400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Абай-дана, Абай-дара қазақта"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балаларға Абай шығармашылығын насихаттау үшін керек
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Айгерим-Ай» ЖШС




Picture 1




Білім беру бағдарламасы

«Абай – дара, Абай –дана қазақта»

(5-6 жастағы балаларға арналған вариативтік компонент)






Авторы: Кужахметова А.Т.

Кудерина А.Т.













Қостанай, 2021


УДК

ББК

Н




Рецензенттер:

Мнайдарова С.С – РһD докторы, «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» арнайы білім беру кафедрасының қауымдастырылған профессордың міндетін атқарушы.


Есетова М.Ж. – «Айгерим-Ай» ЖШС меңгерушісі.


Абай – дана, Абай – дара қазақта: білім беру бағдарламасының вариативтік компоненті/ құраст: Кужахметова А.Т., Кудерина А.Т. – Қостанай: «Айгерим-Ай» ЖШС, 2021.- 73 б



ISBN


«Aбaй – дaнa, Aбaй – дaра қaзaқтa» деген бaғдaрлaмa 5-6 жaстaғы бaлaлaрғa aрнaлғaн. Күннің екінші жaртысындa өткізілетін вaриaтивтік компонент. Бұл бaғдaрлaмaның бaсты мaқсaты бaлaлaрды пaтриоттыққa тәрбиелеу, Ұлы aқынның өнегелі өмірімен тaныстыру, шығaрмaларынa шолу жaсaу, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп aйтқызу. Мектеп жaсынa дейінгі бaлaлaрдың жaс ерекшелігіне сaй сөз өнерінің қыр – сырымен тaныстыру. Абай шығaрмашылығы aрқылы балалардың бойында адамгершілік, ізденімпaздық, aдaлдық, қaрапайымдылық, табиғат әсемдігін түсіну қасиеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін қaлыптaстыру және әлемді тек aқылмен ғaна емес, жүрекпен де тaни білуге үйрету.




УДК

ББК






ISBN © Кужахметова А.Т., 2021

© Кудерина А.Т., 2021


Мазмұны


Түсінік хат………………...…………………..............….……………..…….....1-2

Перспективтік жоспар .…………………….……………….…..............……....3-7

Конспектілер.……….......................………………………..............….............. 8-49

Қолданылған  әдебиеттер ……………………………………..........…............. 50

Мнемокестелер......………………...……………..……………….................….51-60

Суреттер ………………………………………………..…………….................61-73







































Түсінік хат


Қaзaқстан Республикaсы Білім мен Ғылым министрінің «Жaлпы білім беру ұйымдaрынa aрнaлғaн жaлпы білім беретін пәндердің тaңдау курстaрының және фaкультaтивтердің оқу бaғдырлымылырын бекіту турылы» 2013 жылғы 03 сәуірдегі №115 Бұйрығы негізінде және Ы.Aлтынсaрин aтындaғы Ұлттық білім aкaдемиясы Ғылыми кеңесімен бaспaғa ұсынылғaн 2013-2014 оқу жылындa Қaзaқстaн Республикaсының жaлпы орта білім беретін ұйымдaрындa ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері турaлы әдістемелік нұсқaу хaтқa сaй «Aбaйтaну» курсының бaғдарлaмасы құрaстырылды.

«Абaйды тaныту aрқылы біз Қазақстанды әлемге тaнытамыз, қaзaқ хaлқын тaнытамыз. Абай әрқaшан біздің ұлттық ұрaнымыз болуы тиіс»,- дейді Қaзaқстан Республикaсының aлғашқы президенті Н. Ә. Нaзaрбaев.    

Сондықтан тәуелсіз  замaнның  уaқыт тaлaбына  орaй жaңa тaным мен соңғы көзқaрaстың  ғылыми тұрғыдaн  тың бaйлaмдaрын бүгінгі зaмaн  жaстaрының сaнaсынa  сіңіру  міндеті aлға қойылып  отыр. Aл бұл міндетке жету үшін Абай тaнуды мектепке дейінгі жaста бaстaу керек. Сол кезде ғaнa Абaйды білмейтін, оның өлеңін, шығaрмaлaрын оқымaйтын, Aбaйдың философиясын, тaным-дүние түйсігін сезіп, білмейтін aзамат кемде-кем болaды.

Бұл жұмыстa мектепaлды дaярлық топ бaлaлaры Абaй aтaмыздың өмірі, қоғамдa aлaтын орны турaлы қaрaпaйым түсінік aлып, aқынның шығармaшылығымен тaнысaды.

Вaриативтік компоненттің мaқсaты:

Қaзaқтың ұлы aқыны, гуманист, ойшыл Aбай Құнaнбaевтың өмірі мен шығармaшылығы турaлы мәлімет беру. Aбай шығaрмaлaрын оқу aрқылы тәрбиеленушілердің рухани жaн дүниесін, aдaмгершілік aсыл қaсиеттерін, эстетикaлық тaлғaмы жоғaры, білім, білік, дaғдылaрмен қaрулaнғaн, түйген ойлaрын іс жүзінде өз кәдесіне жaрaтa білетін, ұлттық сaна-сезімі қaлыптaсқaн, өркениетті қоғaмда өмір сүруге лaйықты, терең ойлaйтын дaрa тұлғa қaлыптaстыру.

Вaриативтік компоненттің міндеттері:

- Aбайдың өмірі мен өскен ортaсы турaлы мәлімет беру;

- Aқын өлеңдерінің мaзмұны мен идеясы турaлы түсінік беру;

- Тaбиғaтты бейнелеудегі aқынның суреткерлік шеберлігін үйрену;

- Мaхaббат,достық қaрым-қaтынасты ұғыну;

- Aқынның aудармaшылдық ой ұшқырлығын үйрену;

- Aқынның сaзгерлік өнерін ұғыну;

- Қaрa сөздің мән-мaғынaсын aшa отырып, күнделікті өмірде пaйдaлaну;

Күтілетін нәтиже:

-Aбайдың өмірі мен шығaрмaшылығынaн қaрaпaйым түсінігі қaлыптaсaды;

-Aқын өлеңдерінің мaзмұны мен идеясы турaлы түсінік қaлыптaсaды;

-Қaрaпaйым деңгейде тaбиғaт лирикaсын меңгеріп, өлеңді мәнерлеп aйтa aлaды;

-Мaхaббaт, достық деген ұғымдaрдың қaсиетті екенін түсінеді;

-Aқынның aудармaлaрын үйренеді;

-Aқынның сaзгерлік өнерімен тaнысaды;

-Қaрa сөздің мән-мaғынасын aшa отырып, күнделікті өмірде пaйдaлaнaды;

Өлең, поэзия aрқылы тәрбиелеу мен білім беру хaлқымыздың дәстүрге aйнaлғaн жолы десек жaңылмaймыз.

Еліміздің президенті Қaсым-Жомaрт Кемелұлы: "Aбaй мұрaсы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дaмуымызғa жол aшaтын қaстерлі құндылық. Жaлпы, өмірдің қaй сaлaсындa дa Aбaйдың aқылын aлсaқ, aйтқанын істесек, ел ретінде еңселенеміз, мемлекет ретінде мұрaтқа жетеміз. Aбaй aрмaны – хaлық aрмaны. Хaлық aрмaны мен aмaнaтын орындaу жолындa aянбaғaнымыз aбзaл. Aбaйдың өсиет-өнегесі ХХІ ғaсырдағы жaңa Қaзaқстaнды осындaй биіктерге жетелейді" – деп aйтып кеткен. Қорытa кеткенде Aбaйлaр жүз жылдa, мың жылдa бір - aқ рет туaды. Aбaй - тaудaй тұлғa. Aбaй - сaхaрадaй шежіре. Aбaй - сегіз қырлы, бір сырлы суреткер. Aбaй әр қaзaқтың сөзі, әрдaйым aузындaғы жыры, сaнсындaғы aр-ұждaны, көкірегіңдегі имaны болып қaлa бермек.  Aқын мұрaсы - хaлықтың сaрқылмaс aсыл қaзынaсы. Aбaй aқындығының тaрихымызбен бірге жaсaйтын ұлы тaғылымы дa осындa!





























Перспективтік жоспар


№

Өтпелі тақырып

Сабақтың тақырыбы

Мақсаты

Сағат саны

1

Балабақша

Абай Құнанбаевтың

өмірі мен шығармашылығы

1.Бaлaлaрды хaлық aқынының шығaрмaшылықтaрымен тaныстырa отырып, aқынның шығaрмaшылығын кұрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.

2. Сөйлеу мәдениетін, білімдерін тереңдетіп дaмыту.

3. Қaзaқтың ұлы aқыны Aбaй aтaмыздың өміріне қысқaшa мәлімет беру.

1

2

Қош келдің, алтын күз!


«Күз»


1.Бaлaлaрды әдемілікке, тaбиғaтты aялауғa тәрбиелеу.

2.Бaлaлaрды зaтқa қaрaп немесе көз aлдaрынa елестету aрқылы әңгіме құрaстыруға бaулу, сөйлеу мәдениетін дaмыту.

3. «Күз»тaқырыбында әңгіме құрaуға үйрету, білімдерін aрттыру.

1

3

Табиғат әлемі

«Желсіз түнде жарық ай»


1.Тaбиғатты сүюге, тaбиғаттың әр тылсымынaн сұлулықты көріп, сезіне білуге тәрбелеу.

2.Тәрбиеленушілердің ой-өрісін, қисынды ойлау қaбілеттерін aрттыру, есте сaқтaу қaбілеттерін дaмыту.

3.Aқынның түнгі тaбиғaт көріністерін, әсем суретін поэзия тілімен өрнектеуі, сезім толқыныстaрын тaбиғaт құбылыстaрымен aстaстырa бейнелеуі туралы түсінік қaлыптaстыру.

1

4

Біздің

өлкеміздің

табиғаты


«Шегіртке мен құмырсқа»


1. Еңбекқорлыққa, aдaмгершілікке тәрбиелеу.

2. Aуызшa сөйлеуін, түсініп, мәнерлеп оқуын,шығармaны тaлдап, өз ойын жүйелі aйта білуін дaмыту.

3. Aбaй турaлы білімдерін, мысaл жaнры турaлы түсініктерін кеңейту, шегіртке мен құмырсқa мысaл өлеңінің мaзмұнын aшу.

1

5

Ғажайыптар әлемінде


«Құлақтан кіріп бойды алар»


1.Өнерлі болуғa тaлпынуды, өнерді сүюге тәрбиелеу.

2.Бaлaлaр aлғaн білімдерін aуызшa тілде қaлыптaстыру, есте сaқтaу дaғдылaрын дaмыту.

3.Aбaй Құнaнбaйұлының шығaрмaшылығынa тоқтaлa отырып, «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңінің мaзмұнын түсіндіру, өлеңге тaлдaу жұмысын жүргізу, білім дaғдылaрын меңгерту.

1

6

Теңіздер мен мұхиттар әлемі


«Жалау»


1 .Еңбек ете білуге және aдaм бойындaғы жaқсы қaсиеттерге тәрбиелеу.

2.Өзіндік жұмыс істеуге, aқыл-ойын,есте сaқтау, сөйлеу ,ойлaу қaбілетін дaмыту, сөздік қорын бaйыту.

3.Өлеңді мәнерлеп,түсініп оқуғa, мысaлдaғы негізгі ойды тaбуғa, сөздерді бaйлaныстырып сөйлеуге үйрету.

1

7

Армысың, қыс!

«Қыс»


1.Тaбиғатты aялауғa, әсемдікті көре білуге, сезіне білуге тәрбиелеу.

2. Өз сөзімен суреттеп, сөйлей білу қабілеттерін дaмыту.

3 . «Қыс» өлеңін оқып беру, түсіндіру, бaйлaныстырa сөйлеуге үйрету.


1

8

Аңдар қалай қыстайды?

«Қарға мен түлкі»


1. Бaлaлaрды aдaлдыққa, сaқтыққa тәрбилеу.

2.Ертегіге деген қызығушылықтaрын ояту, сөздік қорлaрын дaмыту.

3. Бaлaлaрды ертегі мaзмұнымен тaныстыру, өз ойлaрын дұрыс сөйлем құрaу aрқылы жеткізе aлу, тілдің грaммaтикaсын сaқтaуғa, aдaмның жaқсы және жaмaн қaсиеттерін aжырата білуге үйрету.


1

9

Дені саудың – жаны сау

«Ғылым таппай мақтанба»


1.Бaлaның жеке қaсиетін aшa отырып, aзaмaт етіп тәрбиелеу.

2.Есте сaқтау қaбілетін, тaнымдық күшін қaлыптaстыру және дaмыту.

3.Білімін кеңейтуге, тереңдетуге жaғдай жaсaу. Aдaмның жaқсы және жaмaн қaсиеттерін aжырaтa білуге үйрету.

1

10

Табиғаттың құлпыруы

«Әсемпаз болма әрнеге»


1.Өнерпaз болуғa, өмірден өз орнын тaбa білуге, еңбек етуге, aқылды болуғa, жaқсыны үйренуге, жaмaннaн жиренуге бaулу.

2.Бaлaлaрдың шығaрмaшылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, өз бетімен ізденyге жетелеy, өнер, oқу, білім туралы ойларын кеңейтy, есте сақтау қабілеттерін дaмыту.

3.Өлeңнің нeгізгі идеясын түcіндіре oтырып, aқынның өлeң мaзмұнын тaлдау, өлeңді жaттaу.


1

11

Мен және қоршаған орта


«Интернатта оқып жүр»

1.Хaлқына aдал қызмет етуге, өнерге, ғылымғa жaқын болуғa тәрбиелеу.

2.Бaлaлaрдың ой-өрісін, сөздік қорын дaмыту.

3. «Интернaттa оқып жүр» өлеңінің негізгі ойын түсіндіру, білім алу, ғылым, өнер үйрену, aқынның aғaртушылық-демокрaттық көзқaрaстары турaлы түсінік беру.


1

12

Жабайы табиғат әлемі


«Қарға мен бүркіт»


1.Өзінe, өз күшінe сене oтырып, өз мүмкіндіктеpін бaйыппен бaғaлaуды тәpбиелеy.

2.Oй - өріcін дaмыту, өз бeтінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.

3.Мысaлдың мaзмұнын түcіне oтырып, aдaмның кейбір нaшaр қасиеттері туралы түсінік беру.


1

13

Көктемгі егіс

«Жазғытұры»


1. Бaлaлaрды тaбиғaтты сүйе білуге тәрбиелеу.

2.Сөйлеу мәдениетін қaлыптaстырa отырып, бaлaлaрдың сөздік қорын молaйту.

3.Көктем мезгіліндегі тaбиғaттa болaтын құбылыстaрдың ерекшеліктерін aжырaтa білуге үйрету.

1

14

Тірі және өлі табиғат


«Піл мен қанден»


1.Тәрбиеленушілерді қaрaпaйымдылыққa, мaқтaншaқ болмaуға тәpбиелеу.

2.Oқушылaрдың oй-өрісін, қиcынды oйлау қaбілеттерін aрттыру.

3.Өлeңнің нeгізгі идeясын түcіндіре oтырып, aқынның шығaрмaшылығымен тaныстыру.


1

15

Табиғаттың

құлпыруы



«31 қара сөз»


1.Oқуды, ғылымды cүюге, өз-өзіне тaлaп қылa білуге тәрбиелеу.

2.Бaлaлaрдың шығaрмaшылықпен жұмыс істeуіне ықпaл eту, өз бeтімен іздeнуге жeтeлeу, өнеp, oқу, білім туpалы ойлaрын кеңeйту.

3.Oйтoлғaу жaсaу aрқылы әдeби шығaрмaның мaғынaсын түcіну.


1

16

Бір

шаңырақ

астында


«19 қара сөз»


1.Oқуды, ғылымды cүюге, өз-өзіне тaлап қылa білуге тәpбиелеу.

2.Бaлалaрдың шығaрмaшылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, өз бетімен ізденуге жетелеу, өнер, oқу, білім турaлы oйлaрын кеңейту.

3.Oйтолғау жaсaу aрқылы әдeби шығaрмaның мaғынaсын түcіну.


1

17

Көктем жаршысы -құстар


«Есек пен бұлбұл»


1.Тaбиғaтты сүюге,үлгі өнeге, әдeмілікке, өз-өзін бaғaлaп, сыйлaй білуге тәрбиелеу.

2.Ой-өpісін,сөйлеy дaғдыcын aрттырy,қызығушылығын дaмыту.

3.Oқушылaрғa «Есeк пeн бұлбұл» мысaлының мән мағынaсын ашу,түсіндіpу.


1

18

Армысың , жайдарлы жаз!


«Жаз»


1. Бaлаларды тaбиғатты сүюге тәрбиeлеу.

2.Тaқырыптың мәннің түcіндіре oтырып, oй-өрісін дaмыту, cөздік қoрын мoлайту.

3. Бaлaлaрды өлеңді мәнеpлеп aйтуға үйpету.


1































№1 ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности №1


Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас (Коммуникация)

Пән/Предмет:Вариативтік компонент

Өтпелі тақырыптар/Сквозная тема: Балабақша

Тақырыбы/ Тема: Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы

Мақсаттары/Цели:

  1. Тәрбиелік – воспитательная: Балаларды халық ақынының шығармашылық-

тарымен таныстыра отырып, ақынның шығармашылығын кұрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.

  1. Дамытушылық – развивающая: Сөйлеу мәдениетін, білімдерін тереңдетіп дамыту.

  2. Оқыту- обучающая: Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың өміріне қысқаша мәлімет беру.

Педагогикалық технологиялар/Пед. технологий: сын тұрғысынан оқыту, АКТ, деңгейлеп саралап оқыту.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение:интерактивті тақта, суреттер, смайлдар.

Көптілділік/Полиязычае: ақын – поэт- рoet

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Шаттық шеңбер:

Шуақ шаша алтын таңда,
Мөлдір таза ауада.
Табиғаттың бәрі оянады.
Қайырлы таң балалар!
Сәлем бердім саған елім!
Тал бесігім туған жерім.
Сәлем бердім бәріңізге!

(балалар шаттық шеңберін жасап дөңгелене тұрады. Кезектесе бір біріне жүрекше беру арқылы жылы тілектер айта отырып, жан жылуының сыйлайды)

- Ата-анамыз ауырмасын!
Балалар бақытты болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

- Балалар, бүгін тобымызда қандай өзгеріс байқадыңдар? Жан-жағымызға қарайық! Әрине, бүгін біздің топқа құтты қонақ келіпті, ең алдымен амандасып алайық! (интерактивті тақтада Абай суреті бейнеленеді, балалар Абаймен амандасады)

ІІ. Негізгі бөлімі/основная часть:

Презентация:

-Бүгінгі сабақта қазақтың ең басты, Ұлы ақыны Абай аталарының шағармашылығы мен өмірімен танысамыз. А. Құнанбаев – 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай – ауданында дүниеге келген. Әкесінің аты -Құнанбай. Анасы есімі – Ұлжан. Байсалды, данышпан болған. Ертекшіл əжесі аты - Зере. Абай ата - анасы тəрбиесінің арқасында Қазақ елінің кемеңгер ақыны, дана ғұлама-ойшылы, ағартушысы болды. Он жасында "Ахмет Риза" медресесіннен білім алып, медреседе озат оқушы бала болады.

Сергіту сәті:

«Бала, бала, балапан»

https://youtu.be/744V_ESD7-Y (тек «YouTube»-тан көріңіз)

Кластер

  • Балалар, Абай кім екенін айтыңдаршы!

  • Өте жақсы, мына тұрған суреттерді Абай атамыздың бейнесінің жанына іліңдер!(суреттерде кітап, нота және т.б. бейнеленген)

  • Ал ақын сөзі орысша қалай айтылатының білесіңдер ме? Ал ағылшын тілінде ше?

«Жылдам тапшы» ойыны

Балалардың оқу деңгейіне сәйкес сұрақтарды қоямын.

ІІІ.Қорытынды/итоговая часть:

-Балалар бізге қонаққа кім келді?

-Біз кім туралы білдік ?

-Абай атамыздың қандай өленін білесіздер?

Мадақтау

Сабаққа белсенді қатысқан балаларға смайликтер беріп мадақтау.

























№2 ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности №2


Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас (Коммуникация)

Пән/Предмет:Вариативтік компонент

Өтпелі тақырыптар/Сквозная тема: Қош келдің, алтын күз!

Тақырыбы/ Тема: «Күз»

Мақсаттары/Цели:

  1. Тәрбиелік – воспитательная. Балаларды әдемілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

  2. Дамытушылық – развивающая: Балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы әңгіме құрастыруға баулу, сөйлеу мәдениетін дамыту.

  3. Оқыту- обучающая: «Күз»тақырыбында әңгіме құрауға үйрету, білімдерін арттыру.

Педагогикалық технологиялар/Пед. технологий: тірек белгілері арқылы оқыту, ізгілендіру, дамыта оқыту

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение:интерактивті тақта, суреттер, мнемокестелер, смайлдар.

Көптілділік/Полиязычае: күз – осень - аutumn

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Шаттық шеңбері

«Күнге сәлем»

Қуан, шаттан, алақай,

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін!

Психологиялық дайындық

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Күз мезгілінде неше ай ?

-Күз мезгілінің белгілерін айтып беріңдерші!

-Балалар, бүгін бізге қонаққа кірпі келіп тұр.Кірпімен амандасайық. Балалар кірпінің көніл күйі жоқ екен. Қане, балалар, кірпіден көніл күйі неге жоқ екенін сұраңдаршы (сыбырмен айтамын)

-Кірпі, сен неге көңілсізсің? Кім сені ренжітті?

- Мені ешкім де ренжіткен жоқ, бүгін отырып мен бір де бір тақпақ білмейтінім еске түсті!

-Масқара, балалар, олай болса, кірпіге тақпақ үйретейік! Балалар, бүгін біз сендермен кірпіге тақпақ үйретіп, өзіміз де Абай атамыздың «Күз» туралы өлеңін үйренейік.

ІІ. Негізгі бөлімі/основная часть:

Суретпен жұмыс

-Күз мезгілі сендерге несімен қызықты?

- Күз орысша, ағылшынша қалай аударылады?

-Кім қандай ойда отыр?

-Сендер күз мезгілін осылайша суреттейді екенсіңдер, ал Абай атамыз қалай суреттейді екенін тыңдап көрейік!

«Күз» өлеңі

https://youtu.be/1lA6_kVcDfc (тек «YouTube»-тан көріңіз)

Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. 

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан? 

(балалар өлеңді бір неше рет қайталап айтады)

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен болып өседі.

Бұлт ағады аулаққа

Күз келіпті бау-баққа.

Жаздай өскен жапырақ,

Шашылады жан-жаққа.

Сөздікпен жұмыс

Түсі суық – мұнайған

Дымқыл тұман – қалың тұман

(көз алдарына елестетіп, тақпақты тағы бір рет педагог айтып береді)

Мнемокестелер

-Балалар, өлеңді тезірек жаттап алу үшін сендер мен кірпіге мына мнемокестені ұсынамын.

ІІІ.Қорытынды/итоговая часть:

Кірпі: Тамаша өлең екен. Ал енді балалар мен кетейін. Бүгін маған арнап айткан күз өлеңі өте ұнады, бұл өлеңді жаттап алдым. («Күз» өленің тағы бір рет кірпімен бірге қайталап айтамыз)

-Рахмет! Сау болыңдар!

- Балалар, бізге қонаққа кім келді?

Марапаттау

-Ал бұл өлеңді жаттап алған балалар бар ма?

(жетондармен марапатталады)

-Балалар, сабақ аяқталды, сау болыңдар!










№3 ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности №3


Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас (Коммуникация)

Пән/Предмет:вариативтік компонент

Өтпелі тақырыптар/Сквозная тема: Табиғат әлемі

Тақырыбы/ Тема: «Желсіз түнде жарық ай»

Мақсаттары/Цели:

  1. Тәрбиелік – воспитательная: Табиғатты сүюге, табиғаттың әр тылсымынан сұлулықты көріп, сезіне білуге тәрбелеу.

  2. Дамытушылық – развивающая: Тәрбиеленушілердің ой-өрісін, қисынды ойлау қабілеттерін арттыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  3. Оқыту- обучающая: Ақынның түнгі табиғат көріністерін, әсем суретін поэзия тілімен өрнектеуі, сезім толқыныстарын табиғат құбылыстарымен астастыра бейнелеуі туралы түсінік қалыптастыру.

Педагогикалық технологиялар/Пед. технологий: білім берудің ізгілендіру технологиясы, ойын, сын тұрғысынан ойлау

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение:интерактивті тақта, жүрек ойыншығы, суреттер

Көптілділік/Полиязычае: жарық ай – яркая луна - bright moon

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Шеңберге шығайық! Бір-бірімізге мына күннің нұры мен жылулығын ұсына отырып, жылы тілектерімізді білдірейік!

ІІ. Негізгі бөлімі/основная часть:
Қызығушылықты ояту
- Балалар, мына не үн? Қандай әсем әуен!

- Интертақтаға қарап, мына әнді тыңдайықшы!

«Желсіз түнде жарық ай» өлеңі

https://youtu.be/Qfoyah6V1JY (тек «YouTube»-тан көріңіз)
Мағынаны ажырату

  • Балалар, сендерге ән ұнады ма? Бұл ән не туралы деп ойлайсыңдар?

  • Балалар, бұл әнді қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы жазған. Бұл ән табиғат сұлулығы туралы.

Сөздікпен жұмыс

  • Бұл өлеңде дала желсіз, даланың айы жарық, айдың бейнесі суда дірілдеп тұрғаны, ауылдың жаңында мынадай терең сай бар екені туралы, тасып жатқан судың гүрілдеп тұрғаны суреттеледі. Осы көріністі көз алдымызға елесететіп көрейікші.

  • Жарық ай – яркая луна - bright moon деп аударылады.

3. Мнемокесте

  • Балалар, Абай атамыздың бұл өлеңін білмеу әр қазақ үшін ұят. Сондықтанда бұл әнді мына мнемокесте арқылы жаттап алайық.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

Жел суреті, крестик суреті, түн суреті, жарық ай суреті.

Сәуленің суда дірілдеген суреті.

Ауыл суреті, ауылдың жақындалған суреті, терең сай суреті.

Тасыған өзен суреті, водопад сурет жанында нота суреттері.
(өлеңді хормен, жеке-жеке қайталаймыз)

4.Психологиялық тренинг

Ақырын әуен естіліп тұрады.

  • Балалар, барлығымыз кілемге жатайық! Көз алдымызға қараңғы түнді елестетейік, серуендеп далада жүрміз, кенет бұлттың арасынан жарық ай шығып, жан-жағымызды жарықтандырып көңілдендірді. Біз далада осы көріністі тамашалап, өзен маңына жақындадық, су бетінде тек ай жүзі дірілдеп тұр. Судың жанына келіп, терең тыныс алдық (бір, екі). Отырып, өзен тасып жатқан дыбысын тыңдап отырдық, біздің көңіл күйіміз тамаша, терең тыныс аламыз! Балалар, ақырындап көздеріңді ашып, орындарынан тұрыңдар!
    ІІІ.Қорытынды/итоговая часть:

Класстер

(тақтада А4 суретінде Абай бейнесі ілініп тұрады)

  • Балалар, бүгінгі өлеңге сәйкес келетін суреттерді таңдап алып, Абай атамыздың жанына ілейік.

  • Балалар, бүгін біз сендермен Абай атамыздың қандай әнімен таныстық?

  • Бұл әнді барлығымыз хормен шырқайықшы!

  • Рахмет, сабақ аяқталды!




















№4 ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности №4


Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас (Коммуникация)

Пән/Предмет:Вариативтік компонент

Өтпелі тақырыптар/Сквозная тема: Біздің өлкеміздің табиғаты

Тақырыбы/ Тема: «Шегіртке мен құмырсқа»

Мақсаттары/Цели:

  1. Тәрбиелік – воспитательная. Еңбекқорлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

  2. Дамытушылық – развивающая: Ауызша сөйлеуін, түсініп, мәнерлеп оқуын,шығарманы талдап, өз ойын жүйелі айта білуін дамыту.

  3. Оқыту- обучающая:. Абай туралы білімдерін, мысал жанры туралы түсініктерін кеңейту, шегіртке мен құмырсқа мысал өлеңінің мазмұнын ашу.

Педагогикалық технологиялар/Пед. технологий: модульдік оқыту, АКТ, ойын

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение:интерактивті тақта, дидактикалық суреттер, ермексаз.

Көптілділік/Полиязычае: құмырсқа – муровей -moores

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық.

(«Шаттық шеңберін» құрғызып, бір-біріне тілек айтқызу)

Бақыт деген-

Осы шаттық шеңбері

Қол ұстасып

Тұрайықшы , кел бері.

Бақыт деген-

Көрмей қалса сағынып,

Мені іздейтін

Адал жүрек сендегі.

Психологиялық дайындық

-Балалар, мына суретке назар аударайықшы!

-Суретте не бейнеленген?

-Қалай ойлайсыңдар бүгін сабақтың тақырыбы нелерге байланысты?

- Балалар бүгін біз сабақта Абай Құнанбаевтың И.Крыловтан аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалымен танысамыз.

-Мысал дегеніміз – ертегіге ұқсас, шағын көлемді, адамға сабақ боларлық тәрбиелік мәні бар шығарма.Көбінесе аң, xайуанаттар, жәндіктер туралы жазылады.Сол арқылы адам бойындағы мін, кемшілік мазаққа айналдырып сыналады.

ІІ. Негізгі бөлімі/основная часть:

-Балалар, құмырсқа қандай жәндік?

(Құмырсқалардың еңбекқорлығы, ұйымшылдығы туралы айтады)

-Өте жақсы, шегірткелер де жаман жәндіктер емес, бірақ мына мысалда шегіртке жалқау ретінде бейнеленген.

-Мысалды интертақта арқылы көрейік!

«Шегіртке мен құмырсқа» мысалы

https://youtu.be/oE1iSQAmI5M (тек «YouTube»-тан көріңіз)


Мән-мағынаны ашу

-Балалар, сендерге мысал ұнады ма?

- Бұнда қандай оқиға болды?

-Кім еңбекқор? Ал кім жалқау кейпінде?

- Сендер неге ұқсағыларын келеді екен?

- Шегіртке жаз бойы қыдырып, ән салады екен, ал еңбекқор құмырсқа қыс қамын ойлап, «Қыста не жеймін? Қайтемін?», - дегенді еске алып, жаз бойы еңбектенеді.

Жаз біткеннен кейін шегірткенің не үйі, не азығы болмайды екен. Ал құмырсқа тамағы көп, жылы үйшігінде тұрады екен. Қалай ойлайсыңдар кімнің іс-әрекеті дұрыс?

- Балалар, біз құмырсқа сияқты еңбекқор болсақ, әрқашанда арман-мұраттарымызға жетеміз. Қарнымыз тоқ, уайымымыз жоқ болады. Соны есте сақтап жүріңдер! Шегіртке секілді уақыттарынды текке жоғалтпаңдар! Теледидар, планшет көрмеңдер, одан қайта жазу жазып, аналарына көмек беріңдер!

Сергіту сәті

Суда да біз жүземіз,

Тауға да біз шығамыз.

Табиғатты тамашалап,

Шынығамыз жүгіріп,

Шынығамыз секіріп,

Шынығамыз адымдап,

Бір кезде демаламыз, адымдап!

«Тауып айт!» ойыны

Үстелде шегіртке мен құмырсқа суреттері жатады, балалар кез-келген суретті алып, мұғалімнің көмегімен артта жазылып тұрған тапсырмамен танысады, орындайды. Барлық тапсырмалар өткен және жаңа сабақпен байланысты болады.

ІІІ.Қорытынды/итоговая часть:

Шығармашылық жұмыс

Ермексаз арқылы құмырсқаның бейнесін жасайды!

құмырсқа – муровей –moores

Сабақ қорытындыланады.





№5 ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности №5


Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас (Коммуникация)

Пән/Предмет:вариативтік компонент

Өтпелі тақырыптар/Сквозная тема: Ғажайып әлемінде

Тақырыбы/ Тема: «Құлақтан кіріп бойды алар»

Мақсаттары/Цели:

  1. Тәрбиелік – воспитательная: Өнерлі болуға талпынуды, өнерді сүюге тәрбиелеу.

  2. Дамытушылық – развивающая: Балалар алған білімдерін ауызша тілде қалыптастыру, есте сақтау дағдыларын дамыту.

  3. Оқыту- обучающая: Абай Құнанбайұлының шығармашылығына тоқтала отырып, «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңінің мазмұнын түсіндіру, өлеңге талдау жұмысын жүргізу, білім дағдыларын меңгерту.

Педагогикалық технологиялар/Пед. технологий: сын тұрғыдан ойлау, ойын, ИКТ, дамыта оқыту, проблемалық оқыту.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение:интерактивті тақта, киіз, үстел атрибуттары, суреттер, мнемокесте.

Көптілділік/Полиязычае: ән –песня – song


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Шаттық шеңбер:

Біздер жақсы баламыз,

Өсті ақыл –санамыз.

Бір – бірімзбен ең алғаш,

Амандасып аламыз.

Сәлеметсіздер ме!

Сюрприизді момент:

  • Балалар, барлықтарына киіз үйге кіріп жайғасуларыңды сұраймын. Жан-жақтарына қараңдаршы! Кімдерді, нелерді көріп тұрсыңдар?

  • Бұл кімнің киіз үйі деп ойлайсыңдар?

  • Дұрыс, бұл Абай атамыздың киіз үйі.

ІІ. Негізгі бөлімі/основная часть:

Сұрақ-жауап:

-Балалар, Абай Құнанбаев деген кім?

- Абай атамыз қай жерде дүниеге келген?

-Абай атамыздың әжесінің аты кім?

- Ал анасының ше?

-Өте жақсы, Абай атамыз туралы көп мәлімет біледі екенсіңдер! Қазір жайғасып отырып, экранға назар аударыңдар! Абай атамыздың «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңін тыңдайық!

«Құлақтан кіріп бойды алар»

https://youtu.be/4r58ijBW9JE (тек «YouTube»-тан көріңіз)


Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілгетүрлі ой салар,
Әндісүйсең, меншесүй.

Сөздікпен жұмыс

Құлақтан кіріп - естіп

Бойды алар – қуанамын

Көңілге түрлі ой салар – жақсы әнді естігенде ойына нешетүрлі ойлар келеді.

Әнді сүйсең, менше сүй.-әнді Абай атамыз секілді сүю қажет.

-Ән деген сөз орыс, ағылшын тілдеріне қалай аударылады екен?

-Ән –песня – song

Сергіту сәті

  • Интерактивті тақтаға назар аударыңдар!

Аяқпенен топ - топ

Қолыменен хлоп – хлоп

Біроңға, бірсолға

Айналайықкелмұнда

Қолымыздыбірсілтеп

Басымыздышайқайық

Біроңға, бірсолға

Ойнайықшыкелмұнда

Секіремізжоғары

Қиынемессекіру

Біроңға, бірсолға

Секірейіккелмұнда


Өлеңді қайталау

Бірнеше рет мұғалімнің артынан өлеңді қайталайды.

Класстер:

Тәрбиеленушілер тақтада ілініп тұрған суреттер арқылы Абай бейнесін жасайды. (Тақтаның ортасында Абай Құнанбаевтың суреті ілініп тұрады)

 Мысалы:
Теңіз  суреті– Абайдың ақылы теңіздей терең.
Гүл – ақын сезімі гүлдей нәзік.
Тау – халық адамы.
Жүрек – жүрек жылуын адамдарға арнаған
Жұлдыз – қазақ халқының жарық жұлдызы.
Күн – керемет білімді.
Ай – қараңғыда жарық көрсетуші

  • Мен теңіз суретін ортаға ілемін, себебі Абай атамыздың ақылы теңіздей терең.Ал сендер Абай атаны немен салыстырар едіңдер?

Мнемокесте

  • Балалар, мына таблица арқылы өлеңді жатқа айтып көрейік. Тақпақты алдымен мен айтып көремін, ал сендер тыңдаңдар! Содан кейін сендер айтып көресіңдер!

1.Құлаққа кіріп нота кіріп жатқан сурет, тіке тұрған адам

2. Жақсы деп көрсетіп жатқан саусақ, ән айтып жатқан адам, тәтті торт, күй тартып жатқан адам.

3. Жылап және күліп жатқан балалар, сөмкеге салып жатқан сурет,

4. Ән айтып жатқан адам, жүрек суреті, өзіне көрсетіп жатқан сурет, жүрек суреті.

ІІІ.Қорытынды/итоговая часть:

  • Өте жақсы, мнемокестесіз жатқа айта алатын балалар бар ма?

(балалар өлеңді жатқа айтады)

  • Балалар, бүгін біз не істедік?

  • Қандай өлең туралы сөз қозғадық?

  • Бұл өлеңнің авторы кім?

  • Абай атамыздың «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңі не туралы?

  • Өте жақсы, балалар, сабақ аяқталды, сау болыңыздар!





























№6 ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности №6


Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас (Коммуникация)

Пән/Предмет:Вариативтік компонент

Өтпелі тақырыптар/Сквозная тема: Теңіздер мен мұхиттар әлемі

Тақырыбы/ Тема: «Жалау»

Мақсаттары/Цели:

  1. Тәрбиелік – воспитательная. Еңбек ете білуге және адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу.

  2. Дамытушылық – развивающая: Өзіндік жұмыс істеуге,ақыл-ойын,есте сақтау, сөйлеу ,ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту.

  3. Оқыту- обучающая: Өлеңді мәнерлеп,түсініп оқуға,мысалдағы негізгі ойды табуға, сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар/Пед. технологий: модульдік оқыту, интерактивті оқыту, ойын

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение:интерактивті тақта, дидактикалық суреттер, желім, мнемокесте.

Көптілділік/Полиязычае: жалау – флаг – flag, желкен -парус - sail

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Ғажайып сәт

Дымбілмес қонаққа келеді.

-Сәлеметсіңдерме, балалар! Көп уақыт бойы кездеспей жүр едік! Қалдарың қалай?Қандай жаңалықтарың бар?

- Өте жақсы, бүгін сабақта не істеді екенсіңдер? Сендер ылғи да қызықты істермен айналасасыңдар!

- Дымбілмес, бүгін сабақта балалармен Абай атамыздың өлеңімен танысамыз!

-Мен де сендермен отырып, Абай атамыздың өлеңімен танысуға бола ма?

ІІ. Негізгі бөлімі/основная часть:

Суретпен жұмыс

(интерактивті тақтада дауылдағы желкенді қайық суреті бейнеленіп тұрады)

-Балалар, бұл ненің суреті?

-Қалай ойлайсыңдар, бүгін Абай атамыздың өлеңінің атауы қандай болады?

(балалар әртүрлі варианттарды атайды)

-Дұрыс, бүгін біз сендермен дауылда жүрген қайық туралы өлеңмен танысамыз. Бұл өлеңді Абай Құнанбаев орыс ақыны М.Лермонтовтан аударған. Бірақ Абай атамыз Лермонтовтың «Парус» өлеңін «Жалау» деп аударған. Себебі бұрынғы кезде қазақ арасында «желкен» сөзін ешкім түсінбеген екен.

Жаңа сабақ

Жалғыз жалау жалтылдап
Тұманды теңіз өрінде.
Жат жерде жүр не тындап?
Несі бар туған жерінде?

Ойнақтап толқын, жел гулеп,
Майысар діңгек сықырлап.
Ол жүрген жоқ бақ іздеп,
Қашпайды бақтан бойды ұрлап.

Мән-мағынаны ашу

Өлеңнің мән – мағынасын түсіндіремін.

Сергіту сәті.

-Балалар, кілемге жатайық! Терең тыныс алып демалайық! Өздеріңді теңіз бойындамыз деп елестетіңдер! Ауа райы тамаша! Біз демалып жатырмыз, терең тыныс аламыз! Денсаулығымыз молайып жатыр! Кенет жаңбыр жауып кетті. Біз орнымыздан тұрып, үйшікке қарай бой алдық. Теңіз дауылы басталды. Бұл көріністі үйшіктің терезесінен тамашалап отырдыңдар! Терең тыныс алыңдар! Ауа райы дұрысталды...... Көзімізді ашайық!

«Теңіз шуы» дыбысы

https://youtu.be/kQP3iQzVMGY (тек «YouTube»-тан көріңіз)

«Теңіз дауылы» дыбысы

https://youtu.be/AsD5u6k6dKI (тек «YouTube»-тан көріңіз)

Мнемокесте

-Дымбілмес, мінеки, бүгін сен балалармен бірге Абай Құнанбаевтың «Жалау» өлеңімен таныстың! Енді, осы өлеңді мәнерлеп оқып берейікші! Бұл шаруаға мнемокесте көмектеседі!

«Кім жылдам» ойыны

(топ екі командаға бөлінеді, әр командаға желкені жоқ қайық беріледі. Балалар, қайыққа желкенді кемпірқосақ түсіндей, түстерді рет-ретімен орналастырып, жабыстыру керек)

ІІІ.Қорытынды/итоговая часть:

Дымбілмес: Балалар, сендердің көмектерімен бүгінгі қызықты сабақпен таныстым. Өлеңді де жаттап алдым! Ал сендер ше, бұл өлеңді жаттай алдыңдар ма?

-Олай болса, ортаға шығып айтып беріңдерші!

- Рахмет. Сендермен өте көнілді уақыт өткіздім, енді мен кетейін сау болыңдар!

-Балалар, бүгін сабақта не істедік?

-Немен таныстық?

-Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!











№7 ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности №7


Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас (Коммуникация)

Пән/Предмет:Вариативтік компонент

Өтпелі тақырыптар/Сквозная тема: Армысың, қыс!

Тақырыбы/ Тема: «Қыс»

Мақсаттары/Цели:

  1. Тәрбиелік – воспитательная. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезіне білуге тәрбиелеу.

  2. Дамытушылық – развивающая: Өз сөзімен суреттеп, сөйлей білу қабілеттерін дамыту.

  3. Оқыту- обучающая: «Қыс» өлеңін оқып беру, түсіндіру, байланыстыра сөйлеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар/Пед. технологий: дамыта оқыту, интерактивті оқыту, ойын арқылы оқыту.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение:интерактивті тақта, дидактикалық суреттер, қаршалар суреттері, мнемокестелер.

Көптілділік/Полиязычае:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын арай таратты.

Армысың, алтын Күн!

Армысың, аппақ қыс!

Балалар дөңгелене тұрып,

(Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді)

Жаңа сабаққа дайындық

Жұмбақтар

1.Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тонады.

2.Қолы жоқ, сурет салады

Тісі жоқ тістеп алады.

3.Отқа жаңбайды

Суға батпайды.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыстың күзден айырмашылығы неде?

-Қыста адамдар қалай киінеді?

ІІ. Негізгі бөлімі/основная часть:

Ойын «Қыс қызығы»

Қыс туралы карточкалар таратады.

-Суретке қарап әңгіме құрастыруды ұсынады.

«Қыс» туралы өлең тыңдауды ұсынады.

«Қыс» өлеңі

https://youtu.be/yJwL0xnQ1hM (тек «YouTube»-тан көріңіз)


Ақ киімді денелі, ақ сақалды

Соқыр мылқау танымас тірі жанды

Үсті басы ақ қырау, түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды

Өлеңді балалармен жаттаймыз.

(Бұл өлеңді А. Құнанбаев жазғаны туралы айтылады)

Сергіту сәті:

«Аю» өлеңі

https://youtu.be/F2AMJz3u0DU (тек «YouTube»-тан көріңіз)

Мән –мағынаны ашу

Өлеңнің мән мағынасы ашылады.

«Сыңарын тап» дидактикалық ойыны

(бірнеше қыс киімдері берілген,сол киімдердің ішінен сынарын тауып, атауларын атайды)

Мнемокестелер

(мұғалімнің көмегімен өлең мәнерленіп оқылады)

ІІІ.Қорытынды/итоговая часть:

-Бүгін біз кімнің өлеңімен таныстық?

-Өлең қай мезгіл туралы айтылған?

-Қысты қалай суреттеген?

-Өлең жолдарын бірге қайталайық

Балаларды мадақтау.






















№8 ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности №8


Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас (Коммуникация)

Пән/Предмет:Вариативтік бөлім

Өтпелі тақырыптар/Сквозная тема: Аңдар қылай қыстайды?

Тақырыбы/ Тема: «Қарға мен түлкі»

Мақсаттары/Цели:

  1. Тәрбиелік – воспитательная: Балаларды адалдыққа, сақтыққа тәрбилеу.

  2. Дамытушылық – развивающая: Ертегіге деген қызығушылықтарын ояту, сөздік қорларын дамыту.

  3. Оқыту- обучающая: Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру, өз ойларын дұрыс сөйлем құрау арқылы жеткізе алу, тілдің грамматикасын сақтауға, адамның жақсы және жаман қасиеттерін ажырата білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар/Пед. технологий: тірек белгілері арқылы оқыту, ізгілендіру, интерактивті оқыту, ойын.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение:интерактивті тақта, дидактикалық суреттер, қуыршақтар.

Көптілділік/Полиязычае:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

1.Шаттық шеңбері.

Отбасының гүліміз

Көңілді өтер күніміз.

Қайырлы таң деп айтамыз

Бір болып үйге қайтамыз.

Жаңа сабаққа дайындық

Қарғаның қарқылдаған дауысы шығады.

-Балалар, бұл ненің дауысы?

-Не болып қалды екен, қарға мазасызданып ұшып жүр ғой!

«Қарғаның қарқылдауы» дыбысы

https://youtu.be/UODYGoeke_Q (тек «YouTube»-тан көріңіз)

ІІ. Негізгі бөлімі/основная часть:

-Ааа, мен бәрін де түсіндім! Қалай ойлайсыңдар бүгінгі жаңа тақырыбымыз не туралы болады?

-Қарғаның қатысуымен қандай шығармаларды білесіңдер?

-Өте жақсы, бірақ балалар, бұл ертегі емес, мысал. Мысал деген не екенін өткен сабақтарда үйреніп едік. Мысал дегеніміз не? Кімнің есіңде?

- Жақсы, интерактивті тақтаға назар аударып, Абай атамыз И.Крыловтан аударған мысалын көрейік.

«Қарға мен түлкі» мысалы

https://youtu.be/17HLkiirHJE (тек «YouTube»-тан көріңіз)

-Балалар мысал ұнады ма?

-Не туралы айтылған екен?

-Балалар, бұл мысал бізді тәтті сөздерге назар аудармауға үйретеді. Кейбір адамдар сендерден пайда табу үшін сендерді мақтап, алдап кетеді. Ондай адамдрдың сөздеріне назар аударуға болмайды, өз істерін мен шаруаларына, заттарына ие, мығым болуларын керек. Сонымен қатар түлкі секілді қу, арам болмауға және қарға сияқты аңқау болмауларыңа үйретеді.

Сергіту сәті:

«Аю» өлеңі

https://youtu.be/F2AMJz3u0DU (тек «YouTube»-тан көріңіз)

Дидактикалық ойын!

«Шатаспай ата»

ІІІ.Қорытынды/итоговая часть:

Театрлау

(балалар түлкі мен қарға қуыршақтарын алып, мысалды театрлайды)

-Балалар, сабақта не істедік?

-Кімнің шығармашылығымен таныстық?

-Мысалдың атауы қандай?

-Бұл мысал бізді неге үйретеді?

-Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!




























№9 ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности №9


Өткізу күні/дата проведения:

Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас(Коммуникация)

Пән/Предмет:вариативтік бөлім

Өтпелі тақырыптар/Сквозная тема: Дені саудың – жаны сау

Тақырыбы/ Тема: «Ғылым таппай мақтанба»

Мақсаттары/Цели:

  1. Тәрбиелік – воспитательная: Баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу.

  2. Дамытушылық – развивающая: Есте сақтау қабілетін, танымдық күшін қалыптастыру және дамыту.

  3. Оқыту- обучающая: Білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасау. Адамның жақсы және жаман қасиеттерін ажырата білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар/Пед. технологий: ойын, ИКТ, деңгейлік саралау оқыту, топтық оқыту, проблемалық оқыту.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение:интерактивті тақта, дидактикалық суреттер, жетондар, жаңғырық эффектісі бар микрофон.

Көптілділік/Полиязычае: ғылым-наука- the science

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Амандасу.

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн болсын!

Біздің алар бағамыз,

Кілең бестік болсын!

- Рахмет!

ІІ. Негізгі бөлімі/основная часть:

Тақтада сюжеттік суреттер ілініп тұрады. (Кітап оқып жатқан балалар суреті. Лас заттардан, жыртық киімнен қашып бара жатқан бала суреті, кітап-дәптермен қол ұстасып жатқан сурет)Балалар суреттерге қызығушылықпен қарайды.

  • Балалар, тақтаға назар аударайықшы! Суреттерде не бейнеленген? (балалар өз ойларымен бөліседі)

  • Өте жақсы, бұл суреттерде ізденіп, білім алып жатқан балалар суреті, жамандықтан қашып бара жатқан бала бейнесі мен жақсылармен дос болып жатқан бала суреттері ілініп тұр.

  • Қалай ойлайсыңдар адам бойында қандай жаман қасиет болуы мүмкін?

  • Адам бойында жалқаулық, мақтаншақтық, өтірік айту т.б. жаман қасиеттер болу мүмкін.

  • Ал қандай жақсы қасиеттерді білесіңдер?

  • Дұрыс, адам ақылды, еңбекқор болуы мүмкін. Әрине бұл адам бойындағы жақсы қасиеттер.

  • Балалар осы адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттер туралы Абай атамыз «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде жазған екен. Осы өлеңді тыңдайық. (видео қосылады)

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі

https://youtu.be/ezHZtYREL5E (тек «YouTube»-тан көріңіз)

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.

Сөздікпен жұмыс

  • Балалар, өлеңдегі кейбір сөздер сендерге түсініксіз болған шығар. Ол сөздерді талқылап көрейік.

Баптанба – өзінді еркін сезінбе.

Құмарланып шаттанба – қуанба

Босқа – тектен текке

Асық бол – ұмтыл, дос бол

Қашық бол – алыс бол

  • Ғылым сөзін екі тілге аударыңдаршы! (ғылым-наука- the science)


Сергіту сәті:

Көңілді би https://youtu.be/bn5AzXrITyg (тек «YouTube»-тан көріңіз)


Ойын «Ойлан тап»

  • Балалар, тақтаға жақындайық! Мына Абай атамыздың суреті біз оқыған өлеңді бейнелейді. Сендердің үстелдеріне қойған суреттерге назар аударыңдар! Өлеңнің мазмұнына келетін суреттерді тақтаға келіп іліңдер!


Ойын «Жаңғырық»

  • Балалар, қазір біз сендермен «Жаңғырық» ойынын ойнаймыз. Екі командаға бөлінейік, мына топтағы балалар не айтса да, мына топ балалары сол сөздерді қайталай керек. Бірінші топ сөздерді жай дауыспен айтса, жаңғырықты салатын балалар сөздерді созып айту керек. Мысалы: Ғылым таппай мақтанба – Ғыылыыым таааппаааай мааақтааанбаааа! Содан кейін топ орындарымен ауысады.

(тақпақты айтатын оқу деңгейлері жоғары балалар, қайталайтын деңгейлері төмен балалар)

ІІІ.Қорытынды/итоговая часть:

  • Өте жақсы, балалар, араларыңда өлеңді жаттап алған балалар бар ма?

(балалар өлеңді жатқа айтады)

  • Балалар, бүгін біз не істедік?

  • Қандай өлең туралы сөз қозғадық?

  • Бұл өлеңнің авторы кім?

  • Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі не туралы?

Марапаттау:

  • Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарын үшін барлық балаларға мынандай «талпынған оқушылар» ұғымын білдіретін жетондар үлестіремін.

  • Өте жақсы, балалар, сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

































№10 ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности №10


Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас (Коммуникация)

Пән/Предмет:Вариативтік бөлім

Өтпелі тақырыптар/Сквозная тема: Табиғаттың құлпыруы

Тақырыбы/ Тема: «Әсемпаз болма әрнеге»

Мақсаттары/Цели:

  1. Тәрбиелік – воспитательная: Өнерпаз болуға , өмірден өз орнын таба білуге, еңбек етуге, ақылды болуға, жақсыны үйренуге, жаманнан жиренуге баулу.

  2. Дамытушылық – развивающая: Балалардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, өз бетімен ізденуге жетелеу, өнер, оқу, білім туралы ойларын кеңейту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  3. Оқыту- обучающая: Өлеңнің негізгі идеясын түсіндіре отырып, ақынның өлең мазмұнын талдау, өлеңді жаттау.

Педагогикалық технологиялар/Пед. технологий: модульдік оқыту, тірек –белгілер арқылы оқыту, интерактивті оқыту, ойын.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: интерактивті тақта, суреттер, мнемокестелер, жетондар.

Көптілділік/Полиязычае: өнер-искусство- аrt


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Балалар мұғаліммен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сәлемдеседі.

Балалар бір-біріне тілек айтады.

- Мен саған денсаулық тілеймін!

- Рахмет!

- Мен саған бақыт тілеймін!

- Рахмет!

ІІ. Негізгі бөлімі/основная часть:

Тақтада сюжеттік суреттер ілініп тұрады. (Баланың әр нәрсеге қызығып мәз болуы; баланың көп заттың арасында отырып, көңілсіз болуы; балалардың сабақ оқып, мадақтамалардың алып жатқан суреттер.) Балалар суреттерге қызығушылықпен қарайды.

  • Балалар, тақтаға назар аударайықшы! Суреттерде не бейнеленген? (балалар өз ойларымен бөліседі)

  • Өте жақсы, бұл суреттерде өмірде не маңызды, не маңызды емес екені бейнеленген.

  • Балалар, мына адамдарға назар аударыңдаршы! Мына бала әкесімен кірпіш қалап, ағаш кесіп және тағы басқа көптеген шаруаларға көмектесіп жүр, өскенде бұл кісі әйдік құрылысшы –архитектор болып шығады.

  • Мына әйел адам бала кезінде қуыршақтарына ине егіп, ота жасауды жақсы көрген екен, болашақта дәрігер мамандығына оқып, көп еңбектеніп, атақты дәрігер болады.

  • Ал мына адам үйінде көңілсіз отыр, себебі бұл кісінің қолынан ештеңе де келмейді.Ол бала кезінде әр нәрсеге қызығып, істеген жұмысын соңына дейін аятамаған екен. Сондықтанда, өскен соң өмірдегі өз орнын, жұмысын таба алмады.

  • Бізде мына адам секілді болашақта жұмыссыз, көңілсіз отырмау үшін. Абай атамыздың « Әсемпаз болма әрнеге» деген өлеңін тыңдайық. (видео қосылады)

«Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі

https://youtu.be/wgTzKhg5JF4 (тек «YouTube»-тан көріңіз)

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегін кетпес далаға!

  • Балалар, мына өлеңнен не түсіндіндер?

  • Бұл өлең арқылы Ұлы Абай атамыз бізді белгілі бір өнерге үйреніп, осы өмірде өз орнымызды тауып, халыққа адал қызмет етуге шақырады. Яғни, біз сендермен міне осы кішкентай кезімізден өнерге, еңбекке үйреніуіміз қажет. Кейбір балалар би билегенді ұнатса, би үйірмесіне бару керек, үйде, туыс-туықандар арасында билеп жүру керек.

  • Кейбір балалар әріп танып, кітап оқығанды ұнатады. Ол балалар кітапханалардан, интернет желісінен қызықты ертегілерді оқып жүруі керек.

  • Әр адам өзі ұнататын іспен айналысып, оны дамыту қажет. Сонда ғана бой жеткенде мұғалім, шаштараз, жолсерік секілді мамандық иелері бола аласыңдар!

Сергіту сәті:

  • Балалар, кілемге жатыңдар, көздеріңді жабыңдар, терең тыныс алып, өздеріңді орманда сезініңдер. Кенет сендер отырған ағаштың жанына бұлбұл ұшып келеді. Бұлбұл өз әнін бастайды.

«Бұлбұл» әні

https://youtu.be/oTcxaqiIg4U (тек «YouTube»-тан көріңіз)

Ойын «Ойлан тап»

  • Балалар, тақтаға жақындайық! Мына Абай атамыздың суреті біз оқыған өлеңді бейнелейді. Сендердің үстелдеріне қойған суреттерге назар аударыңдар! Өлеңнің мазмұнына келетін суреттерді тақтаға келіп іліңдер!

Мнемокесте

  1. Әсем сақина, қызыл крестик суреті, әртүрлі заттың суреттері

  2. Биші суреті, арқаның

  3. Нұсқап жатқан қол суреті, бір саны, кірпіш суреті, ғаламшар суреті

  4. Кірпіш кетігі, іздеп жүрген сурет, жүріп жатқан сурет, кірпішті қалап тұрған сурет.

Өлеңді жаттау

-Өте жақсы, алдарыңа қойған мақсатқа жеттіңдер! Енді Ұлы Абай атамыздың мына мағыналы да өсиетті өлеңін жаттап алуға тырысайық!

(өлеңді бірнеше рет қайталап шығамыз)

-Қалай ойлайсыңдар «өнер» сөзі 2 тілге қалай аударылады? (өнер-искусство- аrt)

ІІІ.Қорытынды/итоговая часть:

  • Өте жақсы, мнемокестесіз жатқа айта алатын балалар бар ма?

(балалар өлеңді жатқа айтады)

  • Балалар, бүгін біз не істедік?

  • Қандай өлең туралы сөз қозғадық?

  • Бұл өлеңнің авторы кім?

  • Абай атамыздың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі не туралы?

Марапаттау:

  • Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарын үшін барлық балаларға мынандай «талпынған оқушылар» ұғымын білдіретін жетондар үлестіремін.

  • Өте жақсы, балалар, сабақ аяқталды, сау болыңыздар!



























№11 ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности №11


Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас (Коммуникация)

Пән/Предмет:Вариативтік компонент

Өтпелі тақырыптар/Сквозная тема: Мен және қоршаған орта

Тақырыбы/ Тема: «Интернатта оқып жүр»

Мақсаттары/Цели:

  1. Тәрбиелік – воспитательная: Халқына адал қызмет етуге, өнерге, ғылымға жақын болуға тәрбиелеу.

  2. Дамытушылық – развивающая: Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын дамыту.

  3. Оқыту- обучающая: «Интернатта оқып жүр» өлеңінің негізгі ойын түсіндіру, білім алу, ғылым, өнер үйрену, ақынның ағартушылық-демократтық көзқарастары туралы түсінік беру.

Педагогикалық технологиялар/Пед. технологий: модульдік оқыту, интерактивті оқыту, ойын

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение:интерактивті тақта, дидактикалық суреттер, мнемокестелер.

Көптілділік/Полиязычае: жатақхана - boarding school

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Шаттық шеңбер.

Мына аспан астында

Жақсы дос көп табылар

Мен де соның бірімін,

Сыйлығымды қабыл ал!

-Балалар, бүгін біз сендеермен білім әлеміне саяхат жасаймыз!

-Саяхатты немен жасауға болады?

-Өте жақсы! Әуе шарлары арқылы саяхат жасайық. Барлығымыз әуе шарына отырайық!

ІІ. Негізгі бөлімі/основная часть:

-Балалар, білім әлемі қандай керемет жер! (Абай суреттері, Абай шығармашылығына байланысты суреттер ілініп тұрады: кітап, шегіртке, құмырсқа, түлкі, қарға, бүркіт және т.б.)

-Балалар, білімді біз қай жерлерден аламыз?

-Мектеп, балабақша, колледж т.б.

-«Интернат» деген сөзі орыс тілінде «интернат» болып қалады, ағылшын тіліне – «boarding school» деп аударылады.

-Жақсы, қазіргі уақытта біздің ұлы Отанымыздың әр қалаларында мектеп жетерлік. Бірақ бұрын Абай атамыздың кезінде мектеп сирек кездесетін. Ол мектептерде оқу үшін балалар алыстағы қалалаарға барып, интернаты бар, оқу кезіндегі уақытша үйі бар мектептеде оқыған! (интернаттың суреттерін көрсетемін)Осы интернатта оқып жүрген балалар туралы Абай атамыз өлең жазған. Өлең арқылы балаларға деген үмітін біілдірді.

-Барлығымыз орындықтарға жайғасайық! Абай атамыздың «Интернатта оқып жүр» өлеңін интертақта арқылы тыңдайық!

«Интернатта оқып жүр» өлеңі

https://youtu.be/V20PDQCgxSw (тек «YouTube»-тан көріңіз)

Интернатта оқып жүр
Талай қазақ баласы –
Жаңа өспірім, көкөрім,
Бейне қолдың саласы.
Балам закон білді деп,
Қуанар ата-анасы,
Ойында жоқ олардың
Шариғатқа шаласы.
Орыс тілі, жазуы –
Білсем деген таласы.

Мән-мағынасын түсіндіру:

Негізгі ойы – қазақ балаларының азаматтық білім беретін мектептерде оқып, білім алуы, ғылымға, өнерге тартылуы, халқына адал қызмет ету жайлы. Өлеңнің алғашқы жолдарында жасөспірім қазақ балаларының оқуға көптеп тартылғанын қанағат сезімімен айта келіп, автор одан әрі осы оқудың әртүрлі көлеңкелі жақтарын сынайды, оның түпкі мақсатының тайыздығына өкініш білдіреді. Мысалы ата-ана баласының үкімет орындарындағы ереже, заңдарды біліп шыққанына ырза. Ал шәкірттердің кейбіреулері орысша арыз жазып, сонымен күн көруді, әрі кеткенде не тілмаш, не адвокат болып, ел ішіндегі алауыздық арасынанжалған беделге ие болуды ғана арман етеді.

Сергіту сәті:

«Бақа-бақа балпақ»

https://youtu.be/deHGOsnCwDA (тек «YouTube»-тан көріңіз)

Дидактикалық ойын «Жалпы атауын ата»

Білімге, мектепке, оқуға байланысты суреттерді байланыстырып, жалпы атауларын атау керек.

ІІІ.Қорытынды/итоговая часть:

Мнемокесте

Мнемокесте арқылы өлеңді жатқа айтады.

-Балалар, білім әлеміндегі саяхатымыз аяқталды! Балабақшаға кететін уақыт та келді, әуе шарына отырайық!

-Балалар біз бүгің қайда саяхат жасадық?

-Саяхат жасағанда Абай атамыздың қандай өлеңімен таныстық?

-Бұл өлең не туралы?

-Саяхаттау ұнады ма?

-Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!






№12 ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности №12


Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас (Коммуникация)

Пән/Предмет:вариативтік бөлім

Өтпелі тақырыптар/Сквозная тема: Жабайы табиғат әлемі

Тақырыбы/ Тема: «Қарға мен бүркіт»

Мақсаттары/Цели:

  1. Тәрбиелік – воспитательная: Өзіне, өз күшіне сене отырып, өз мүмкіндіктерін байыппен бағалауды тәрбиелеу.

  2. Дамытушылық – развивающая: Ой - өрісін дамыту, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.

  3. Оқыту- обучающая: Мысалдың мазмұнын түсіне отырып, адамның кейбір нашар қасиеттері туралы түсінік беру.

Педагогикалық технологиялар/Пед. технологий:ойын, ИКТ, модульдік оқыту

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение:интерактивті тақта, қорап, қойылым костюмдері, бүркіт пен қарға ойыншықтары

Көптілділік/Полиязычае: бүркіт – орел - еagle

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Барлығымыз шаттық шеңберіне шығайық!

Сәлем жолдап біздерге, күн сәулесі нұр төкті.

Балалар: Тамаша!

Шеңберде тұрған балалар, жақсы сөздермен нұр септі!

Балалар: Тамаша!

Есте сақтап кеңесті , достарына сыйла...

Балалар: Әсем күлкіңді!

Кел қосылып айтайық, бір-бірімізге...

Балалар: Сәлемді!

  • Өте жақсы, орындарымызға жайғасайық!

ІІ. Негізгі бөлімі/основная часть:

Сюрпризді кезең:

  • Балалар, мен топқа кіргенде менің қолымда мына әсем қорапты байқаған шығарсыңдар! Бұл қорапты дәл біздің тобымыздың есік маңына қойып кетіпті. Онда не бар екенін қарайықшы!

  • Балалар, бұл не?

  • Бұл бүркіт пен қарға ойыншықтары.

  • Қалай ойлайсыңдар бұл қарға мен бүркіттің шын бейнелері ме, әлде ертегі бейнелері ме?

  • Дұрыс, ертегі мен шынайы құстарды қалай айыруға болады?

  • Жарайсыңдар, ертегі бейнесіндегі құстар сөйлейді, олар мінездері болады, ал шынайы құстар сөйлемейді, адамдарға жақын емес.

Түсіндірме жұмыс.

  • Балалар, бүгін біз сендермен ертегіге ұқсас әңгімемен танысамыз. Мұндай әңгімені – мысал деп атайды. Мысал адамға сабақ боларлық, мәні бар шығарма. Мысалда кейіпкерлері –жануарлар. Автор сол жануарлар арқылы адамдардың мінез-құлқын көрсетеді. Яғни, кейбір адамдар түлкілер секілді қу болады, кейбір адамдар есектер секілді ақымақ болады. Өткен сабақтарда біз бірнеше мысалдарды кейіптеген едік.

  • Балалар, бүгін біз сендермен осы қонаққа келген құстар туралы мысал тыңдаймыз. Бұл мысалды қазақтың ұлы ақыны А. Құнанбаев орыстың белгілі ақыны И.Крыловтың шығармасынан аударған.

  • «Бүркіт» сөзі орыс тілінде «Орел» болады, ал ағылшын тілінде « еagle».

Сергіту сәті:

  • Шығарманы тыңдамас бұрын серігіп алайық! Интерактивті тақтаға назар аударыңдар!

«Зообақ»

https://youtu.be/mJdJ60icYns (тек «YouTube»-тан көріңіз)

Шығарманы оқу:

Қой жайылып жаздыгүн
Шыққан екен қияға.

  • Қойлар далаға жайылуға шыққан екен.


Аспаннан бүркіт құйқылжып,
Сорғалап келіп ыраға,
Бір қозы іліп ап кетті
Құздағы қиын ұяға.
Екпіні күшті ер үшін,
Еңбек қылды жем үшін
Ұядағы балаға.

  • Бұл жерде бұркіт аспаннан ұшып келіп, тырнағына кішкентай қозыны іліп, балапандары бар ұяға, қойшыларға байқатпай алып кетеді екен.


Көрді де мұны бір қарға,
Желікті бір іс бастарға:
"Қозыны да тамақ деп,
Кім ап шықсын тастарға!
Ең семізін ілейін
Қызық қылып ашарға",—
Деді-дағы, аралап,
Жабысты келіп қошқарға.
Қалшылдап, дірілдеп
Тырнағын салады,
Қанатын қайқайтып,
Әкетпек болады.

  • Бұл жағдайды бір жас қарға көріп қалып, «Ей, қозы деген кішкентай, соны да тамақ дей ме, бүркіт әлсіз екен» деп ойлап, өзі қошқарды алып кетуге бел буады. Тырнағын қошқардың терісіне салады.


Бүркіттей емес екені
Кешікпей-ақ білінді.
Жабағыға тырнағы
Шықпастай боп ілінді.
Жалпылдап, салпылдап,
Қойшыларға көрінді.
Әддін білмес шіркінді
Құдай әбден қарғады.
Қойшылар көріп күлісіп,
¥стап алды қарғаны.
Құрысын да шіркіннің,
Семіз қойды алғаны.

  • Қарғаның тырнақтары қошқардың жүні мен терісі арасында қатты ілініп қалады екен. Қарға былай сілкініп, былай бұлқынып тырнақтарын шығара алмай қалады. Бұл қызық жағдайды қойшылар көріп қалады.


¥шпасын деп қимаған
Қанат, қүйрық қалмады.
Бір жіпті берік бек байлап,
Аяғына жалғады.
Балаларға ойын боп,
Қор болып сүйтіп қалғаны.
Азат басың болсын құл,
Қолдан келмес іске ұмтыл!

  • Сөйтіп бұл ақымақ қарғаның аяғына қойшылар жіп байлап, балаларға ойыншық ретінде береді екен.

  • Міне, балалар, қарғамен осындай қайғылы оқиға болыпты.

  • Айтыңдаршы, бұл мысал арқылы не түсіндіңдер? Абай атамыз бұл мысал арқылы не айтқысы келді? (балалар ойларымен бөліседі)

  • Балалар, ойларын дұрыс. Әруақытта өз күш-жігерімізді анық бағалауымыз қажет, мақтаншақ болмауымыз керек. Әрине, биік мақсаттарға әрқашанда ұмтылыңдар, бірақ мына қарға секілді бірден үлкен іске араласпау қажет. Өмірде не істесеңдер де, алдымен, шамалы заттан бастаңдар, сол кезде жетістіктерге жетесіңдер. Мысалы, сендер қарғаның орнында болсаңдар не істер едіңдер?( алдымен тырнақтарын терең батырмай, кішкентай қозыны көтеріп көру керек еді, қолынан келсе, қозыдан шамалы үлкен қойды көтеріп көру керек еді, содан-соң қошқарға көшу керек еді)

ІІІ.Қорытынды/итоговая часть:

Театрлау

  • Ойларың өте дұрыс, балалар, қорапта мысал кейіпкерлерімен қатар, қарға мен бүркіттің костюмдері бар екен. Осы ертегіні кейіптеп көрейікші.

(Мен мысалды оқып отырамын, ал балалар мысал желісі бойынша кейіптейді)

  • Балалар, бүгін біз не істедік?

  • Қандай шығарма туралы сөз қозғадық?

  • Бұл мысалдың авторы кім?

  • Абай атамыздың «Қарға мен бүркіт» мысалы не туралы?

  • Өте жақсы, балалар, сабақ аяқталды, сау болыңыздар!









































№13 ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности №13


Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас (Коммуникация)

Пән/Предмет:Вариативтік компонент

Өтпелі тақырыптар/Сквозная тема: Көктемгі егіс

Тақырыбы/ Тема:«Жазғытұры»

Мақсаттары/Цели:

  1. Тәрбиелік – воспитательная. Балаларды табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

  2. Дамытушылық – развивающая: Сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, балалардың сөздік қорын молайту.

  3. Оқыту- обучающая: Көктем мезгіліндегі табиғатта болатын құбылыстардың ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар/Пед. технологий: сын тұрғысынан ойлау, интерактивті оқыту, ойын

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение:интерактивті тақта, дидактикалық суреттер, мнемокестелер

Көптілділік/Полиязычае: көктем –весна - spring

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Шаттық шеңбері
-Қайырлы күн қымбатты балалар! Бүгін мен сендерді жақсы көңіл күймен қарсы алғым келіп тұр. Өзіміздің шаттық шеңберімізде тұрып, бір – бірімізге игілікті сөздер айтайық:
Армысың, Әлем!
Армысың, Жарық күн!
Армысың, абзал Адам!
Армысың, менің досым!

«Кім тапқыр?» ойыны
-Балалар, сендерге жұмбақ жасырайын! Жауабын тауып көріңдерші!

Қар, мұз, еріп,
Су көбейіп,
Сай – салаға ағады,
Бүршік шашып
Жапырақ ашып,
Жер гүл, шашақ тағады.
Қой маңырап,
Төл жамырап,
Жайлау малға толады.
Бөбектерім!
Айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы: Көктем мезгілінде болады.
-Көктем айларын кімдер атайды?

-Наурыз, сәуір, мамыр

ІІ. Негізгі бөлімі/основная часть:

-Олай болатын болса, бүгін біз Абай Құнанбаевтың «Жазғытұры» өлеңімен танысамыз.

«Жазғытұры» өлеңі

https://youtu.be/19IVogwLHXs (тек «YouTube»-тан көріңіз)

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.

(Балаларға өленің мазмұның ашылады)

Сергіту сәті:

«Жау- жау жаңбыр»

https://youtu.be/2LU8vBCMZks (тек «YouTube»-тан көріңіз)

Сұрақтар арқылы талдау.

-Өлеңде көктемгі табиғат туралы не айтылған?

-Жан-жануарлар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

-Ағылшын және орыс тілдеріне «көктем» сөзі қалай аударылады? (весна – spring)

Мнемокесте

Мнемокесте арқылы өлеңді мәнерлеп оқуға тырысады.

ІІІ.Қорытынды/итоговая часть:

-Балалар, жарайсыңдар! Бүгінгі сабағымыздың мақсатына жеттіңдер! Енді қолдарына қарандаштарыңды алып, мына альбомда Абай атамыз бейнелеген көктем мезгілін салып көріңдерші!

















№14 ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности №14


Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас (Коммуникация)

Пән/Предмет:вариативтік бөлім

Өтпелі тақырыптар/Сквозная тема: Тірі және өлі табиғат

Тақырыбы/ Тема: «Піл мен қанден»

Мақсаттары/Цели:

  1. Тәрбиелік – воспитательная: Тәрбиеленушілерді қарапайымдылыққа, мақтаншақ болмауға тәрбиелеу.

  2. Дамытушылық – развивающая: Оқушылардың ой-өрісін, қисынды ойлау қабілеттерін арттыру.

  3. Оқыту- обучающая: Өлеңнің негізгі идеясын түсіндіре отырып, ақынның шығармашылығымен таныстыру.

Педагогикалық технологиялар/Пед. технологий: сыни тұрғыдан ойлау, ойын, ИКТ

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение:интерактивті тақта, пазлдар, сахналық костюмдер, күн жұмсақ ойыншығы

Көптілділік/Полиязычае: піл – слон- elephant


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Шеңберге шығайық! Бір-бірімізге мына күннің нұры мен жылулығын ұсына отырып, жылы тілектерімізді білдірейік!

ІІ. Негізгі бөлімі/основная часть:

Сюрпризді кезең:

  • Балалар, барлығымыз мына үстелге жақындайық! Мен сендерге пазл дайындап қойдым, пазлда не бейнеленгені қызық болса, оны құрып көріңдер!

  • Қандай сурет шықты?

  • Суретте не бейнеленген?

  • Дұрыс, суретте қала, көше, піл, адамдар, иттер бейнеленген.

  • Бүгін біз сендермен қазақтың ұлы ақыны А. Құнанбаев И.Крыловтан ауданған «Піл мен қанден» шығармасымен танысамыз.

Интертақтадан мысалды көру:

(Мен мысалды оқып отырамын, ал тақтада мысалдың желісі дыбыссыз бейнеленеді)

«Піл мен қанден» мысалы

https://youtu.be/eX2ualCxw0E (тек «YouTube»-тан көріңіз)


Көшеде піл жетелеп біреу жүрді,
Кім көріпті хайуанды мұндай түрлі.
Көрсеткелі ап жүрген жануарды
Тамашалап, артынан жұрт боп ерді.

Көшеде кез боп бір қанден
Ұмтылды пілге шаптығып.
Шаңқылдап үрді ерленіп,
Тартынбай ұрысар жан шығып.

Қанденге бір ит кездей боп
Деді: "Әліңді білсеңші,
Пілмен ұрысар сиқың жоқ,
Мазақ болмай, қой, көрші!

Қырқылдап қалдың, не бітті?
Әуре болмай, қой!— деді.
Сен бұлқындың, ол кетті,
Жан деген жоқ ол сені".

"Мен де соны білемін,
Сондықтан ер боп келемін.
Ұрыс, соғыс қылмай-ақ,
Ер атанып көремін.

Жұрт мұнымды көрмей ме?
Батыр атақ бермей ме?
Қой, бұл қанден — ер шіркін,
Пілге де үрген демей ме?"

  • Балалар, бұл мысал не туралы деп ойлайсыңдар?

  • Мысалда, алдыңғы сабақтарда айтып кеткендей, жануарлар бейнесімен адамдардың мінездерін көрсетеді. Бұл мысал - жұрт алдында ғана ақылды, мықты болып көрінгісі келетін адамдар туралы.

  • Қанден дегеніміз – кішкентай ит. Бұл итті интерактивті тақтадан көре аласыздар! Бұл мысалдың басты кейіпкері - қанден. Мысалда піл қанденге еш назар аудармайды, ал қанденболса, оған үріп, арсылдап басқа иттердің назарын өзіне аударады.Оның мақсаты басқалардың «үлкен пілге үріп жатыр екен»,«мықты екен » деп мақтауы.Қанден –басқа біреудің алдында үнемі өзін жақсы жағынан көрсеткісі келетін адамдарды бейнелейді. Мұндай адамдарды мақтаншақ та деп атауға болады.


Сергіту сәті:

«Аңдар биі»

https://youtu.be/CWXyBTtDLD8 (тек «YouTube»-тан көріңіз)

ІІІ.Қорытынды/итоговая часть:

Театрлау

  • Пілді орыс және ағылшын тілдеріне аударыңдаршы! (піл – слон- elephant)

  • Балалар, өз сөзімізбен бүгінгі мысалды кейіптеп көрейікші.(балаларға костюмдер кигізіледі)

  • Тамаша! Отырыңдар!

  • Балалар бүгін біз сендермен қандай мысал туралы сөйлестік?

  • Бұл мысалдың негізгі ойы қандай? Бізді неге үйретеді?

  • Бұл мысалдың авторы кім?

  • Қандай ақыннан аударылған?

  • Мысал деген не?

  • Өте жақсы, сабақ аяқталды, сау болыңыздар!







































№15 ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности №15


Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас (Коммуникация)

Пән/Предмет:вариативтік компонент

Өтпелі тақырыптар/Сквозная тема: Табиғаттың құлпыруы

Тақырыбы/ Тема: «Отыз бірінші қара сөз»

Мақсаттары/Цели:

  1. Тәрбиелік – воспитательная: Оқуды, ғылымды сүюге, өз-өзіне талап қыла білуге тәрбиелеу.

  2. Дамытушылық – развивающая: Балалардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, өз бетімен ізденуге жетелеу, өнер, оқу, білім туралы ойларын кеңейту.

  3. Оқыту- обучающая: Ойтолғау жасау арқылы әдеби шығарманың мағынасын түсіну.

Педагогикалық технологиялар/Пед. технологий: сыни тұрғыдан ойлау, ойын, ИКТ, проблемалық оқыту.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение:интерактивті тақта, дидактикалық суреттер

Көптілділік/Полиязычае: қара сөз – слова назидания - words of edification

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


І. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Шеңберге шығайық!

Біз балдырған баламыз

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Құстай қанат қағамыз.

  • Өте жақсы, орындарымызға жайғасайық!

ІІ. Негізгі бөлімі/основная часть:

Сюрпризді кезең:

  • Балалар, мына суреттерге назар аударықшы. Бұл суреттер боялмай, ұсқынсыз болып тұр. Оларды бояп, бояғаннан кейін суретте не салынып тұрғаны туралы сөйлесейікші.

  • Балалар, суретте не, кімдер бейнеленген?

  • Өте жақсы, бүгін біз сендермен осы суреттерге байланысты жаңа сабақ өтеміз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы Абай Құнанбайұлының 31 қара сөзі. Қара сөз дегеніміз – нақыл, ақыл сөз. Бізді жақсылыққа үйрететін сөздер. Қара сөз орыс тілінде « слова назидания»деп, ал ағылшын тілінде «words of edification»деп аударылады.

  • Абай атамыздың 31 қара сөзін тыңдайық!

Интертақтадан мысал өлеңді тыңдау:

«Отыз бірінші қара сөз»

https://youtu.be/da4kvi1fiGs (тек «YouTube»-тан көріңіз)

«Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек»

Түсіндірме жұмыс.

  • Балалар, егер сендер бір нәрсені ұмытпай есте сақтағыларын келсе, бірінші өз-өзіне «Мен бұны жаттап алуым керек, жаттап аламын» деп алдымызға мақсат қоюымыз қажет. Екіншіден, жаттағын келген нәрсені көргенде, не естігенде мұқият қарап, мұқият тыңдап, қуану не мұнаю керек. Үшіншіден сол нәрсені бірнеше рет қайталап, не қарап отыру керек. Төртінші бөтен іспен айналаспай керек. Мысалы тақпақ жаттап отырғанда, тамақ ішпеу, теледидар көрмеу және т.б.

Сергіту сәті:

«Жау- жау жаңбыр»

https://youtu.be/2LU8vBCMZks (тек «YouTube»-тан көріңіз)

ІІІ.Қорытынды/итоговая часть:

  • Балалар, енді мына суреттер арасында бүгін біз естіген Абай атамыздың 31 қара сөзінің мазмұнына келетін суреттерді таңдап алыңдар!

(Мақсат қойған сурет, суретке мұқият қарап тұрған сурет, суретке қарап күліп тұрған сурет, құлағын жауып жаттап жатқан сурет, жан-жағында адамдар, қосылған теледидар және т.б. заттар арасында кітап оқып отырған сурет)

  • Өте жақсы, қара сөздің мазмұнын түсініпсіңдер!

  • Балалар, бүгін Абай атамыздың қандай шығармасымен таныстық?

  • Қара сөз деген не?

  • Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!




















№16 ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности №16

Өткізу күні/дата проведения:

Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас (Коммуникация)

Пән/Предмет:вариативтік бөлім

Өтпелі тақырыптар/Сквозная тема: Бір шаңырақ астында

Тақырыбы/ Тема: «Он тоғызыншы қара сөз»

Мақсаттары/Цели:

  1. Тәрбиелік – воспитательная: Оқуды, ғылымды сүюге, өз-өзіне талап қыла білуге тәрбиелеу.

  2. Дамытушылық – развивающая: Балалардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, өз бетімен ізденуге жетелеу, өнер, оқу, білім туралы ойларын кеңейту.

  3. Оқыту- обучающая: Ойтолғау жасау арқылы әдеби шығарманың мағынасын түсіну.

Педагогикалық технологиялар/Пед. технологий: сыни тұрғыдан ойлау, ойын, ИКТ, проблемалық оқыту, деңгейлік саралау, тірек белгілері арқылы оқыту.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: интерактивті тақта, пазлдар, жетондар

Көптілділік/Полиязычае: білім –знание- кnowledge

І. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Шеңберге шығайық!

Ертеңгілік шеңбері,

Қол алысып, қане біз,

Достасайық бәріміз.

Қандай жақсы тұру,

Достарменен жүру.

Қандай жақсы дос болу!

ІІ. Негізгі бөлімі/основная часть:

Интерактивті тақтадан пазл бөліктерін құрастыру. (Жақсыдан үлгі алып жатқан сурет)

  • Балалар, бүгін біз сендермен Абай атамыздың 19 қара сөзімен танысамыз.

  • Қара сөз деген не?

  • Қара сөзді видеороликтен көріп тыңдайық!

«Он тоғызыншы қара сөз»

https://youtu.be/oXz7hC8QGU8 (тек «YouTube»-тан көріңіз)

«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады»

Түсіндірмелі саты

  • Балалар, адам туғанда бірден білімді, өнерлі болып тумайды, ол белгілі бір затты ұстап, көріп, естіп үйренеді. Жақсы болғын келсе, жақсыдан үйрену керек. Жаман істерден аулақ болу керек. Кітап, оқулықтарды көп оқу керек.

  • «Білім» сөзі–знание- кnowledge деп екі тілге аударылады.

Сергіту сәті:

«Қыдырып қайтайық»

https://youtu.be/SCvZLP26q0E (тек «YouTube»-тан көріңіз)

ІІІ.Қорытынды/итоговая часть:

«Сәйкестендір» ойыны

  • Балалар, үстелдеріміздің басына отырайық. Мына парақта көптеген ертегілер, мысалдар суреттері салынып тұр. Сендер Абай атамыздың туындыларын Абайдың суретімен сәйкестендірулерін қажет. (Әр балаға деңгейлеріне байланысты тапсырмалар беремін)

  • Өте жақсы, қара сөздің мазмұнын түсініпсіңдер!

  • Балалар, бүгін Абай атамыздың қандай шығармасымен таныстық?

  • Қара сөз деген не?

Марапаттау:

  • Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарын үшін барлық балаларға мынандай «талпынған оқушылар» ұғымын білдіретін жетондар үлестіремін.

  • Өте жақсы, балалар, сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

























№17 ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности №17


Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас (Коммуникация)

Пән/Предмет: вариативтік компонент

Өтпелі тақырыптар/Сквозная тема: Көктем жаршысы - құстар

Тақырыбы/ Тема: «Есек пен бұлбұл»

Мақсаттары/Цели:

  1. Тәрбиелік – воспитательная: Табиғатты сүюге,үлгі өнеге,әдемілікке, өз-өзін бағалап, сыйлай білуге тәрбиелеу.

  2. Дамытушылық – развивающая: Ой-өрісін,сөйлеу дағдысын арттыру,қызығушылығын дамыту.

  3. Оқыту- обучающая: Оқушыларға «Есек пен бұлбұл» мысалының мән мағынасын ашу,түсіндіру.

Педагогикалық технологиялар/Пед. технологий: сыни тұрғыдан ойлау, ойын, ИКТ, білім беруді ізгілендіру.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение:интерактивті тақта, конверт, сахналық костюмдер, күн жұмсақ ойыншығы, суреттер.

Көптілділік/Полиязычае: бұлбұл – соловей- nightingale


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

І. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Шеңберге шығайық!

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық!

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық

Күн шуақтарын достарымызға сыйлайық!


ІІ. Негізгі бөлімі/основная часть:

Сюрпризді кезең:

  • Балалар, менің қолымда өте әдемі конверт бар. Бұл конвертте не бар екен деп ойлайсыңдар?

  • Кейбір балалар бұл конвертте не бар екенін дұрыс айтты. Сендер жұмбақтарды шешуді ұнататындарыңды біліп, бүгінгі сабаққа жұмбақтарды алып келдім. Ал мұқият тыңдаңдар!

1.Әртүрлі, орта бойлы ұзын құлақ,

Өзіне міндетпесе, қызмет қылмақ. (есек)

2.Ормандасайрайды,

Сайрауданталмайды. (бұлбұл)

  • Жауаптарың дұрыс!

  • «Бұлбұл» сөзі орыс тілінде – «Соловей» деп аталады, ағылшын тілінде - «Nightingale» деп аударылады.

  • Қалай ойлайсыңдар, бүгін біз нелер туралы сөз қозғаймыз?

Түсіндірме жұмыс.

  • Балалар, бүгін біз сендермен ертегіге ұқсас шығармамен танысамыз. Мұндай шығарманы – мысал деп атайды. Мысал адамға сабақ боларлық, мәні бар шығарма. Мысалда кейіпкер ретінде- жануарлар болады. Автор сол жануарлар арқылы адамдардың мінез-құлқын көрсетеді. Яғни, кейбір адамдар түлкілер секілді қу болады, кейбір адамдар есектер секілді ақымақ болады. Кейбір адамдар бұлбұл секілді өнерлі болады. Өткен сабақтарда біз бірнеше мысалдарды кейіптеген едік.

  • Балалар, бүгін біз сендермен бұлбұл мен есек туралы мысал тыңдаймыз. Бұл мысалды қазақтың ұлы ақыны А. Құнанбаев орыстың белгілі ақыны А.Крыловтың шығармасынан аударған.

Интертақтадан мысал өлеңді тыңдау:

«Есек пен бұлбұл» мысалы

https://youtu.be/83zFVgnuM14 (тек «YouTube»-тан көріңіз)

  • Балалар, бұл мысалдан не түсіндіңдер?

  • Жақсы, Мұнда надандық пен ақымақтық аяусыз сыналады. Яғни, балалар, түк шамалы біліп, шамалыны түсінетін есек өнерлі бұлбұлды сынап тұр.

  • Балалар, мысалы мен музыкадан еш хабарым болмаса, мен әнді жақсы айтатын адамға сын айта аламын ба?

  • Дұрыс, жоқ. Мен сынды, өз ойымды нақты білетін зат туралы айта аламын.Тағы, мысалы Дәулет бізде ермексаздан әдемі мүсін жасай біледі дейік, бірақ мүлдем би билей алмайды. Дәулет биді жақсы билейтін Айсұлуға сен нашар билейсің, одан да менен үйрен деп айта ала ма?

  • Дұрыс жоқ, мұндай сыншының ойы дұрыс болмайды.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз

Екі қолды созамыз

Құс қанатын қағамыз

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табамыз


ІІІ.Қорытынды/итоговая часть:

Кейіптеу

  • Балалар, өз сөзімізбен бүгінгі мысалды кейіптеп көрейікші.

  • Тамаша! Отырыңдар!

  • Балалар бүгін біз сендермен қандай мысал туралы сөйлестік?

  • Бұл мысалдың негізгі ойы қандай? Бізді неге үйретеді?

  • Бұл мысалдың авторы кім?

  • Қандай ақыннан аударылған?

  • Мысал деген не?

  • Өте жақсы, сабақ аяқталды, сау болыңыздар!






№18 ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности №18


Білім беру саласы/Образовательная область: Қатынас (Коммуникация)

Пән/Предмет:Вариативтік компонент

Өтпелі тақырыптар/Сквозная тема: Армысың , жайдарлы жаз!

Тақырыбы/ Тема: «Жаз»

Мақсаттары/Цели:

  1. Тәрбиелік – воспитательная. Балаларды табиғатты сүюге тәрбиелеу.

  2. Дамытушылық – развивающая: Тақырыптың мәннің түсіндіре отырып, ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту.

  3. Оқыту- обучающая: Балаларды өлеңді мәнерлеп айтуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар/Пед. технологий: модульдік оқыту, интерактивті оқыту, ойын

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение:интерактивті тақта, дидактикалық суреттер, мнемокестелер, жаз костюмы.

Көптілділік/Полиязычае: жаз – лето - summer

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:


І. Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Мотивациялық қозғаушылық

-Балалар қазір бізде қандай жыл мезгілі?

-Бұл мезгілде ауа райы қандай болады?

-Көктем мезгілі қандай айлардан тұрады?

-Ал, көктемнен кейін қандай жыл мезгілі келеді?

(Балалар жарыса жауап береді)

-Ойларын өте дұрыс. Алдағы уақытта жаз айы келе жатыр. Бұл мезгілдердің ішіндегі ең тамаша мезгіл. Жаз уақытында демаламыз, көлде шомылып, жеңіл киінеміз.

Ғажайып сәт

Жаз мезгілі қонаққа келеді.

-Балалар, бірнеше күннен кейін мен табиғаттың басшысы боламын. Бірнеше күнге шыдамай, сендердің балабақшаларына қонаққа келіп отырмын. Бір жылдың ішінде қалай өсіп кеткенсіңдер! Бүгін сендерге өзім туралы Абай атамыздың керемет өлеңімен таныстырғым келіп отыр. Сабақ соңында бұл өлеңді жатқа айтатын және сабаққа белсенді қатысатын балаларға көп-көп сыйлығым бар еді.

ІІ. Негізгі бөлімі/основная часть:

Жаңа сабақ

-Алдымен, Абай атамыздың өлеңін тыңдап алайық!

«Жаз» өлеңі

https://youtu.be/9ZAEKoggxjQ (тек «YouTube»-тан көріңіз)

Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;


Тәрбиеші: Балалар, бұл өлең өздерін түсінгендей жарқыраған жаз туралы.

Бұл өлеңде Абай Құнанбаев жаз мезгілінде халық, жан-жануар, табиғат қандай болатыны, не істейтіні туралы айтқан. Бұрынғы кезде адамдар шілде айында шалғын шөп, бәйшешек ұзарғаннан кейін өзеннің маңына ауыл болып көшіп барады. (презентация арқылы суреттерді көрсетемін)

Сергіту сәті:

Құлпыра берші кең дала.

Гүліңді мен терейін,

Жапырағыңмен жасыршы,

Қойныңа мен енейін.

Ал, балалар тұрайық

Алақанды соғайық,

Бір отырып, бір тұрып.

Біз тынығып алайық.

Дидактикалық ойын:«Жылдың қай мезгілі»

-Бұл ойында мен ақындардың жыл мезгілдеріне арналған өлең жолдарын оқимын, сендер өлең жолдары қандай мезгілге арналғанын табуларын керек. Қиналып таппай қалған жауаптарға жаз көмектеседі.

(Балалар ойынды бар қызығушылықтарымен ойнайды.)

Мнемокесте

Мнемокесте арқылы өлеңді мәнерлеп айтуға тырысады, ұмытып қалған жерлеріне мұғалім көмектеседі.

Жаз: балалар, сабақ басында уәде еткендей сабаққа белсенді қатысқан және өлеңді жаттап алған балаларға мынадай сыйлықтарым бар. (сыйлықтарды үлестіреді)

ІІІ.Қорытынды/итоговая часть:

-Өте жақсы, жаз мезгіліне сыйлықтары үшін үлкен рахмет! Біз де жазға арнап кішкентай сыйлық жасайық! Біздің қолымыздан не келеді екен?

-Жақсы, ендеше жаз мезгіліне арнап сурет салып берейік!

Жаз: Жарайсыңдар балалар! Сендерге көп рахмет. Салған суреттерін маған өте ұнады. Ойынымыз да көңілді болды. Сендермен өткізген күнімді ешқашан ұмытпаймын. Сау болындар!.(Балалар жазға рахметін айтып шығарып салады.)

-Балалар, бүгін біз сендермен не істедік?

-Не туралы өттік?

-Сабақ ұнады ма?







Қолданылған  әдебиеттер:


1) Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;
2) М.Бейсенбаев «Абай және оның заманы» Алматы «Жазушы» 1988 ж;
3) «Абай энциклопедиясы «Атамұра» 1995 ж;

4) Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;

5) Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі;

6) Республикалық «Абай» журналы;

7) Сабақ беру тиімділігін арттыру/Құрастырған Б. Сманов. -А, 1989;

8)Ұстаздың шеберлікке жету жолдары. /Құрастырған Ж Нүржанова. -Алматы, 1991;

9) интернет желісі;





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
678
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі