Материалдар / «Абай мұрасы – Қазақтың қасиетті қазынасы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Абай мұрасы – Қазақтың қасиетті қазынасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай Құнанбаев туралы толық білугеДанышпан Абай атамыздың 45 қара сөзінің ,шығармаларының өлеңдерінің мағынасы зор екенін түсіну.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2020
780
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Абай мұрасы – Қазақтың қасиетті қазынасы»

Абай мұрасы - қазақтың қасиетті қазынасы. Ұлы ойшыл ақынның мұралары біз үшін баға жетпес байлық. Қазақты әлемге танытқан, халықтың мұң-мұқтажын түсіне білген, ел намысын, ер намысын биікке шығарған, ұлт ұстазы бола білген, адамзаттың ардағы - Абай Құнанбайұлы. Арғымыққа мінер ұл, қылығы таза қыз тәрбиелетіндей, қазақтың намысын жоғары көтерер, адамзаттың бойына жылулық сыйлайтындай мұра қалдырған ақын ел есінде. Абай атамыздың бізге қалдырған әрбір мұрасының өзі адам баласының бойына жаңа рухани тылсым күш сыйлайды. Абай Құнанбайұлының басты мұраларының бірі 45 қара сөзінің өзі де адамзатты жаңа бөлек, ерекше әлемге жетелейді. Қазақтың құдіретті ақыны біздің жарқын болашағымызға үлкен жол ашты. Қазіргі Абай атамыздың бізге қалдырған шығармасы, өлеңдері, қара сөздері біз үшін құнды. Дәл қазір елдігімізді жоғалтпай өмір сүруіміз, Абай атамыздың мұраларының құндылығы. Абай мұрасы қазіргі таңда біздің басты байлығымыз, басты қазынамыз. Қазақты тек біздің елге емес дүниежүзіне таңытқан Абай атамызбен Абай мұралары. Абай мұраларының бірі 1886 жылы жарық көрген «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі :

Қалың елім, қазағым, қайран жұртым.

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманда айырмадың,

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.

Бұл өлеңде ақынның туған халқына деген сүйіспеншілігі айқын аңғарылады. Бұл Абай атамыздың мұраларының бірі қазіргі жастарды да еліне деген сүйіспеншілікке шақырады. Қазақты байытып отырған, егеменді мемлекеттің айқын айнасы Абай мұрасы. Абай атамыздың үні халық үні, тынысы халық тынысы. Ал Абай атамыздың мұраларының бәрі ол бізге калған бағалы қазына сол үшінде ол қазынаныда Абай атамыз көрсете алмаған биік шыңға көрсету.

Абай Құнанбайұлының бізге қалған басты мұрасы- ол Абай атамыздың асыл қасиеттері - ерлік , адалдақ, еңбекқорлық, адамгершілік. Абай атамыздағы асыл қасиеттерді бойға сіңірген әрбір адам менің ойымша бұл дүниеде жай адам болып өтуі мүмкін емес. Абай атамызға деген тағзым, құрмет бұл Абайдың даналығы мол, дүниетанымы терең шығармаларын оқу, оқумен ғана шектелмей қара сөздерін ел аузына тарату. Қазіргі таңда Абай атамыздың атына берілген қаншама мектептер, көшелер, Абай атамызға арналған мұражайлар, Абай атамызға арнап салынған ескерткіштер біздің байлық, қазынамыз. Абай Құнанбайұлының ескерткіштерін Қазақстанның кез - келген жерінен табуға болады, тіпті Алматы қаласының өзінде бірнеше ескерткіші орнатылған. Абай атамыздың қаншама өлеңдерінің бәрі мәнді, ұрпаққа үлгі болар жақсы ұрпақ тәрбиелейтіндей елдік, ерлік бойға сіңіретін мағыналы өлеңдер. Абай атамыздың ізгі өнегесі, ізгі істері, халық үшін жанашырлығы бәрі адам баласына рухани жақсы қасиеттер сыйлайды. Адамзатттың бәрін сүюге шақырған Абай атамыз бүгінде ел есінде. Ер есімі, ел есінде демекші ерлік іс жасаған Абай Құнанбайұлы мәңгі біз үшін, әр қазақ баласының жүрегінде үлкен орын алмақ. Менің сүйікті ақындарымның бірі –Абай Құнанбайұлы. Мен Абай атамыздың туған жерінің тумасы болғаным үшін мақтанамын. Семей қаласы нағыз Абай атамның отаны. Абай атамның атындағы ескерткіштер, театрлар бұның бәрі Абай атамызға тағзым, құрмет. Менің ойымша артына өшпес із, өшпес мұра қалдырған Абай Құнанбайұлың мұраларын ұмытпай келешек жастарға жеткізудің өзі ерлік. Абай Құнанбайұлына пікір білдірген қаншама ақын, ғұлама, ойшылдардың пікірі Абай атамыздың қаһармандығының айқын дәлелі. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр. Бұл әдеби сөздер Мұхтар Әуезовтың Абай атмызға қалдырған пікірі. Абай Құнанбайұлының әдеби - мемориалдық мұражайы 1940 жылы 16 - қазанда Абай Атамыздың 95 жылдық мерейтойына орай ашылған. Бұл мұражайда 13 мың экспонат қоры орналасқан. Мұражайда Абай Құнанбайұлының өміріне байланысты фотосуреттер, қолжазба мұралары, қол өнері мен бейнелеу туындылары сақталған. Абай Құнанбайұлының тағы бір мұражайы Семей қаласынын 180 км , Қарауылдан 25 км қашақтықта орналасқан. Бұл мұражайда Абай атамыздың мүсіні, сүйек төсегі, сүйектен жасалған кебеже, күміс құты, кесе тағыда басқа құнды дүниелері орналасқан. Бізге баға жетпес байлықты қалдырған адам баласының мейірімділігін оятқан, адам баласына сүйіспеншілікті түсіндіре білген адамзаттың ардағы - Абай Құнанбайұлы барша қазақ баласы, өзге меклекет өкілдері үшінде дара тұлға. Әрбір қазақ баласына рух, қайрат, таусылмас күш берген ұлы ақын жайлы кино туындылардың саныда аз емес. Барша халық үшін ұмытылмас тұлға бола білген ақын Абай Құнанбайұлының мұралары қазақ деген аттың емес қазақ деген ұрпақтың нағыз биікке шығар күші, биікке шығар биік бәйтерегі. Адамзатты кемшілігіне қарамай сүюге шақырған ардақты тұлға - Абай Құнанбайұлына әрбір қазақ баласы тағзым етуі қажет. Абай мұралары - біздің байлығымыз, біздің құндылығымыздың басты қазынасы - Абай Мұралары. Абай Құнанбайұлының бізге қалдырған әрбір мұрасы өлшеусіз өнеге. Абай мұрасы - Қазақтың қасиеттті қазынасы.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!