400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай-дана ,Абай -дара қазақта!

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Абай-дана,Абай- дара қазақта!

1. Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.
2. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.
3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
4. Дамытпалы поэзия сабағы.

Тәсілдері: ой қозғау, сұрақ-жауап, сахналық көрініс.

Көрнекілігі: Абай Құнанбаев, А.С. Пушкиннің портреттері, кітаптар көрмесі,нақыл сөздер

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, қазақ тілі,музыка.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

 Мұғалімнің кіріспе сөзі

- Балалар, бүгінгі сабақта біз қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы ой бөлісеміз. Әрбір жас ұрпақ кішкентай кезінен бастап Абай атаның әнімен сусындап, жырларынан нәр алып келеді.

Мырзагелді Кемел: «Мен қазақты үшке бөлер едім. Біріншісі - Абайды оқығандар, екіншісі - Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер - Абайды оқымағандар».

- Балалар, сендер осының қайсысына жатасындар?

- Біз бірінші топқа жатамыз. Ұлылығым әлемге танылған Абай атаның шығармаларымен танысып жатырмыз.

Бүгінгі заман адамы «сегіз қырлы, бір сырлы» болып өсуі керек. Оның бастысы, біздер үшін-әдептілік.

«Ата толғау» күйі қосылып тұрады.

Бастаушы. Ойқозғау.

Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұрақылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
ҚазағымныңАбайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлемАбайы,- деп ақын Жұмағазы Алмабаев жырлағандай,Абай есімін естігенде есімізге не түседі? ! Келесі Абай Құнанбаевтың өміріне назар аударайық.

Абай Құнанбаевтың өмірбаянынан үзінді

1.Нұрсезім .Абай- ұлы ақын, Абай –дана, ойшыл.Абай-аудармашы.Абай- сазгер, композитор.Абайдың шын аты-Ибрагим.

2.Нұрдәулет  Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз 1845жылы тамыздың оныншы жұлдызында қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бауырында, Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген.

3.Бекет Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болып сайланған.Атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған. Арғы атасы –Ырғызбай- билеуші сұлтан болған.

4.Асылназ : Абайдың әжесі –Зере.Абайды осы Зере деген әжесі тәрбиелеген.Әжесі Ибрагимді еркелетіп "Абай" деп атап кеткен.

5.Шыңғыс : Абайдың анасы Ұлжан- ақылды, мейірімді кісі болған.

6.Ералы: Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таныған.12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқуға түседі.Ол үздік оқушы атанады.

7.Азиль : Абай 14 жасында сықақ өлеңдер шығарған.

8.Көркем : 15 жасынана бастап, әкесіне көп көмегін тигізген. Ел-жұртАбайдыбиетіпсайлады. 20 жасында Абай от тілдішешенболған.

9.Дәулет : Абай – сазгер. «Айттым сәлем ,Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», әндері бар. Домбыра тартқан, 3 – 4 күйі бар. «Май түні», «Абай желдірмесі»

10. Расул: 4 жылдық медреседе және 3 айлық орыс мектебінде оқиды. 15 жасында би етіп сайлайды.

11.Қарақат : Абай Құнанбаев 1904 жылы, 60 жасында Семей облысының Шыңғыс болысында дүниеден қайтқан

Біз Абай атамыздың өмірбаянымен туған жерімен таныстық.

Абай атаның қандай өлеңдерін білеміз?

Айзере:1- оқушы:«Құлақтан кіріп бойды алар» 
Темірлан:2- оқушы:«- «Ғылым таппай мақтанба»

Жанерке .3- оқушы:«Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы»

Алина:4-оқушы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

Айлина:5- оқушы:«Алланың өзі де рас, сөзі де рас»

Сезім :6-оқушы: «Әсемпаз болма әрнеге»

Дамир :7-оқушы: « Қайран елім, қазағым, қайран жұртым»

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңін Бейбарыс мәнерлеп оқиды.

«Сабырсыз,арсыз,еріншек» Нұрсез3м

1. Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне байланысты қандай өлеңдері бар

(«Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз»).

Өлеңді Нұрсезім , Асылназ,Расул мәнерлеп оқиды.

Екі топқа бөліп 5 жолды өлең құрау « синквейн» әдісі

Топпен жұмыс:

Көрініс. "Абай мен Әбіш"

Автор.Абайдың Әбдірахман деген баласы Петербургте оқып, жазғы демалыста үйіне келеді. Абай баласының алғырлығын сынап білейін деп былай дейді.

Абай. Қалқам, Әбіш, осы әлемдегі ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?

Әбіш. Ақ зат асыл ғой.

Абай.Неге, қаразатасылемеспе?

Әбіш.(күліп).Әке, қаранықалайасылдейсіз?

Абай. Балам, біріншіден,адамбаласыбарлықнәрсенікөзбенкөредіемеспе.

Көздің ағы көрмейді,ортасындағы қара шығы көреді.Қараның асылына осы дәлел.

Екіншіден балам,қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне қара сияда өнер-білім алады.

Үшіншіден. Жас кезде адамның сақалы,шашы қара болады. Жаскүндеадамдаақыл, білім,қайрат көп болады.Қартайған да шаш, сақал ағарады. Қайрат та азаяды.

Балам, сондықтан мен қараны асыл ма деп ойаймын.

Әбіш. Әке, оныңбәрінқалайбілдіңіз?

Абай.Ақылменбілдім, балам.

Әбіш.Олайболса, ақылмидаболмайма, ал ми ақзатемеспе!Екіншіден, ақыл-нұр, жарықзат. Ол да аққаұқсамайма.

Абай. Бәрекелді, балам.

Ақылыңнанайналдым. (Баласыныңмаңдайынаниіскп, сүйеді.)

Автор. Абай Әбіштіңтауыпайтқансөзіне риза болд
Мұғалімніңтүсіндірмесі. Ой-толғаныс.

Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырықбес бөлекшығарма. Абайдың қарасөздері адамды адам болуға, ізгі ниетті адамгершілік қасиеттерінің мол болуына, жаман дағдыларын аулақ болуға үйретеді. Олай болса, Абай қара сөздерінен танысайық.

Нұрсезім: 18-ші қара сөзі.Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ емес. Одан басқа нәрселерменен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық.

Асылназ: 21-ші қарасөзі.Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма. Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?

19-шы қара сөзінің аудиосын тыңдату.

Мұғалім:Қара сөздерін саралай отырып Абайды кім деп айта аламыз?

Абай – ойшыл

 Балалар, Абай Құнанбаевті сонымен қатар аудармашы деп те айтамыз.

 Абай Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Абай қазақ тіліне «Евгений Онегинді» аударды.Абай аудармаларын зерттеушілер қазір орыс әдебиетінен оның елуден аса аударған өлеңдері барлығын айқындап отыр. Олардың ішінде лирикасы да, баснясы (мысалөлеңдер) да, ұзақөлеңдері де, сатиралық лирикалары да бар.

Қазақ тіліне И.А. Крыловтың бір қатар шығармаларын аударды. Абайдың Крыловтан аударған «Есек пен бұлбұл», «Қарға мен бүркіт», «Шегіртке мен кұмырсқа», «Піл мен канден», «Түлкі мен қарға» атты 5 мысалын ерекше жоғары бағалаған.
Көрініс:«Шегіртке мен құмырсқа»

Шегіртке мен құмырсқаға мінездеме береді

Топпен жұмыс:

  1. Топ: Бес асыл іс. Талап,еңбек,терең ой,қанағат,рахым

  2. Топ: Бес дұшпан.өсек,өтірік,мақтаншак,еріншек, бекер малшашпақ

Оқушылар сәйкестендіріп сөзді жапсырады.

Қаламды бере отырып оқушылар өз бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.

Абай әндерін білеміз бе? Хор: «Желсіз түнде жарық ай»

Сонымен тәрбие сағатымызда не білідік?

Ойды түйіндеу

Бүгінгі сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
        





































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
529
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі