400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай -философ

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаевтың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы қара сөздерін, өлеңдерін бала бойына дарыту, өлең мен қара сөздерінің мазмұн бірлігін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Сағындық Аида Серікқызы

КМҚК «Бегім-Ана» балабақшасының тәрбиешісі

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Абай – философ »

Тәрбиелік мақсаты: Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін салыстыра отырып, балаларды адами қасиеттерге баулу,ақынның қара сөздерінен үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу.

Білімділік мақсаты: Абай Құнанбаевтың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы қара сөздерін, өлеңдерін бала бойына дарыту, өлең мен қара сөздерінің мазмұн бірлігін түсіндіру

Дамытушылық мақсаты: Әр баланың өзіндік ой-қиялына ерік беріп, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түйсіктерін дамыту.

Әдіс-тәсілдері және қолданылатын технологиялар: түсіндіру, көрсету,сұрақ-жауап, АКТ технологиясы, ТРИЗ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, жыл мезгілдеріне, қара сөздеріне және мысалдарына лепбук тапсырмалары Үштілділік компонент: ақын-поэт-aqyn, аудармашы-переводчик-translator ағартушы-просветитель- enlightener

Оқу қызметінің барысы:

Тәрбиеші: Сәлемдесу. Балалар келген қонақтармен амандасып алайық. Сәлеметсіз бе-здравствуйте- good morning.

Тәрбиеші: Балалар бүгін біз көркем әдебиет оқу қызметінен Абай Құнанбаевтың 175жылдығы қарсаңында «Абай-философ»тақырыбында оқу қызметімізді өтетін боламыз.

Балалар суреттен кімді көріп тұрмыз?

Балалар: Абай Құнанбаев

Тәрбиеші: Абай кім?

Муслима: Абай- ақын болған. Ұлы ақын өз шығармаларында жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды.

Асад: Абай –аудармашы: Абай Белинскийдің еңбектерін, А.С.Пушкин,М.Ю.Лермонтов шығармаларын, И.А.Крыловтың мысалдарын ұнатып оқыған және қазақ тіліне аударған.

Жұмабек: Абай –Сазгер.Абай тек ақын ғана емес, сазгер болған.Абай атамыздың Сегіз аяқ, «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем Қаламқас» «Көзімнің қарасы» тағы басқа әндері бар.

Асылжан: Абай – ойшыл. Абай атамыз өзінің шығармашылығында қара сөзге ерекше мән берген. Абай атамыздың 45қара сөзі бар.

Тәрбиеші: Абай атамыз қай жерде дүниеге келген?

Балалар: Ұлы ақын,ағартушы Абай Құнанбаев бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді.

Тәрбиеші:Абай Құнанбаев дүниеге келген жері Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы болып өзгертілген.  Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады. Абай көпті көрген әжесі Зеренің тәрбиесінде болды. Шешесі Ұлжан да ақылды ананың бірі болған. Әкесі Құнанбай Өскенбайұлы орта жасқа келгенде атқа мініп, ел билеу жұмысына араласқан ел басқарған адам болған.

Балалар Абай атамыздың Жидебайда бұрын өзінің тұрған үйін, қолданған заттарынан музейі ашылған болатын. Жидебайдағы музейін тамашалайық.

Балалар Абай атамыз ақын, ойшыл, аудармашы болған. Абай атамыз көптеген өлеңдерін табиғат лирикасына арнаған . Балалар менің қолымда ағаш, кітап және киіз үйдің суреттері бар, сол арқылы үш топқа топтасып алайық.

Ағаштың суретін алғандар жыл мезгілдері туралы тапсырмалар орындап Абай атамыздың жыл мезгілдеріне арнаған өлеңін айтады.

Кітаптың суретін алған балалар Абай атамыз кім деген сұраққа жауап береді және Абай атамыздың қара сөздерін айтып беруі қажет.

Киіз үйдің суретін алған балалар Абай атамыздың мысал өлеңдерінің кейіпкерлерін ажыратып, бір мысалын айтып береді.

Ән: «Желсіз түнде жарық ай»

Балалар бүгін қандай оқу қызметі өтілді?

Абай Құнанбаев кім?

Балалардан қандай тапсырма орындағандарын сұрау.

Абай қазақтың демократ ақыны, ұлы ойшыл,сазгер, философы. Ол қазақ тілінің мәйегінен көптеген өлеңдер мен дастандар сондай-ақ, басқа да философиялық шығармалар жазды.Абай атамыздың өлеңдері білімге,ғылымға шақырады. Қазақта Абай атамыздың мол мұрасы барда ол біздің мәңгілік жадымызда.

Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады:Абайдың жыл мезгілдеріне арналған өлеңдерін;

Түсінеді: Абайдың қара сөздерің мағынасын;

Қолданады: Абай шығармаларын қолданады;



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
460
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі