9
сынып Қазақ
тілі
Сабақтың тақырыбы: «Абайдың
мұражай-үйі»
Мақсаты:
-
Абай Құнанбаев туралы білетін
мәліметтерді қайталай отырып, Абайдың мұражай-үйі туралы мәліметтер
алады, грамматикалық тақырыптарды
қайталайды.
-
Мұражайлар туралы
білуге, ұлттық құндылықтарды сақтауға, насихаттауға
тәрбиеленеді.
-
Әр түрлі тапсырмалар орындай
отырып, білімдерін тереңдетеді, ауызша және жазбаша тілдерін,
шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Сабақтың
барысы:
І Ұйымдастыру
кезеңі
Сәлемдесу. Кезекші есебін
тыңдау
Сыныпта психологиялық ахуал
қалыптастыру.
«Жүректен жүрекке» Оқушылар
бір-біріне жақсы тілектерін білдіреді.
Бүгін балалар, бізде ерекше
сабақ, бүгін бізде сабаққа қонақтар келіп отыр, сондықтан әркім өз
білімін көрсетеді деп ойлаймын.
Ең алдымен топ басшыларын
сайлап алыңдар, топ басшысы сабақ бойы сендерді бағалап
отырады.
ІІ Үй тапсырмасын
тексеру
-Балалар, біз сендермен қандай
тақырыпты өтіп жатырмыз?
-Мұражайлар
-Олай болса бүгін біз
сендермен бұл тақырыпты ары қарай жалғастырамыз, яғни бүгінгі
тақырып қалай аталады?
-«Абайдың
мұражай-үйі»
-Бүгінгі сабағымыздың мақсаты
не?
-Абайдың мұражай-үйімен
танысу, білу
-Ол үшін, балалар, ең алдымен
өткен сабақта танысқан
1.Мұражай дегеніміз не?
Мұражай топтары, жұмыс бағыттары туралы қайталап
өтейік.
Қазір әр топқа тапсырмалар
беріледі.
І топ: Мұражай дегеніміз
не?
ІІ топ: Мұражай
топтары
ІІІ топ: Мұражай ісінің
бағыттары
Білетін мәліметтерді
сызбаға түсіріп, түсіндіреміз, бағдаршамды
пайдаланамыз.
ІІІ Жаңа
сабақ
Сонымен, балалар, мұражай
туралы білеттін мәліметтерді ортаға салдық, енді жаңа сабағымызды
бастаймыз.
1.Ол үшін мына бейнефильмге
көңіл аударайық.
Бейнефильм кім
туралы?
Асыл сөзді
іздесең,
Абайды оқы,
ерінбе!
Адамдықты
көздесең,
Жаттап оқы
көңілге
(С.Торайғыров) айтқандай,
қазір Абай Құнанбайұлы туралы не білеміз есімізге түсіріп, қайталап
өтейік, біз сендермен қазақ әдебиетінен де өтіп
жатырмыз.
2. Топтық тапсырмалар
орындаймыз
І топ: «Сандар сөйлейді»
стратегиясы бойынша
ІІ топ: «Дұрыс па, бұрыс
па?»
ІІІ топ: «Галереяға саяхат»
стратегиясы бойынша жұмыс жүргізесіңдер
3. Жақсы, балалар, біз
біраз мәліметтерді есімізге түсірдік, енді осы мәліметтерді
жинақтай отырып, әр топ шағын мәліметтер дайындаған екен, соны
тыңдайық
І топ: Кристина «Абайдың
балалық шағы»
ІІ топ: Елена
«Абай-аудармашы»
ІІІ топ: Лера
«Абай-ақын»
4. Сонымен қатар біз
Абайдың өте көп өлеңдерін білеміз?
-Абайдың қандай өлеңдерін
білесіңдер?
-Қазір Абай өлеңдерінің
бірнешеуін тыңдасақ.
Жақсы, балалар, біз сендермен
Абай Құнанбайұлы туралы білетін мәліметтерді ортаға
салдық.
5. Ары қарай сабағымызды
жалғастыру үшін тағы да мына бейнефильмге көңіл
аударсақ.
1.Бейнефильмнен не
көрдік?
2. Кімнің мұражай-үйін
көрдік?
3. Мұражай қайда орналасқан
екен?
4. Мұражайдан нелерді
көрдік?
6. Осы Абайдың мұражай-үйі
туралы мәтінмен жұмыс жүргіземіз
1. Жаңа сөздермен
жұмыс
2. Әр топқа мәтін бөліктері
беріледі, қазір стикерде жазылған сандар бойынша топқа бөлінеміз,
мәтін бөлігін оқимыз, орыс тіліне
аударамыз.
3. Өз тобымызға қайтамыз,
топта түсіндіреміз
4. Мәтіннен не түсіндік? Орыс
тілінде сұрап өту
7 «Айналмалы сұрақтар» Үш
топ үш бөлік бойынша сұрақтар құрастырады, сұрақтарды ауыстырады,
жауап береді.
8. Сергіту
сәті
Құлақтан кіріп бойды
алар,
Жақсы ән мен тәтті
күй,
Көңілге түрлі ой
салар,
Әнді сүйсең, менше сүй!- деп
Абай атамыз айтқандай, қазір Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы»
әнін барлығымыз бірге орындасақ.
9. Біраз демалып алсақ,
бүгінгі алған білімдеріңді пайдалана отырып грамматикалық
тапсырмалар орындаймыз.
І топ: Сөйлемдерді дұрыс
құрастырып, 1 сөйлемге синтаксистік талдау
жасайды.
ІІ топ: Сөйлемдерді
толықтырады, «мұражай» сөзіне морфологиялық талдау
жасайды
ІІІ топ: «Сәйкесін тап» деп
аталады, берілген сөздердің синонимін, антонимін тауып,
жазады.
ІҮ. Сабақты бекіту. Тест
жұмысы
Ү. Сабақты
қорытындылау
1. Сонымен бүгін біз кімнің
мұражай-үйімен таныстық?
2. Мұражай қашан ашылған
екен?
3. Мұражай қайда ашылған
екен?
4. Мұражайда нелер
бар?
ҮІ. Үйге тапсырма: «Абай
мұрасы-асыл қазына» эссе
Тапсырмалар
1.Сандар
сөйлейді
1845 жыл 10
тамыз ШҚО Шыңғыстау баурайында Абай
Құнанбайұлы дүниеге келген.
10
жасында Семейдегі Ахмет Риза
медресесінде оқиды.
1860
жылдан бастап шығармашылықпен
айналысады.
Абайдың
45
қара сөзі
бар.
1904
жылы 6 шілдеде Абай Құнанбайұлы
қайтыс болды.
1909
жылы Абай өлеңдерінің алғашқы
жинағы шықты.
1918
жылы ақынның қара сөздері «Абай»
журналында жарық көрді.
-
ы
Абайдың туғанына 170 жыл
толды.
2.Дұрыс па, бұрыс
па
1. Ақынның азан шақырып қойған
аты-Абай.
2. Абайды әкесі 10 жасында
Ахмет Риза медресесіне оқуға берді.
3. Ұлжан-өте қатал адам
болған.
4. Абай Құнанбаев «Абай жолы»
роман-эпопеясын жазған.
5. Абай музыка саласында
елеулі мұра қалдырған.
6. Абайдың ата-бабалары атақты
адамдар болған.
7. Ақынның туғанына 100 жыл
толды.
3.Галереяға
саяхат
1-топ: Сөйлемдерді дұрыс
құрастыр
-
алынды, мұражайдағы заттар,
достарынан, замандастарынан, достарынан,
Абайдың
-
өткізілді, жөндеу, күрделі,
1970 жылы, мұражайда
-
бар, мұражайда, суреттері,
орыс, достарының, Абайдың
-
қыстауы, Абайдың, айналды,
оның, мұражай-үйіне
-
бірқалыпты, жазы, қысы,
мұражайдың, температурасы
1 сөйлемге синтаксистік
талдау жаса
2-топ: Сөйлемді толықтыр,
«мұражай» сөзіне морфологиялық талдау
1. Тағы да тарихи
мұрағаттардың бірі- ...
2. Абай бұл бұйымдарды .... өз
қолымен өткізген.
3. Оң жақта ... жасалған
кішкентай кебеже тұр.
4. Оның қабырғалары ...
қаланған.
5. Мұражай Семей қаласынан ...
жерде орналасқан.
«Мұражай» сөзіне
морфологиялық талдау жаса
ІІІ топ: Сәйкесін
тап
1. Абай Құнанбаев мұражайға
айналды
2. Абай қыстауы
жолы
3. Мұражай температурасы ұлы
ақын
4. Мәдени
кебеже
5. Орыс
бөлме
6. Күміс
қаланған
7. Бес
мұражай-үйі
8. Таспен
бірқалыпты
9. Шығармашылық
достары
10. Жидебайдағы
мекеме
Берілген сөздердің
синонимін жаз:
Ұлы-
Тағам-
Достар- Халық
–
Антонимдерін
жаз:
Көп- Тәтті-
Жеңіл-