жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Абай және Шәкәрім поэзиясындағы антонимдік қолданыстар
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы әдебиетке ерекше тоқталуды, аса ұқыпты да ыждаһаттылықпен зерттеуді қажет ететін, әр қилы көзқарасты, сан алуан бағыттарды топтастырған, көп қырлы әдебиет екені мәлім. Қазақ қоғамы бұл тұста ауыр әлеуметтік-экономикалық күйзелісті бастан кешкені анық. Бұл жағдай ұлттың алдыңғы қатарлы перзенттерінің – (көзі қарақты) оқыған азаматтарының әр түрлі көзқараста өсіп жетілуіне әсер етті. Қоғамдық ахуалды бағалаудығы түрлі көзқарастың әсерінен, қалыптасқан түрліше дүние таным ықпалынан әдебиеттегі сан салалы ағымдар келіп шықты. ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басындағы әдебиет қолданған әдеби тәсіліне ұстанған бағыт – бағдарына қарай танылмай жүр деуге келмейді. Сөйтседе, Қазан төңкерісіне дейін қаншама кітаптар шығарған біраз қаламгерлердің туындылары әлі күнге дейін өз ұрпақтарынан өгейлік көріп келеді. Өз ұлтымызды өзіміз тануға толық мүмкіндік болып жатқан кезде, бұл дәуірдегі (кезеңдегі) ірілі-уақты ақын-жазушылар жаңа көзқараспен қайта қаралып, дұрыс бағалануы тиіс-ақ. Сондай жаңаша бағалап, бағамдауды қажет ететін қазақ әдебиетінің өкілдері – Абай мен Шәкәрім ақындардың шығармашылығы.
ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетін сөз еткенде, «ағартушы», «ағартушы демократ» деген атауға бір жақты талап қойылды. «Ағартушы» - деп тек орыс мәдениетін насихаттаушыларды ғана атап келді. Әлем әдебиетінде «ағартушылық» қоғамда адам санасын біліммен азықтандырып, рухани тазалыққа шақырып, идеясын ұстанған білімді азаматтарға берілген атақ екендігі белгілі. Олай болса, Абай мен Шәкәрім ақындардың да әдеби идеялық көз-қарастары ағартушылық ағымына сәйкес келеді.
Бұл туралы ғалым Б.Кенжебаевтің пікірі біздің ойымызды нақтылай түседі. «ХХ ғасырдың басындағы ақын-жазушыларыды, кітаби ақындар, ағартушы демократ ақындар деп бөлгенде, бір дәуір әдебиетін екі түрлі принциппен бөлген, жіктеген боламыз. Бұл ғылыми жіктеу емес. Бір дәуірде жасаған ақын-жазушыларды бір принциппен ғана, яғни идеялық – әдеби көз қарастарына қарай жіктеген орынды болмақ ».[1] Ол ақындардың қай-қайсысы да білім алуды насихаттады. Білім алудың мағынасын тарылтып, жіберген соңғы жылдары бұл бағыт білім көзі деп мойындалмады. Әйтпесе бұларда жастарға, жалпы халыққа білім таратушылар болатын. Бұларда білім алуды, адалдықты, адал еңбекпен мал табуды, рухани тазалықты насихаттады. Рухани тазалықтың құралы – ислам моральі деп түсіндірілді. Исламның аты аталып, Алла мен пайғамбар сөз болған соң-ақ, бұл ақындарды халықтан алыстатуға күш салынды. Оларды идеялық әдеби көзқарасына қарай емес, саяси тұрғыда бағалау басым болды.
Қисса – дастан қазақ әдебиетінде ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде дамып, қалыптасты. Онда түрік-ислам дүниесінің мол мұралары қамтылып, заман адамдарының зердесінде қазақ мәдениетінің мыңдаған жылдық тарихы бейнеленіп: «Әне, мәселе қайда?» - дегендей, ой түрткі салынды.Түріктік-исламдық дүниелердің мәні мен маңызын түсіндіруді мақсат еткені үшін, оны жазған ақындарды «пантүрікшіл», «панисламшыл», – деп айыптаған кездер де болды. Әдебиетте саясаттандырудың салдарынан көп жылдар ғылыми-зерттеу нысанасына айналмады.
Қисса-дастан мәселесінің жалпы жағдайлары М.Әуезов (1959;1991), С.Мұқанов (1974), Е.Ысмайылов (1956; 1968), Қ.Жұмалиев (1958), Б.Кенжебаев (1973;1976), М.Ғабдуллин (1974), Б.Шалабаев (1961), Х.Сүйіншәлиев (1986) еңбектерінде сөз болды.
Қиссашы ақын Шәкәрім Құдайбердіұлын әдебиетке кіргізіп, ақтап алуды қарастыру талаптарын профессор Б.Кенжебаев еңбектерінен көреміз. Б.Кенжебаев Шәкәрім, Шәді, М.Жүсіп, Н.Наушабаев, т.б. шығыс сюжетіне өлең жазған ақындарды «ағартушылық бағыттағы ақындар» деп бөлу арқылы оларды, «кертарпа», «ескішіл» деген айдар тағудан ажыратып алады: «алайда, әне бір жылдары бізде ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін менсінбеушілік, жете бағаламаушылық болды. ХХ ғасыр басында бізде шын мағынасында әдебиет болған жоқ десті. Осыдан ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін жинап, бастыру, зерттеуге тиісінше көңіл бөлінбеді », – деп жазды Б.Кенжебаев. [2]
Сондай-ақ М.Бөжеевтің, М.Бөжеев – З.Ахметовтің [3,1/2том.], М.Ғұмарованың [3,1том] зерттеулері осы мәселені алғаш көтеруімен құнды болды. Ә.Қоңыратбаев [4], Ы.Дүйсенбаевтің [5] еңбектерінде жүйелене бастады.
Осы айтылғандар, « Абай, Шәкәрім шығармашылығындағы антонимдік қолданыстар" деп аталатын зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін айғақтаса керек.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті:
ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілдері болып, бүкіл қазақ әдебиетінің жауһарына айналған Абай мен Шәкәрім ақындардың шығармашылығына тоқтала отырып, шығармашылықтарындағы антонимдік қолданыстар мен антонимдік фразиологизмдердің ерекшеліктерін ерекшелігін айқындап, жүйелеп зерттеу.
Осы мақсатқа орай ізденуші алдына мынандай міндеттер қойды:
- Абай мен Шәкәрім шығармашылығына байланысты деректерді анықтау;
- Абай мен Шәкәрімнің шығармашылықтарын – тақырыптық, көркемдік және мазмұндық (тұрғыдан) жағынан жүйелеу;
- Абай мен Шәкәрім шығармашылығының шығыс әдебиетімен байланысын көрсету;
- Абай мен Шәкәрім шығармашылықтарының құндылықтарының негізін анықтау;
- Абай мен Шәкәрім шығармашылығындағы антонимдік қолданыстардың көрінісі мен мәнін анықтау;
- Абай мен Шәкәрім шығармашылықтарының тақырыптық, мазмұндық және көркемдік ерекшеліктерін айқындау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Бұрын зерттеушілерге аты мен заты таныс қазақ халқының мақтаны болған Абай мен Шәкәрім шығармакшылығын өзгеше қырынан зерттеліп, жүйеленді. Ақындардың шығармашылығындағы дәстүр жалғастығының шығармашылықтарындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары айқындалды. Абай мен Шәкәрім шығармашылығының антонимдік қолданыстарының ерекшелігі көрсетіліп, шығармашылықтарының көркемдік сипаты ашылды. Абай мен Шәкәрім шығармашылығының өзгеше бір қыры зерделеніп, қазақ әдебиетіндегі мәні мен орны анықталды.
Зерттеу көздері:
Жұмыстың методологиялық негізіне әдебиеттану мен әдебиет зерттеушілерінің еңбектерін және Абай мен Шәкәрім шығармашылығын зерттеп жүрген ғалымдар легі В.В.Радлов, М.Әуезов, Б.Кенжебаев, Ы.Дүйсебаев, М.Бөжеев, Р.Бердібаев, З.Ахметов, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Е.Ысмайылов, З.Ахметов, Ш.Қ.Сәтбаева, Р.Бердібаев, М.Базарбаев, Н.Ғабдуллин, З.Қабдолов, Р.Нұрғали, Ш.Сәтбаева, Н.Смирнова, Ө.Күмісбаев, Қ.Мұқаметханов, А.Қыраубаева, Б.Әзібаева, С.С.Дәуітов, Әбдіғаппар, Ш.Елеукенов, Ғ.Есім, Б.Әбдіғазиев, Қ.П.Жүсіп, У.Қалижан, М.Хамзин, т.б. оқымыстылардың еңбектерін негізге алдық. Аталған еңбектерде Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық жолы, өмірі жайында айтылады. Зерттеу еңбектерінде ақынның қоғамдық-әлеуметтік, рухани-мәдени, әдеби өмірге белсене араласып гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды уағыздаушы екендігі туралы баяндалады. Әсіресе, Шәкәрімнің кеңес дәуіріне дейін де, одан кейін де жарық көрген еңбектері пайдаланылып, методологиялық басшылыққа алынды.
Диссертацияның құрылымы.
Жұмыс кіріспе мен екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І тарау ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ШЫҒЫС ӘДЕБИЕТІМЕН БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ АБАЙ, ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ.
1.1 Қазақ әдебиетінің Шығыс әдебиетімен байланысы және Абай, Шәкәрімнің арасындағы әдеби байланыс
Орта Азия мен Қазақстан халықтарының мәдениетіне, әдебиетіне әр дәуірде Шығыстың да, Батыстың да игі ықпал - әсері үлкен болғаны белгілі. Орта ғасырда бұл халықтарға араб, парсы, және үнді мәдениетінің зор ықпалы болғанын білеміз. Мұның өзі соңғы кезге дейін байқалып келген және біздің халықтарды ұлттық мәдениетіне терең із қалдырған құбылыс. Шығыстың классикалық әдебиетінің шығармалары қазақ даласына сол елдердің өзінен тікелей және көршілес Орта Азия халықтары арқылыда келіп жеткен.
Қазақ жазба әдебиетінің негізін салған Абайдың аржағында Орта Азиялық түркі әдебиетінің ықпалымен немесе, түріктің жазба шайырларының нәзиралық үлгісімен келген қисса – хикаяттарыдың қазақ әдебиетінен алған орыны ерекше. Бұл шығыстық сюжетке құрылған қазақтың қисса – хикаяттары қазақ әдебиетінің бір үлкен саласы болғандықтан, оның тарихи ізінде ұлттық жазба әдебиетіміздің қазынасынан іздегеніміз жөн.
Қазақ арасына нақтырақ айтқанда Абай мен Шәкәрім еңбектеріннен бастап қазақ даласында мол тараған шығыс әдебиетінен келген ғашықтық, эпикалық, батырлық сипаттағы әңгіме, өлең, поэма – дастандар «қисса» деген атпен басылып тарады. Қисса қазақ әдебиетінде әсіресе, кітап бастыру жұмысының жандана бастаған кезеңі ХІХ ғасырдың басынан бастап кең өріс алды. Сөз жоқ, қиссалық әдебиет қазақ әдебиетінің тақырыптық, сюжеттік арнасын кенейтіп, оны шығыс әдебиетінің үлгілерімен молықтыру ісіне себін тигізді. [3,2-537]
ХІХ ғасырдың басында Х. Досмұхамедұлы халық әдебиетінің көркемдік жөнінен жіктеп отырып, ХІХ ғасыр әдебиетінің бір қырын көрсетер мына бір жайларға тоқталады.
«... Кейбір мәліметтерге қарағанда мұндай авторлық ХІХ ғасырдың І-жартысынан басталады деп жобалауға болады. Бұл қазақтың жазба әдебиетінің басталуы. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін мұсылманша оқыған, сауатты ақындар салған сөзсіз. Сондықтанда жазба әдебиетінің алғашқы үлгілерін халық поэзиясының діни және ғибраттық түрлерінен іздеу қажет». [3,2-539]
Қ.Досмұхамедұлы әдебиет тарихындағы ХІХ ғасырда басталған тағы бір елеулі жайды атап көрсетті. «Халық әдебиеті» ХІХ ғасырдың ІІ-жартысынан бастап жүйелі түрде хатқа түсе бастады. Әдетте оны қызығушылар мен Радлов, Потанин, Ильминский, Мелиоранский сияқты шығыстанушы мамандар жазып алды.
Қазақ халық әдебиетінің нағыз жинаушысы этнограф Әбубәкір Ахметжанұлы Дибаев болды. Қырық жылдан астам уақыт бойы ол шаршамай талмай қазақ халық әдебиеті үлгілерін жинады, жүйеледі және орыс тіліне аударды.
А.Ә.Дибаев соның 86 баспа табағын революцияға дейін орыстың түрлі журналдарында бастырған.
Әдебиеттің ішкі ісіне көркемдік шеберлерінеде де өзгеріс, жаңару, даму тенденциялары аса күшті байқалды. Қазақ өлеңі жаңа түрлер жасады. Мұның басында Махамбет, Дулат тұр. Бұл құбылыс Абаймен жалғасты. Жаңа жанрлар туды.
М.Әуезов – ХІХ ғасыр әдебитіндегі аса елеулі көркемдік өріс- әдебиеттегі бағыт туралы алғаш айтқан зерттеуші.
«... Әдебиет жүзінде елдің, әлеуметтің тіршілігі сөз бола бастаған соң, жазба әдебиет дәуірі туа бастады деп есептеу керек. Ауызша мен жазбаша әдебиетінің арасын бөлетін белес, кезең осы». [16,496]
С. Мұқанов ХІХ ғасыр әдебиетінің әдеби тарихындағы орынын, тарихи мәнін, бірнеше өзгешелік, өзіндік ерекшелігін тізбелей келіп мынандай тоқтам айтты: «ХІХ ғасырдың одан бұрынғы ғасырлардан өзгешелігі – бұл ғасырда шын мағынасындағы жазба әдебиет туды... Жер жүзіндік классикалық әдебиетпен қазақ әдебиетінің шын мағынасында араласуы ХІХ ғасырда ғана». [17,236]
С.Мұқановтың сол тұста айтқан әдебиет тарихын жасау мәселесі әдебиет мұраларын жарыққа шығару мәселесінен ана ғұрлым қиын, себебі жүйеге түспеген деген пікірі әр уақытта да есімізде болғандығы шындық. С.Мұқанов жіктеуінде, бөлуінде (1942ж.) сыншыл реализм атауы жоқ. Абай дәуіріндегі әдебиетті мәдениетке үндеу деп бөледі.
ХІХ ғасыр әдебиетінде қалыптасып, ХІХ ғасыр басына ұласқан үлкен саяси-әдеби құбылыстардың аражігі кейінгі уақыттарда жаңа мәреден қайта қаралып, көркемдік шындықтың аясында ашылып, ажыратылып жатыр. Кезінде А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов ХІХ ғасыр әдебиет үлгілеріне қатысты жасаған тұжырымдар қазірде тұтастай ғылыми айналымға түсіп, бүгінгі ғылымның жеткен өлшемдерімен табысып жатқан көп жайы бар.
ХІХ ғасыр әдебиет үлгісі түрі мол, сан жанрлы әдебиет. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет негізінен жыраулар поэзиясы түрінде көрінді. Онда негізінен жыр үлгісінің түрлі жанрлары басым болды. ХІХ ғасырда қазақ әдебиетінде жыр үлгісінің түрлі дәстүрлі жанрымен бірге жаңа өлең түрлері туып дамыды. Уақиғалы дастан-поэмалар, түрлі сырлы лирикалық өлеңдер, сатира, айтыс түрлері, қиссалар, ауыз әдебиеті қатар жасады. Көркем проза мен поэзияның жарқын үлгілері Абай мен Шәкәрім шығармашылығынан бастау алады және қалыптасты.
Абайда нәзира дәстүрін қолдана отырып, «Ескендір», «Масғұт», «Әзім» поэмаларын жазған болатын. Ал, Шәкәрім Құдайбердіұлы «Ләйлі - Мәжнүн» поэмасын жазған.
Қазақтың ұлы ақыны Абай өзінен бұрынғы және сол дәуірдегі халықтық бай әдеби мұраларын, сонымен бірге шығыс елдерінен келген қисса - хикаяттарды немесе сол кезде шығып тұрған газеттерде басылған шығармаларды жақсы білген, кей сәтте өзінің творчествосында пайдаланып отырған. Мысалы: «Дала Уәлияты» газетінің 1895 жылғы 3-санында басылған «Тәкәппар әскер басы турасынан» деген әңгіменің сюжетін өзінің «Ескендір» поэмасына өзек етіп, дамыта жырлады дей аламыз. Бұлардың барлығын дерлік қазіргі таңда кітаби ақындар деп айтып жүрміз.
І.Абай және Шәкәрімнің қазақ әдебиетіндегі орны.
І.І.Абай және Шәкәрімнің арасындағы әдеби байланыс .
Халықтың ой-санасын рухани жетілдіру мақсатында Абай, Шәкәрім сияқты ақын туындыларының берері мол. Абаймен тұстас өмір сүріп, оның рухани әлемінен тәлім-тәрбие алған Шәкәрім шығармашылығының зерттеуді қажет ететін мәселелері де көп. Абай салған рухани соқпақтың ізімен жүріп, талай-талай танымдық жүйені халқына мұра еткен, ақын шығармашылығы тереңде, парасатты ой-толғаныстарға толы. Себебі Шәкәрім шығармашылығын зерттеу, оны таныту енді басталуда. Абай өлеңдері мен қара сөздеріндегі адамның ішкі дүниесіндегі келеңсіздікті көрсететін, мақтан, мадақ, айлакерлік, еріншектік, мансапқорлық , малқұмарлық , зұлымдықтарды ақын өз тұрғысынан жүйелеп көрсетеді. Ал парасаттылықты, адамшылықты, ар мен ұждан мәселелерінде де Абай ойларын, бағыттарын тереңдете түйіндейті. Абайдың талантты шәкірттерінің бірі ретінде Шәкәрім поэзиясының тақырыптық, мазмұндық, идеялық жағы да тереңдікті танытады. Абай шығармаларының алтын діңгегі болып саналатын адам тәрбиесі, Алланы сүю халықтық тәрбие , оның болашағы, ел бостандығы , рухани дамуға қол жеткізу мәселелерін де Шәкәрім ақын өзінше өрбітеді:
Ақыл жоқ бұл қазақта ойға ұнарлық,
Өзін-өзі тексеріп , бой сынарлық.
Білім іздеп білуге кесел болар,
Көрсеқызар, көзі ашық бос құмарлық.
Абай және Шәкәрім өлеңдерінің Шығыс поэзиясымен байланысы тек әдеби дәстүрдің жалғастығымен ғана шектелмейді, ол ақындардың дүние -танымынан, өмірлік рухани ұстанымынан тамыр тартады. Қандай дәуірде өмір сүрсе де кез-келген ақын, яки жазушының дүниетанымы, ұстанар идеялық бағыт-бағдары - оның шығармашылығындығы айнымас тұғыры, жол сілтер темірқазығы іспетті.
1.2. Абай және Шәкәрімнің поэзия үлгіде жазылған шығармалардағы антонимдік қолданыстары.
Қай халық болмасын басқа халықтардың әдебиетімен, мәдениетімен қарым-қатынаста болып, бір-біріне ықпал-әсерін тигізу арқылы байып, алға басып отыратыны белгілі. Дәлел ретінде айтсақ, арабтар ислам дінін таратып қана қоймай, өздерінің қоластындағы және көршілес елдерден: үнді, парсы, грек т.б. халықтардың мәдениетін жатсынбай, қажетінше бойына сіңіре білгені көпшілікке мәлім.
Шәкәрім поэзиясының Шығыс әдебиетіне қатыстылығы жөнінде біршама зерттеулер жүргізілгенімен, оның өлеңдерінің сопылық поэзиясымен сарындастығы, көркем айшықтар, рухани таным ортақтығы қомақты зерттеу нысанына айналмай отыр. Ақын поэзиясында Хафиз ғазалдарының, Руми, Сағди, Физули шығармаларының аудармалары болуы, Йассауи хикметтерінің сарыны ұшырасуы тың пікірлер түюге негіз қалайды. Сондықтан да Абай, Шәкәрім еңбектерінің сопылық поэзия өкілдері шығармаларымен тамырластық, үндестік ерекшеліктері мен негіздерін анықтау, дүниетанымдық бағытын тану бүгінгі күн талабы.
Абай мен Шәкәрімнің шығармашылық мұрасы мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа бір қырынан қарастырылып өзіндік лингвистикалық зерттеулерге бағдар тартып, әр қыран, әр жүйеде көрініс табады. Әрине мұндай ұлы тұлғалардың көп салалы шығармашылық туындыларының мән – мағынасын, философиялық тереңдік сипатын, ашу көптеген жылдар бойындағы төгілген тер мен атқарылған еңбек жемісі.
Бүгінгі таңдағы тіл білімінде анторпоцентристік бағыттағы зерттеулер тілге жаңаша бір қырынан қарастыруды қажет етіп отыр. Тіліміздегі поэтикалық жыр жауһарларының асылдарын дүниеге келтірген тұлғалар Абай мен Шәкәрім шығармаларын талдау мен жүйелеу бүгінгі ұрпақ еншісіндегі дүние. Бізде өзіміздің қолымыздан келгенше зер салып, зерделей бастадық.
Ш.Құдайбердіұлының шығыс халықтарында көне заманнан кең тараған ғашықтық дастан- Ләйлі – Мәжнүн. Онда 7 — 8 ғ. аралығында өмір сүрген араб ақыны Каис ибн Муадтың махаббаты жырланады. Дастанның оқиға желісі: Араб елінде бір перзентке зар болған дәулеті асқан бай Алладан жатса-тұрса бала сұрайды. Тілегі қабыл болып, бір ұл көреді. Каис ер жеткенде Ләйліні көріп, ғашықтықтың торына шырмалады. Қыздың сұлулығына қайран қалған жігіт есінен танып, ақылынан адасады. Әкесі Ләйліні басқа адамға қосады. Мұны естіген ғашық жігіт жапан түзді кезіп кетеді. Сөйтіп, Каис “Мәжнүн” аталады. Елден жырақ кеткен Мәжнүннің көкірегі толған ащы шерді ұшқан құс пен жортқан аңнан басқа ешбір жан түсінбейді. Жапа шегіп, жаны күйзелген Мәжнүн Ләйлінің өлгенін естігенде есінен танады. Сүйгеніне қолы жетпей бұл өмірден ол да өтеді.
Осы дастанын антонимдер:
«Ей, батыр, дәтімді айтқыз, сөзім тыңда
Бермедім намыс ойлап мен басында.
Амалсыз ойнасына қыз берді деп,
Дұспаным табалайтын тұр қасымда.
Бұл жердегі «бермедім» мен «бердім» сөздері болымсыздық пен болымды етістік арқылы жасалып отыр. Сондықтан да Абай шығармаларындағы шығыстық сипаттарды зерттеу үлкен әзірлікті қажет ететін күрделі мәселе. Бұл ең әуелі, жалпы мұсылман Шығысы мәдениетін, философия тарихы мен классикалық мұраны тұпнұсқадан оқу деген сөз. Шығыстың әсерін ақын шығырмашылығында ұзыннан ұзақ желі тартып жатқанына назар аудартады. Шығыс шайырларынан медет тілеп, оларға еліктеуден бастаған жас ақын келе-келе өзінің шығармашылық жолында шығыстық үлгіні еркін меңгеріп, өзіндік қалпына салып, қазақы кейіпте жаңғыртқанын айтады: «…1889 жылы «Қор болды жаным»1891 жылы «Көзімнің қарасы» жазылады.
«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...» - Абайдың 1887ж. жазған өлеңі.
Абай Құнанбайұлы шығармашылығында адам баласы айтып келген сөздің асылы - поэзия екенін биік бағалаумен бірге, оны төмендететін олқылықтарды да алдымен айтады. Ал шын жақсы өлеңді ердің ері, данасы туғызатыны сөз болады. Шын жақсы өлең өзі де даналықтың айғағы дейді. Бірақ өзіне шейін қазақ көпшілігіне жайылып жүрген өлең бұны қанағат еткізе алмайды. Айтушы да, тыңдаушы да надан болғандықтан поэзияның зор қасиеті тумай да, танылмай да жүр дейді. Келесі бір-екі шумақта Абай өлең сөздің бағасын дін деректерімен дәлелдейді. Мұсылманшылық ұғымынша ең беделді деген жайларды дәлелдейді. Тәңірінің өзі, пайғамбары, мұсылмандарға ұстаздық етуші әулие ғұламасы - бәрі де өленді қадірлейтін боп аталады. Бірақ қатты ескертетін нәрсе, Абай бұл жерде ислам дінін мадақтау үшін жаңағыларды сөз етіп отырған жоқ. Тек хат танитын қазақ оқушысының көпшілігі мойындаған дін ұғымдарын, өзіне шартты түрде керекке жаратады.
Осы өленің антонимдері:
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Әуелі хаят, хәдис- сөздің басы, Қосарлы бәйітмысал келді арасы.
Бұл өлең жолындағы айтушы және тыңдаушы сөзі ақын сөздерінің астарында тек бір тыңдаушы немесе айтушы емес, сөз парқын түсініп ұғатын көзі ашық жан деген ұғымды білдіреді. Ал, ендігі бір өлең жолындағы
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын Қазақтың келістірер қай баласы? Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап, Мақалдап айтады екен, сөз қосарлап.
Бұл жерде іші алтын немесе сырты күміс сөзі тура мағынада емес, ауыспалы мағынада қолданылып отыр. Өйткені, ақын сөзінің астарын аша отырсақ антонимдік қолданыс өлеңнің түп асылы мен астарын ашып ұғындыру. Адамның ішкі жан дүниесінің тазалығы мен сыртқы ақыл пайымының ішкі дүниесімен үйлесімділік танытуы.
Шет ел әдебиетімен сусындай отырып, шетел әдебиетінің классиктерінің туындыларын дүниеге келтірген. Тіптен, Абайдың «Шығысым - батыс, батысым - шығыс боп кетті » деуі бір қараған адамға антонимдік қолданыс болып көрінуі мүмкін. Бірақ, ақынның Батыс елінің мол рухани қазынасына, мәдени, әдеби өсу жолына қатты қызыққаннан айтқан сөзі. Тек, сөзін асыл құндылықпен байланыстырып суреттеуі Абай оқып, біліп, таныс болған Батыс Европалық философия, тарих, мәдениет, әдебиет қорымен жан –дүниесінің толыққандығын байқаймыз. Өкінішке орай өрт салдарынан ақын кітапханасымен шетел әдебиетінің жаухарларының көлемін, шеңберін нақты анықтау қиын. Ақынның кітапханасы сақталмаған. Бұл жайында М.Әуезов: «Батыс Европа мен орыс жазушыларының көпшілігін ол әуелі көп оқып, тексеріп өтеді. Өзінің білім алып, дүние тануына солардың шығармаларын азық етеді. Осы ретпен оқып шыққан ақын-ғалымдарының ішінде Батыс Европаның Гетесі, Шекспир, Шиллер, Гейнесі, Байрон, Бальзак, Беранжесі де болады. Ол кездегі білім-өнерлердің мол қоры, үлкен бесігі Батыс Европа екенін аңғарып, сол жақтың ақындары ғана емес, неше алуан философ білімпаздарын да зерттейді.
Абайдың біз айтып өткен шығармасы әрине, Ескендір поэмасы — Абайдың гуманистік көзқарасын тереңірек танытатын елеулі сюжетті туындысы. Поэма Шығыста Ескендір Зұлқарнайын деген атпен белгілі, Еуропада Александр Македонский аталатын ежелгі грек қолбасшысының өмірі жайындағы аңызга құрылған. Ескендірді Еуропа ақындары да, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Әлішер Науаи, Жәми сияқты ұлы ақындары да жырларына косқан. Абай бұл тақырыпты ескі үлгінің ешқайсысын алмай, өзінше жырлаған. Ақын Ескендірдің өмірбаяндық деректерін дәл келтіреді де, оның дүние жүзін жаулап алмақ болған шапқыншылық саясатын сынауға ауысады. Соған орай поэмаға жас кезінде Ескендірдің тәрбиешісі болтан ұлы философ-гуманист Аристотельді кіргізеді. Әңгімеде жауыздыққа жетелейтін тойымсыздық екенін көрсете келіп, әділдік, даналықты соған қарсы қояды.
Поэманың антонимдері:
Қанша алтынды күміс пен салса дағы,
Бір кішкентай сүйекті аудармады.
Мұны көріп Ескендір аң-таң қалды,
Бар қаруын алтынға қоса салды.
Бұл жерде ақынның айтпақ ойының төркіні тура мағынада қолданылғанымен поэзияның парқын ашу үшін тікелей қолданылып отырған негізгі деталь. Өйткені сол арқылы сарыстырмалы түрде пайымдау әдісімен салыстыра отырып, оқиғаның кілтін ашып, философиялық пәл сапа тұжырымдамасын жасайды.
Қанша тірі жүрсе де, өлген күні
Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.
Ашуланба, ей, патшам, айтайын дат:
Алтын қақпа бермеді сізге рұқсат.
Ал, мұндағы тірі мен өлі сөздері бар мен жоқтай, өмір мен өлім паралилизмі. Тіріде қастер болып көрінер дүниелердің өлгенде парықсыз боларын түсіндіреді. Мейлі, хан бол қара бол өмір қағидасы бәріне ортақ. Еңбектеген жаспен еңкейген қартқа дейін уақыт атты дәруіштің алдына тізе бүгетінін, ажал атты аждаһаның аузына барып кіретінін алға тартады. Бұл философиялық тартыс Қорқыт бабаның 12 жырында да бастау алады. Қорқыт шығармашылығы мен Абай шығармашылығы арасындағы рухани үдеріс үзілмегендігін көрсетеді. Тіптен, Аристотелдің «шешендік сөз өнері» атты шығармасының түпкі мәні де осында жатыр. Демек, шығыс пен батыстан қуаттана жыр жазған Абай Құнанбайұлының рухани парасаттылықты бейнелеуінің құдіреттілігі осы болар.
Қарның тойса, қайғырма мақтан үшін,
Тоймас кезің толар деп қайғы жеме.
Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер,
Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер!
Қарынның тоқтығын ойлау, шаланың ісі. Рухани сананың азығын ойлау дананың ісі. Мұнда, егер жоқшылыққа душар болмасаң жалған жоқшылықпен жаныңды ауыртпа деп түсіндіреді. Өйткен, өз уақыт сәтінде өмірден тоймай тозар сәтіңде болады деп жеткізеді.
Ұятың мен арыңды малға сатып,
Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер.
Мақтанасың біреуге мақтасын деп,
Шаужайымнан еш адам қақпасын деп.
Ал, ұят пен ұятсыздықтың ара жігін ашу үшін ең қажеті дүние емес, парасат пен пайым. Ұятыңды малға сату ең ақырғы адам ісі деп арсыздық пен ұятсыздықтың өзінің шекарасының бар екенін айтады.
Ал, келесі бір шығармасы «Масғұт» поэмасы. «Масғұт» - Абайдың 1887 ж. жазған дастаны. Ең әуелгі басты кейіпкердің аты - Масғұт. Оның тіршілік еткен шаһары - Бағдат. Заманы - Һарон-Рашид халифтың тұсы. Кейін Масғұтқа кездесетін қария мүсылмандардың дін аңыздарыңда жүретін Қызыр, қазақша Қыдыр аталады. Ол сол айтылған аңыздар бойынша өлмейтін, мәңгі жасайтын жалғыз жан. Әр замаңда, әр ортаның адамына оқта тектебақ дәулет әкелетін, ырыс үлестіруші болады. Міне, сөйтіп, осы аталған белгі, деректердің бәріне қарап, біз Абай поэмасының негізі шығыс аңызынан алынған дейміз. Яғни, шығарманың өзі нәзира дәстүрі арқылы дүниеге келген шығарма.
Дастанды оқи отырып, біз келесідей антонимдерік қолданыстарға кезіктік :
Ақылды жан табылмас маған сырлас,
Көріне тентек көп надан мойын бұрмас.
Әділетсіз, ақылсыз, арсыздарды
Көре тұра, көңілде тыныштық тұрмас.
Мұндағы ақылсыздық пен ақылдылық шекарасы ақын суреттеп отырған жәй бір сөз емес, көркемдік құрал ретінде қолданған антонимдік қолданыс. Өйткені, сөз астарын шешу үшін ақынға ең қажет көркемдік құрал нақ осы құрал.
Берсең, қалар оларда несі ардың?
Бермесең, сен дағы ит бірге болдың.
Не өзің ит, немесе бар елің ит,
Дауасыз бір пәлеге міне қалдың.
Болымсыз етістік арқылы жасалған антонимдік қолданыс ақын шеберлігінің бір көрінісі. Арды қолдан беру, ақылсыздың ісі. Ақылды қолдан беруге болмайды. Ар мен ақыл адамның жауһары.
Еркектің еркек адам болса қасы,
Қатын, шеше, қызы жоқ кімнің басы?
Хан қаһар, қара кісі қастық қылса,
Сонда ұрғашы болмай ма арашашы?
Мұндағы еркек пен қатын сөздері жәй бір айтылған сөздер жиынтығы емес, немесе жыныстық бөлініс емес ер мен әйелдің өз құндылықтарының бар екенін бажайлап астарлы түсіндіру.
Тегінде адам басы сау бола ма?
Бойында тексерілмес дау бола ма?
Ері ашу айтса, әйелі басу айтып
Отырса, бұрынғыдай жау бола ма?;
Сондай ақ, ері ашуы мен әйел басуы деген сөздердегі шығыс заңнамасына сәйкес ері ашуланса, әйелі басу айту керек. Екі таразының басы тең болуы қажет дейді. Астары сөздің мәні мен мағынасын ашу үшін қолданылған антонимдік қолданыс өзінің қызметін аша ашып отыр.
Болған соң уәделі күн, жауын жауды,
Судан ішкен жынды боп, ақылы ауды.
Күні-түні шуласып, таласады,
Ұмытты тамақ жеу мен және ұйықтауды.
Өлеңді уақыт пен кеңістікті таразығы салған «күні – түні» сөзі тек бір уақыт емес ақ пен қараның арасындағы байланыс деп бағамдауымыз керек.
Бұлар шулап бір күні келді ордаға,
Хан мен уәзір қарайды тамашаға.
Бәрі де есі шығып, жынды болған,
Бос шулап жүр кіші іні, үлкен аға.
- Құтылар хал болмады мына дудан,
Біз де ішпесек болмайды жынды судан.
Өлтірер өңкей жынды бізді келіп,
Жынды деп есі дұрыс бізді қуған.
Түсімде мені жұбантып,
Жылы сөзбен сөйлесіп.
Кетуші едің қуантып,
Қалушы еді көңіл өсіп.
Онегинин хаты
Тәңірі добы – бұл ғаріп бас,
Кетті амалсыз қорлама!
Қайта қақты, қайла болмас,
Келді, түсті ордаңа.
Шәкәрімнің поэзия тілі Абайға қарағанда әлі толық зерттеле қойған жоқ. Кеңестік дәуірде Шәкәрім «халық жауы» деп қаралып, шығармаларын зерттеу тұрмақ, оқуға тыйым салынды. Шәкәрім ақталғаннан бергі жиырма жыл ішінде шығармаларын тіл білімі тұрғысынан зерттеу де қолға алынғанмен, тілін тыңғылықты түрде қарастырған іргелі ғылыми еңбектер жоқтың қасы.
Шәкерім творчествосынан да халық мұңының едәуір көтерілгенін көреміз. Жолдастыққа, достыққа берік болу, қайырымды болу, бір сөзде тұру сияқты, адамгершілікке байланысты мәселелерді Шәкерім тек ақыл айту, белгілі шындықтарды тізу жолымен емес, оның өмірдегі алуан түрлі
көріністерін алып сынау, мінеу әдісімен
көрсетеді. Адамның қоғамдағы бір-біріне қатынасын, мінез-құлқын ашып, оның ұнамсыз жақтарын әшкерелеуде Шәкерім тереңдікті, көргіштікті байқатады. Абай көбіне налып, бұл бір жағынан ренішін білдіріп, екінші жағынан келемеж, күлкі ете айтады.
«Адамнан артық жанды жаралмаған» деп басталатын өлеңінде ақын табандылыққа, айнымастыққа келгенде кейбіреулерден ит артық, онан алар тәлім көп деген пікірді білдіреді.
«Әйтпесе өзге адамнан ит ілгері, достықты ит ұмытпайды артық жері» дейді де, ақын адамның ұнамсыз қылығын «жүз жылдық дос бір күнде жау болады, көңіліне бір қылығың симаса да» деп дәл басып көрсетеді.
Әрі қарай:
Қарызы бар еді деп мойын бұрмас,
Сол күні-ақ дұшпаныңмен болар сырлас.
Бұрынғы жақсылықтың бәрін ұмытып,
Не қылса бір зияны тимей қоймас...
Ит иесін қаппайды құтырса да,
Адамның шын досы жоқ иттен басқа, –
деп қорытындылайды.
Екі жүзді адамның қалпы тапқырлықпен суреттелгені айқын көрініп тұр. Әсіресе, айни салып, дұшпаныңа қарай жүгіреді деуі нағыз жеріне жеткізе, тауып айтылған сөз. Сонымен қатар, ақынның тым өсіре, асыра айтып отырғанын да ұғуымыз керек. Ол әдейі істелген.
Түбегейлей келгенде, әрине, адамнан ит артық бола алмайды, бірақ әдейі «иттен басқа дос жоқ» деген қорытындыны ұсынады. Мұның бәрін тіке
мағынасында емес, ауыспалы мағынасында ұғыну қажет.
Сол тіркестеріне, шеберлігіне келсек, ақын халық аузында айтылып жүрген ұғым, түсініктерге жүгінген («Ит иесін қаппайды») және Абайдың «күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанатты» дегеніне қарамастан, итті бірден-бір дос етіп көрсеткен. Онысында бірақ қайшылық жоқ. Абай әдейі болмайтын нәрсенің болғанын айтады. Күшіктей асыраған ит әдетте иесін
қаппайды. Бірақ ол жайды Абай адам қылығына көшіріп, тұспалдаған. Абайдың екі жолы түгелдей метафора, күрделі метафора. Өйткені күшік деп
отырғаны ит емес, адам, өзі тәрбиелеген, өзі өсірген жан. Бірақ ол өзіне қарсы шыққан. Абай өлеңінде осы жайды айтқан. Шәкерім негізінде, дос, дұшпан жайындағы ойын Абайдың ой байламдарына сәйкес өрбітеді. Мәселен,
Абайдың:
Дос алады: бермесең бұлт берем деп,
Жауыңа қосылуға серт берем деп,
– деген екі жолын Шәкерімнің «Сол күні-ақ дұшпаныңмен болар сырлас» деген жолымен салыстырсақ, мағына жағынан өте ұқсас екенін байқаймыз. Тек Шәкерім тіке, кесіп айтады. Абайға философиялық мінездеу, жинақтай айту тән де, Шәкерімде нақты сурет, бейнелеу басым.
Досты мықты қылмақсың,
Дұшпаныңды қырмақсың,
Аяғында сен де бір
Кішірек құдай болмақсың.
«Абай марқұм» дейтін осы өлеңінде
Шәкерім ұлы ақын арман еткен көп жайларды еске алып, үлкен толғанысқа енеді. Лирикалық қинайтын біраз мәселелерді ортаға салады.
Жоғарыдағы үзінді сол лирикалық геройға арналған. Ақын негізінде дұрыс қылықты алады да, оны өзі теріске шығарады. Себебі сынап отырған адамның түпкі ойы – «арам ой», досты көбейтіп, дұшпаннан арылу ғана емес (ол түбінде жаман нәрсе емес қой), соның арқасында өзі мықты болғысы келеді. Ақын сондықтан да «кішірек құдай болмақсың» деп кекетеді, мазақ етеді.Көңіл күйі жөнінде, ақыл, ой, жүрек толқуы, сезімі жөнінде, дүние өмір туралы жазған өлеңдерінде Шәкерім нағыз жазба әдебиет дәстүріндегі ақын ретінде танылады. Өйткені батыс, шығыс әдебиетінен көп оқыған да, онан айта қаларлықтай үлгі, өнеге алған.
Қозғаған тақырыптары мен оны шешу, түбіне терең бойлау жағына келгенде жақсы дәстүрлер мен қатар біраз жаңашылдық қалыпты да білдіреді. Адам көңілі, табиғат жайы, сұлулық, көркемдік махаббат жайлы лирикаларында Шәкерім қазақ поэзиясын тың образ бейнелермен, соны сөз, теңеулермен байытқан.
«Қабағынан қар жауған қараңғы бұлт жоғалды» дегенде Абай дәстүрін табиғатқа жылдың мезгілдеріне адамша жан бітіріп ілгері дамытқан, өз тарапынан жаңалық қосқан
«Түнерген бұлт», «Қара бұлт» деген халық аузында бұрыннан бар. Ал «қараңғы бұлт» деп айтпайды. Шәкерім қараңғы бұлтты «қабағынан қар жауған» деп адам образына жақындатады, адамға тән мінез сипаттама жасайды. Осы «өлген көңіл – ындынсыз өмір» деген өлеңінен:
Жаралы жүрек жыбырлап,
Өліп қалған сұм жүрек
Оятсам да тұрмас-ты,
Қайғылы көңіл тырп етіп,
Қабағын ашпас сылбырап;
Қайғылы біздің көңілден
Қайғырған сайын қан шықты.
Жаздың күні болғанда
Жаңбыр жауар күркіреп,
Жаралы біздің көңілге
Бір тамбайды сіркіреп, – деген жолдарды оқимыз. Келесі «Бақшадағы
гүллдер» деген өлеңінде:
Көңілі ояу, көзі ашық елде кім бар?
Өлі жүрек, өзімшіл, күншіл мұндар!
– деген жолдар бар.
Қарап отырсақ, Шәкерім бұл тақырыпта да соны ізденістерге барған, өзіндік өрнек, бейнелер жасаған. Көңілдің қабағы салбырауы, сұм жүректің оянбауы, күншілдерді «өлі жүрек» деп метафорамен атауы – бәрі де тек жоғары парасатты жазба поэзия дәстүрінде болуға лайық. Көңіл күйін, жүрек соғысын бейне бір адам мінезіне, адам ісіне ұқсату арқылы ақын үлкен образдық сурет жасаған. Сонымен бірге, айтылмақ ой, идея, әрине, тереңдей түскен, мазмұны байыған. Жаңбыр жауу табиғаттың аса бір қасиетті құбылысы; жан біткеннің бәріне нәр беретін, жібітетін жауын, осы ұғымнан шыға отырып: «Жаралы біздің көңілге, бір тамбады сіркіреп» дегенде, мүлде тың, жарасымды сурет табады. Бұрынғы поэзия үлгілеріне қарасақ, бұл мүлде жаңаша. Өйткені еңбеккер қазақтың ұғымына ежелден жауын табиғаттың қасиетті құбылысы болып есептеледі. Оған себеп: ен дала жауынсыз шөл далаға айналып кетеді. Онда шөп те жоқ, мал да жоқ. Сол түсінік бойынша ақын әбден торыққан, жылылық көре алмай қамыққан жүректі жаңбыр тимеген қураған далаға теңейді. Ол семген, ылғалсыз кепкен. Жүрекке шипа боларлық ештеңе жоқ. Сондықтан да ол өледі, тастай болып қатады. Саналы жанға мұнан артық трагедия бола ма!
Ақын лирикалық қаһарман басындағы осы халді білдіреді. Сонымен бірге қиянатшыл жандарды да мейірімсіз деген мағынада осылай айтады.
«Тас бауыр», «тас жүрек» деудің орнына «өлі жүрек» деуі (өзімшіл мұңдарды) поэзияда ауыспалы мағынасында бұрын болмаған жаңалық (өлген адам, немесе, сезімсіз суынған жүрек жайында талай айтылуы мүмкін, яғни
өзінің тіке мағынасында бірақ адам бейнесін беру үшін айтылған түрін кездестірген емеспіз). Сонылық түрін мына жолдардан да байқайсыз:
Қайран терең ойым, қартайып тоздың ба?
Еріншек боп бұйда создың ба?..
Есті жи, тозды ми...
Жыр жазбасын, тартар ой,
Күннен күнге жалқауланып баяу...
Мида жоқ бұзық қан, ақылың таза,
Не себептен боласың, ойды бұзып,
Күдер үзіп, наза.
Бұл үзінділерден де ойдың «қартаятынын», «тозатынын», «жалқауланатынын», мидың «тозатынын» байқап отырмыз. Қазақ поэзиясында бұрын кездеспеген тіркестер. «Сергек ой», «терең ой», «алжасқан ми» деген сөз тіркестері әбден таныс та, ал «тозған ой»,
«жалқау тартқан ой» дегендер болмаған. Ақын жаңа сөз тіркестерін жасау арқылы айтылмақ ойдың мән-мағынасын толық жеткізе алған.
Олай дейтініміз ақын жаңа эпитеттерді кездейсоқ қолданып отырған жоқ: оның айтайын дегені анығында да тозған ой, запыда болған, шаршаған ой, істен, қызметтен, талқыға көп түсуден талған ой. Ақынның айтқалы отырғаны «алжасқан», «адасқан» ой, немесе «ауысқан» ми емес. Әрбір физикалық дене, зат сияқты ойдың да, ақылдың да тозатынын білдірген. Ақынның зары да, мұңы да осы сөздерде тұр, трагедиясы да осында. Өйткені бұл сөз тіркестері тектен-тек қолданылмаған, әбден титықтаған «адамның
қалпын аңғартады. Ұлы Абай «Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма» дегенде, сол кездегі ортаның қайшылық, қиындықтарын, өз басына түскен тауқыметті білдірген. Абайдың ағартушылық, ілгерішіл бағытын ұстанған
Шәкерім де сол феодалдық - патриархалдық жағдайдағы сорақы кемшіліктерді көріп налиды.
Жолама қулар маңайға,
Не қылмадық талайға!
Кім жағады сендерге
Тартқызған азап Абайға!
Соның да тілін алмадың,
Сабадың, сөктің, қарғадың.
Көріне қашан кіргенше,
Арсылдап иттей қалмадың,
– дейді Шәкерім, Абай күйін жақсы біліп, терең ұғып, Абайдың жауларына шығарған үкімдей естіледі, ақын басындағы трагедияны көзге
елестетеді.
Байқасақ, суреткерлік жағынан адамның көңіл-күйін, жүрек тілегін, мұң арманын білдіруде Шәкерім енгізген жаңалықтар мол. Рас, Абай да, «ыстық жүрек», «ет жүрек», «терең ой», «ауыр ой», «зерек ақыл», «адасқан күшік» (ой жөнінде), «жаралы жүрек», «қан жүрек», «ауру жүрек», «қара көңіл» сияқты эпитеттер көп.
Шәкерім бұлардың санын да, сапасын да арттырған. Мәселен, ойдың «еріншек» болуы, ал жыр жазбаса (яғни күнде ойланып, толғанбаса) «жалқау тартуы» сияқты ұғымдар бұрынғы поэзияда атымен жоқ. Денені қолды
ғана емес, ойды да, миды да жаттықтыру керек дегенді уағыздайды ақын. Абай дәстүріндегі поээияның биік мәдениетін, алғырлығын, философиялық түйін-толғанысқа деген қабілетінің молдығын байқаймыз.
Бейтарап ой-қиялға қабілеттілік (способность к абстрактному мышлению) әдебиетті өнер биігі еткен факторлардың бірі дер едік. Өйткені сурет, кейіп, бейне дегендердің өзі осылай ойлаудың, қиялданудың, өмірдегі бар нәрсенің дұрыс баламасын іздеудің, соны табудың салдары. Айнала дүниедегі бар нәрсені сол күйінде айту, хабарлау тек ақпарлық информациялық іс.
“Ақын көп өлеңдерінде өмірге материалистік көзқарасын байқатады. Ол пікірін дәлелді суреттемелермен бейнелі ой-жорамалдармен бекітеді. Әсіресе, ғылыми жаңалықтарды көп насихаттайды, өзі соның жұмбағын шешкісі келеді.
Күннен неге түсіп тұр мұнша жарық,
Сегіз минут ширекте жерге барып.
Әншейін құр жарқырап тұрып алып,
Жылылық нұрмен бірге жүр қозғалып,
Барша әлем тапжылмай тұрып қалса,
Бола ма уақыт деген өлшеу салып?
Мақсат, тәртіп керексіз тозаңы жоқ,
Тексермей неге отырмыз мұны ойланып?
Мұхитқа тозаң құрлы тұз салайын,
Ойлайсыз сол нешеге бөлінді деп.
Келесі өлеңіндегі мына жолдарға назар аударалық:
Жаралыс басы қозғалыс,
Қозғауға керек қолқабыс.
«Жан» де, мейлің бір «мен» де,
Сол қуатпен бол таныс,
Әлемді сол мен жаратқан,
Қозғалмаса көшпейді,
Көшпеген нәрсе өспейді.
Өспеген нәрсе өзгермес,
Түрден ол түрге түспейді,
Қозғалыс түрлеп жаратқан.
Бұл өлең жолынан келесі өлең жолында антонимдік қолданыстар аша көрсетілген.
Шәкәрім Абай дәстүрін жалғастырушы шәкірті ретіңде мойындалған. Шәкәрім тілінде өлең құрылысындағы жаңашылдығы ғана емес, сөз қолданудағы, тілдік көркемдеуіш құралдарды сұрыптап алудағы басты ұстанымдары да айқын көрініс табады. Шәкәрім Абай дәстүрінің көрнекті өкілі болумен бірге, тынымсыз шығармашылық ізденістер нәтижесінде туған өзіндік идеостилі барынша айқын болып келеді. Поэтикалық тілді талдауда образ жасау мәселесі басты орын алады. Шәкәрім поэтикалық образ жасауда тілдік құралдарды көркемдік¬стильдік мақсатқа сай жұмылдырып, эстетикалық бүтінге айналдыра білген. Кез келген суреткердің өзі өмір сүріп отырған заман, көркемдік дәстүр ықпалында болатыны сөзсіз. Дәстүрдің өзі жалғастық пен жаңалық ұғымын қамтиды. Шәкәрім де өзіне дейінгі ақындық¬жыраулық дәстүрдің озығын алып, тозығын қалдырып отырған. Шәкәрім Абай қалыптастырған тілдік дәстүрдің жалғастырушысы дегенде, көркем әдебиет тіліне тың жаңалықтар енгізіп дамытқанын да айта кетуіміз керек.
Антонимдік қатынастар — көркем шығарма тілінде қарама-қарсылық мағыналық жүк көтеріп, үлкен стилистикалық қызмет атқарады.
Антонимиядағы зерттеушілер назарынан тыс қалып келе жатқан бір мәселе –фразеологиялық антонимдер жайы.Антонимдік мағына тек бір-біріне қарама- қарсы мағыналас екі сөз арқылы ғана беріле ме, болмаса сөз тіркестері арқылы да беріле ме деген мәселе әлі шешімін таба алмай келеді. Шынды -ғында антонимия тек лексикалық қана құбылыс емес, ол фразеологияны да қамтиды. Өйткені фразеологизмдер көбінесе сапалық – бағалық сипатта болады. Сондықтан көптеген идиомалар мен фразалар бір-біріне қарсы мағыналас болып келеді. Фразеологиялық антонимдер лексикалық антонимдер сияқты сапалық ұғымдарды білдіргенімен олардан антоним - дердің критерийлерінің бәрі бірдей табыла бермейді. Мысалы, олардың лек сикалық антонимдер сияқты қарама- қарсылықты мәні жағынан тепе-тең болып келуі, немесе тілде үнемі бір-біріне қарсы мағынада жұмсалып қалыптасуы шарт емес. Мұның бәрі фразеологиялық антонимдердің тек белгілі орайда, нақтылы контексте ғана бір- біріне қарама-қарсы мағынада жұмсалып, антонимдік қатынасқа түсетіндігін аңғартады.
Антонимдік қатынасқа түсу үшін:
1.Фразалық тіркестердің бір немесе екі компоненті тіркестен тыс жеке алғанда өзара қарсы мағыналас сөздер болу керек. Мысалы, өндір-жас-өлмелі кәрі, іріткі салу- ұйтқы болу, бейнет көру- рақатқа бату, жақсатты көріну-жаманатты болу, бату-шығу дегендер тіркестен тыс жеке алғанда өзара қарсы
мағыналас сөздер ретінде антонимдік жұп құрайды. Фразеологиялық тіркестердің құрамына кіргенде де, ондай сөздердің көпшілігі сол антонимдік мағынаны сақтап қалады. Егер ондай сөздер тіркеске желі болса, онда фразалық тіркестер тұтас алғанда бір-біріне қарсы мағыналас болып шығады. Тілімізде осындай желі сөздердің мағына қарама-қарсылығына негізделген фразалық антонимдер көптеп кездеседі. Осы үлгіде құрылған мақал-мәтелдер
де жиі ұшырасады. Мысалы, Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды. Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады. Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат. Ащы еңбектен – тәтті нан. Аздың атасы бір, көптің батасы бір. Қорлық өмірден, ерлік өлім артық. Айырылған азады, қосылған озады т.б.
Фразеологизмдер мән-мағынасы жағынан бір-біріне үйлес келіп, өзара бір-бірімен синоним болып жұмсалатындығы сияқты бұлар мән- мағынасы жағынан қарама - қарсы болып та қолданыла береді. Тұрақты тіркестердің
арасындағы осындай кереғар құбылыстарды фразеологиялық антонимдер деп атауға болады. Қазақ тіліндегі фразеологиялық антонимдер негізінен екі түрлі болып кездеседі. Мұның бірінші түрі тұрақты тіркестердің өз ішіндегі
компоненттерді басқадай сөздермен алмастыру арқылы жасалады. Мысалы:аты шықты-аты өшті, ат ізін салмады- ат ізін құрғатпады, ашық мінез- тұйық мінез, әлі кірді - әлі кетті, бақ қонды- бағы тайды, беделі артты - беделі түсті, бетіненоты шықты- беті бүлк етпеді, бұл дүние- о дүние, ер жүрек- қоян жүрек, есіне түсті- есінен шықты, жүрек жұтқан- су жүрек, жолыңа гүл бітсін- жолыңа жуа шықсын, май қап- тас қап, көзі тірі-
көзі жоқ, қисыны келді - қисыны кетті, есік көрген - бесік көрген, мінер жақ- қамшылар жақ, сертке жетті - серттен тайды, соққы жеді - соққы берді,
сыр алдырды- сыр бермеді, үміт етті - үмітін үзді, іске алғысыз- іске татыр, оң бата - теріс бата, ақ жүрек- қара жүрек, аузы берік- аузы ашық, аузы
жеңіл- аузы ауыр, жас ет- сүр ет, күні туды – күні өтті, еңбегі жанды- еңбегі еш болды, көзіңнен оты өшсін - көзіңнің шырағы жансын, т.б.фразеологиялық антонимдерге де соншалықты кедей еместігі байқалады. Мұның бұлай болуы тілдегі сан алуан стильдік сөз қолданыстарымен тығыз байланыстылығында деп түсінген жөн.
Сонымен жалпы фразеологиялық антонимдердің құрылымдық ерекшеліктерін әлі де болса терең қарастыру керек, бұл мәселе лексика саласындағы, морфологиялық саласында да күні бүгінге дейін шешімін таппай жүрген мәселенің бірі.
Әдебиеттер тізімі
1. «Қазақ әдебиеті»1970.27 март
2. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. А,: Ғылым, 1973.-105бет
3. Ахметов З.,Бөжеев М. Қазақ әдебиетінің тарихы.А,: Ғылым,1960-61. 1-2том.-738б.-581б
4. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. А,: Санат,1994.-311б
5. Ел қазынасы-ескі сөз. А,: Ғылым,1994.-614б
6. Әуезов М. Әдебиет тарихы. А,: 1991.-241б
7. «ХХ ғ.басындағы қазақ әдебиеті». А,: Ғылым 1994.-312б
8.Әуезов М. ХХ томдық шығармалар жинағы. ХХ-том.20-том. А,: Жазушы. 1985-496
9. Мұқанов С. «Халық мұрасы». А,: 1974.-236б
10. Әуезов М. Абай Құнанбаев. Мақалалар мен зерттеулер. А,: Ғылым,1967.-181-182б
11. М.Әуезов ХХ томдық шығ.жинағы. ХVI -том. А,: Жазушы, 1985.-400б
12. А.Байтұрсынов. «Ақ жол». «Әдебиет танытқыш». А,:Жалын, 1991.-464б
13. М.Әуезов ХХ томдық шығ.жинағы. ХV-том. А,: Жазушы, 1984.-328б
14. Қазақ әдебиетінің тарихы.ІІ-том. 1-кітап – 537б
15.ВКП Орталық Комитетінің қаулысы. 1946 24 август. «Звезда», «Ленинград» журналдары туралы.
16. ВКП /б/ Орт. Ком. 1946, 26август. «Драма театрларының репертуарлары және оны жақсарту шаралары туралы» қаулысы. 1946. 26 август.
ҚСЭ. 4-том. А,: 1974 ж. -672б.
17. Дүйсенбаев Ы. «ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті». ІІ-том, 2-кітап, А,: 1965
18. «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. А,: Мектеп, 1985.-319б
19. Дастан. А,: Жазушы, 1990ж. І том.-304б
20. Қыраубаева А. «Ғасырлар мұрасы». А,: Мектеп, 1988-163
21. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. А,: Білім, 1993-248б
22. Күмісбаев Ө. Абай және шығыс. А,: ҚазМҰУ,-341б
23. Әуезов М, «Әр жылдар ойлары». А,: 1961
24. Қаратаев М. «Шеберлік шыңына». А,: 1963.-420б
25. Қыраубаева А. Шығыстық-қисса дастандар. А,: Рауан 199
26. Мың бір түн. 1-4том. А,: Жалын, 1993. -475б.-464б.-496б.-399б
27. А.Құнанбаев Таңдамалы. А; 1998-86
28. Қазақ әдебиетінің тарихы.-А,: Қазақ ССР ғылым.акад.баспасы,1960.-1т-760б
29. Кенжебаева Б. Түркі қағанатынан бүгінге дейін... Құрастырып, алғы сөзін жазған Қ.Ергөбек.- А,: Ана тілі,2004.-167б
30. Ғұмарова М. Бұрын зерттелмеген жырлар.Кіт. Қазақ әдебиетінің тарихы. – А,: Ғылым,1960.-1т-760б
31. Бөжеев М. Абайдың ақындық айнасы. – А,:1971. – 112б.
32.Ш.Құдайбердиев шығармалары Алматы: Жазушы, 1994. -240б
33. Әзібаева Б.У. «Бабалар сөзі» атты жүз томдықтың негізгі қағидалары мен алғашқы жиырма томды дайындаудың қорытындылары. // Қазақстанның мәдени мұрасы. – Алматы, 2005.
34. Байтұрсынұлы А. Шығармалары. 1 том. Алматы: Алаш, 2003
35.Жұмабекова А.К. Қазақ тілінің
антонимдер сөздігі. – Алматы, 2000 ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген