400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай Мұрасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әрбір оқушыға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай мұрасы - қазақтың қасиетті қазынасы



Елбасы Н. Ә. Назарбаев:

«Абай – қазақ халқының рухани

қазынасына өлшеусіз үлес қосқан

ғұлама ғана емес, сонымен қатар,

ол қазақ халқының ел болуы жолында

ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер».



Абай мұрасы - қазақтың қасиетті қазынасы деп бекерден бекер айтпаса керек. Абай атын естігенімізде оның қасиетті сөздері, еліне деген сүйіспеншілігі, даналығы, ең бастысы халқына жанашыр болғандығы есімізге түседі. О заманнан бұл заманға дейін маңызын жоймайтын өзіндік тарихы бар ұлы тұлға. Сонымен қатар ақын шығармаларында адам баласын еңбекқорлыққа, білім мен өнерге, қарапайым, адал, бауырмал болуға жауапкершілікті терең сезінетін толық адам болуға үндеген. Сондай - ақ халықты жақсылыққа үндеп қана қоймастан қоғамның барлық саласы туралы ой қозғап отырған. Қоғамдағы келеңсіздіктер, бай мен кедей арасындағы әділетсіздіктер, мансапқұмарлықты сынап, еріншектік, жалқаулық, рақымсыздық туралы шығармаларында айтып өткен.

Абайдың әндері құлақтан кіріп бойды алса, қара сөздерінде терең философиялық мағына жатыр. Бізге Абай мұрасының сыртқы сымбаты емес, оның ішкі мәні де қажет. Данышпан ақынның айтып-жазғандарының барлығы, болмыстың түпкі мәнін түсіндіруге арналғандығын білеміз. Сондықтан, Абайдың сырлы сөздері адам болмысын, қоғам өмірін, тіпті бүкіл әлемнің мағынасы мен мақсатын түсіну кілті болып табылады.

Абайдың рухани мұрасынан әркім өз керегін алып, өмірінің өзегіне айналдырары сөзсіз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Абай сөзі – қазақтың  бойтұмары, Абай мұра­сы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай тілі-қазақтың мәдени тарихы».

Абай халық қазынасының бүкіл тарихи дәстүрін, ұлтының рухани байлығын бойына сіңіре білген, туған тілінің тұнығын жүзіп ішіп, артында шын мәніндегі терең сырлы сөз, парасатты ой қалдырған өз елінің пір тұтар- біртуар ұлы.

Ұлы кемеңгер ақынның шығармалары болашақ ұрпақ үшін сарқылмас қазына бола бермек!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.10.2020
479
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі