|
- Сәлеметсіңдер ме ! Қайырлы
күн!
- Балалар бір жылда қанша жыл мезгілі
бар?
-Дұрыс айтасыңдар, ал қазір жылдың қай
жыл мезгілі ?
- Көктемде қандай ерекшеліктер
болады?
- Қанекей барлығымыз бірге көктем
айларын атайықшы.
- Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз ерекше
болмақ.
Ғажайып сәт:
(Есік қағылып, топқа почташы
келеді)
Почташы: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бұл
«Қарлығаш» тобының балалары ма
екен?
- Қане почташы ағаймен барлығымыз
амандасайық. Бізге хат келіпті. Мен сендерге оқып
берейін.
- Балалар хатта Абай атамыздың 175
жылдығына орай көрме ұйымдастырылып жатқаны жазылған
екен. https://images.app.goo.gl/hiWaMLFtjtWX1jHo6
Көрмеге «Абай мұражайындағы» Абай
атамыздың қолданған бір құралын жасауымыз керек екен. Ең әдемі
жасалған бұйымға сыйлық бар деп
жазылыпты.
- Сендер біздің қаламыздағы «Абай
мұражайына» барып көріп пе едіңдер?
- Ендеше біз бүгін «Абай мұражайына»
саяхат жасайтын боламыз.
Қане көзімізді жұмамыз, орнымыздан
тұрамыз мына өлең жолдарын айтамыз.
Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң,
арқалан. Сен де — бір кірпіш, дүниеге Кетігін тап та, бар
қалан!
- Енді көздерімізді жайлап ашамыз.
(Абайдың «Көзімнің қарасы» өлеңі қосылып, Абай мұражайының суреті
қосылады) https://images.app.goo.gl/jAWRVMcWzdPpH3Jw5
- Біз қайда келдік
?
- «Абай мұражайының» ішіне кіргілерің
келеді ме?
- Алайда балалар біз кірместен бұрын
Абай атамыздың өмірбаянымен танысып алуымыз
керек.
Абай атамыз қай жерде дүниеге келген
екен?
- Тамаша Абай атамыз 1845 жылы
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Шыңғыстау бөктерінде
дүниеге келген.
- Биыл Абай атамызға қанша жыл толып
отыр екен?
- Дұрыс айтасыңдар. Абай атамыз бүкіл
қазақ елінің мақтанышы. Бізде Абай атамызбен мақтануымыз
керек.
- Мәдени мекеме Абай атамыздың 95
жылдық мерей тойына орай ашылған екен. Мұнда Абай атамыздың өзінің
қолданған құралдары бар екен.
- Бұл не
балалар?
- Сендер атқа мініп көрдіңдер
ме?
- Ертоқым атқа мінгенде міндетті түрде
керек екен.
- Ал бұл тері торсық.
https://images.app.goo.gl/b2iZ8z65eTfF9z7w5
Ертеде ата-бабамыз қымызды, суды осы торсыққа
құйып ішкен екен.
- Сендер қымыз ішіп көріп пе
едіңдер?
- Ия қымыз қазақ халқының ұлттық
сусындарының бірі. Біз қымызды төрт түліктің бірі жылқыдан алады
екенбіз.
- Бұл шипалы қымызды құятын қымыз
ожау.
- Ал мынау қымыз тегене
https://images.app.goo.gl/gwKcRJU9iLoAFWXZ9
Абай атамыздың өзі қымызды құйып ішкен
болатын.
Сергіту сәті:
«Шапшаң қимылда» (Көңілді әуен қойылып, балалар
жасырылған Абай мұражайының, Абай Құнанбаевтың суреттерін тез,
жәшікке салуы керек.)
- Бұл
заттың не екенін білесіңдер ме?
-
Не
үшін айбалта олай аталды екен?
-
Себебі
балта айға ұқсағандықтан «айбалта»
деп аталған екен.
- Тамаша! Енді тобымызға қайтайық.
Көзімізді жұмамыз, орнымыздан
тұрамыз.
- Біз қайда саяхат
жасадық?
- Сендерге саяхат ұнады
ма?
- Бәрекелді ! ұлттық
мұрамызды қастерлеп, «көзіміздің қарашығындай» сақтауымыз керек. Ендеше
саяхат барысында ерекше естеріңде қалған бір
құралды өзіміз жасайық.
- «Қымыз тегене» Абай атамыздың қымыз
құйып ішкен ыдысы. Алдымен ермексазды аламыз, қолымызбен
жұмсартамыз. Жұмсартқан болсақ, үлгідегідей етіп
жасаймыз.
|