400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

АБАЙ КУНАНБАЕВТЫН ШЫГАРМАЛАРЫНДАГЫ ТАБИГАТ ТАКЫРЫБЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
УСТАЗДАРГА.ЖАС ЗЕРТТЕУШЫЛЕРГЕ КОМЕГЫ ТИЕР ДЕГЕН ОЙДАМЫН
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы

«Новоберезовка орта мектебі» КММ











Жобаның тақырыбы:

«Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы табиғат тақырыбы»




Орындаған: Манатбек Әлия

Маулитбек Мәрмәр

4 – сынып оқушысылары

Жетекшілері: Абдразакова.А.Н









2019 – 2020оқу жылы





Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы табиғат тақырыбы





ЖОСПАР:


АБСТРАКТ

КІРІСПЕ

1. НЕГІЗГІ БӨЛІМІ

1.1 Абай Құнанбаев өмірі мен шығармашылығы

1.2 Ақын шығармаларындағы табиғат тақырыбы


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





















АБСТРАКТ

«Отанын», «туған елін» табиғатын мақтан ету, өз өлкесін, туған жерін сүю, патриоттық сезімін дамыту – әрбір адамның парызы.Соған байланысты ақын жазушыларымыздың өлеңдері бұған куә бола алады. Сонау замманнан табиғат тақырыбын жырлаған ақындарда баршылық.Сонын бірі Абай.

Абайды қазақ даласында өмір сүріп жатқан халқының тағдыры толғандырған. Ақын туған жерінің табиғатына деген ыстық махаббатын өзінің өлеңдері арқылы білдіреді. Сондықтан да ақынның табиғат туралы өлеңдері қайшылығы мен қиындығы толық халық өмірінің бір көрінісі іспеттес. Жұмыста ақынның табиғат жайындағы өлеңдері сөз етіледі.

Жобаның өзектілігі - Абайдың асыл мұралары қазір де өзекті, жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызды құрал болып отыр. Ендеше, бүгінгі ұрпақ, біз үшін Абай – ұлы ұстаз, ал оның мұралары – Мәңгілік Елдің таусылмас асыл қазынасы. «Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған», - деп ақынның өзі айтып кеткендей, Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалынды жырымен, нақыл сөздерімен бізбен бірге жасасып келеді. Жоба сонысымен де өзекті деп санаймын.

Жобаның негізгі мақсаты –. Абайдың тау тұлғасына үңіле отырып, оны тереңірек танып білу. Абайдың табиғат тақырыбындағы өлеңдерін насихаттау.

Осы мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер қарастырылды.

Жобаның міндеті:

1. Абай Құнанбаев өлеңдерін оқу;

2. Ақын өлеңдеріндегі табиғат тақырыбын іріктеп алу;

3. Абай Құнанбаев туралы ақпараттар алу үшін аудандық кітапханаға бару;

Жобаның дереккөздері: Зерттеу кезінде кітаптарымен және ол туралы өлеңдерімен жұмыс жасалды. Қазіргі заман талабына сай интернет желісі мен аудандық кітапхана, мектеп кітапханасы қорларынан мәліметтер жиналды. Ақын жазушылардың жыр жинақтарындағы алғысөздер,мақалалары жұмысқа деректі негіз болды.

Зерттеудің әдіс- тәсілдері: Зерттеуде ақын шығармашылығы баяндау, салыстыру, жинақтау әдістері арқылы талданып қарастырылды.

Жобаның ғылыми жаңашылдығы: Бүкіл қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы бар, Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың табиғат тақырыбына арналған өлеңдеріне бастауыш сынып оқушыларының зерттеу жүргізуі – сирек кездесетін құбылыс, осының өзі жұмыстың жаңашылдығын көрсетеді. Оның өлеңдерін қоғамдық ой – сананың өрлеуіне қосқан үлесі ретінде де бағалау – жұмыстың маңыздылығын арттыра түседі.

Жобаның құрылымы: Жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.


























КІРІСПЕ


Бүгінде «туған өлке», «өлкетану» ұғымдары зерттеліп, зерделеніп жатыр. Өзіміз өскен ортаның тарихын, оның қойнауындағы әрбір құбылысын, өзгерістердің сыры мен қырын білуді мақсат ету керек. Сонда ел ертеңі болар жастардың ұлттық намысы оянып, өлкемізге еңбегі сіңген тұлғалардың табыстары мен өнегелі істерін  мақтаныш етері анық.

Қазір Шығыс Қазақстан деген атпен белгілі біздің өңірдің расында да басқа облыстардан айырмашылығы өте көп. Ол тек табиғаттың артықшылықтары ғана емес. Қазақ халқының, елімізді мекендеген қазаққа дейінгі дәуір тарихының, мәдениетінің айнасы тәрізді. Егер Л.Гумилевті оқитын болсақ, кезінде дүниені тіреп тұрған, алып Қытайды бағындырған ғұндар Алтай мен Тарбағатай тауларының сілемдерін мекендеп, «халықтардың ұлы көші кезінде» осы жақтан Еуропаға бет алған екен.

Ұлтымыздың ұлылары Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды алыптарын дүниеге әкелген шығыс өңірі екенін мақтан етеміз.














Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы табиғат тақырыбы

Тарих қана, халық қана туатын

Алыптардың арқа тұтпас кім атын?

Ұлы арманын жырлау үшін қазаққа

Керек болды Абай сынды Ұлы ақын!

Ж. Әбдірашев

Қазақтың бас ақыны Ұлы Абайдың өлген күнінен қаншама алыстасақ та, оның өнерін қазақ халқы ешқашан ұмытпайды. Абайдың өзі өлгенмен сөзі өлген жоқ. «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған», - деп кемеңгердін өзі айтқандай, Абай - артына – өлмейтұғын сөз, өнеге, өсиет қалдырған. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ғасырдан-ғасырға асып, туған халқымен бірге жасаса беретін кемеңгep.

Сырт қарағанда Абайды білмейтін қазақ жоқ секілді. Көзімізді ашқаннан Абай есімі жадымызда, бейнесі көз алдымызда. Мектепте Абайды оқып жатырмыз, қала сайын Абай атында көше бар. Абай атында қала, аудан, ғылыми институт, университет, көптеген театрлар, колледж, мектептер бар. М.Әуезовтен бастап Абай жөнінде қалам тартпаған ақын-жазушы жоқ. Абай жөнінде кино және басқа өнер шығармалары да жеткілікті. Ақын әндері күн сайын шырқалып, кітаптары қайта басылып шығып жатыр. Абай - өткен мен өз заманын салыстыра отырып, артына ұлы өсиет қалдырған хакім. "Әрбір ғалым - хакім емес, әрбір хакім - ғалым" дейді Абай. Абайдың -хакімдігі оның әр сөзінен, әр өлеңінен білінеді.

Кемелге келмей, ақыл тоқтатпай Абайды ұғыну мүмкін емес. Абайды оқыған сайын, көкейіңе тоқыған сайын қазақтың табиғатын аша түсесің, ой түбіне тереңдей түсесің, ел-жұртыңның тағдыры, келешегі туралы ойлана, толғана түсесің.

Табиғат көркем әдебиеттен үлкен орын алды. Абайдың да айрықша жырлағанының бірі табиғат болды. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді.

Абайдың табиғат лирикасы - кең көлемді мол қазына. Биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай бүкіл бір халықтың ұлттық мәдениетінің ғасырлық мерейі, әдебиетінің заңғар биігі. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың.

Абай мұралары жыл мезгіліне қарай, кісінің көңіл-күйіне, жасына қарай әр кезде әр түрлі әсер етеді, өзгеше ой салады. Сол кезде Абайдың "Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла" деген сөзі еріксіз есіне түседі.Олай дейтін себебіміз Абай табиғаттың көрінісін, жыл мерзімін, адам мінезін суреттегенде де оның тамаша көрінісін өмірмен, тіршілікпен ұштастырып, тілдестіріп, сұлулыққа өң, рух беріп отырды.

Мысалы: "Күз" деген өлеңінде Абай:

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес, бала шулай,

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айырылған ағаш-қурай.

Сидиған, көркінен айырылған ағаш-қурайды, мүсәпір, өмірінің көркі жоқ қайыршы шал- кемпірге ұқсатады. Немесе:

Қар жауса да тоңбайды бай баласы,

Үй жылы, тұтқан айналасы,

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,

Ағып жүріп ойнатар көздің жасы -деп, күз түсіп, табиғаттың, құлпырған әсем нұры кеткен соң, ол жабырқаңқы тартып, қабағы түсіп, сүрт бұлт пен дымқыл тұман қаптап, қара суық малдың да, адамның да табиғаттың да реңін кетіреді. Сонда күз біреуге құт, біреуге жұт боп келеді. Бай жылы үйде отырып, ет жеп, қымызын ішіп, сонау күздің аяғына дейін малын семіртіп, соғымын баптай отырса, кедей күндіз қара суықта мал бағып, кешке жыртық үйде бүрсең қағып, жағуға отын, союға соғымы жоқ, қылышын сүйретіп келе жатқан қыстан шығуы зор уайым болмақ.

Ақын осылайша күзді суреттеу арқылы, адам өмірінің жабырқаңқы тартқан көңілсіз бір кезеңін шебер суреттеген. Тек оны түсініп оқып, Абайша толғана ойлау қажет. Сонда ғана ақынның осы өлең арқылы не айтқысы келетінін түсінесің.

Абайдың табиғатты суреттейтін өлеңдерінің ішінде "Желсіз түнде жарық айдың" орны ерекше. Осынау шағын өлеңде айлы түн мен жайлаудағы елдің түнгі тіршілігінің сұлу да сырлы көріністері табиғи қалпында тамылжыта суреттелген.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәуелесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны - терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

Сәулесі суда дірілдеген жарық ай, ауылдың жанындағы терең сай, онда күркіреп аққан тау өзені - осының бәрі керемет шеберлікпен жан бітіре суреттелген. Сондықтан, оны оқығанда баяғы қазақ өмірінің ертегідей бір әсем суреті қайта тіріліп, кісінің жаны жадырап, көкірегіне шуақ төгілгендей сезімге бөленеді.

"Қараңғы түнде тау қалғып" өлеңі мен "Жолға шықтым ... " деп басталатын бір шумақ үзіндіде (Лермонтовтан аударылған) түн басқан тау және дала тыныштығы мен күздің жұлдызды аспанын суреттеген.

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт, дел-сал қып,

Түн басады салбырап.

Шаң шығармас жол-дағы,

Сілкіне алмас жапырақ.

Тыншығарсың сен-дағы,

Сабыр қылсаң азырақ.

Ал енді "Жазғытұрым" өлеңінде жердің жүзі масатыдай құлпырып, күннің көзі өзінің шуағын төгіп, дүниені нұрландырады. Адамзатпен бірге, жан-жануарлар да қуанып, өздерінше мәз- мейрам болады. Оны мынадай өлең жолдарынан көруге болады:

Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду,

Гүл мен ағаш майысып қарағанда,

Сыбыр қағып, бұраңдап ағады су. [1]

Жыл мезгілдерін сипаттау үстінде алдымен әр түсті ақындық бояу арқылы оқырманның, көз алдына түрлі-түрлі табиғат көріністері келеді: жайқалған гүл бәйшешекті, «көк орай шалғыны мен «күркіреген өзені» бар, тамылжып тұрған шыбынсыз жаз да сонда; ақ кірпік бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреткен қырау қабақ қытымыр қыс та сонда; аспанын бұлт торлап, гүлі солган сарғыш даласын шық басқан сұрғылт күз де сонда ... Әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді де, ізінше сол көрініске бөленген қазақ аулының тірлік-кәсібіне, шаруа-жайына көшеді. Міне, осылайша ақын табиғатты жырға қосты. Абайдың бұл өлендерінен адамның мінезі сияқты жыл мезгілдерінің де құбылыстары бар екен көруге болады. Осы табиғат көріністерін, оған бөлінген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс-халді тамаша суреттеген әрі жан-жақты жырлаған. Табиғат қуана да, ренжи де біледі. Тек оны жүрегіңмен түсініп, аялай білу керек. Сонда ғана сен табиғатты сүйе білесің, оны түсіне аласын. Жылдың 4 мезгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен азабы мол мал баққан шаруаны баянсыз көшпелі ауылды көрсететін сұлу шығармалар болып табылады.[3]

Жаз

Жаздыгүні шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек,

Ұзарып өсіп толғанда;

Күркіреп жатқан өзенге,

Көшіп ауыл қонғанда;

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны қылтылдап,

Ат, айғырлар, биелер

Бүйірі шығып, ыңқылдап,

Суда тұрып шыбыңдап,

Кұйрығымен шылпылдап,

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап.

«Жазда» күркіреп жатқан өзеннің көкорай-шалғын жағасына көшіп барып қонып жатқан ауыл, ақ білегін сыбанып үй тіккен қыз-келіншектер, өзен жағасында шыбындап, бөгелектеп тұрған құлын-тайлы көп жылқы одан әрі сол ауыл шындығы өрістеп кете беретін болса, «Қыста» шидем мен тондарын қабаттап киіп, оранып алса да долы боранға «бет қарауға шыдамай сырт айналып», тағы да мал соңында қаржамылып, мұз жастанған жылқышылар, суық тиіп, титығы құрыған тай-құнандарға ауыз салуға аран ашып, жанталасып айдалада соқақ-қоқақ жортып жүрген аш қасқырлар т. б. көз алдымызға келеді.

Қыс

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, қеліп қалды.

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.

Абай «Қыс» деген өленінде қысты адам бейнесінде суреттеп береді. Бұрын қысты бұлай суреттеу болмаған-ды. Абай оны қазақтың ұғымына сай «кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды» деген тәрізді байырғы сөздер арқылы образдар жасайды. Қысты ақ сақалды шал бейнесінде суреттеу бұрынғы қазақ әдебиетінде, Абайдан басқаларда кездеспейді. «Қыс» деген өлеңнің басқа жағын былай қойғанда, бұл шығармадан қыстың қырдағы елге қандай әсері барлығын, мал баққан жылқышыға, жалпы шаруаға жылдың ең бір қолайсыз кезі екендігін айқын көруге болады Өйткені қыс өз тұлғасыңда толық берілген. «Қыс» өлеңін оқығанда, аязды қыстың суық лебі бетке тигеңдей болады.

Абай жылдың қай мезгілін суреттесе де, ең алдымен оның шындық бейнесін береді. Жоғарғы үзіндіде келтірген өлеңдердің қайсысын оқысақ та, сол кездің суреті көз алдыңда тұрады. «Қылышын сүйреткен қыс», «Масатыдай құлпырған жаз» өз кескінімен көрінеді. Жылдың төрт мезгіліндегі табиғаттың өз әдемілігінің мына жері кем қалыпты деп ешкім таласа алмастай етіп суреттелінеді. Ақын өлендерінде табиғаттың тек жалаң суретін ғана беріп қойған жоқ, оны адам өмірімен нық байланыстыра білді. Мал бағумен күн көріп, көшіп-қонып жүрген қазақ елінің өмір шындығын дәлме-дәл көрсетіп, жылдың әрбір мезгілінің мал баққан елге қандай әсер ететіндігін баяндады. Табиғат тақырыбында жазылған бұл өлеңдері – ақынның асқан суретші екендігіне толық дәлел.

Абайдың жыл мезгілдеріне арналған осы өлеңдерінде қазақ өмірінің тіршілігі суреттеледі. Табиғат аясында сол табиғаттың ауа райына үндесе тіршілік ететін халықтың ұлттық ерекшелігі, мінез-құлқындағы, әдет-ғұрпындағы уақыттың демімен қанына сіңісті қасиетінің жырлануы тұскиіздің ою-өрнегіндей. Қоңыраулатып келер көктемде табиғатпен бірге түлеп, жаңарып-жасарып, жазғытұрым көтеріңкі көңіл-күймен әсерленіп жүрген дала перзенттерінің тірлік-тынысы нағыз романтика екенін жүрегімізбен сезінеміз де, ләззатқа бөленеміз.








Кең байтақ Қазақстанның шығысына - Алтайға саяхат мұнымен шектеліп калмас. Неге десеңіз қарт Ертістің оң қапталында атақты Холзун, Уба, Иванов, Қатын, Нарын, Күршім тау жоталары бір-бірімен иық тіресе үйіріле шоғырланып жатыр. Ал ұлы өзеннің сол жағалауында да бір қиыры Жоңғар кақпасына, Алакөл мен Балқашқа дейінгі ұлан-ғайыр алқапта Қалба, Делбегетей, Сауыр, Сайқан, Тарбағатай, Шыңғыстау, Шұбартау сілемдері, шетсіз-шеқсіз сары далалы өңір кең көсілген. Бабаларымыздың мыңдаған жылдар бойы қора-қора қой өргізіп, үйір-үйір жылқы айдаған ежелгі атақонысы, кең жайлауы болған қасиетті Сарыарқа да осы өңірден басталады. Бұл байтақ аймақтың айдынынан үйрек-қазы үзілмеген Зайсан, Марқакөл, Сібе, Дулығалы, Алакөлдей жүздеген көлдері, адам қолымен дүниеге келген Ертіс, Бұқтырма, Шульба су қоймалары, олардағы қуатты су-электр станциялары, Алтайдың аңы мен құсы, жануарлар дүниесі туралы әңгіме козғаудың реті тіпті басқа. Еліміздің інжу-маржаны деп аталған Алтай өңірінде мұзартты тау шыңдары мен төмендегі мүк басқан батпақты тундыралық алқаптан, Таулы Альпі көкорайынан бастап, боз жусанды, ақ селеулі сусыз шөлейтті далалы қолаттар мен қызылқұм жалдарында тіршіліктің бірден бір көрінісіндей тамырын тереңге жіберген жантақ қана өсетін шөл аймаққа дейінгі жағырапиялық зоналардың барлығы да бар. Яғни, бір сөзбен айтқанда, Алтай алқабы - таңғажайып көріністі әсем табиғатымен, жер қойнауында тұрған байлықтарымен көп ұлтты республика халқының ұлттық мақтанышы...



ҚОРЫТЫНДЫ


Әлемдi билейтiн – сөз, сөздi билейтiн – ақын. Талантпен, талғаммен қоса табандылықты, азаматтықты қажет ететiн ақын болу - қиынның қиыны.

Поэзия әлемінде өзіндік орнын тапқан, талап тұғырында талай тамаша жырды дүниеге келтірген, арманы айшықты, сезімі таза, жүрегінің барлық жылуын елге, жерге арнаған Абай Құнанбаев өмірден озса да, қалың оқырманының, шәкірттерінің көңілінен ешқашан озбақ емес.

Абай сынды ақынның өлең жыр – шумақтарын терең түсініп, насихаттауымыздың маңызы өте зор. Абай мұрасын тереңнен зерттеу жас ұрпақтың міндеті, тіпті парызы десе болады.




















Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Бітібаева Қ. Абай шығармашылығын оқыту.- Алматы: "Мектеп" баспасы, 2003. - 232 бет.

  2. Абайдың қара сөздері. -Алматы: Өнер, 2010. -124 бет.

  3. Әуезов М. Абай Құнанбаев. Монографиялық зерттеулер мен мақалалар. - Алматы, «Санат», 1995. - 320 бет.

  4. Досжан Д. Абай айнасы. - Алматы: Қазақстан, 1994. - 368 бет.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
9 ақпан
708
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі