400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Абай – дара, Абай – дана қазақта»

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған

«Абай – дара, Абай – дана қазақта» атты дөңгелек үстелі

Мақсаты:

  • Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып»,

Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;

  • «Сөз патшасы-өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой-қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;

  • Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын насихаттау

Көрнекілігі: слайд, презентация, ақын суреті, кітаптар көрмесі

Өткізу түрі: дөңгелек үстел

Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдау
2Мұғалім: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, әдебиет сүйер қауым,

                   білім нәріне құмар оқушылар!

 Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға А.Құнанбаевтың 175 жылдық мерекесіне арналған

«Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты тағылымды шараға қош келдіңіздер!

Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы.Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып келеді.

Нұрсұлтан:  Абай    Құнанбаев    1845      жылы   бұрыңғы   қазіргі      Шығыс   Қазақстан   облысы, Абай   ауданында   дүниеге  келген. Абайдың әкесі Құнанбай   Қарқаралы   уезіне   аға сұлтан болған.Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасына мұсылманша   хат   таниды.      Абайды   әкесі   он   жасында  Семей   қаласындағы   Ахмет  Ризаның   медресесіне   оқуға береді.   Ол   бос   уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навои, Физули, Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.

Абай медреседе небәрі үш-ақ жыл оқиды, соңғы жылдары өз бетімен «приходская школаға» түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл-ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек болып, оны оқудан елге алып кетеді.

Өлеңдері туралы

Аяна:

М.Әуезов Абайды «Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп атауы да жайдан жай емес. 80-жылдардың орта кезінен бастап Абай ақындық жолға біржола бет бұрады. Бұл кездегі өлеңдері-толысқан ой-сананың жемісі.

Гульзат: Ғылым таппай мақтанба өлеңі

Ғылым, білім туралы көзқарасы

  • «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

  • «Интернатта оқып жүр»

  • «Ғылым таппай мақтанба»

 Абай – озық мәдениетті насихаттаумен қатар, әлеуметтік-азаматтық санасы өскен, халықтың үлкен қайраткері.

Халық, замана, адам

  • Сабырсыз, арсыз, еріншек»

  • «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ»

  • «Өлсем орным қара жер»

  • «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»

Махаббат  , достық лирикасы

  • «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»

  • «Есіңде бар ма жас күнің»

  • «Ұяламын дегені көңіл үшін»


Мұғалім: Абай – ұлы суреткер. Соның дәлелі жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдері

Нұрсұлтан: «Қыс» өлеңі

Мұғалім:  Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі – ол Абайдың қара сөздері.

Абайдың қара сөздері – көркем шығарма түрінде емес, ақынның өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл-өнеге, өсиет, ғибрат сөздер.Жалпы қара сөздер саны 46. Оның 46-сы аяқталмаған. Абайдың қара сөздері өз кезі үшін де, бүгін де бағасы зор.

Расул: 7,11 қара сөздері

Енді Абай атамыздың әндерімен танысайық.
Гүлайна:

«Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдағанымызда табиғаттың ғажайып суреті көз алдыңа келеді. Жаздың желсіз тұнық түніндегі бұлтсыз аспанды, ай астындағы айнадай мөлдір өзенді, өзен бетіндегі діріл қаққан ай суретін, ұйқы құшағындағы ауылдың сырт көрінісін көргендей боласың.
«Айттым, сәлем, Қаламқас» әні де, сөзі де жылы дүниеге қатар келген, бұл әнді ұлы ақын өзінің тұңғыш сүйген қызы Сүйіндік қызы Тоғжанға арнаған.
Аяулы сезімге толы, жүрек қылын шертер тағы бір әні « Көзімнің қарасы» (әнді тыңдау)
« Сегіз аяқ» әні жазылған. Абай бұл әнде өмірде көңілге түйгенін, көргені мен сезгенін, қиянаты мол өмірдегі тартыс таласты, өзінің алдына қойған ғұмырлы мақсатын баяндайды.
«Өзгеге көңілім тоярсың» әні өлеңнің күшін, жол сезіміне әсерін білдіре келіп, жастарға ақыл, қайрат, жігер беріп, өзінің балалық шағынан бастап бүкіл өмірін ән күймен суреттеп, бейнелеген.Қазіргі таңда қазақ эстрада жұлдыздары Абай әндерін орындап жүр.

Мұғалім: Абайдың поэмалары: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».

Бұл поэмалары қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған. Шығыстық оқиғалар сарынында жазылған. Идеясы – ұстаздық, тәрбиелік ой-мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі көрсету.

Абай Крыловтың,Пушкиннің,Толстойдың шығармаларын өз бетінше ізденіп,тауып оқып, аудармалар жасаған..

Ол Лермонтов пен Пушкиннің өлеңдерін,Крыловтың Мысалдарын қазақшаға аударған.

Мұхтар Әуезов Абай туралы «Абай жолы» деген үлкен кітап жазған. Өзі де Абайдың жолын қуып,ұлы жазушысы болған.

Достарым, біз Абайды енді білеміз бе?
Қай сөзі, қай өлеңі жүр есіңде,
Абайды анық білмей қона алмаймыз
Жақын кеп, жақсылықтың іргесінде.
Зор іспен айналсаң да, басқа бір сен,
Артық емес Абайды жаттап жүрсең.



Көп адам дүниеге бой алдырған,

                        Бой алдарын, аяғын көп шалдырған.

                        Өлді деуге сия ма айтыңдаршы,

                        Өлмей тұғын артында сөз қалдырған

Жақсының аты өлмейді. Абайдай дара да дана ұлы бар қазақ халқы бақытты. Ұлының ұлылығын әлемге танытайық!
Қазақ тілі – Абай тілі. Оны терең оқып білейік!
( Ән әуені ойнап тұрады)

Назарларыңызға рахмет!











Ащысай орта жалпы білім беретін мектеп - балабақшасы













Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған

«Абай – дара, Абай – дана қазақта» атты

дөңгелек үстелі















Өткізген: Музыка пәні мұғалімі

Айсиева А.С.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
468
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі