400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Абай - ұлы ақын"

Материал туралы қысқаша түсінік
воспитателям в школе глухих и слабослышащих
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Абай –ұлы ақын.



Сабақтың мақсаты : Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру,шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін , әндерін мәнерлеп айтқызу.Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігікке, Отанын қорғауға, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары,қанатты сөздер, слайдтар.

Сабақтың барысы:

Кіріспе:

Тәрбиеші сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Абай- ұлы ақын » атты әдеби кешіміз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арнаймыз.Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыңдар. Абай философ, заңгер, ақын, аудармашы,сазгер, дара ойшыл, кемеңгер, Абай жазба әдебиетінің негізін салушы, гуманист, қоғам қайраткері,әділ би,ағартушы-ұстаз.

Абай қазақ тіліне А.С.Пушкиннің, Л.Н.Толстойдың, Салтыков-Шедриннің, Крыловтың шығармаларын қазақшаға аударды.

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.

Ол бірақ қайтіп келіп, ойнап- күлмес

Мені мен, менікінің айырылғанын,

« Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.

Көп дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған- дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған , ұлы ақын атамыз- Абай Құнанбай туралы сөз қозғамақпыз.

Ал енді белсенді тақтаға назар аудара отырып, Абай Құнанбаевтің өмірбаяны туралы айтамыз .

Негізгі бөлім. Дана.Абай-Ибраһим. Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайтқан. Негізгі аты-Ибраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді әжесі Зере еркелетіп атаған.Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді. Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті.

Дина. Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болып сайланған.Атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған. Арғы атасы Ырғызбай –билеуші сұлтаны болған.

Қуаныш. Абайдың анасы Ұлжан –ақылды , мейірімді кісі болған.

Бақытжан. Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таныған. 12-жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі.Ол үздік оқушы атанады.

Расул. 14-жасында сықақ өлеңдер шығарған . 15-жасынан бастап, әкесіне көп көмегін тигізген. Ел-жұрт Абайды би етіп сайлады.20-жасында Абай от тілді шешен болған.

Мерлан.Абай –сазгер. «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндері бар. Домбыра тартқан 3-4 күйі бар. «Май түні», «Абайдың желдірмесі»

Алтынай.«Абай-ұлы ақын». Ақындардың ұстазы. Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегінен тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді.Абай өз өлеңдерінде жастарды өнер, білім алуға шақырды.Адал еңбек етуге, халқына пайда келтіруге үндеді.

Айбол.Оның әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге ыстық леп еседі.Жүрегімізге қонымды Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы-заман тынысы, халық үні.

Тәрбиеші сөзі:Табиғат лирикасы –Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған бір үлгісі. Ақын неғұрлым данышпан болса, соғұрлым табиғатпен терең араласып, оны құшағына терең қамтып алады. Табиғатты адаммен, ортамен барынша байланыстырып көрсетеді.

Келесі кезекті мектебіміздің оқушыларына берелік.

Слайд. «Табиғат лирикасы».

Абай Құнанбаев «Қыс» оқитын Алтаева Шұғыла

«Күз» оқитын Арыстанов А.

«Жаз» оқитын Иржанова Дина.



Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй –дей отырып Абай атамыздың өмірінен бір көрініс тамашалаймыз.

Шағын көрініс.

Тыныштық.Абай өлең жазып отыр. Есіктен досы Ербол кіреді.

Ербол. Абай досым , тағы өлең жазып отырмысың? Шаршадың ғой ... бір сәт демалсаңшы.

Абай. Ербол, тыңдашы (ыңылдап)

Көзімнің қарасы,

Көңілімнің санасы.

Бітпейді іштегі,

Ғашықтық жарасы.

Ербол. Абай, неткен әдемі ән! Ғажап жаңа ән, жаңа өлең. Тамаша! Абай Сүйіндік аулында алтыбақан болғалы жатыр екен.Соған барсақ қайтеді.Осы әнді жастарға сый етіп тартайық!

Абай. (басын изеп) Жарайды.

Жастар жиналып «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін айтып отыр.

Абай, Ербол шетте отырады.

Дана. Қыздар,қыздар Құнанбай қажының баласы Абай келіп тұр.

Алтынай. Қасындағы Ербол ғой.

Дана. Абай, Ербол келіңдер.Төрлетіңдер. Қош келдіңдер!

Абай. Ойын сауықтарың қызық болсын!

Ербол. Ән-күйлерің қанатты болсын!

Дана. Бірге болсын! Айтқаның келсін!

Алтынай. Ортамызға Абай келіп қалған екен.Неге өлеңдерін оқып әнін салмаймыз.?!

Ал кім сөзге ұста, кәне , бастап жіберелік.

« Желсіз түнде жарық ай» әні орындалады.

Аңшы жігіт( ентелеп келіп) Уа, Абай ақынның құрбы –құрдастары, амансыңдар ма!

Алтынай мен Дана. Армысың бейтаныс жігіт.

Ербол. Ассаламаумағалейкум, жас жігіт!

Абай. Жолың болсын, жігітім!

Қыздар. Орта толсын.

Аңшы жігіт.Аң аулап жүріп, алыстан Абай әнінің сазды әуенін құлағым шалып, ат басын бұрдым.Ақын Абай қарсы болмас өлеңін, әнін тыңдағалы келдім.

Ербол. Сүйіндік ауылының жастары, тыңдаңыздар! Абай сендерге жаңа әнін сый қылып тартады. Қабыл алыңдар!

Ән шырқалады «Көзімнің қарасы»

Алтынай мен Дана. Неткен тамаша ән, терең сырлы.Рахмет ,Абай.

Абай. Әнімді қабыл алғандарыңызға көп рахмет.

Тәрбиеші. Келесі кезегімізде Абай атамыз туралы көрермендерге сұрақ қойсақ.

Көрермендермен жұмыс.

Абайдың азан шақырып қойылған есімі? Ибраһим

Абай Құнанбаев қай жылы дүниеге келді? 1845ж

Абайдың әжесінің есімі кім? Зере

Абай Құнанбаев қай өңірде дүниеге келді? Семей облысы

А.Құнанбаевтың туғанына неше жыл толды? 175ж

« Ақ киімді денелі, ақ сақалды» деп басталатын Абайдың бұл өлеңі жылдың қай мезгіліне арналған? Қыс мезгіліне

Абайдың неше қара сөзі бар? 45

Қорытынды сөз.

Құрметті ұстаздар және оқушылар! Абай атамыздың мың қырлы, мың тәлімі бар.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың барысында сол мың қырлы мың тәлімнің теңіздегі тамшыдайын ғана өзімізше түсініп, әңгіме еттік деп ойлаймын.Бүгінгі тәрбие сағатымызды С.Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе

Адамдықты көздесең ,

Жаттап тоқы көңілге.

Міне, өзінің артында өлмейтін сөз қалдырған Абай атамыздың қара сөздері, туындылары мен өлең – жырларын, тек қана қазақ елі емес, бүкіл әлем зерттеп, ұлылығы мен даналығын мойындатқан, ұлы-Абай, дана-Абай, дара-Абай, біздің Абай.

Өмірде өзіңнің кімекеніңді, кім болатыныңды білгің келсе, Абайды оқы.

Осымен А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған сыныптан тыс шарамыз аяқталды.













































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
282
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі