АБАЙ ІЛІМІ

Тақырып бойынша 27 материал табылды

АБАЙ ІЛІМІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Абайдың шығармашылығын насихаттау. Сонымен қатар, Абай дүниесіне балалардың ойын терең үңілтіп, түсіндіріп, адал азамат тәрбиелеуге бағыттау. Балалардың бойына рухани құндылықтарды сіңіруге ықпал ету. Жас буынды өз елін, жерін сүйетін, өзін сыйлайтын, халқын сыйлайтын, елге пайдасы тиетін азамат қылып өсіруге атсалысу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Абылай хан» атындағы жалпы білім беру мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Тайтелиева Акмарал Нурмахановна









АБАЙ ІЛІМІ: «ТОЛЫҚ АДАМ НЕГІЗІНДЕГІ БҮГІНГІ ҰСТАЗ БЕЙНЕСІ»

Абай «...адамгершілікті моральдық философияда барлық жайдан жоғары қояды»

(М.Әуезов)

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев:  «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады.» -дейді.Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы өзінің «Абай-қазақтың бас ақыны» деп аталатын мақаласында «Абай-ұлы тұлға» деп бекерге атамаса керекті.Ғалымдардың болжамдары бойынша бұл дүниедегі асылдың асылы,ең бағалысы адам деп бағалайды.Сол адамның алғашқы баспалдағын қалыптастыратын бастауыш сынып оқушысы болса,сол баланың бойына алғашқы адамдықтың ұрығын себуші ол -бастауыш сынып мұғалімі.

Ғалым,ойшыл,әдебиеттанушы М.Әуезов: «Абай адамгершілікті, моральдық философияны барлық жағынан жайдан жоғары қояды»,-деген болатын.Абайдың бар өмірі халқын адамгершілікке үндеумен өткен.Белгілі ғалым Мақсат Әліпханов өзінің бір мақаласында: «Абай-адамгершілікті жүйелі жырлаған ақын»,-деп жоғары баға берген болатын.Абайдың «толық адам», «кемел адам» деген тақырыптарын оқыған кез келген көзі ашық,көкірегі ояу адам адамгершілік тақырыбына тоқталмай өтуі мүмкін емес.Ал бүгінгі дамыған қоғамда адам мәселесі-білім,әдебиет, тағы басқа салаларды толық шешімін таппаған іргелі мәселе.Қазақтың ұлы данышпаны Абай «Атаңның баласы болма,Адамның баласы бол» деген қанатты сөз қалдырған.Адамның адам болып қалыптасуы туғаннан басталады.Ол мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап,оның бойына ізгіліктің нұрын шашып,өмір дейтін мынау кең әлемге қадам тастататын ол бастауыш сынып мұғалімі.Сол үшін де бастауыш сынып мұғалімдеріне артылар жүк пен сенім орасан күшті.Адамның адам болып қолыптасуы туғаннан басталса,адам мен Абай айтқан «толық адам» деген екі түрлі ұғым.Абайдың «толық адам мен кемел адамын » зерттеу барысында мен Абайдың 17 қара сөзіне жүгіндім.Осында Абай атамыз «Әуелде бір суық мұз-ақыл керек» деген өлеңдерінен бастау алады. Абайдың пікірінше «толық адамға» тән қасиеттердің көріністер мынадай болады екен:

1.Ақыл,қайрат,жүректі бірдей ұстау:

2.Иманды болу:«Иман деген-аллаға шын жүректен сену»

3.Әділеттілікті сүю

4.Адам бойына мына үш қасиетті сіңіру:«ақыл,рақым,әділет»

5.Ғылым-білімді үйрену.

Осы Абай айтқан бес қасиет баланың алдындағы білім беруші ұстаздың бойынан табылса,ол ұстаз нағыз өз ісінің маманы мен шебері деп толық айта аламын. Бүгінгі қоғамдағы ұстазға артылар жүк аса жауапты. XXI ғасырдың мұғалімі жан-жақты дамыған ,бір саланы ғана маманы емес, қай салада да ойып тұрып орын алатын әмбебап болуды талап етілуде.Сонымен ХХI ғасырдың мұғалімі менің түсінігімде мынандай болуы керек:

Біріншіден, Жаңа ғасырдың мұғалімі «тәуекелшіл» болуы керек.Ол кез келген ауыртпалықты өзіне қабылдай отырып,тәуекелгебел бууға дайын болуы керек.Оның бойынадағы осынау қасиеттері өзгелерге үлгі болады.Мұғалім ұғымының өзі өзгеге үлгі болуға үйретеді.

Екіншіден, Психолг болуы керек.Ол алдындағы білім беріп отырған шәкіртіне тек қана білім беріп қоймай, оның психалогиясын зерттеуі керек.Оны топтан бөлек,жеке жұмыс жасау басты талабы болуы қажет.Себебі алдындағы әр баланың қабілет қарымы әр түрлі.Балаларды бірінен бірін артық не кем көрмеуіміз керек.Баланың намысына тиетін сөздерді мүлдем қолданбағаны жөн.

Үшіншіден,Білікті педагог болуы керек.Шәкірттеріне түрлі әдіс-тәсілдер арқылы тәрбие мен білім суымен суысындата алуы ең маңызды дүние екенін естен шығармағаны абзал.

Төртіншіден, Ол көшбасшы болуы керек.Бүгінгі таңдағы мұғалім тек қана сабақ берумен шәкірттерін қанағаттандыра алмайды.Мұғалім өзінің көшбасшылық, ұйымдастырушылық қабілетімен қоса сол ортада қоғамды соңынан ертуге қауқарлы,ісіне берік,әрі тиянақты болғаны жөн.Көштің басын бастау әрине қиын,дегенмен бұл жаңа дамыған дәуірдің талабы.

Бесіншіден, Рухани бай болуы керек.Қай елде болмасын мұғалім дәрежесін көтеріп жүрген жан рухани құндылықтарға бай болуы керек.Ол сол елдің ұлттық болмысын, табиғатын бала бойына терең сіңіруге,отансүйгіштікке тәрбиелеуге бейімдеуі қажет.Ұстаздың жан дүниесі рухани тәліміне толы болса,одан білім алған шәкірттері де одан алған білімін далаға шашпасы хақ.

Абайдың мына бір даналық сөзіне тоқталайын:«Адам баласын заман өсіреді,кімде кім жаман болса замандастарының бәрі жазықты».Әр қара сөзінің ой толғауланың мәніне қарасақ,адам өзіне тән құндылықтарды қоғамда өмір сүру барысында жинақтайды екен.Уақыт,дәуір,қоғамдық орта адамды қалыптастыратын маңызды фактор екенін Абайдың даналық ойларындағы көзқарастарынан толық аңғарамыз. «Тәрбие тал бесіктен басталады» демейді ме дана халқымыз.Әрқашан да тәрбие мен білім ажырамас бірге жүретін үрдіс.Абай адамды қалыптастыратын тәрбие деп бағалап,оған үлкен мән берген. «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп,көріп,ұстап,татып ескерсе,дүниедегі жақсы мен жаманды танитындығы сондайдан білгені,көргені көп болған адам білімді болады» дейді.Абайдың ойынша адамның ақылдылығы,тәрбиелігі,саналығы дүниені зерттеумен оның ішкі сырын білумен тығыз байланысты.Қоршаған ортаны тану,ақиқатты білу,ғылымды меңгерту оның пікірінше адамға тән қасиет.Ұлы заңғар жазушы М.О.Әуезов былай дейді: «Абайға келгенде адам мен адамгершілік,ұждан,мораль философиясына тікелей қатысы бар.Біздің білуімізше Абайдағы философиялық көзқарастың көзі адамгершілік мәселесіне тіреледі.Абайдың «толық адамы» -адамгершілік шыңына жеткен ,ақылы толысқан,ақылы мен қайратын жүрекке билете алатын тұлға. Мұғалімнің тағы бір қыры өзін ұстауы, киім үлгісі, жүзінің жарқын бейнесіне дейін көрініп тұру керек. Әрбір сөзге сауатты, әрбір ісіне жауапты, мәдениетті, интеллегентті тұлға болуы керек. Өйткені балалар ұстазынан үлкен өмірге қадам басқанға дейін үлгі алады

Сөз соңында айтарым: ақыл ,қайрат,жүректі бірдей ұстасаң ғана толық боласың деген тұжырымы-ақынның толық адам хақындағы негізгі ұстанымның түйіні.Әрине Абайдың «толық адам» ілімін мұнымен шектеп қоюға болмайды.Ақынның өлеңдерінде жырланған адамдықтың күрделі мәселелерінің барлығы «толық адамға » жетудің жолы,алғашқы шарты болып табылады.Сол себепті Абайды оқу,оның ілімін өзінің ішкі жан дүниесінде қорыту,өмірлік ұстанымына айналдыру-ел ертеңі болған жастарды тәрбиелеу жолындағы ұстаздардың өмірлік ұстанымына айналуы шарт. Абай адастырмайды, Абай өмірдің мәнін түсіндіреді.Абайды оқу бір басқа,ал Абайды тоқу,Абайдың «толық адам» туралы ойларын көңілге түйіп,дәл сондай болуға ұмтылу бір басқа құбылыс.Ел ертеңі білімді ұрпақтың қолында екенін ескеретін болсақ,сол жастардың ертеңгі күні өз елінің болашағын жарқын ету жолындағы шамшырақты жағатын ол- Ұстаз. Ұстаз-баланы құрметтейтін және оған өзімен теңдей қарайтын, адал адам. «Ұстазы жақсының ұстамы да жақсы» дейді дана халқымыз. Мектептегі мұғалім – өз шәкіртінің білімді ғана емес, ұлттық тәрбиемен сусындауына да көп көмек көрсететін маман. Себебі, әр оқушы мұғалімге қарап бой түзейді. Оның жүріс-тұрысына еліктейді. Демек, Абай атамыздың «толық адам» ілімінің негізінде қазіргі заман мұғалімінің басты мақсаты – заман талабына сай, білімді тұлға тәрбиелеу. Осы айтылған  қасиеттері бар мұғалім арқылы, болашақта егемен еліміздің ертеңгі болашағы білімді жас ұрпақ қалыптасары анық екендігі баршамызға мәлім.Әр ұстаз, қоғам және заман талабына сай педагогикалық шеберлігін шыңдап, үнемі ізденіс үстінде болуы тиіс. Ұлы Абай «Адамның адамшылығы жақсы ата-анадан, жақсы ұстаздан, жақсы құрбыдан болады» деп айтып кеткені белгілі. Осындай қасиет пен құрметке лайық болған жөн. Ойымды: «Мен үшін ұстаз бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі», – деген ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің сөзімен қорытындылаймын. Ұстаздарға зор денсаулық, қажымас қайрат, аянбай еңбек етуді, олардың мәртебесін көтеретін шәкірттері көп болсын дегім келеді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.00.2025
60
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі