жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Абай және оның әндері
Абай және оның әндері музыка 4 сын
Сабақтың тақырыбы: Абай және оның әндері
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға ұлы сазгер Абайдың өмірі, оның қазақ музыка өнерінде алатын орны және, Абайдың музыкалық мұрасы туралы терең таныту.Ақын әндерінің ерекшеліктерін айқындау
Б). Тәрбиелік:Оқушыларды Абай әндерін түсініп,ұға білуге баулу,
сонымен қатар адамгершілікке,сезімталдыққа,өнерді сүюге,
қадірлеуге тәрбиелеу.
В) Дамытушылық: Музыкалық сөз қорларын байыту, музыканы тыңдай және түсіне білу, ән айту қабілеттерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгеру.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі - иллюстративті, баяндау, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: Абай портреті, плакат,бояу
Сабақтың барысы: Оқушылар сыныпқа Абайдың «Өзгеге көңілім тоярсың» әнімен кіреді.
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа қатынастарын, оқу - құралдарын тексеру)
Дауыс жаттығуы : әртүрлі тональділікте дауыс жаттығуларын орындау
Психологиялық дайындық:Күй тыңдаймыз күмбірлі
Ән айтамыз созылтып
Би билейміз ырғақты
Біз бастаймыз сабақты.
Балалар үнтаспадан тыңдаған күй таныс па? (халық күйі «Келіншек»
Күйдің сипаты қандай?(жүрдек,көңілді)
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау,бағалау.(топтық жұмыс)
1.топ.Әншілер.
2.топ..Күйшілер
3.топ.Жыршылар.
«Адасқан ноталар» ойыны (әндер жасыру)
До -Көзімнің қарасы
Ре- Айттым сәлем Қаламқас
Ми- Қараңғы түнде тау қалғып
Фа -Бойы бұлғаң
Соль- Сегіз аяқ
Ля- Татьянаның әні
Си -Желсіз түнде жарық ай
Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында әр топ өздері таңдаған түске байланысты
сол түстегі сұрақтарға жауап береді.(Әр түсте үш сұрақтан)
1.Музыкада неше дыбыс бар? (7)
2. ҒарыштаАбайдың әнін орындаған кім және қандай әнін? (Т.Мұсабаев.Желсіз
түнде жарық ай)
3.До нотасы қайда орналасады? (қосымша сызыққа)
4.Әннің сөзін кім жазады? (ақын)
5.Абай қай жылдары өмір сүрген? (1845-1904)
6.Халық композиторларын ата? Ақан сері,Біржан сал,Жаяу Мұса,Үкілі Ыбырай)
7.Минор дегеніміз не? (Қайғылы,мұңды көңіл-күйді білдіретін әуен)
8.Абайдың шын есімі кім? (Ибраһим)
9.Абай кім? (Ұлы ақын, жазушы ,ағартушы,сазгер)
ІІ. Жаңа сабақ.
Мағынаны тану: Оқушыларға Абайдың туған жері туралы бейнетаспадан көрсетеу
Абай Құнанбаев өмірі мен әндері туралы мұғалім түсінігі. (интерактивті тақтада Абай суреттері кетеді)
Абай Құнанбаев (1845 - 1904) ақын, ағартушы, композитор, аудармашы.
Ол өзі қалдырып кеткен құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез құлықтарды сынап, адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен бірге басқа халықтың мәдениетін, өнерін білуге шақырды. Абай композитор ретінде қазақ музыка мәдениетінде үлкен үлес қосқан. Ол өз әндерінде махаббат және табиғат суреттерін, жыл мезгілдерін жырлаған.
Әндері «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем Қаламқас» т. б. және де Абай орыс ақындары Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларын қазақшаға аударып, оған музыка жазды.
Музыка тыңдау: Абай әндерін таспадан тыңдау ,домбырадағы орнындауда тыңдау .
(Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» сөздерін интерактив тақтасына көрсету)
Бұл ән естіген құлаққа жағымды, өлеңнің тұтастығымен, айқындығымен және әуенімен ерекшеленетін ән. Әуені мен өлеңі екеуі біртұтас көркем бейне жасап, көз алдымызға жарық ай астындағы әдемі тымық түн елестетеді. Әннің әуені жеңіл, лүп еткен лептен құйылғандай сабырлы, бір тегіс, құлаққа жағымды болып келеді.
Классикалық музыка деп ең биік көркемдік талапқа сай, терең мазмұнды, уақыт сынынан өткен, музыка өнерінің алтын қорына енген шығарма.
Абай тек орыс әндерін ғана емес, классикалық музыканы да білген.Орыс және Еуропа музыкасы жөнінде түсінігінің кеңейюіне Санк-Петербургта оқыған баласы Әбдірахманның көп ықпалы тиген.
Абай өз әндерінде табиғат сұлулығын, адамның көңілін әсерлі әуенмен бейнелеп жеткізген.Қазір біз Абайдың табиғатты бейнелейтін «Желсіз түнде жарық ай» әнін үйренеміз.
Бұл ән естіген құлаққа жағымды, өлеңнің тұтастығымен, айқындығымен және әуенімен ерекшеленетін ән. Әуені мен өлеңі екеуі біртұтас көркем бейне жасап, көз алдымызға жарық ай астындағы әдемі тымық түн елестетеді.Әннің әуені жеңіл, лүп еткен лептен құйылғандай сабырлы, бір тегіс, құлаққа жағымды болып келеді.
Сыныпты үш топқа бөліп тапсырма беремін.
1 топ «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін қара сөзбен суретте.
2 топ «Желсіз түнде жарық ай» өлеңіне сурет салу
4. «Ақын болу» ойыны. Абайға арнап өлең шығару. Осы ұйқасқа екі жолдық өлең құрастыру
...................... дана,
...................... ғана.
Сергіту сәті. Ән орындау:Е.Хасанғалиевтің Келші,келші балашым әні.
«Әуенді тап» ойыны. Әуенді тыңдау арқылы әннің атын табу.
ІY. Жаңа
сабақты тиянақтау.
Балалар, бүгін біз Абайдың сазгерлік қырымен
таныстық. Абайдың әндерін тыңдап, үйрендік. Балалар сал-серілер
бастарына қандай бас киім киіп жүрген? Әрине, бөрік. Тағы қандай
ұлттық бас киімдерді білесіңдер? Енді осы сабақтан алған
білімімізді тиянақтау үшін «Тақия тастамақ» ойынын
ойнаймыз.
«Тақия тастамақ»
ойыны
Ойын шарты:
Тақтаға әр топтан екі оқушыдан алты оқушы шығады. Музыка ойналады,
сол кезде балалар тақияны бір – біріне
кигізеді.
Музыка
тоқтағанда тақия кімнің басында қалса сол сұраққа жауап береді
1-сұрақ Абайдың сыншыл
әндері.
2- сұрақ
Абайдың әжесінің аты кім?
3- сұрақ
Табиғат туралы әндерін білесің
бе?
4- сұрақ
Абайдың қандай өлеңдерін
білесің?
5- сұрақ
Абайдың әкесі кім?
6-сұрақ Абайдың
әнін кімнің орындауында тыңдадың?
«Абай Құнанбаев» слайд
Айттым сәлем Қаламқас әнінің шығу тарихы.
Үш топқа суреттер таратылады.
Әр топ Абайдың бір өлеңін жатқа айтып береді.
Абай туралы шағын шығарма
1.Желсіз түнде жарық ай.
2.Көзімнің қарасы.
3.Айттым сәлем қаламқас.
4.Ұстазым.
5.Келші,келші балашым
6.Балқадиша.
7.Ақ сиса.
ІҮ.Қорытындылау.
«Абай кім» тірек сызба сызу .(ақын, жазушы ,композитор,аудармашы, күйші)
Сыныпты үш топқа бөліп тапсырма беремін.
1 топ «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін қара сөзбен суретте.
2 топ «Желсіз түнде жарық ай» өлеңіне сурет салу
4. «Ақын болу» ойыны. Абайға арнап өлең шығару. Осы ұйқасқа екі жолдық өлең құрастыру
...................... дана,
...................... ғана.
Оқушылар білімін бағалау.: Ноталар арқылы бағалау.
Бүтін нота-өте жақсы
Жартылық нота-жақсы
Ширек нота-орташа
Сабақты бекіту
Ү.Үйге тапсырма. Абай салған сырлы әндер және
«Абай әндері» кітапша жасау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген