400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Абай жаққан бір сәуле сөнбес үшін...

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаттарына және мектеп ұжымына іс-шара ретінде өткізу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің

«№29 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесі


Picture 3


Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін ...









Дайындаған: қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Володьяа Алтынгул







Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін ...


  1. Жүргізуші: 

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адалдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге! - деп Сұлтанмахмұт айтқандай, қазақ жерінің ақыны, дашышпаны көп болғанымен Абай біреу- ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады.


  1. Жүргізуші: 

Абай мерекесі – халық мерекесі. Ақын тұлғасы дараланған сайын қазақ та биіктей бермек. Сол шыңнан көз жазып қалмау – біздің парызымыз. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...» атты концертімізге


1-2 жүргізушілері:

Қош келдіңіздер!


  1. Жүргізуші: 

Абай –дана, ғұламасы елімнің,

Абай ақын, мақтанышы жерімнің.

Абай атты бір данышпан болмаса,

Ақ – қарасын кім айырмақ өмірдің.


  1. Жүргізуші: 

Сүйсінемін жазғанын оқығанда,

Абай сөзі бағдаршам оқырманға.

Адасатын адамдар болмаса еді,

Абай ойын кеудеге тоқығанда.


  1. Жүргізуші: 

Құлақтан кіріп бойды алар

Жақсы ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй!

Ән: «Желсіз түнде жарық ай»  орындайтын бастауыш сынып мұғалімі Талғатқызы Мөлдір



2-Жүргізуші:

Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанның

Әлемнің құлағынан үні кетпес!- дей келе Ұлы ақынның даналық сөздерінен үзінді. ( «Саржайлау» күйі, күй орындалы тұрады, сахнада мұғалімдер)

1 Нағашыбай Ағай

Алланың өзі де рас, сөзі де рас
Рас сөз ешуақытта жалған болмас.
Көп кітап келді алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас.

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті.

2 Бахытжамал апай

Жастықтың оты, қайдасың,

Жүректі түртіп қозғамай? 

Ғылымның біліп пайдасын, 

Дүниенің көркін болжамай?

Адамның тауып айласын, 

Кісілікті ойламай. 

Қаруын көңіл сайласын, 

Қолға ол түспес бойламай.

3 Айнагул апай

Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.  

Нұрын, сырын көруге

Көкiрегінде болсын көз. 

Жүрегі — айна, көңiлі — оят,

Сөз тыңдамас ол баяу.

Өз өнері тұр таяу,

Ұқпасын ба сөзді тез?

4 Мая апай

Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек?
Ақылға сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек.
Малда да бар жан мен тән,
Ақыл, сезім болмаса.
Тіршіліктің несі сән,
Тереңге бет қоймаса?
5 Алтынгул апай

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме.


6. Жұмагүл апай

Адамдықтың белгісі- адалдық,

Жамандықтың белгісі-арамдық

Әлсізді қорғаңдар,

Момынды қолдаңдар

Тондарың өзгерсе де,

Жандарың өзгермесін!

Түстерің құбылса да, істерің құбылмасын!

Айтқан сөзбен істеген істеріңе мығым болыңдар!

Ешқашан ешуақытта жан мен малды шатастырмасаңдар балаларым.

Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.

Байлық байлық емес, бірлік байлық, ынтымақ байлық, ырыс сіздерге де, біздерге де алты алаштың ынтымағынан артық не керек?



1- жүргізуші –Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

2- жүргізуші –Жырымен жан сусынын қандырған кім?

1- жүргізуші –Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,

2- жүргізуші –Мұра қып, кейінгіге қалдырған кім?

1- жүргізуші –Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?

2- жүргізуші –Талабын тас қияға өрлеткен кім?

1- жүргізуші –Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

2- жүргізуші –Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

1- жүргізуші –Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

2- жүргізуші –Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

1- жүргізуші –Арманын атандырып келешекке ,

2- жүргізуші –Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

1- жүргізуші –Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?

2- жүргізуші –Жауына найза сөзін шанышқан кім?

1- жүргізуші –Өзендей құйған барып көк теңізге,

2- жүргізуші –Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?

Үш тілде мұғалімдеріміздің өлең жолдары

Оқитындар: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Ивкий Индира

« Жасымда ғылым бар деп ескермедім...»

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ханан Бақшагул «Ты –зрачок глаз моих»

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жанибек Салтанат «Black of my eye» Abay Kunanbaev




1- Жүргізуші:

Сахналық қойылым: М.Әуезов «Ақын қонақтар» («Абай жолы» романынан үзінді...)

Көрініс қойғандар: Абайдың әжесінің рөлінде Бастауыш сынып мұғалімі Тогтох Асем., Абайдың анасының рөлінде - денешынықтыру пәнінің мұғалімі Базей Тотықұс., Барла рөлінде-музыка пәнінің мұғалімі Елеусиз Авдирахман., Абайдың рөлінде- 9 сынып оқушысы Хурсхан Данияр

2-Жүргізуші:

 Біз Абай дегенде ішкен асымызды жерге қоятын халықпыз. «Абай –дана, Абай –дара» деп текке айтылмаған. Қазақ үшін Абай Құнанбаевтың орны бөлек. Өйткені, абыз ақын туған тілін қастерлеп сынап өтті. Әлемнің 116 тіліне аударылған «Абай жолы» эпопеясы арқылы Абай атын жалпақ әлемге танытқан қаламгер М. Әуезов. Абай атамыздың 45 қара сөзі, көптеген өлеңдері мен әңгімелері, әндері бүгінгі таңға дейін мәнін жойған жоқ.


Қарасөздері

Абай Құнанбайұлының бірінші қарасөзі оқитын

10 «А» сынып оқушысы Хурметұлы Иляс


1-жүргізуші:

Қуат алып Абайдың тіл күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден – деп, Мұқағали Мақатаев айтқандай біздің мектебімізде өз шығармаларымен ерекшелене жыр жазып жүрген оқушыларымыздың, мұғалімдеріміздің өлеңдерін тыңдап көрелік.

Арнау

Оқитындар: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қарақыз Мая

  1. «ә сынып оқушысы Батырқызы Ақмарал

9 «ә» сынып оқушысы Хуанған Ақбота


2-Жүргізуші: Абай атамыз жайлы айтылған жылы лебіздерге кезек береміз. ( Ортада мұғалімдер, күй орындалып тұрады.)

Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы – заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр. Абай қазақтың әр баласын ұлт¬жанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырды. Оның мұрасы – парасатты пат-риотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан азаматтарымыздың көзі ашық болсын десек, Абайды оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалық¬паған жөн. Абайды қалай дәріптесек те жарасады. Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы – қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да үлгі-өнеге. Абайдың адам мен қоғам, білім мен ғылым, дін мен дәстүр, табиғат пен қоршаған орта, мемлекет пен билік, тіл мен қарым-қатынас туралы айтқан ой-тұжырымдары ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтпайды. Өйткені ақынның мұрасы – бүкіл адамзат баласының рухани азығы. Қазақ елі барда Абай есімі асқақтай береді. Оның асыл сөздерін рухани байлығымыз ретінде жоғары ұстасақ, туған еліміздің әлем алдындағы абыройы арта берері сөзсіз. Ең алдымен Абайды ұлтымыздың мәдени капиталы ретінде насихаттауым.


«Көзімнің қарасы» хор


Ұстаздар хормен: «Абай-дана, Абай дара, қазақта»


  1. Жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.


2-Жүргізуші:

Абай атамыз бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасап келеді демекші бүгінгі «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...» атты концертіміз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
441
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі