Абай - Ұлы тұлға

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай - Ұлы тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
ұлы ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Абай –Ұлы тұлға»


Мақсаты: Оқушыларды  ұлы  кемеңгер Абай  Құнанбаевтың өмірбаянымен таныстыру. Ақынның өлеңдерін  жатқа айту арқылы  мәнерлеп оқу дағдысына көңіл бөлу. Балалардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту, ұлы  ақынның  даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттау, өлеңдерін мәнерлеп айтқызу. Адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Ақынның портреттері, слайд, кітап көрмесі.

Өту барысы:

Мұғалім: Құрметті оқушылар! Ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орайластырылған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Алдымен Абай атамыздың  өмірімен таныстырайын.

Абай  Құнанбайұлының шын есімі – Ибраhим. Ол 1845 жылы 10 тамызда Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Әжесі еркелетіп оны «Абай» деп атап кеткен екен. Бала Абай кішкентай кезінен ақындардың шығармаларын, өлең-дастан, халық ертегілерін тыңдап өскен. Әсіресе, әжесі Зере мен анасы Ұлжанның айтқан аңыз-әңгімелерін бар ынтасымен тыңдайтын болған. Ақын атамыз медреседе білім алған. Ол жерде араб, парсы тілдерін меңгерген. Абай Құнанбайұлы – ақын, қазақ әдебиетінің ағартушысы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер.

Шоқтығы биік қазақ  поэзиясындағы дара да дана тұлға.

Мұғалім:  Көп адам дүниеге  бой алдырған,

                      Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

                     Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы,

                     Өлмейтұғын артына сөз қалдырған…

Балаларға ақынның өмір жолы туралы слайд көрсетіледі.

Туғаннан дүние есігін ашады өлең,

                    Өлеңмен жер қойнына кірер денең,

                    Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен…– дей келе, кезекті Абай атамыздың өлеңдерін оқитын оқушыларға берейік

  1. «Жаз»

Жаздыгүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек,

Ұзарып өсіп толғанда.

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда,

Шұрқырап жатқан жылқының,

Шалғыннан жоны қылтылдап,

Құйрығымен шылпылдап,

Арасында құлын-тай,

Айнала шауып, бұлтылдап.



2.«Ғылым таппай мақтанба»

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз,

Тілеуің, өмірің алдында.

Оған қайғы жесеңіз,

Еріншек, бекер, мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым,ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз.

  1. «Қыс»

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Демалысы үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе қар жауып, мазаңды алды.

Бурадай бұрқ-сарқ долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

4.«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім.

Ержеткен соң түспеді уысыма,

Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?

Адамның бір қызығы бала деген,

Баланы оқытудан жек көрмедім.

Сергіту сәті: ойын «Біз доспыз»

Мақсаты: Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа баулу.

5.«Пайда ойлама, ар ойла»

Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық ғылым кітапта,

Ерінбей оқып көруге.

Военный қызмет іздеме,

Оқалы киім киюге.

Бос мақтанға салынып,

Бекер көкірек керуге.

Сергіту сәті: ойын «Бәйтерек»

Жүргізуші: Абай атамыздың жетінші қара сөзін айтып берсін.

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі -ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды, hәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі білсем екен дейді, не көрсе соған талпынады, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, дәмін татып қарап, біреу күлсе де, жыласа да, «ол немене, бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді, бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген…

Мұғалім:Абай атамыздың ғұламалығы жайында айтылған нақыл сөздер өте көп. Солардың бірқатарына тоқталып өтейін.

«Абайды таныту арқылы біз  Қазақстанды әлемге танытамыз,     қазақ  халқын танытамыз. Абай  әрқашан  біздің ұлттық  ұранымыз болуы тиіс» (Нұрсұлтан Назарбаев)

«Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді» (Ғабит Мүсірепов)


Қорытынды:

Жүргізуші:Абай Құнанбайұлы қазақ әдебиеті поэзиясында шоқтығы биік дара, дана тұлға. Абай атамыз қазақ поэзиясының өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа  терең ойға толы, мазмұнды, көлемді, мағынасы терең өлеңдерімен мұра қалдырды.

Бүгінгі «Абай – ұлы тұлға» атты тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Қатысқан  оқушылға көп-көп рахмет. Сау болыңыздар.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.01.2024
204
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі