400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай Мұрасы

Материал туралы қысқаша түсінік
абай мұрасы туралы мәлімет алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Абай рухы – жастар үнінде» тақырыбындағы жас мамандар арасындағы колледжішілік сайыс ережесі




1.Жалпы ережелер

Іс-шара ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылады.

Сайыстың мақсаты – Абай мұрасын дәріптеу, жастардың рухани дүниесін байыту, өнер мен білімге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Ұйымдастырушы: (Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұ.О. Абзелова, әдістемелік кабинет меңгерушісі Ұ.О. Хидирбаев, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Г.Ә.Әбдіқаппарова, А.Ж.Онғарбева.
Өткізу мерзімі мен орны: (28.11.2025ж, Аудандық мәдениет үйі).


2. Сайыстың мақсаты мен міндеттері:

Абай шығармаларын кеңінен насихаттау;

Қатысушылардың әдеби талғамын, сахналық мәдениетін дамыту;

Шығармашылық қабілетін арттыру;

Қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген құрметті күшейту.


3. Қатысушылар:

1.Сайысқа жас мамандар топ болып қатысады.
2.Қатысушы топтар келесі номинациялар бойынша бақ сынайды:

I кезең – «Абайды оқу» (ақын өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп жатқа оқу);

II кезең – «Абай әндері» (ақынның сөздеріне жазылған әндерді орындау);

III кезең – «Абай ізімен» (Абай шығармашылығынан көрініс ұсыну);

IV кезең – «Абай әлемі – ұлт рухы» (Абай өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық сұрақтар)


4. Өткізу тәртібі:

Сайыс 4 кезеңнен тұрады:

2. Қатысушы топтар ұсынатын шығармашылықтарын алдын ала ұйымдастырушыларға ұсынады.
3.Әр қатысушы топтар 3-5 минут көлемінде өз нөмірін орындайды.


5. Бағалау критерийлері:

Тақырыпты ашу деңгейі;

Шығармашылық шеберлік, сахналық мәдениет;

Дикция, дауыс мәнері, көркемдік орындау;

Киім үлгісі мен жалпы әсер.


6. Марапаттау:

Әр номинация бойынша: диплом және естелік сыйлықтар табысталады. .Ерекше көзге түскен қатысушыларға «Көрермен көзайымы», «Үздік орындау», «Абайтанушы жас» арнайы аталымдары беріледі.


7. Ұйымдастыру мәселелері:

1. Қатысушылар өздерінің сахналық костюмдері мен техникалық сүйемелдеуін алдын ала дайындайды.
2. Ұйымдастыру комитеті іс-шараның әділ өтуін қамтамасыз етеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
08.01.2026
5
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі