400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 24 материал табылды

"Абай еліне саяхат" сайыс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай атамыздың шығармашылығына шалу жасау. Карай сөздерін талдау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай еліне саяхат.

Мақсаты:

Балалардың бойына рухани адамгершілік ұялату.

Абайдың ұрпаққа айтқан нақыл сөздерін бойына дамыту

Екі топқа бөле отырып, сайысқа деген қызығушылығын молайту.

Түрі: сайыс.

Көрнекілігі: бүктемелер, плакаттар Абай атамыздың қара сөздеріжазылған плакаттар.

Жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, оқушылар. «Абай еліне саяхат» атты 4-5 сыныптар аралығында өткелі отырган сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

Абай – дана ғұламасы елімнің

Абай – ақыл мақтанышы жерімнің

Абай атты бір данышпан болмаса

Ақ қарасын кім айырмақ өмірдің?!

Сүйсінемін жазғанын оқығанда

Абай сөзі бағдаршам оқығанға

Адасатын адамдар болмас еді

Абай ойын кеудеге тоқығанда, деп бүгінгі сайыс кешіміздібастаймыз.

(әділқазылар алқасымен таныстыру)

Таныстыру:

(әр сыныптар өз топтарын таныстырып өтеді)

(көрініс)

Жүргізуші:

Әжесі Зере мен анасы Ұлжан халқын, ел жұртын сүйер мейрімдікке, үлкен жүректі ұлылыққа баулиды. Зере Абайға ел тарихын айтып, халқының тұрмыс тіршілігімен таныстырып, жақсы мен жаманды айыра білуге үйретеді. Зере әженің тәрбиесінде болған ұлы ақынның балалық шағынан көрініс.

  • Кел, Абайжан , қоңыр қозым, қымыз ал!

  • Әже, бұлдыр бұлдыр күн өткен, бұрынғыда кім өткен?

  • Е, балам, сенің арғы аталарың өз заманының беделдісі, ел басқарған, нағашыларың да сөзге шебер болған дана адамдар. Адам баласы ақиқатты іздейді, соған талпынады. Егер оның іс әрекеті, ақыл ойы неғұрлым ақиқатқа жақын болса, ондай адамның қалдырған ізі де жарқын болмақ. Халқына жақын, жақсы адам үнемі жарқырап тұратын пасыл тас сияқты. Шын асылдың асылдық қасиеті жоғалмайды.

  • Мал жұтайды, өнер жұтамайды, оқуды өнер біліммен үйрету керек екен гой!

Жүргізуші: өнерлі оқу білімнен үйренген Абай артына мол қазына қалдырып кетті.

2-кезең сұрақтары.

  • Абайдың неше қара сөзі бар?

  • Абайдың ерекше үміт күткен баласы?

  • Бірлік, ынтымаққа шақырған қара сөзі?

  • Абайдың ғашығы?

  • Әкесінің аты?

  • Анасының аты?

  • Абайдың поэмасы?

  • Абайдың шын есімі?

  • Бесінші қара сөзінде не туралы айтылған?

  • Әжесінің есімі кім?

  • Пушкиннен аударған шығармалары?

«Абайға арнау»

Абайды құрмет тұтып басқан алға

Жас жүрек жыр жазудан жасқала ма?

Дәл өзіңдей айбынды ақын болу,

Арман болып қалмақ тек басқаларға

Сен жазған саф өлеңнің қымбат бәрі

Пәктігі сәбидейін құндақтағы оқыған жанға сезіледі

Қастерлейін халқының жат тынысын.

Қасиетіңді көп сырдың жатқан шын

Қара сөздің киесі қонған Абай

Қазақтың қайсар рухты мақтансың

Жүргізуші:

Абайдың өлеңдері сегіз қырлы

Жұмбағына байладым мың бір сырлы

Жалықпаймын оқудан өлеңдерін

Сіңіп жатыр санама сіуле нұры

Ендігі кезекті Абай өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқуға береміз

(оқушылар Абай атамыздың өлеңін жатқа оқиды)


Жүргізуші :

Ән сөзің өнеге ғой ұрпағыңа

Теңеймін мен өзіңді биік шыңға

Арманым болмас еді бұл өмірде

Сіз секілді кіре алсам жыр бағына

Абай жаны құбылыс, мәңгі жұмбақ

Біздер үшін ұлы Абай биік тұрмақ

Кезекті мезгіл өлеңдері бойынша сурет көрмесі және сол мезгілдің өлеңін жатқа оқу.

(5 сынып күз, 6- сынып жаз, 7- сынып көктем, қыз мезгілдері берілген. Сол мезгілде салынған суреттерін қорғап шығу)

Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы әнмен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүсең мендей сүй

Деп Абай атамыз айтқандай, сайыс кезегін әнге берейік.

(әр топтан бір оқушы Абай әндерін орындайды.)

Би: «Қаржорға»



Жүргізуші:

Біз үшін Абай өмірі үлкен тәрбие мектебі, себебі оның қарасөздерінің, өлеңдерінің, әндерінің білімге, еңбекке, адамгершілікке баулитынына көз жеткізіп отырамыз.

Ұлы ақын, дар ақын дана ақын Абай атамызға арналған сайыс қортындысын баяндауға сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Қортынды.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
457
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі