Материалдар / Абай әлемі - графикада. ( шебер класс)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Абай әлемі - графикада. ( шебер класс)

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың табиғат жайлы шығармалары туралы түсінік беру, графикалық жұмыстың ерекшеліктеріне көңіл бөлу. Абай әндерінің мазмұнына түсіне отырып, илюстрацияны экслибрис түрінде бейнелеуді үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2022
415
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы

Абай әлемі - графикада. ( шебер класс)

Мектеп: "№ 2 мектеп- гимназия" КММ

Мұғалімнің аты - жөні: Танирбергенова Айтолкын музыка пәні мұғалімі,

Кульдеев Асылбек Искакович ( көркем еңбек пәнінің мұғалімі

Күні:

Сабақ мақсаттары

Абайдың табиғат жайлы шығармалары туралы түсінік беру, графикалық жұмыстың ерекшеліктеріне көңіл бөлу.

Абай әндерінің мазмұнын түсіне отырып, илюстрацияны экслибрис түрінде бейнелеуді үйрету.

Сабақ түрі

Кіріктірілген сабақ

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.


Ресурстар

Суреттер, кері байланыс, стикер, графикалық материалдар: графит қарындаш, ПВХА, гель қалам, баян аспабы, интерактивті тақта, слайд

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, топтық тапсырмалар. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс


Музыка, көркем еңбек ,тарих.


Күтілетін нәтиже

  • Абайдың табиғат туралы өлеңдерін біліп, түсінігін бейнелей алатын болады;

  • Иллюстрацияны экслибрис түрінде бейнелейді;

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы:

Бағалау түрлері

Басталуы

2 минут

І.Ұйымдастыру.

Топқа бөлу : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді.

1. Мұғалімдер кассирден билеттер алады.

2. 1,2,3 вагондарға бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз бір үлкен отбасы.

1-топ:

«Бақыт» вагоны

2-топ:

«Сүйіспеншілік» вагоны

3-топ:

«Жарқын өмір» вагоны



(Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)

Жаңа білім

5 минут













ІІ.Білу және түсіну

Қызығушылығын ояту

Бейнеролик көрсетіледі .

1. Әнді тыңдағанда қандай сезімде болдыңыздар?

2 .Неліктен ғарышкер Абай әнін шырқады деп ойлайсыздар?

Иә,дұрыс айтасыздар ,ғарышта шырқалған ә- ұлы ақынның «Көзімнің қарасы» әні .Оны миллиондаған халық тыңдаған.Тыңдаған адамдар әннің тілін түсінбесе де,оның туған Отанмен байланысып жатқанын іштей сезінген болатын.Әннің байсалды сипаты,кең тынысты әуені,жай екпіні,қазақ халқының болмысын көрсетіп тұрғандай әсер қалдырады.Абайдың бұл әні миллиондаған халықтың жүрегіне жол тапты.



Бейнеролик

Сабақтың ортасы

10 минут

ІІІ. Абай әндеріне иллюстрация жасаймыз. Бейнелеу өнерінің ең көне түрі графика, қазақша "сызба өнері". Экслибрис(лат. libris - кітаптан), кітап белгісі - кітаптың кайда, кімге тән екендігін айқындайтын таңба-белгі. 


Мұғалім экслибрис әдісімен сурет салу техникасын көрсетеді.

Тапсырма: Әр топқа ақынның әні беріледі, сол әнді негізге ала отырып сурет салу.

1-топ : « Желсіз түнде жарық ай» әні

2-топ : « Қараңғы түнде тау қалғып»

3-топ : «Көзімнің қарасы »


Дескриптор:

1. Экслибрис техникасын меңгереді .

2.Топтық, жеке жұмыстарды орындайды;



Бағалау



Кері байланыс 3минут













Рефлексия

IV.Бағалау.


«Құндылықтар спектрі» әдісі



Жеке орындалған жұмыстарын жіпке іліп, үздік жұмысты анықтау.

" Аукцион" әдісі ойнатылады.


Барлығы хормен "Желсіз түнде жарық ай" әнін орындайды. (баян аспабының сүйемелдеуімен)

Бүгін мен көп үйрендім Маған ұнады

  • Мен түсінбедім




Кері байланыс парағы"Аукцион" әдісі бағалау.














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!