400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Абай оқулары 1-4 сыныптар

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сыныптарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

22 қараша күні Алматы қаласы Бостандық ауданы №40 жалпы білім беретін мектепте бастауыш сынып жетекшісі Мұсабек Ақмарал Ғабиденқызының ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: «Руханижаңғыру» бағдарламасыаясында және «Тұңғыш Президент күніне» байланысты «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе ...» атты мектепішілік бастауыш сынып оқушылары арасында Абай оқуларының байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты:

оқушылардың қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен қара сөздерімен таныстырып өлеңді мәнерлеп, саналы түсініп оқуға машықтандыру;

оқушылардың дүниетанымын кеңейту, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жүйелі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

оқушыларды адамгершілікке, жалпыадамзаттық құндылықтарды сезінуге, адалдыққа,талапты болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе ...» атты мектепішілік бастауыш сынып оқушылары арасындағы байқау екі кезеңнен өтті. Байқаудың бірінші кезеңінде

жалпы бастауыш сыныптың барлық 70-ке жуық оқушысы Абай шығармашылығымен толық қамтылып сыныптық байқаудан іріктелген оқушылар екінші мектепішілік кезеңге қатысты.

Байқау оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты екі бөлімнен өтті: бірінші бөлім 3-4 сыныптар арасында өтсе, екінші бөлім 1-2 сыныптар арасында болды.

Мектепішілік байқаудың бірінші бөліміне қатысушы 3-4 сыныптар өз білімдері мен шеберліктерін келесі тапсырмалар бойынша көрсетті:

«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бұл кезеңде сайыскерлер өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа айтты.

«Абай айтқан асылдар» бұл кезеңде сайыскерлер Абайдың қара сөздерін жатқа айтты.

«Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла...» бұл кезеңде Абай өміріне байланысты сайыскерлерден сұрақ-жауап алынды.

«Жыр жазамын Абайдың үлгісімен...» бұл шығармашылық кезең деп аталады.Бұл кезеңде сыныптар Абай шығармаларына байланысты газет, буклеттер шығарды.

Мектепішілік байқаудың екінші бөліміне қатысушы 1-2 сыныптар төмендегі тапсырмалар бойынша өнерлерін көрсетті:

«Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» бұл кезеңде сайыскерлер өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа орындады.

«Көңілім әнді ұғады...» бұл кезеңге сайыскерлер Абайдың әндерін шырқады.

«Жыр жазамын Абайдың үлгісімен...» бұл кезеңге сыныптар Абай шығармаларына байланысты газет, буклет шығарды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
1921
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі