Тақырыбы:
«Абай
– дара, Абай - дана»
оқулар сайысы
Мақсаты:Қазақтың
бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай
Құнанбаевтің мол мұрасын колледжішілік
сайыс арқылы насихаттау. Білім алушылардың
бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті
мен көркем сөздің мәйегін сіңіру.
Қанымызда бар шешен де тауып шебер
сөйлеу мәдениетін ұрпақ бойынан көру.
Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы
студент бойына мақтаныш сезімін тудыру,
даналардың даралығын бағалау, қастерлей
білуге баулу.
Сайыстың
барысы:
1-жүргізуші:
Дана Абайды
Қазақтың
ақылына балаймын!
Туатұғын
алдынан ғасырына балаймын!
Ақылының
нұры бар, Абайы бар қазақтың,
Жан
алаңы, мұңы бар-қазағы бар Абайдың!
2-жүргізуші:
АрлыАбайды
Қазақтың
қайраты деп ұғамын,
Қайда
барса, айбыны, айбаты деп ұғамын!
Жер
шарының шиырлап, қай жағынан шығамын,
Құбылаға
бұрғандай, Абайға бет бұрамын!
1-жүргізуші:
Дара
Абайды
Қазақтың
жүрегі деп білемін!
Жүректі
шер меңдесе, таба алады кім емін!?
Ақындардың
ірісі, ғашықтардың пірі едің,
Жайған
сәби саусағын, қайран менің жүрегім!
2-жүргізуші:
Қазақ
халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы,
туған елінің мың жылдық мұңын шерткен
Абай мұрасы-мәңгілік мұра. Ол бүгінгі
күні өзіміздің досымыздай, ғұлама
сапарлас серігіміздей болып, сәулетті
болашаққа қарай бізбен бірге аршындап,
адымдап келеді.
1-жүргізуші:
Құрметті
ұстаздар, қонақтар және Абай өлеңін
жан-тәнімен, ыстық жүректерімен сүйетін
сайысқа қатысушылар! Бүгін ерекше күн.
Себебі, қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың
жырлары оқылады, әндері шырқалады.
Колледжішілік Абай оқуларына қош
келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Сайысқа
төрелік ететін әділқазылар алқасымен
таныс болыңыздар.
1.Директордың
оқу жұмысы жөніндегі орынбасары :
Амиргалиева Рыскуль Жумагазиевна
2.
Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі
орынбасары : Жұмахан Алия Ануаровна
3.
Шетел тілі пәнінің оқытушысы Мырзаханова
Сауле Кабдуахитовна
4.
Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Қожанов
Серік Ахметханович
1-жүргізуші:
Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай
топтан озған, жүйрік тұлға.
Қошеметтеп,
көрермен, қол соғыңдар
Сайысқа
қатысушы тұлғаларға.
Енді
бүгінгі колледжішілік Абай оқуларына
сайысқа түскелі келген жас ақындарымызды,
күміскөмей әншілерімізді және сөз
шеберлерін қошеметпен ортаға шақырайық.
2-жүргізуші:
(Абай өмірбаянынан қысқаша мәліметтер
оқып береді)
1-жүргізуші:
Ендігі кезекте Абай атамыз жайлы қысқаша
бейнефильмге назар аударайық.
2-жүргізуші:
Енді
сайыс шарттарымен таныс болыңыздар.
Сайыс 3 кезең бойынша өтіледі.
1.«
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» -
Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу
сайысы
2.
«Абайдың қара сөздері» - Абайдың
қара сөзерін жатқа айту сайысы
3.
«Көңілім әнді ұғады» -
Абай әндерін орындау сайысы
1-жүргізуші:
Сайысымызды
бастамас бұрын құттықтау сөзін
колледжіміздің
директордың оқу жұмысы жөніндегі
орынбасары Амиргалиева Рыскуль
Жумагазиевнаға береміз ( сөз сөйленеді)
1-жүргізуші:
Сонымен
сайысымызды бастаймыз.
2-жүргізуші:
Сайыскерлерге
сәттілік тілейміз.
1-жүргізуші:
Мен
жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды,
ертегіні термек үшін.
Көкірегі
сезімді, тілі орамды
Жаздым
үлгі жастарға бермек үшін,-дей келе ,
«Өлең
- сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңі
бойынша
Абай шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу
сайысында бақ сынайтын сайыскерлерге
кезек берейік.
Сайыскерлеріміз:
1.2
нк
Сайыскерлеріміздің
әділ бағасын білу үшін назар
аударсақ.(бағалары көрсетіледі)
1-жүргізуші:Құрметті
жыр сүйер қауым! Бүгінгі сайысқа арналған
ән-шашуды қабыл алыңыздар.
Сайысымыздың
екінші кезеңі «Абайдың
қара сөздері»
- Абайдың қара сөздерін жатқа айтуымызды
бастаймыз. Алдарыңызда қара сөз оқып
бастаушымыз
2-жүргізуші:
1Мк
1-жүргізуші:
Рахмет,
қатысушылар. Ендігі кезекте әділ
қазыларымыздың берген бағаларын
білсек.(бағалар көрсетіліп, айтылады)
1-жүргізуші:
Құлақтан
кіріп, бойды алар,
Әсем
ән мен тәтті күй.
Көңілге
түрлі ой салар
Әнді
сүйсең менше сүй,-дей отырып, «Көңілім
әнді ұғады» кезеңі, яғни,
Абай
әндерін орындау сайысын бастаймыз.
1-жүргізуші:
Рахмет
қатысушылар!
2-жүргізуші:
Осымен
колледжішілік Абай оқулары өз мәресіне
де келіп жетті. Сайыс жеңімпаздарын
анықтау үшін сөз кезегін әділқазылар
алқасына береміз.
Әділқазылар
алқасының шешімі бойынша:
1.«Жүйріктен
жүйрік озар жарысқанда» кезеңі жеңімпазы:
2.
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы»
кезеңі жеңімпазы:
3.
«Көңілім әнді ұғады» кезеңі жеңімпазы:
1-жүргізуші:
Абай!
Поэзия
әлеміне самғадың,
Әділетті
көксеуден еш талмадың.
Ақындардың
көшбасшысы атанып
Ел
аузында мәңгі қалды жазғаның.
2-жүргізуші:Абай!
Өзің
едің өлең-жырдың тарланы,
Шоқ
жұлдыздай биік туған арманы.
Қуат
алдым жырларыңнан, нәр алдым
Қолдасын
деп Абай ата аруағы.
1-жүргізуші:Мен
өлеңге сыйғыза алман Абайды,
Жыр
құдайы жоғарыдан қарайды.
Өлеңкелі
кеудесіне қазақтың
Шымырлаған
шуақ болып тарайды.
2-жүргізуші:Өлең-жырдың
көктеткен боз тақырын,
Анық
басып, жүрдің байқап ақырын.
Қазақ
бүгін көтереді көгіне.,
Халық
үшін қан жылаған ақынын.
1-жүргізуші:
Колледішілік
Абай оқулары осымен аяқталды. Абайдай
дана, Абайдай дара, Абайдай биік болыңдар.