400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай - Ұлы ақын!

Материал туралы қысқаша түсінік
Биылғы жылдың басты тақырыбы - Ұлы Абайдың 175 жылдығына пайдасы болар
Материалдың қысқаша нұсқасы

“Ана тілі – Абай тілі, дана тіл”

Абай Құнанбаевтың 175 жыл толуына байланысты арнау.


Ұлы ақын.



Игі болған атқарған әрбір ісі,

Шындыққа ара түскен адал кісі.

Шынайы сезім үшін кескен кесім,

Біз үшін “Ибраһим - Абай” – Ұлы есім!


Өнерге жастайынан болып жақын,

Әлемге әйгі еткен қазақ халқын.

Аудармалап танытқан дәстүр-салтын,

Біз үшін “Ибраһим - Абай” – Ұлы ақын!


Пір тұтар қазағымда әрбір адам,

Оқысаң оянатын түпкі санаң.

Қалдырған “Қара сөзін” қазағыма

Біз үшін “Ибраһим - Абай” – Ұлы дана!


Әндері әлем түбін тебіренткен,

Сол арқылы орыс әні бізге жеткен.

Ұрпағына ұлылық сыйлап кеткен,

Біз үшін “Ибраһим - Абай” – Ұлы неткен!


Бір-бірін сүйген жанға болған пана,

Махаббатын қолдаған түсіп ара.

Жастарға сезім жолын салған сара,

Біз үшін “Ибраһим - Абай” – Ұлы баба!


Даналығы таусылмас дария болған,

Әрбір ұрпақ алады үлгі одан.

Көкірегіңді оятып, көзіңді ашқан,

Қазақ үшін “Ибраһим - Абай” – Ұлы адам!


Әйгілі боп жер көкке, әлем толып,

Көкірегін қаға алар шын мақтанып,

Абайдай асқақ туған арысы бар

Біз үшін “Қазақ” – деген Ұлы халық!



Өзбеков Дәулет Жанболатұлы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
1 шілде
531
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі