



Сабақтың соңы

М.Әуезов кім? Мен Мұхтар Әуезов туралы не білдім ?

Мұхтарға Абайдың қара сөздерін оқуды кім үйретті ? Қандай қара сөздерін үйретті?

М. Әуезов "Жетім"

Мұхтар Әуезовтің «Көксерек»

М. Әуезов Боран


Үйге тапсырма

Күнделікті енді алайық,


Үй тапсырмасын жазайық


Математикадан алған білімді


Ұмытпай есте сақтайық.



Оқушыларды бағалау

Бәрекелді, балалар!


Бәріңе бестік баға бар.


Азамат боп өсіңдер


Ел қадірін бағалар.

Жауаптарына қарай баға қою


Рефлексия:

Маған ұнағаны

Маған ұнамағаны



Қосымша ақпарат

Саралау- Сіз қосымша көмек қалай көрсетуді қалайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау- Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс.Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ – мен байланыс Құндылықтардағы байланыс






Кері байланыс

Сабақ /оқу мақсаттары

Шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

Қандай түзетулер енгіздім және

неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыныз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес

Келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды.(оқытуды да,оқуды да ескеріңіз?)

1.


2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тексерілді





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
857
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі