жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Абай- дара,Абай-дана қазақта"
Әдеби кештің тақырыбы: «Абай- дара,Абай -дана қазақта»
Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абайдың киелі есімін артына қалдырған мағыналы рухы биік мәртебесін жоғары ұстап асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру. Оқушылардың Абай өлеңнің басшылыққа ала отырып отансүйгіштікке,адамгершілікке дағдыландырып, қоршаған ортаны қәдірлей білуге тәрбиелеу. Әдісі: сахналық көрініс, әдеби-музыкалық монтаж .
Көрнекілігі: Тақырыпта байланысты ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, Абай портреті, кітап көрмесі.
Барысы:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі: «Абай- дара,Абай -дана қазақта» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:Өлді деуге болама айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына із қалдырған,-деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де,жалынды жырмен де бізбен бірге жол алып келеді.
2-жүргізуші:Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді, оның әрбір бетінен,әрбір жолынан,әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп есті.Ол леп өткен заманның, кешегі тәркі дүниенің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай-лебі, Абай-үні, ана тынысы-заман тынысы, халық үні.
Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
Айгерім 11: Озып туған заманнан
Ойшылардың,бірі едің.
Қараңғылықта қамалған,
Қазақтың дана пірі едің.
Көңіл көзін ашам деп,
Наданмен жалғыз алыстың.
Білім дәнін шашсам деп,
Заманнан озып жарыстың.
Озықтан ғылым тапсам деп,
Пушкинменен сырластың.
Қатарға жұртты қосам деп,
Мұңымен елдің мұңдастың,
Арманды бабам аңсаған,
Ұрпақтарын жалғады,
Жоқ кешегі көп надан,
Еліме бақыт орнады.
Дильнара 11: Дәл осы күн бір ұлы той елімде,
Ән жыр айтып, ештеңе жоқ көңілде.
Шаттан халқым дана қазақ баласы,
Абай атам жүз жетпіс бестің төрінде.
Абай ата ұмытылмас есімің,
Ұмыта алмас халық сендей есімін,
Бір сәт естерінен шығарса,
Ұрпағыңа бейбіт өмір орнайды.
Қасиет деп сенің таудай мұраңды,
Абай ата тастап кеткен жыр әнді
Көздерінің қарасындай қорғайды.
1-жүргізуші:Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан суынын қандырған кім?
Қастерлеп сөз асылын өлеңімен
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
2-жүргізуші: Ерте оянып, ойланып ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон,құлақтан құм құла қырды,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Дияс 11 Ән: «Желсіз түнде жарық ай»
Дияс 7а : Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол- ақынның білімсіз бейшарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Арнұр 7а: «Әсемпаз болма әрнеге»
Өнерпаз болсаң,арқалан
Сен де –бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар,қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да қуғанға
Әділет,шапқат кімде бар,
Асхат 7а: «Қайран елім ,қазағым, қайран жұртым»
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан,бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сыртың?
Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
1-жүргізуші:А.Байтұрсынов: Қазақтың бас ақыны- Абай, шын аты Ибраһим Құнанбаев. Абайдан асқан бұрын-соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек.Сөздің шырайлы, ажарлы болуына айдың шеберлігі керек. Ұнамды,орамды дәмді болуына сыншылық керек. Мағыналы, маңызды болуына білім керек.Абайда осы үшеуі де болған.»
Бақыт 7а: «Күз»
Азиза 7а:«Қыс»
2-жүргізуші: Абай өз заманындағы жас ұрпаққа,көңілі ойлы,білімі терең адамдарға үміт артып,өзінің мақсат-мұратына тартуға ұмтылды.
Аяулым 7а: «Жазғытұры»
Әмина 7а: «Жаз»
Арлан 7а: «Жүрегім менің қырық жамау»
1-жүргізуші: Әннің естісі бар есері бар,тыңдау үшін құлағын кесері бар.Ақылдың сөзіндей ойлы күйлі тыңдағанда көңілдің өсері бар.
Ән.Айгерім,Дильнара «Көзімнің қарасы»
Айша 7а: «Ғылым таппай мақтанба»
Сымбат 7а : «Құлақтан кіріп бойды алар»
Аяжан 7а: «Өлсе өлер табиғат»
2-жүргізуші: 9 а сынып оқушыларының орындауында Абайдың қара сөздері
Райымжан -1сөз,Нурислам-2сөз,Азамат-5сөз,
Ыбырайм-14сөз, Ақнұр-15сөз,
1-жүргізуші: 7 сынып қыздарының орындауында Б И
Арайлым-16сөз, Уалихан-18сөз
Жаннұр-19сөз, Альхам -24сөз, Гульнара-31сөз, Аяна-33сөз
1-жүргізуші: Абайдың 17 қарасөзі көрініс
Қайрат,ақыл,жүрек үшеуі өнерлерін айтысып,таласып,ғылымға келіп жүгініпті.
Қайрат:Ғылым өзің білесің ғой,өзіңді білуге,ерінбей жалықпай үйрену керек, ол менің ісім,ерінбей,жалықпай орнына келтірмек те-менің ісім.Дүниеге дайындық өнер,мал тауып,мансаты еңбексіз табуға болмайды.Осы екеуі маған қалай таласады?
Ақыл: Не пайдалы болса, не залалды болса,білетұғын мен,менсіз пайданы іздей алмайды екен осы екеуі маған қалай таласады?
Жүрек: Адам денесінің патшасымын қанменен тарайды жаны мен де мекен қылады,менсіз тіршілік жоқ.Жақсылыққа елжіреп, еритұғын-мен жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын мен.Менсіз осылардың көрген күні не?Осы екеуі маған қалай таласады?
Ғылым:Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ менің ісім .Ақыл,сенің қырың көп.Жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді.Қайрат сенің қаруың көп,күшің мол,сені де еркіңе жібермейді.Осы үшеуің бастарыңды қос,бәрін жүрекке билет.Үшеуің ала болсаң мен жүректі таңдадым.
2-жүргізуші : 7 сынып қыздарының орындауында Б И
1-жүргізуші:Абай шыққан бір сәуле сөнбесін деп,қоламтаны үрледім өрлесін деп алудамыз Абайдан үлгі өнеге,бүгінгі ұрпақ тұрмызғой бір кемеде.
2-жүргізуші:Халқың сүйер Абайды таңдардырған талайды өнегесін үлгі етіп жүрсек бізден жарайды.Болашақ бостандыққа көңілі сенген,ол өлседе өлмейтұғын сөз қалдырған мінекей мирас болып бізге келген.
Қорытынды:
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді,тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,-деп Абай айтқандай Абай үні,Абай лебі,Абай тынысы-заман тынысы,халық үні.Біз үшін Абайдың әрбір өлең жолы,қара сөздері үлгі-өнеге,тәрбие.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар,кешке келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
«АБАЙ –ДАРА,АБАЙ -ДАНА ҚАЗАҚТА»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген