Ақмола
облысы
Целиноград
ауданы
«Алтын
дән» балабақшасы МКҚК
тәрбиешісі
Шакирова
Катима Мейрамовна
«Абай
–кемеңгер»
Эссе
Қазақ
әдебиеті тарихында теңдесі жоқ суреткер,
қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбайұлының
туғанына биыл 175 жыл. Абайдың қазақ
әдебиеті тарихында ғана емес, сондай-ақ,
бүкіл қазақ өмірінде, қазақ тарихында
алатын орны ерекше. Қалың қазағы үшін,
халқының болашағы үшін
мыңмен
жалғыз алысқан ардақтысын халқы да
сүйеді, асылдың сынығына балап, пір
тұтады.
Абай
– мың жылда бір туатын ұлы кемеңгер,
даналықтың дара үлгісі.
Абай
есімі қазақ халқының ұлттық санасының
оянуына ықпал еткен ақиқаттың айбыны
болып ұлт жадында, тарих беттерінде
мәңгіге сақтала бермек.Ұлы кемеңгердің
өмірі бізге келіп жеткен ақынның төл
туындыларынан, өз ортасы жайындағы
ой-толғаныстарынан және Абайтанушылардың
еңбектерінен мәлім. Абай-өзінің саналы
ғұмырын халқына арнады. Халық санасына
қуатты қаламынан туған отты өлеңімен
тың серпіліс жасады. «Біріңді қазақ
бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», -
деп елін ауызбіршілікке шақырды.
Ақын
поэзиясының көркемдік аясының кеңдігі,
ойшылдық пен сыршылдықты қатар үндестіруі,
қиыннан қиыстырып жазған өлеңдерінің
тіл тазалығы – оның ұлы кемеңгер
екендігінің айқын айғағы. Ақынның әрбір
өлеңінен терең де толғанысты философияны
кездестіреміз. Бұл – ұлы ойшылымыздың
өзіндік ерекшелігі. «Теп-тегіс, жұмыр
келген» өлең жолдары арқылы оқушысын
қалың ойға жетелейді.
Абайдың
кемеңгерлігінің көрінісі оның айтқан
әрбір нақыл сөздерінен, өлеңдерінен,
қара сөздерінен айнадай анық байқалады.
Тек ұғарлық жүрек пен ақыл болса
жеткілікті. Шығыстың руханиятынан
мейлінше сусындап өскен Абай Батыс
классиктерінің шығармаларын өз
дүниетанымына ешбір сызат түсірмей
қабылдай білді. Бұл әрине оның жанының,
көзқарасының өскендігінің, кемелденгенінің
белгісі. Келер ұрпақ үшін қам жеп, олар
оқусыз, ғылымсыз қалып кетпесе екен,
ілім үйренсе екен деген ішкі уайымы да
мол болды. Шығармалары ой тастап,
идеялық-көркемдік жағынан мағыналы
астар білдіре білді. Абайдың кемеңгерлігінің
бір сыры оның қарапайым, қара халыққа
жанашырлығында жатыр. Айналасындағы
жұртшылыққа қамқорлық танытып, ізгілікке,
ілімге, жаңашылдыққа шақыруы оның шын
мәніндегі өз ұлтын құрметтегенін
көрсетеді. Әр өлеңінде өз халқының
жағдайын терең түсіне білетіні, өткені
мен кеткенін бағамдай алғаны, келер
ұрпақтан күтетін үміті зор екенін мақсат
етеді. Қозғаған тақырыптары да тамыры
терең маңызды болды. Абай дегенде қазақ
деген халықтың аты еске түсетіндей
ұлтының өлшемдерін жақсы білген кемеңгер
тұлға. Әдебиетке де, мәдениетке де
шамшырақ жаға білген шырақшыдай кемел
кесекті қазыналы дүниелерді өмірге
алып келді. Мыңжылдықта бір туатын
тұлғаны Алла тағаланың қазақ ұлтына
нәсіп етуі де тегіннен тегін емес
секілді. Абайды оқып жүрген қазіргі
таңда тек қазақ емес, басқа да шет
мемлекеттердегі ұлт өкілдері Абайдың
өлеңдерінен, жалынды жырларынан нәр
алып, сусындап жүр. Абай мұраларын
өздерінің күнделікті өмірлік ұстанымдарына
айналдырып жүрген адамдар да баршылық.
«Ғалымның хаты өлмейді», - дегендей Абай
өзінің дана сөздерімен, асқақ жырларымен
қазақ халқымен бірге мәңгі жасаса
бермек.
Әуезі
есім төгіліп, жібек торғындай жарқырайтын
шығармаларын оқи отыра өшкеніміз
жанғандай болды. Тек алға қадам жасап,
ой жетпейтін арманға, тіпті кең құлашқа
қанат жайып, Абай дәстүрі шабыт берері
анық .
Уақыт талабын заманынан оза шауып түсіну
- Абай даналығының белгісі. Елді сол
жолда бірігуге, ынтымақтастыққа шақырды.
Ол шындықтың ақыны болып туды, солай
өмір сүрді. Оның өлеңдерін оқи отырып,
одан жалғандық табу қиын. Өлеңдерінен
қазақтың ұлттық табиғатына тән шындық
мөлдіреп көз алдыңа келеді. Оның өлеңдері
өзінің қарапайымдылығымен, табиғилығымен
құйылып, ойға, сезімге ұялайды. Сондықтан
ол қазақ әдебиетіндегі тұңғыш ұлы
суреткер саналады. Абайдың жастайынан
көргені, естігені - халық әдебиеті, бай
фольклор, жеке ақындар творчествосы
болды. Жасынан әке ырқымен ел ісіне
араласқан Абай сөз сырын жақсы білді,
дау ұстағандардың талай сынынан өткен
болатын.
Абай атамыз секілді, менде теңізге
тамған тамшыдай қаймағы бұзылмаған
елімнің әдебиетіне ,шығармашылығына
өз үлесімді қосқым келеді.