Worksheet .
Theme: А. Құнанбаев «Ескендір» поэмасы
1. БІЛУ: Жеке жұмыс. Мұғалім рөліндегі оқушы.
1. History teacher
2. Geography teacher
3. literature teacher (Ғ) 0-49 (D) 50-54
Descriptor:
- fully mastered the historical data and was able to express his opinion;
"life is over.";
"some of the facts and years have made mistakes.
2.ТҮСІНУ: Топтық жұмыс.
1. What kind of Soul is Iskander?
2. Where Did you go?
3. where did you find it?
4. What is the essence of a cunning bone? 55- 69 (D+; ); 60-64 (С-); 65(С)
Descriptor:
- provided high-level data;
- easy details included;
- there were mistakes.
3.ҚОЛДАНУ: Топтық жұмыс.
1-characteristics of Alexander T.
2- summary of the poem
3-writing Proverbs according to the table
4 -Why did Abay describe the image of Iskander in a deplorable way?
Connection of spoken words with the poetry of Abay Kunanbayev. 70-74(С+)75-79(В -)
Descriptor:
- in the course of the work, they were able to give a comprehensive answer, providing additional information;
- was able to perform the work at its own level;
- he managed to do his job, some mistakes were made.
4.ТАЛДАУ. Топтық жұмыс (ауызша).
Group 1.
Subject:
Group 2
Idea:
Genre:
Group 3
Poem construction
Literary theory.concepts
Educational significance of the poem
Group 4
Eskendir experienced difficulties in the Desert, does this event have anything to do with the historical fact?
Descriptor:
- using an example from life, we compared it,found differences and similarities.;
- we gave examples from life, compared them.;
- gave an example from life;
5. СИНТЕЗ: «Ойлаудың алты қалпағы»
«Қызыл қалпақ»
-Түйсік
Эмоция: Менің түйсіктік реакциям
қандай?
«Ақ қалпақ»-
Фактілер
«Сары қалпақ»-
Позитив
Жағымды тұстары қандай болды?Оның артықшылығы
қандай? «Қара
қалпақ»-Жағымсыз
Жағымсыз кезеңдерді
көрсетіңіз.
Жасыл
қалпақ-Креатив
Менде қандай идеаялар бар? Қандай баламалы
түрлерді ойлап таба аламын?
«Көк қалпақ» -шолу /үндеу/ 85-89(В+)
Descriptor:
- the educational value was expressed, the game was summed up with proverbs and sayings.;
- the educational essence is expressed, the game is summed up.;
"I'm sorry.";
6. БАҒАЛАУ: 1.«Абай – адамдықтың асқар шыңы» ойтолғау
Кері байланыс (кеме)
2. Үйге: «Ескендір дастаны мәнерлеп оқу, үзінді жаттау.Шығармашылық тапсырма: «Рухани биіктік-ең жоғарғы биіктік» тақырыбына эссе жазу. 90-94 (А-) 90-100(А)
Descriptor:
- the game was comprehensive and systematic;
- the idea is systematic, not a new idea; "common sense.
АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ОҚЫТУДЫҢ
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиісН. Ә. Назарбаев.
Техникалық прогресс пен ғылыми
ақпарат көлемнің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта
құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарау,
мұның бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл
педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың
сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда мектептің оқу
үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын
пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Білім берудегі инновациялар – қоғамның тұрақты өзгеріп отыратын
мұқтаждықтарына сәйкес оның дамуының қажетті және табиғи шарты. Бір
жағынан құндылықтардың сақталуына ықпал етсе, екінші жағынан, олар
барлық екі нәрседен бас тартып, әлеуметтік қайта жасалымдардың
негізін өздері алады. Осыдан келіп, оқу үрдісін қазіргі деңгейде
жүргізуге талпынғандарға арналған ерекше талаптар туындайды.
Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру
мекемелерінде оқыту үрдісін технологияландыру өзекті мәселелердің
бірі болып отыр. Технология мен әдіс-тәсілдің ара-жігін ажырату да
қарапайым мұғалім үшін кейде қиын болып
жатады.
Ұлы Абай жиырма бірінші қарасөзінде «Ғылым, өнер – дүниенің кілті. Оны білгенге дүние арзанырақ түседі» – дейді . Абай «ғылым, өнер» дегенде алдымен білімді меңзеп отырса керек. Өзі өмір сүрген ХІХ ғасырда халқының жаппай сауатты болуын аңсаған ағартушы, ойшыл ақын қазақтың тек ғылым-білімнің арқасында ғана озық елдің ойлы азаматы атанарына сенген. ХХІ ғасырдың Абай заманынан уақыт айырмашылығы болғанымен, ғылым-білім, мақсат-мүдде хақында түсінік өзгерген жоқ. Бәсекеден тұратын бүгінгі әлемде ұлтымыздың өзгелерге тәуелді болып кетпеуі үшін басты тегеурені – білім болмақ. Ал білім беру жүйесіне инновациялық технологиялардың енгізілуі, оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға, яғни танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуге жол ашады.
Осыған орай Қазақстан Республикасының «Білім туралы».Қазіргі білім беруде дарын тәрбиелеу, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру басты мақсат болса, осы мақсаттарға жетудің бір жилы – іздендіру бағытындағы шығармашылық жұмыстар болып табылады.
Әлемдік деңгейдегі ақындардың бірі, мәдениет, пәлсапа, музыка, ой дүниесінің алыбы, эстет, гуманист, моралист, ағартушы-демократ, шешен, заңгер, әділ би, аудармашы, қоғам қайраткері, тәрбиеші-ұстаз Абай қазір еліміздегі түбірлі өзгерістер негізінде әлемде танылып жатыр. Абай аты әлемді шарлады. Қазір жас өскіндерге нағыз Абайды, дана Абайды қайта танытып, қайта қауыштыру мәселесі көтерілуде. Кезінде оқулықтарда Абай үстем тап өкілдерін, қоғамдағы өз заманында орын алған кемшіліктерді сынаушы, жүрегі у мен зарға толы «әлеуметтік Абай», біржақты Абай ретінде қарастырылды. Ал осы тұлғаның басқа қыры қағыс қалады. Осы жерде еріксіз Пушкиннің «Цель поэзии – поэзия» деген сөзі еске түседі .
Абай – тек қазақ халқының мақтанышы емес, күллі адамзатқа ортақ, ұлы тұлға, әсіресе, орыс пен қазақ халықтарының арасында достық байланыстың түзілуін үндеген, соған дәнекер болған жан. Екі ел арасындағы әдеби байланыстардың бастауы болған да Абай. Оның философиялық дана ойлары, жауһар жырлары - әлем халқына ортақ асыл қазына.
Қазір Абайдан саяси, идеологиялық таңбаларды алып тасталды. Ақын поэзияның терең пәлсапалық мәні, көркемдік дәрежесі тұтастай қарастырыла бастады. тек бір ұлттың көлемінде ғана емес, адамзат әлемінде ірі құбылыс болды. Жалпы Абай жайында, Абай мұрасын жас ұрпақпен қауыштыру айналасында сөз болғанда орыстың тамаша ақыны Марина Цветаеваның мына сөзі еріксіз еске түседі: «Трудно говорить о такой безмерности, как поэт. Откуда начать? Где кончать? И можно ли вообще начинать и кончать, если то, о чем я говорю: Душа есть все – всюду вечно!» . Әрине, Абай тек қана ақын ғана болса, оның асыл мұрасын оқытудың өзекті мәселелері ұстаздар қауымының алдына дәл қазіргі кезеңдердегідей ерекше жауапты, аса қиын да күрделі сұрақтарды қоймас еді.Бұдан біз ақын өлең-жырларындағы жаңа, соны ой-пікірлерді жұртшылықтың қалай қабылдайтынына ерекше мин бергенін айқын аңғарамыз. Өлең-жырға көңіл қоятын мән-жайын түсініп байыбына жетуді талап етті. "Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей". Абай ақын халықтың тағдыры мен қасіретін терең түсініп, оның жоғын жоқтаушы болуға тиіс деп санаған. Абайдың өлеңдерінің ішінде мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекшеленіп тұрған үздік туындылар мол. "Сегіз аяқ", "Сен мені не етесің", "Қан сонарда бүркітші шығады аңға", "Қалың елім, қазағым, кайран жұртым", "Жаз", (Жаздыгүні шілде болғанда) "Желсіз түнде жарық ай", "Болыс болдым, мінеки", "Қызарып, сұрланып", "Келдік талай жерге енді", "Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?", "Көк тұман - алдындағы келер заман" секілді өлеңдерінің қай-қайсысын алсақ та, мүлде тың дүние, шығармашылық жаңалық. Бұларға қоса "Ем таба алмай", "Ата-анаға коз шуаны", "Салаты шықылдағы емес ермек", "Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен", "Ауру жүрек ақырын соғады жай", "Өлсе өлер табиғат, адам өлмес", аударма өлеңдерден "Жалғыз жалау жалтылдап", "Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз", "Қанжар", "Мен көрдім ұзын қайың құлағанын" сияқты тағы сан алуан шығармаларды атауға болар еді. Абай өлеңдерінің көбі не тақырыбы, не стилі, жанрлық сипаты немесе өлең өрнегі жағынан мүлде жаңа болып келетіндіктен осы топка жатқызуға болады деген туындыларды түгел қамтып, бөліп алудың өзі өте қиын. Міне, осындай ондаған кемеліне келген өлең үлгілерін туғызған .Абайдың тіпті жылдың төрт мезгілін суреттейтін "Қыс", ("Ақ киімді, денелі, ақ сақалды"), "Күз" (Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан"), "Жаз" ("Жаздыгун шілде болғанда'')."Жазғытұры" ("Жазғытұры қалмайды қыстың сызы") секілді бір топқа, циклге жататын өлеңдері де әрқайсысы мазмұн-мағынасы, суреттеу тәсілі, құрылысы жағынан әр түрлі болып шыққан. Сондай-ақ өлең, ән-күйдің мәнін, ақындық өнердің қасиетін бағалайтын,.тақырыбы жағынан бір-біріне жалғас "Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы", "Біреудің кісісі өлсе, қаралы-ол". "Мен жазбаймын.өлеңді ермек үшін". "Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа". Өзгеге көңілім тоярсың", "Адамның кейбір кездері" деген шығармалары да ойды әр қырынан өрбітуі пікір соныңғы, бейнелеу, айту ерекшелігі бойынша бір- бірінен өзгеше сипатталған. Осындай бір-біріне ұқсамайтын әр өлеңінде акынның өнерпаздық тұлғасы әр қырынан көрініп, жаңаша сипат табады. '"Өлсе өлер табиғат, адам өлмес". "Көк тұман алдындағы келер заман". "Салаты шықылдағы емес ермек" деген сияқты өлеңдерін оқыса, онда Абай -ойшыл акын екен деп танимыз, "Жүрегім, нені сезесің", "Не іздейсің, көңілім, не іздейсің", "Жүрегім, ойбай, соқпа енді" секілді өлеңдерді оқығанда, Абай асқан сыршыл лирик акын-ау деп тамсанамыз. Ал "Қан сонарда бүркітші шығады аңға". Жаздыгүні шілде болғанда". "Желсіз түнде жарық ай".
Ал "Сен мені не етесің, 'Ем таба алмай", "Қор болды жаным" секілді нәзік лирикалық туындылар қазақ поэзиясында бұрын орын теппеген сыршыл лириканың жаңа үлгілеріне екені айқын аңғарылады.. Абайдың әр өлеңінде оның осындай ақындық тұлғасына жаңа бір қырынан танытатын өзгешілігі болады десек, олар іштей астасып жатқан сипат, қасиеттер екенін де айтуымыз керек. "Сегіз аяқты" оқығанда мұнда терең сыршылдық, ғибратты насихатшылық, бейнелеп суреттеуге, тіпті өлең өрнегін өзгеше өрнектеуге шеберлік те бәрі ұштасып келетіні анық көрінеді.Абайдың көркемдік ойлауы қалыптасқан, дайын үлгілерді қайталамайды. Осының өзі-ақ оның поэзиясына жаңашылдық сипат дарытады. Ол қазақ поэзиясының мазмұндық ауқымын, тақырыбын кеңейтті, әдебиетте жаңа жанрлык түрлер туғызды. Абайдың XIX ғасырдың 90-жылдары өзінің ой толғаныстарын қарасөздермен жазғаны барлығымызға мәлім. Өз шығармасын қарасөзбен жазудың публицистикалық түрінің негізін қалаушы Шоқан болса, көркем қарасөз қазақтың көркем жазба әдебиеті тарихында Ы. Алтынсариннен басталады. Ал одан әрі дамытушы Абай болды.
Абайдың қарасөздері көркем әңгіме емес – ғақлиялық даналық сөздер. Онда ғылыми – философиялық толғаныстар кең орын алған. Абай қарасөздерді жазуға зор дайындықпен келген. Ол бұл еңбектерін діни сопылық – теологиялық ғылымды да, жаратылыс зандарын ашқан Галилей, Коперник, Спенсер, Ньютон, Пифагор, Дарвин еңбектерінде, ертедегі философ ғылымдар Сократ, Аристотель, Платон шығармаларын да, Шығыстың ойшыларды Фирдоуси, Шамси, Қожа Хафиз, Бабыр және т.б. еңбектерін де оқып, ақыл-парасаты әбден толықсыған шағында жазуға кіріскен. Ол қарасөздердегі келтірілген терміндік атаулар мен сілтемелерден немесе ой – пікір үндестігінең байқалады.
Мәселен, ол: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамгершіліктің қарызы еңбек қылсан, Алланың сүйген қулынын бірі боласың», Әкесінің баласы – адамның дұшпаны, адамдың баласы - бауырың деп бүкіл адам баласын сүю, халыққа, көпке пайдасын тизігу сияқты ұлы гуманистік қасиеттерді дәріптейді. Абайдың қарасөздеріндегі еңбек, ғылым, адамгершілік, әділдік, т.б. туралы ой – пікірлер оның ағартушылық, демократиялық қөзқарасын айқындай түседі.
Ақын шығармалары даналық, афоризм сөздерге бай. Мысалы: «Сегіз аяқ»өлеңі.
1. Қиналма бекер тіл мен жақ,көңілсіз құлақ ойға олақ.
2. Бойда қайрат, ойда коз, болмаған соң,а йтпа сөз.
3. Болмасын кекшіл, болсайшы көпшіл.
4. Еңбек қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей.
5. Адал бол-бай тап, адам бол – мал тап.
6. Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос...
7. Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын.
Абай шығармаларын жас өскіндерге жеткізу, оның сұлулығы мен маңызын түсіндіру, Абай әлемімен қауыштыру мәселелері әдебиетті оқытудың өзекті дүниесі деп айтсақ қателеспеспіз. Абайды таныту – қазақ халқын таныту. Абайды таныту – қазақтың даналығын, қазақтың сөз өнерін таныту. Абайды таныту – қазақтың ғажайып бай тілін таныту. Абайды таныту – адам деген қандай болады, соны таныту. Абайды таныту – сұлулықты, махаббатты, ізгілікті, адамдықты таныту.
Абай поэзиясының сұлулығының бойымызға бой алып, жан дүниемізді тазартып, сұлу жанды жас ұрпақ тәрбиелеу – адами да, ұстаздық та борыш . Әр ұрпақ, оның әр ұстазы ұлы ақын мұрасын оқыту жайында іздене береді. Ұлы Абай халқымен бірге жасап, әр ұрпақтың коз көргеніндей, замандасындай жан дүниесі, жүрегінде өмір сүре береді.
Жаңа білім беру форматында өз сабағымда мына түрде тапсырма беру арқылы Абай мұрасын жастарға оқытуда қолданамын.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
1. Өмірәлиев К. Абайдың нақыл сөздерін оқу-тәрбие ісінде пайдалану. Алматы: Өнер, 1995.
2. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.
3. Бітібаева Қ. Абай шығармашылығын оқыту – Алматы: Мектеп, 2003 – 23
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Абай феномені.

шағым қалдыра аласыз